kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық сабақ Алтын күз

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекеттерінің технологиялық картасы

«Ақ  көгершін» ересек тобына  арналған

Білім беру саласы:  «Қатынас»

Бөлімдері:  Экология

Тақырыбы:  «Алтын күз»

Мақсаты:   Күз  туралы  білімдерін  молайту, күз  көрністерін   бақылауды  жалғастыру.

Сөздік жұмыс:  картоп, сәбіз,  жәндіктер, сапсары  жапырақ. 10.09. 2012 ж

Іс-әрекет  кезеңдері

Тәрбиешінің  әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Біз  өткен  сабақта  табиғат  сыйы  жайында  айттық. Яғни  табиғатта қандай  өзгерістер  болып  тұрады және  олардың  бізге деген  зияны қандай  екендігін. Ал бүгінгі  тақырыбымыз « Алтын күз».  

Өткен  сабақты естеріне түсүру сұрақтарға жауап беру.

Ұйымдастыру-   іздестіру

Мен бұл сабақты Қ.Шаңғытбаевтың өлеңымен  бастағым кеп тұр.

Алтын сары,қызыл, көк,.

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта  күлімдеп,

Көз тартады атырап. Демекші күз айнда  көптеген  өзгерістер  болып  тұрады. Күз айында біз жаздай екен  жемістерімізді, дән-дақылдарымызды жинаймыз. Күз айында даладағы талдар, ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге  түседі. Алтын күз деп айтылу себесі – даланың бәрі сапсары болып алтынға  тенеліп кетеді. Сонымен бірге күзде  құстар жылы жақтарға ұшып кетеді, ал осы жақта қалатын құста  қысқы  жемістерін  дайындайды. Күзде даладағы түсіп  жатқан  жапырақтарды  жағуға  болмайды. Кеуіп кеткен  талдарды  кесуге  сындыруға болмайды.

Жаңа сабақты  тындау,  Сурет бойынша  әңгіме  құрау.

Рефлексивті- түзетушілік

Сергіту  сәті:

Ал, балалар, тұрайық, мойынымызды  бұрайық.

Қолымызды  созайық, су ішінде  қалықтап.

Кане, жүзіп  алайық, оңға, солға бір қарап, денемізді  бұрайық.

Жаңа сабаққа байланысты  сұрақтар қою арқылы  қорытындылау.

Сұрақ – жауап.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ Алтын күз»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы

«Ақ көгершін» ересек тобына арналған

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімдері: Экология

Тақырыбы: «Алтын күз»

Мақсаты: Күз туралы білімдерін молайту, күз көрністерін бақылауды жалғастыру.

Сөздік жұмыс: картоп, сәбіз, жәндіктер, сапсары жапырақ. 10.09. 2012 ж


Іс-әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің әрекеті


Балалардың әрекеті





Мотивациялық қозғаушылық





Біз өткен сабақта табиғат сыйы жайында айттық. Яғни табиғатта қандай өзгерістер болып тұрады және олардың бізге деген зияны қандай екендігін. Ал бүгінгі тақырыбымыз « Алтын күз».




Өткен сабақты естеріне түсүру сұрақтарға жауап беру.




Ұйымдастыру- іздестіру






Мен бұл сабақты Қ.Шаңғытбаевтың өлеңымен бастағым кеп тұр.

Алтын сары,қызыл, көк,...

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап. Демекші күз айнда көптеген өзгерістер болып тұрады. Күз айында біз жаздай екен жемістерімізді, дән-дақылдарымызды жинаймыз. Күз айында даладағы талдар, ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі. Алтын күз деп айтылу себесі – даланың бәрі сапсары болып алтынға тенеліп кетеді. Сонымен бірге күзде құстар жылы жақтарға ұшып кетеді, ал осы жақта қалатын құста қысқы жемістерін дайындайды. Күзде даладағы түсіп жатқан жапырақтарды жағуға болмайды. Кеуіп кеткен талдарды кесуге сындыруға болмайды.



Жаңа сабақты тындау, Сурет бойынша әңгіме құрау.




Рефлексивті- түзетушілік







Сергіту сәті:

Ал, балалар, тұрайық, мойынымызды бұрайық.

Қолымызды созайық, су ішінде қалықтап.

Кане, жүзіп алайық, оңға, солға бір қарап, денемізді бұрайық.


Жаңа сабаққа байланысты сұрақтар қою арқылы қорытындылау.











Сұрақ – жауап.


Қорытынды нәтиже:

Нені білу керек: Күздің ерекшеліктерін.


Қандай түсініктерді меңгерді: Сап-сары жапырақтар, алтын күз, қысқа дайындық.


Менгерген дағдылары мен іскерліктері: Экология туралы мәліметтер алды.
















Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы

«Ақ көгершін» ересек тобына арналған

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімдері: Сурет

Тақырыбы: «Кемпірқосақ»

Мақсаты: Балаларға кемпірқосақ турал мағлумат беру жіне салу жолдарын

түсіндіру.

Сөздік жұмыс: қағаз, түрлі-түсті бояу қарандаштар.10.09.2012 ж.

Іс-әрекет кезендері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті


Мотивациялық қозғаушылы


Кемпіросақ жайында сурет арқылы түсінік беру. Кемпірқосақ жанбырдан кейін болатындығын айту. Ашық және күлгін түстерді сезіну қабілеттерін жетілдіру.



Балалар ауада сызып қол жаттықтырады.






Ұйымдастыру - іздестіру


Пішініне, түр-түсіне назар аудару. Бүгін біз кемпірқосақ әлеміне саяхат жасап көрейік. Кемпірқосақ неше түстен тұрады? Кәне атап көрейік. (жеті түстен тұрады). Дұрыс, енді бәріміз түрлі-түсті бояу қарандаштарымызды алып атаған түстерімізден кемпірқосақ суретін саламыз. Балалар, әрбір салған сызықтарымызға көңіл бөліп сызамыз. Осы түстерді атап отырып оларды түстерді ажырата білуге үйрету.

Балалар сурет салып отырғанда Ә.Дүйсенбиевтін өлеңін оқып беру.

«Кемпірқосақ»


Жаңбыр жауып басылды,

Күннің көзі ашылды.

Көк жиекке көрікті

Кемпірқосақ асылды






Қызыл, сары, жасылды.

Тұрды ол ауыл қасында

Жете алмайсын қуғанмен

Ренжіме,сен, жасыма.



Кемпірқосақ жайлы мәлімет алады және өздері көрген кемпірқосатарын әнгімелеп береді. Балалар үлкен-кіші көлеміне қарай доғаларды дұрыс орналастырады.



Рефлексивті түзетушілік


Балалар кемпірқосақты көргендерің бар ма? Кәне кемпірқосақтын түстерін талдап шығайық. Өленде не жайында айтылғанын талдау.


Балалардың қойған сұрақтарына толық жауап беру.




Қорытынды нәтиже:


Нені білу керек: Кемпірқосақ деп неліктен атағанын.


Қандай түсініктерді меңгерді: сызықтардың түрлері жайында түсініктерді

игерді.


Менгерген дағдылары мен іскерліктері: Қарындашпен жұмыс істеу іскерлік

дағдыларын бекіту.

















Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы

«Ақ көгершін» ересек тобына арналған


Білім беру саласы: «Денсаулық»

Бөлімдері: Валеология

Тақырыбы: «Валеология еліне саяхат»

Мақсаты: Валеология пәні туралы түсінік беру.

Сөздік жұмыс: Валелогия, денсаулық. 13.09.2012 ж


Іс-әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің әрекеті


Балалардың әрекеті


Мотивациялық-қозғаушылық


Валеология пәні бала денсаулығына

тікелей байланыстыра отырып жасалынған.

Валеология пәнінен бала өіне қажетті мәліметтерді ала алады.

Өмірдегі қоршаған ортадағы құбылыстарды алып көрсетеді. Гигиеналық ережелер туралы түсініктерін кеңейтеді. Бұл саяхатта біге Салауат пен оның көмекшілері жәрдемдеседі.Бі олармен бірге жас ғылым Валеология құпияларымен танысамыз.

«Валеология» атты тамаша әлемге саяхат – бұл салауатты өмір есігін ашатын сиқырлы кілт.

Ал, балалар сапарымыз сәтті болсын.


Валеолгия пәні не екенін түсінеді.

Ұйымдастыру-іздестіру

Балалар сабақты «Бұл не?» деген жұмбақ – өлең арқылы бастаймыз.

Ертемен күнде сен, қолыңа сұйкесең.

Кетіп кір ласың, тап-таза боласың. Бұл не? (Сабын)

Шомылған баланы, аймалап алады.

Сүртеді қолыңды, сүртеді жоныңды. Бұл не? (сүлгі)

Тазалық деген не? Не таза болу керек? (қол,киім,ой).

Дені сау адам қандай болады? (көңілді, мықты,жұмысты жақсы жасайды). Таза болудың жолдарын суреттер арқылы түсіндіру. Суреттер арқылы балаларды сөйлету, әнгіме құрау.

Қойған жұмбақтың балалар жауабын табады. Ол жауаптардың мағынасын түсінеді.


Рефлексивті-түзетушілік


Балалар тазалыққа қатысты заттарды атайды. Валеология оқулығымен таныстыру. Өткен тақырып бойынша сұрақтар қою арқылы жаңа тақырыпты қорытындылау. Жақсы жауап берген балаларды мадақтау.


Балалар көреді, танысады. Өз қызығушылығын оятады.




Қорытынды нәтиже:


Нені білу керек: Валеология пәнін.


Қандай түсініктерді меңгерді: Валеология пәнінің пайдасын..


Менгерген дағдылары мен іскерліктері: Валеология пәніне нелер жататынын .

Ондағы ерекшеліктері.





















Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы

«Ақ көгершін» ересек тобына арналған


Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімдері: Өзін – өзі тану

Тақырыбы: «Мен қандай баламын»

Мақсаты: Әр баланың бойындағы табиғат берген шығармашылық

қабілеттерін қалыптастыру.

Сөздік жұмыс: сүйіспеншілік, достық, құрмет. 13.09.2012 ж.



Іс-әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің әрекеті


Балалардың әрекеті


Мотивациялық-қозғаушылық


Өзін-өзі тану оқулығымен таныстыру. Бұл сабақтан қандай жаналытармен таныс болатындықтарын айтып түсіндіру. Үйден тыс жерлерде өздерін қалай ұстау керектігін айту.


Балалар сурет бойынша әнгімелейді, өздері туралы мәлімет беріп оны талқылайды.


Ұйымдастыру-іздестіру


Балалар бүгінгі отетін сабағымыздың тақырыбы «Мен қандай баламын», яғни әр қайсымыз өзі туралы іштей ойланып отырсын қандай бала екендігін. Кәзір сабақ соңында сұраймын. Сонымен, балалар сендер қандай болу керексіңдер. Әдепті, тәртіпті, үлкенді сыйлау, кішіні ренжітпей, қыздарға тиіспеу, апайдын айтқан тапсырмаларын мұқият отырып тындай. Үйден тыс жерде тентек болмай, балағат сөздер айтпау кересіңдер. Ал біздің арамызда ондай балалар бар ма? Әрине жоқ. Мысалы, үлкен кісі автобусқа мінсе сендер неғыласыңдар? Дұрыс орын бересіңдер. Мінекей бұл сендерді әдепті бала екендіктеріңді көрсетеді. Сонымен бірге сендердің бойларыңда тұнып тұрған әртүрлі өнер бар. Мысалы біреуің өлең айтасыңда, ал біреуің би билейсіңдер осының бәрі сендердің жақсы жақтарыңды көрсетеді. Ал, енді сергіту сәтін жасаймыз.

Қане, қане жазайық, қарлығаш боп ұшайық. Ұшып-ұшып алайық, орнымызға қонайық.


Өткен жаңа тақырыпты зейін қойып тындады. Сұрақтар қойып отырды.


Рефлексивті-түзетушілік


Сонымен балалар кәзір өткен сабағымыздан нені түсіндік, нені түсінбедік соны қайталап жіберейік. Мен сендерге сұрақтар қоям, ал сендер жауап бересіңдер.

  1. Сен қандайсың?

  2. Үйден тыс кезде өзіңді қалай ұстау керексің?



Қойған сұрақтарға балалар жауап береді.



Қорытынды нәтиже:


Нені білу керек: Сыпайлықты, үлкенді құрметтеуді, тіртіпті болуды.


Қандай түсініктерді меңгерді: Өзін*өзі тану оқулығымен танысты.


Менгерген дағдылары мен іскерліктері: Әдептілік, өз тәртібін дұрыстау .











Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы

«Ақ көгершін» ересек тобына арналған


Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімдері: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Көкөністер мен жемістер»

Мақсаты: Көкөніс пен жеміс туралы түсінік беру. Олардың қасиетін ұғындыру.

Сөздік жұмыс: алма, алмұрт, картоп, сәбіз. 14.09.2012 ж.



Іс-әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің әрекеті


Балалардың әрекеті


Мотивациялық-қозғаушылық


Біз өткен сабақта «Алтын күз» туралы өттік. Кәзір сол сабақты еске түсіріп алайық. Жақсы өткен сабақты ұмытпапсыңдар. Енді әрі қарай сабағымызды жалғастырмас бұрын сабақ тақырыбымен танысып кетіңдер. Балалар бүгін тіл дамыту сабағында көкөністер мен жемістер туралы мағұлұмат аласыңдар.



Үй тапсырмасына жауап береді, балалар бір бірінің жауаптарын тындайды.


Ұйымдастыру-іздестіру


Сонымен, көкөністерге картоп, сәбіз, жуа тағы басқалары жатады. Олардың пайдасы өте мол. Біз күнделікті тағамдарымызға осы заттардың бәрін пайдаланамыз. Ал, жемістер туралы айтатын болсақ бұлардыңда бізге пайдасы көп. Мысалы, алма, алмұрт, шие тағы басқалары. Біз бұл жемістерден де витаминдер алып отырамыз. Мысалы, алмадан «Е,С,Ф», персик, абрикостан «Д, кальци» алынады.

Ал, балалар кәзір «Шие» туралы төрт шумақ өлен айтамыз:

Мен шиемін, шиемін,

Күннің көзін сүйемін.

Қышқыл шырын менде бар,

Төмен басты иемін.


Жарайсыңдар, балалар! Енді Суретке қарап әңгіме құрайық.

Мына суреттегі балаларға ат қояйық.

1. Айжан мен Марат себетпен алма тасыды.

2. Қанат алмұрт ағашынан жеміс жинап жатыр.



Жаңа сабақты тындау, сұрақтар қою.

Әңгіме құрау.


Рефлексивті-түзетушілік


Жаңа сабақт қорытындылау. Балдарға сұрақ қою. Жеміс, көкөністердін атын сұрау.



Жеміс пен көкөністерді талдау.





Қорытынды нәтиже:


Нені білу керек: Көкөніс пен жемістердің аттарын.


Қандай түсініктерді меңгерді: алмұрт, шие, өрік.


Менгерген дағдылары мен іскерліктері: Өткен сабақтан алған білімдерін менгеру.












Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы

«Ақ көгершін» ересек тобына арналған


Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімдері: Мүсіндеу

Тақырыбы: «Жемістер мен көкөністеден натюрморт»

Мақсаты: Натюрморт туралы толық түсінік беру. Ермексаз арқылы жемістер мен көкөністер жасау. Ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Сөздік жұмыс: Алма, өрік, алмұрт, картоп. сәбіз.14.09.2012 ж.



Іс-әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің әрекеті


Балалардың әрекеті


Мотивациялық-қозғаушылық


«Ғажайып қалта» дидактикалық ойын ойнатудан бастаймын. Бұл қалтанын ішінде жемістердің муляждары бар. Сендер сипау арқылы оны қандай жеміс екенін айтасыңдар

Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы жемістер мен көкөністерден натюрморт жасау.


Алдынғы сабақты естеріне түсіреді де жаңа сабақты тындайды.


Ұйымдастыру-іздестіру


Сонымен, балалар сендер муляждарға қарап жемістерді дайындайсыңдар да алдарыңдағы тақтайшаларға қоясыңдар. Әрбір заттарыңды мұқият жасаңдар.

Алманың пішіні қандай болады?

Ал алмұрттың ше? Алма мен алмұрттың ерекшелігі неде? Сәбіз бен картоптың ерекшелігі неде?



Ермексазды бірнеше бөлікке бөліп алып жемістерді мүсіндейді.

Езу, бөлу, шымшып созу әдіс-тәсілдерін пайдаланады. Жасалған жемістерін салыстырады.


Рефлексивті-түзетушілік


Сонымен сендердің жасаған натюрморттарың өте жақсы болып шықты. Балаларды


мадақтау. Жасаңан жұмыстарын ата-аналарына көрсету. Берілген тапсырманы орындап болғасын «Ойлан тап» д/ойынын ойнаймыз.

Балаға доп лақтырып: бөлме, бақша және дала гүлдердің атын атауды ұсынады. Атын тапқан бала допты қайтадан тәрбиешіге лақтырады.



Дайын болғандарын санап, неше алма? Барлығы қанша екенін айтып математикалық ұғыммен байланыстыру.







Қорытынды нәтиже:


Нені білу керек: Натюрморты, есуді, шымшуды.


Қандай түсініктерді меңгерді: Натюрморт жасауды меңгеру.


Менгерген дағдылары мен іскерліктері: Ермексаз арқылы қолдарының маторикасын жақсарту.



















Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы

«Ақ көгершін» ересек тобына арналған


Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімдері: Сауат ашу

Тақырыбы: «Сөйлеммен танысайық»

Мақсаты: Балаларды сөйлемен таныстыру «сөйлем» терминдерін меңгерту.

Сөздік жұмыс: Сөйлем. 11.09.2012 ж.



Іс-әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің әрекеті


Балалардың әрекеті


Мотивациялық-қозғаушылық

Балалар біз бұл тақырыпты өткен сабақта бастағанбыз, яғни бізге екі сағатқа берілген. Сөйлемдердегі жұмыс тілдегі сөйлемдерді ажыратудан басталады.



Зейн қойып тындау

Сөйлемдер құрау.


Ұйымдастыру-іздестіру


Жәй сөйлемдерден буындарды және жеке сөздерді оқуға жаттықтыру.Сурет бойынша сөйлемдер құрату. Құраған сөйлемдерін нақты айтқызу. Мысалы: Балалар атасына қонаққа барды. Бұл сөйлемде неше сөз бар? Дұрыс тқрт сөз бар. Ал,келесі суретке кім сөйлем құрайды. Тамаша сен айтағой. Жанар мен Анар аулада ойнап жүр. Бұл сөйлемде неше сөз бар екен. Дұрыс, алты сөз бар екен. Мінекей балалар біз суретке қарап отырып сөйлемдер құрайаламыз.





Жаңылтпаш

Егіз Мағыз, Абыз,

Жеді сегіз сәбіз.

Мынау балқаймақ, қай балқаймақ?

Бұл балқаймақ – май балқаймақ.

Өте жақсы.

Осы жаңылтпашты үйлеріңе барғанда қайталап отырыңдар.




Сурет бойынша жұмыс жасау.

Жаңылтпашты орындау.


Рефлексивті-түзетушілік

Сонымен, сөйлем сөзден құралатынын білдік. Екі, үш сөзден бір сөйлем шығады. Сұрақ қою арқылы қорытындылау.



Үйлерінен сөйлемдер құрап келу.





Қорытынды нәтиже:


Нені білу керек: Сөйлем үғымын білу керек.


Қандай түсініктерді меңгерді: Сурет бойынша сөйлемдер құрауды меңдерді..


Менгерген дағдылары мен іскерліктері: Дәптермен жұмыс.









Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы

«Ақ көгершін» ересек тобына арналған


Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімдері: Жапсыру

Тақырыбы: «Дастарханды өрнекте»

Мақсаты: Балалардың эстетикалық талғамдарын, жапсырма бейнелерінің мәнерлігін құру іскерлікке тәрбиелеу. Ою-өрнек қызыметіне дайындау, қию тәсілдерін меңгеру барысында көру – қимыл үйлестірулерін дамыту.

Сөздік жұмыс: ою – өрнек, қайшы, қағаз, дастархан . 11.09.2012 ж.



Іс-әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің әрекеті


Балалардың әрекеті


Мотивациялық-қозғаушылық


Дастархан туралы айту. Оның қасиеттерін. Дайындағн үлгіні пайдалана отырып балалармен жұмыс жүргізу.



Балалар үлгіні қарай отырып өздері қандай дастархан жасағысы келетінін ойланады.


Ұйымдастыру-іздестіру


Алдымен шеттерін шашақтап кию жолдарын көрсетіп, дайын қиылған пішіндерден белгілі бір өрнек құрауға болатынын түсіндіру. Тік төртбұрышты дастарханның шеттері, бұрыштарына, ортасына қиылған «қызғалдақ», «тұмарша»өрнектерін, түрлі-түсті дөнгелектерді үйлестіре орналастырып желімдейді.

Қағаздың түсін, пішінін тандауға көмектесу.

Сергіту сәті:

Ал балалар, тұрайық, ою-өрнек сызайық.

«Қой ізі» мен «Қос мүйіз», «Қарға тұяқ», «Құс қанат» «Бүршік» пен «Гүл» әдемі, ою-өрнек әлемі,

Қылқаламды алайық, сәнді өрнек салайық.



Ойланып топ болып жұмыс жасау.


Рефлексивті-түзетушілік


Балалардың жұмыстарын бақылап оларды мадақтап қою.

Олардың еңбек нәтижелерінің әдемілігі ескеріліп, халық нақылдарымен қорытындылау.






Қорытынды нәтиже:


Нені білу керек: Оюлардың аттарын, әсемдік талғамды.


Қандай түсініктерді меңгерді: Қазақтың дастарханы, қонақ күту рәсімі жайында түсініктері.


Менгерген дағдылары мен іскерліктері: Жапсыру іскерлік дағдыларын меңгеру.






















Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы

«Ақ көгершін» ересек тобына арналған


Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімдері: Математика

Тақырыбы: «Биік – аласа, кеңтар, үлкен – кіші, ұзын - қысқа»

Мақсаты: Заттардың орналасуын анықтай білуге үйрету.Математикаңа қызыңушылыңын, сөйлеу тілін дамыту.

Сөздік жұмыс: Биік-аласа,үлкен-кіші,ұзын-қысқа .12.09.2012 ж.



Іс – әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің әрекеті


Балалардың әрекеті


Мотивациялық - қозғаушылық


Дайындалған көрнекіліктер арқылы балаларға биік-аласа, ұзын-қысқа, үлкен-кіші ұғымдарын түсіндіру. Олардың айырмашылығын айту.



Сабаққа қызығушылық білдіреді.


Ұйымдастыру – іздестіру


Ортаға топтан бала шығарып Маратын топтағы қай баладан биік және қай баладан үлке және ұзын екенін сұрау. Осылай бірнеше баланы шығарып олардың сабаққа қызығушылығын арту.

Сергіту сәті:

Көкке бойын созады,

Көпке қолын созады,

Кең құшағын ашады,

Кқленкесін тосады,

Көк қарағай, қарағай, мейірманды анамдай.



Қосымша жұмыстарға араласып отыру.


Рефлексивті- түзетушілік


Сұрақ қоя отырып жаңа сабақты қорытындылау.

Сабаққа қатысқан балаларды мадақтау.



Үйде өткен тақырыпты қайталау. Ата-аналарын қатыстыру.






Қорытынды нәтиже:


Нені білу керек: ұын-қысқа, биік-аласа, үлкен-кіші ұғымдарын білу керек.


Қандай түсініктерді меңгерді: Геометриялық пішіндерді меғгеру.


Менгерген дағдылары мен іскерліктері: Заттардың орналасуын анықтау.




































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы

«Ақ көгершін» ересек тобына арналған


Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімдері: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Күз»

Мақсаты: Ортақ үй табиғатымыздың сұлулығын көре білуге, қамқорлық көрсетуге тірбиелеу. Табиғат туралы ұғымдарын кенейту.

Сөздік жұмыс: жапырақ, күз, жаңбыр .12.09.2012 ж.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотвациялық-қозғаушылық


Балаларды табиғаттың әдемілігіне көңілдерін аудару.

Күз айының қандай керемет екенін айту.



Балалар сабақты зейн қойып тындайды


Ұйымдастыру-іздестіру


Күзде біздер бәріміз қыс айына дайындаламыз. Жаздай бақшаға екен дән-дақылдарымызды жинаймыз. Сонымен бірге даладағы ағаш, талдардыңда жапырақтары сарғайып жерге түседі. Құстардың ішінде жылы жаққа ұшып кететін құстар ұшып кетеді, ал қалатын құстар да қысқа дайындық жасайды.

Күзгі жапырақ

Алтын сары,қызыл, көк,...

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Мінекей балалар өлеңде айтылғандай ағаштағы жапырақтар да жерге түседі.



Өлеңді дауыстап айтады. Қойылған сқрақтарға жауап беріп отырады.


Рефлексивті-түзетушілік


Сурет бойынша әңгіме құрау. Балалардан жеке жеке сұрау күз айының ерекшеліктерін. Сұрақ қою арқылы сабақты қорытындылау.



Даладан жапырақтар жинап келу.





Қорытынды нәтиже:


Нені білу керек: Күз айының ерекшеліктерін білу.


Қандай түсініктерді меңгерді: Қысқа дайындық, жылы жаққа ұшып кетті.


Менгерген дағдылары мен іскерліктері: Өлеңді дауыспен айту.

































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы

«Ақ көгершін» ересек тобына арналған


Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімдері: Қоршаған орта

Тақырыбы: «Мен кіммін?»

Мақсаты: Баланы өзі жайлы толық түсінік беруге үйрету. Өзінің аты-жөні, жасы, үйінің мекенжайы, балабақшаның номері. Отбасы туралы толық білу.

Сөздік жұмыс: аты-жөні, жасы, мекен-жайы .

17.09.2012 ж.


Іс-әрекет кезендері


Тәрбиешінің әрекеті


Балалардың әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық


Саламатсыздар ма балалар. Бүгінгі біздің жаңа сабағымызды бастамас бұрын алдында өткен сабақты еске түсіреміз. Енді жаңа сабағымыздың тақырыбымен танысайық.

Сабақты балалармен әңгімелесуден бастаймын. Бағыттаушы сұрақтар кою арқылы балалардың аты-жөндері, тегі, ұлты, жасы, отбасы мүшелері және олардың жеке қасиеттері туралы (мейірімді, еңбекқор, қатігез т.б.) сұраймын.



Балалар ойланын айтады. Қойылған сұраққа жауап береді.


Балалар өткен сабақты естеріне түсіреді.

Жаңа сабақты зейін қойып тындайды.


Ұйымдастыру-іздестіру


Балаларға өзері жайлы шағын әңгіме құрату. Сендер үйге барған соң немен айналысасыңдар. Ата-аналарыңа қомектесесіңдер ме? Балалар сендер балабақшада кімен доссыңдар. Әр бала кіммен дос екенін айтып шығады.

Сергіту сәті:

Ормандағы аюдың

құлпынайы көп екен

Теріп, теріп алайық

Қалтамызға салайық

Дұрыс, балалар сендер сергіту сәтін жасап демалдыңдар, енді сабағымызды әрқарай жалғастырамыз. Сендер серуенге шыққанда көргендеріңді естеріңе түсіріңдерші!

Енді балалар сурет бойнша әңгіме құрастырайықшы. Қараңдар балалар мына суреттегі балақайларға ат қойып, шағын әңгіме құрастырайық.










Тәрбиешімен бірге сергіту сәтін жасайды.










Сурет бойынша топтасып әңгіме құрастырады



Рефлексивті-түзетушілік


Балалардың жаңа сабақтан алған білімдерін әңгімелеп қорытындылай отырып оларды мадақтау.



Сұрақ- жауап арқылы жаңа тақырыпты қорытындылайды.






Қорытынды нәтиже:


Нені білу керек: Өзінің аты-жөнін, мекенін, отбасы мүшелерін .


Қандай түсініктерді меңгерді: Үлкенге ізет, кішіге құрмен етуді. Досын сатпауды

Менгерген дағдылары мен іскерліктері: Сурет бойынша әңгіме құрастыра алады .














Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы

«Ақ көгершін» ересек тобына арналған


Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімдері: Сурет

Тақырыбы: «Мен қандай көбелек көрдім»

Мақсаты: Балалардың эстетикалық талғамдарын, сурет бейнесі арқылы іскерлікке тәрбиелеу. Көбелектің салу жолдарын меңгерту.

Сөздік жұмыс: көбелек түрлі-түсті бояу қаламдар.

17.09. 2012 ж.


Іс-әрекет кезендері



Тәрбиешінің әрекеті


Балалардың әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық


Саламатсыздар ма балалар. Бүгін біз сурет сабағында «Көбелектің» суретін саламыз. Алдарыңыздағы суретт дәптерін ашып ілініп тұрған көбелектің суретінне қарап саламыз





Балалар назарын тақтаға аударып, зейін қоя тыңдайды.


Ұйымдастыру-іздестіру


Қазақстанда көбелектердің түрлері өте көп. Көбелектер жаз кезінде яғни гүлдер гүл ашқанда көп кездеседі.

Көбелектердің үстіңгі және астынғы қанаттары болады.

Көздері үлкен басында ұзын талшықтар бар. Ең алдымен көбелектің денесін содан соң қанаттарын саламыз. Ұсақ бөлшектерін соңынан саламыз.



Суреттегідей түрлі – түсті бояуларды қолданып саламыз.

Балалар енді біз кішкене қылқаламдарымызды қойып көбеле жайлы өлең тындап оны сипаттап жіберейік.

Көбелек

Көбелек-ау, көбелек!

Әдемісің керемет!

Гүлге келіп қона ғой,

Өзің де гүл бола ғой.


Енді суретңмізді әрі қарай жалғастырамыз.

Сергіту сәті:

Бойды серкіт тік ұста,

Емін-еркін тыныста

Деміңді ішке тез ал да,

Оң қолыңды соз алға.



Көбелек жайлы мәлімет алады. Сурет салу жолын біледі.

















Оқылған өлеңді тындап талқылайды











Сергіту сәтін жасайды бәрі бірігіп


Рефлексивті-түзетушілік


Балалардың салған суреттерін тексеріп олардың әрқайсына сипаттама бере отырып мадақтау. Сабақты қорыта келе олардан кқрген көбелектері жайы сұрау



Берілген тапсырманы орындайды


Қорытынды нәтиже:


Нені білу керек: Көбелек жайын және оның салу жолдарын білу керек.

Қандай түсініктерді меңгерді: Қанатты, талшықтары.

Менгерген дағдылары мен іскерліктері: Көбелектің дене бөліктерін, олардың салу жолын қалай салу керек екенін.


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы

«Ақ көгершін» ересек тобына арналған


Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімдері: Сауат ашу

Тақырыбы: «Сөздер мен дыбыстар»

Мақсаты: Тілдің негізгі бірліктері туралы түсінік беру . Қоршаған ортадағы дыбыстардың түрлілігін айтылған сөз арқылы таныстыру.

Сөздік жұмыс: .

18.09.2012 ж.


Іс-әрекет кезендері



Тәрбиешінің әрекеті


Балалардың әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық

Саламатсыздар ма балалар. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы. «Сөздер мен дыбыстар»

Сөз және дыбыс туралы мәлімет беру. Біздің тіліміз сөзден тұрады. Сөздер мен жеке дыбыстардың биязы және дыбыстықбейнелері болады.


Баалалар дыбыстау нормаларын меңгереді.






Ұйымдастыру-іздестіру


Балалар сөздің дыбыстық құрамы ана тілінің грамматикалық құрылымын менгеруде де, сауат ашуға үйретуде де негізі болып табылады. Балалар дыбыс дауысты және дауыссыз дыбыстар боп екіге бөлінеді. Дауысты дыбыстар біздің даусымыз арқылы айтылады.Оларды әуенмен айтуға болады.Дауыссыз дыбыстар тек біздің даусымыз арқылы айтылыа қана қоймай олардың айтылуына біздің ерініміз, тіліміз бен тісіміз, тіліміз бен

таңдайымыз көмектеседі.

Сергіту сәті:

Ұзын құлақ сұр қоян, еспіп қалып сыбдырды, Ойлы-қырлы жерлер мен, ытқып-ытқыпжүгірді. Қарап қалса артына, қиығын сап көзінің

Келе жатқан томпандап, көжегі екен өзінің.



Дауысты және дауыссыз дыбыстарды талдау.





















Сергіту сәтін жасайды.


Рефлексивті-түзетушілік


Сурет бойынша сөз, сөйлем құрастыру және оны талдау. Мысалы: Балалар далада жүр. Осы сөзді талдау арқылы жаңа сабақты қорытындылау.


Берілген тапсырманы топ болып орындау.





Қорытынды нәтиже:


Нені білу керек: Сөз, дыбыстардың түрлерін білу керек.


Қандай түсініктерді меңгерді: дауысты, дауыссыз дыбыстар.


Менгерген дағдылары мен іскерліктері: Сурет бойынша сөз, сөйлем құрауды меңгерді.




Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы

«Ақ көгершін» ересек тобына арналған


Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімдері: Жапсыру

Тақырыбы: «Балапан»

Мақсаты: Балапан туралы түсінік беру. Топтық жұмысқа дағдыландыру .

Сөздік жұмыс: жұмыртқа, түрлі-түсті қағаз, желім.

18.09.2012 ж.


Іс-әрекет кезендері



Тәрбиешінің әрекеті


Балалардың әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық

Саламатсыздар ма балалар. Жаңа сабағымызды бастамас бұрын мен сендерге сабаққа керек заттарды таратып бремін.

Балалар бүгін біз жапсыру сабағында «Балапан» бейнесін қатты картонға жапсырамыз.


Жаңа сабақты зейн қойып тындайды.


Ұйымдастыру-іздестіру


Сендер балапан көрдіңдерма әже , аталаңынын ауылына барғанда. Егер көрсеңдер соны көз алдымызға елестетейік ол қандай болатынын.

Енді мен тақтаға сол балапаның суретін іліп қойдым. Оның түсі қандай болады екен? Дұрыс айтасыңдар «сары» болады екен. Алдарыңдағы түрлі-түсті қағаздарыңнан сол сапсары балапың пішінін қиып аламыз да оны қатты картонға әдемілеп жапсырамыз.

Жұмбақ:

Басында айдары, иекте сақалы бар. (Әтеш) Сендер тағы қандай үй құстарын білесіңдер.Олардың адамға қандай пайдасы бар. Енді әрі қарай жұмысымызды жалғастырамыз.





Топ болып жұмыс жүргізеді.







Суретпен жұмыс.











Балалар жұмбақтың жауаптарын табады.


Рефлексивті-түзетушілік


Балалардың жұмыстарын қарап әр қайсына сипаттама беру арқылы мадақтау.Жасаған жұмыстарын шағын көрмеге қою.


Балалар жасаған жұмысын тәрбиешіге көрсетеді, көрмеге апарып қояды.






Қорытынды нәтиже:


Нені білу керек: балапан, шөже.

Қандай түсініктерді меңгерді: Жұмыс барысында балалар бір-біріне қарым-қатынас жасауға, адамгершілік, ізгілік қасиеттерінің қалыптасуына көңіл аударады.

Менгерген дағдылары мен іскерліктері: Жапсыру іскерлік дағдыларын меңгеру.







Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы

«Ақ көгершін» ересек тобына арналған


Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімдері: Математика

Тақырыбы: «Жуан-жеңішке, қалын-жұқа, жалпақ-жеңішке»

Мақсаты: . Пішіндер туралы түсінік беру. Олады көлеміне қарай ажырата білуге дағдыландыру.

Сөздік жұмыс: Геометриялық пішіндер, салыстыру. .

19.09.2012 ж.


Іс-әрекет кезендері



Тәрбиешінің әрекеті


Балалардың әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық

Саламатсыздар ма балалар. Кәне орнымызға отырып сабағымызды бастайық.

Жаңа сабақты түсіндіру арқылы өткен сабақты еске түсіреміз.


Қызығушылдықтарын білдіре отырып сабаққа көңіл бөледі.


Ұйымдастыру-іздестіру


Балалар бүгін біз жуан мен жалпақты жеңішкеден, қалынды жұқадан, қалай ажырату керектігін үйренеміз.

Мен сендерге бірнеше заттарды көрсетем, ал сендер ажыратып отырыңдар.

Қайсы жуан,жеңішке, қалын екенін. Дәптер оқулықтан қалын ба әлде жеңішке ма? Дұрыс! Сергіту сәті:

«Ұшты, ұшты».

Дұрыс, енді әріқарай жалғастырамыз.

Мен сендерге бірнеше тапсырма таратам, ал сендер сол тапсырмада не бейнеленгенін айтып бересіңдер. Жарайсыңдар балалар дұрыс жауап бердіңдер.



Тындайды, қайталайды, есте сақтайды.




Өздерінің пікірлерін дәлелдеп үлестірмелі материалмен жұмыс жасайды.










Карточка арқылы жұмыс.


Рефлексивті-түзетушілік


Балаларды қорытынды жасауға ынталандыру. Мадақтау.



Қорытындылайды






Қорытынды нәтиже:


Нені білу керек: Жуан-жеңішке, қалын-жұқа ұғымдарын білу керек.


Қандай түсініктерді меңгерді: Ажырата білу заттың көлеміне қарай.


Менгерген дағдылары мен іскерліктері: Ортақ қасиеттері бойынша заттарды топтарға біріктіруді..



















Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы

«Ақ көгершін» ересек тобына арналған


Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімдері: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Әзілхан мектепке барады»

Мақсаты: Мазмұнын мағынасын түсіндіру. Балалардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Сөздік жұмыс: Шындық, қуаныш, мқал-мәтел .

19.09.2012 ж.

Іс-әрекет кезендері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық


Саламатсыздар ма балалар. Кәне сабағымызды бастамас бұрын өткен сабақты еске түсірейік. Енді жаңа сабақтың тақырыбы «Әзілхан мектепке барады».

Балаларға мектеп туралы мағұлұмат беру .



Қызығушылдықтарын білдіре отырып сабаққа көңіл бөледі.


Ұйымдастыру-іздестіру


Мектеп пен балабақшаның айырмашылығын айту. Балабақшада сендер сабақты 20-30 минут өтсеңдер , мектепте 45 минуттан өтесіңдер

Мектепке барғанда балабақшадағы еркеліктеріңді ұмытасығдар.

Мектеп туралы өлең оқып беру. Оқылған өлеңнін мағынасын түсіндіру және талқылау. Мектепке барғанда алғаш қолдарыңа ұстайтын оқулықтарын


ол «ӘЛІППЕ».

Іші толы әріпке

Мынау айбат Әліппе.

Барлық ілім-білімнің

Әжесі – осы Әліппе!

Сурет бойынша әңгіме құрау. Балдарды сөйлету . Балалар суреттегі балаларға ат қойып сқйлемдер құрайық. Айжан мен Самал мектепке келді. Олар апайларыа шоқ гүлін алып келді. Самал Маратпен отырды бір партада. Ал Айжан Қанатпен отырды.


Мектепке саяхат жасауға ықыластарын білдіреді









Мектеп туралы өлеңің мағынасын түсіндеді







Жұмбақтар шешеді.








Суретпен жұмыс жқргізеді.



Рефлексивті-түзетушілік


Мектеп еліне жүргізілген саяхатты қорытындылау арқылы балалардың бірлесіп жүргізген жұмыстары бағалау



Саяхат туралы өздерінің пікірлерін білдіреді. Жаңадан не білгендерін айтады.






Қорытынды нәтиже:


Нені білу керек: Мектептің балабақшадан айымашылығын .


Қандай түсініктерді меңгерді: мектеп туралы мәліметті.


Менгерген дағдылары мен іскерліктері: Таныс мақал-мәтелдердің мағынасын түсінеді.


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы

«Ақ көгершін» ересек тобына арналған


Білім беру саласы: «Денсаулық»

Бөлімдері: Валеология

Тақырыбы: «Менім бір күнім. Күн ережесі дегеніміз не?»

Мақсаты: Күн ережесі туралы түсінік беру . Инабаттылыққа, әдептілікке тірбиелеу .

Сөздік жұмыс: Күн ережесі . 20.09.2012

Іс-әрекет кезендері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті



Мотивациялық қозғаушылық


Саламатсыздар ма балалар. Кәзір бізде «Валеология» сабағы.



Зейін қойып тындау..




Ұйымдастыру-іздестіру


Балалар сендердің әрқайсыңда күн тәртібі болу керек. Балаларға «Менің таным» атты өленді оқып беріп оны талдау. Күн тәртібіне байланысты сұрақтар қою.

Сендер ертемен тұрып бірінші танғы жаттыгу жасайсыңдар, сосын тіс жуу, қолды сабынмен жуу. Сосын таңғы астарыңды ішесіңдер. Таңғы ас ішіп болып сабақтарыңа, балабақшаларыңа барасыңдар.

«Мынау не?» ойынын ойнату.

Мақсаты: Заттарды көрсету, балдар дұрыс аттарын табады.







Өлеңді тыңдайды.


Қойылған сұрақтар болса жауап береді.












Балдар ойынға қатысады.






Рефлексивті-түзетушілік


Сурет бойнша жаңа сабақты қорытындылау және сабақа араласқан балдар болса мадақтау.



Әр бала өз күн тіртібін айтады.




Қорытынды нәтиже:


Нені білу керек: күн тәртібіннің ережелерін.


Қандай түсініктерді меңгерді: Ерте тұру, жуыну, төсек жинау.


Менгерген дағдылары мен іскерліктері: Орындап отыру.























Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы

«Ақ көгершін» ересек тобына арналған


Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімдері: Өзін-өзі тану

Тақырыбы: «Табиғат сыйы»

Мақсаты: Күз мзгілінің атаун, жеміс-жидек, көкөністердң жинау мезгілі екенін, күздегі ауылшаруашылық, еңбек түрлері жөнінен білім беру. Үлкендердің еңбегін құрметтеу, олардың еңбегінің нәтижесіне қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Жеміс-жидек дән-дақылдар .

21.09.2012 ж.

Іс-әрекет кезендері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық


Саламасыздар ма балалар. Кәзіргі өтетін сабағымыздың тақырыбы «Табиғат сыйы». Бұл сабақтан сендер табиғат туралы біраз мәліметтер аласыздар.



Өткен сабақты еске түсүру.



Жаңа сабақты тындау арқылы күз айының өз ерекшеліктерін айтады.


Ұйымдастыру-іздестіру


Егін жинау жайлы мазмұнды суреттер, ауылшаруашылығындағы еңбек құралдарыңың жөнінде суреттер.

Суреттер бойынша әңгіме құрастыру. Дайындалған жеміс-жидектердің, көкөністердің пішіні, түстері, дәмі және қандай тағамдарға пайдалануға болатынын айту.

Балалар жиналған жеміс-жидектерді бәріміздің мамаларымыз қысқа әр түрлі салаттар,


банкалар жауып дайындайды. Ал көкөністерді арнайы қоймада сақтаймыз. Ал жеміс-жидектерден әр түрлі шырындар, тосаптар , сусындарды да дайындайды.

Балалар кәзір мен сендерге төрт шумақтан тұратын өлен оқып берем, ал сендер ол қай мезгілге жататыны айтасыңар.

Күз туралы өлең оұу.

Жиып-теріп болатын,

Қамбаға астық толатын,

Қызыл қырман ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың?

(Күз)

Дұрыс балалар өте жақсы.


Балалардан менің айтқан сабағымды қалай түсінгенін сұрау.



Сурет бойынша жұмыстарын жүргізеді.






















Өлеңің маңынасын түсіндіру.


Рефлексивті-түзетушілік


Сабақты қорытындылай келе, мен сендерден сұрағым келі тұр. Сендер жазда ауылға, бақшаға, бақта жұмыстар орындадыңар және күз айын неүшін ұнатасыңар.




Балалардың жауабын тындау, толықтыру.


Қорытынды нәтиже:

Нені білу керек: жылы түстерді (қызыл,қызғылтсары, сары).

Қандай түсініктерді меңгерді: жаңа сөздердің мағыналары туралы түсініктерді меңгерді

Менгерген дағдылары мен іскерліктері: Жеміс-жидектер туралы сұрақтарға жауап беру дағдыларын мегерту .


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы

«Ақ көгершін» ересек тобына арналған


Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімдері: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Ас тағамдар»

Мақсаты: Балаларға ас туралы түсінік беру. Нанның адам еңбегімен келетінін, оған көп күш жұмсалатынын түсіндіру.

Сөздік жұмыс: Сабаға, астықғ қауызы, диқан.

21.09.2012 ж.

Іс-әрекет кезендері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық


Саламатсыздар ма балалар.

Балалардың көңілін тақтаға қарату. Өткен сабақты еске түсіру.






Жаңа сабақты зейін қойып тындайды.


Суреттер арқылы балалардың сөз қорларын кеңейту.





Ұйымдастыру-іздестіру


Балалар қараңдарш біздің әрқайсымыздың үйімізде бірінші болып дастарханға қандай тағам келеді. Дұрыс айтасыңдар «Нан». Ал сендер нанның неше түрін білесіңдер. Атап беріңдерші,

Осы нанды неден пісіреді?

Ұнды қайдан алады.

Блалр мыа суетке қараңдаршы бұнда бидай бейнеленген. Бидайда масағы,сабағы,мұртшалары болады. Егер бидайды қауызын аршитын болсақ, ішінен бидайдың дәні шығады. Осы бидайды ұнтаса, ұн шығады.

Наубайханада осы аппақ ұнңа – тұз, су, ашытқы


араластырып, ұамыр илеп нан пісіреді.

Жұмбақ:

Алтын, сары тоны бар,

Қауызында дәні бар.

(Бидай)

Күзде егіс даласында бидайды комбайынмен орады, жинайды,бастырады. Жүк машинамен тасиды. Қырманға әкеліп, тазалап кептіреді. Сонан соң элеваторға жібереді.Көрдіңдер ма нанды табу үшін қаншама адам жұмыс істейді.



Берілген тапсырмаларға араласып отырады.






















Жұмбақтардың жауабын табуға ат салысады


Рефлексивті-түзетушілік


Балалардың түсінігін бекіте түсу үшін нанның түрлерінің суретін атау.



Сұрақтар тқою арқылы бекіту.






Қорытынды нәтиже:


Нені білу керек: наубайхана, дерме, нан түрлерін .


Қандай түсініктерді меңгерді: Нан туралы нақыл сөздерді меңгерді


Менгерген дағдылары мен іскерліктері: Үлкендердің еңбегін қадірлеу .







Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы

«Ақ көгершін» ересек тобына арналған


Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімдері: Мүсіндеу

Тақырыбы: «Адам бейнесі»

Мақсаты:Әр түрлі пішіндегі бірнеше бөліктен тұратын адам бейнесін мүсіндей білуге үйрету.Ермексазды алақан арасында домалақтау және есу әдіс-тәсілдерін жаттықтыру .

Сөздік жұмыс: ермексаз, тақтайшалар, стекалар, сұлгі .

21.09.2012 ж.


Іс-әрекет кезендері



Тәрбиешінің әрекеті


Балалардың әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық

Саламасыздар ма балалар. Кәзір бізде сурет сабағы болады. Мен сендердің алдарыңзға сурет дәптері мен түрлі-түсті қарындаштаыңды таратып шығам.

Сретерді крсетіп талдау жасау. Адам бейнесінің бөліктерін көрсетіп орындау жолдарын түсіндіру.


Балалар қызығушылықпен суреттерге қарап тындайды


Ұйымдастыру-іздестіру


Балалар мынау денесі, қолы, аяғы, басы. Айтыңдаршы адамның қолы ұзын ба әлде аяғы ұзын ба? Басы үлкен ба әлде денесі үлкен бе?

Балалардың өз бетінше жұмыстарын жас айды.

Балалар ермексазды екі кішкене, екі үлкен бөлікке бөліп алып ұзынша етіп алып есеміз. Кішкене бөлігінен адамның қолын жасаймыз, оның ұшынан шымшып созу арқылы алақандарын жасаймыз.Үлкен бөліктен аяқтарын жасаймыз. Денесін есіп, бейнеге келтіріп, содан кейін домалақтап басын жасаймыз.

Сергіту сәті:

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ,

Беске бесті қосқанда болып шықты он саусақ.









Тәрбиешінің айтқанын зейін қойып тындайды, сұрақтарға жауап береді.














Сергіту сәтін орындайды.


Рефлексивті-түзетушілік


Жасаған жұмыстары туралы әңгімелеп айту, қорытынды жасау.



Сабақты қорытындылау






Қорытынды нәтиже:


Нені білу керек: Адам бейнесін өз ойлары бойынша келтіріп жасауды .


Қандай түсініктерді меңгерді: Қаңқа, бас, қол, аяқ

Менгерген дағдылары мен іскерліктері: Қолдарының маторикасын жақсарту .









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Ашық сабақ Алтын күз

Автор: Кожамжарова Акшабак Жумабековна

Дата: 12.03.2017

Номер свидетельства: 399643

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "Ашы? саба?:" Алтын адам" "
    ["seo_title"] => string(22) "ashyk-sabak-altyn-adam"
    ["file_id"] => string(6) "188876"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1426765583"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Ашық сабақ "Алтын жұмыртқа""
    ["seo_title"] => string(31) "ashyk_sabak_altyn_zhu_myrtk_a_1"
    ["file_id"] => string(6) "388411"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486373428"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Ашық сабақ"Алтын адам туралы аңыз""
    ["seo_title"] => string(35) "ashyk_sabak_altyn_adam_turaly_an_yz"
    ["file_id"] => string(6) "462491"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1521426901"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) "Ашық сабақ" Алтын адам туралы аңыз""
    ["seo_title"] => string(37) "ashyk_sabak_altyn_adam_turaly_an_yz_1"
    ["file_id"] => string(6) "462493"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1521427300"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "Ашы? саба?  "Алтын с?з""
    ["seo_title"] => string(18) "ashyksabakaltynsoz"
    ["file_id"] => string(6) "319352"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460806463"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства