Ал бүгін сендер сиқырлы орманға саяхатқа шыққыларың келе ме?
-Әрине,саяхатқа немен шығамыз?
-Өте дұрыс, бірақ мен сендерді қыста тек шаңғы мен апарғым келіп тұр. Ол үшін шаңғыны қалай киеді (Аяқтарына байлайды, қолдарына таяқ ұстайды, қимылмен көрсетеді. Шеңбер болып әуенмен жүреді, сиқырлы қысқы орманға келеді.)
Орман ішінен сиқырлы сұлу шыршаның сөзі:
Мен сұлу шыршамын. Сиқырлы орманға қош келдіңдер. Орман ішіне саяхат жасағыларың келсе, менің тапсырмамды орындандар, сонда ғана жолдарың ашылады.
3 сандықшада тапсырмалар тұр.(Балалар тапсырманы орындайды, жолдары ашылады
Қыс туралы кім тақпақ айтып береді?
Айтуар:
Жапалақтап ала қар.
Жауды күнде қайталап,
Қырға шықты балалар,
Шаңғыларын арқалап.
Кристина:
Қандай қызық қыс деген
Қалтырайды құс деген.
Құлақшыңды кимесең,
Құлағаңды тістеген.
Мына бейнетақтадағы суретте қай ертегі бейнеленген? Шалқан ертегісі
Апасыннан қашып кетті, Атасынан қашып кетті. Кездестіріп біраз аңды, Біраз жолдан асып кетті. Бұл қай ертегі? Жарайсыңдар, балалар.
-Ал, енді балалар біздің жолымыз ашылды, енді осы жерде сергіту сәтін жасап алайық.
Балалар маған өз өнерін көрсетсін, содағана мен сендерді әрі қарай жіберемін.
Тәрбиеші: Әрине, түлкіжан біздің балалар ақылды, білімді олар саған «Үйшік» ертегісін сахналап береді.
«Үйшік» ертегісін сахналап береді. Түлкі балаларға рахметін айтып қоштасып кетеді.
Балалар ары қарай жүреді.
Тәрбиеші: Балалар, мына менің қолымдағы не? Бұл жай сандық емес, сиқырлы сандық.Қазір біз осы қалтамен ойын ойнаймыз.
Ойын шарты: Балалар дөңгеленіп отырады, сандықты музыка әуенімен бір –бірене беріп отырады, музыка тоқтаған кезде, қолында сандық қалған бала ішінен бір суретті алып суреттеп береді. Ойын солай жалғаса береді.
Тәрбиеші: балалар сендерге ойын ұнадыма. Балалар сиқырлы орман сұрақтарға жақсы жауап бергендерің үшін сендерге сийлық беріп жатыр. Сыйлықты мен балабақшаға барған соң беремін.
-Ал ,енді шаңғымызды аяғымызға киіп, таяқшамызды ұстап балабақшамызға барайық.
Қорытындылау: Балалар сендерге бүгінгі саяхатымыз ұнады ма? Біз қайда бардық? Орманға немен бардық? Орманда нені кездестірдік? Қандай ойын ойнадық?