Маздар бойда мол үміт. Рауан Баурар жанды сырлы ырғақ.
Намыс, жігер жұптасқан, Әнұранды мен ылғи
Ол - әнұран, зор рух! Жүрем іштей ыңылдап...
Оттай жанып жанарым, Әміржан Мақал: Туған жердей жер болмас, Сағыныш
Одан қуат аламын... Ақнұр Туған елдей ел болмас.
Әнұраны елімнің:
Үні, тілі халқымның!
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұраның сөзін жазғандар: Мадияр
Жүмекен Нәжімеденов,
Нұрсұлтан Назарбаев
Әні: Шәмші Қалдаяқовтікі
«Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі» КММ
Ашық сабақ
Тәрбиеші: Айтжанова Р.А.
2014-2015 оқу жылы
Тақырыбы: «Қазақстан рәміздері»
Мақсаты: Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы, елтаңбасы, әнұраны туралы білімдерін жетілдіру.
білімділік: балалардың білімдерін толықтыру, тиянақтау, дүниетанымдарын кеңейту; дамытушылық: балалардың ой-өрісін, ойлау қабілеттерін, тақырып бойынша сөздік қорларын молайту, сөйлеу тілдерін дамыту; тәрбиелік: Отанын сүюге, рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің суретттері. слайд
Мақсаты: Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы, елтаңбасы, әнұраны туралы білімдерін жетілдіру.
білімділік: балалардың білімдерін толықтыру, тиянақтау, дүниетанымдарын кеңейту; дамытушылық: балалардың ой-өрісін, ойлау қабілеттерін, тақырып бойынша сөздік қорларын молайту, сөйлеу тілдерін дамыту; тәрбиелік: Отанын сүюге, рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің суретттері. слайд
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі.
Балалар бүгінгі тақырыбымыз: «Қазақстан рәміздері»
II Негізгі бөлім
Кіріспе:
Балалар біз тұратын мемлекеттің аты қалай аталады?
Біздің республикамыз Қазақстан деп аталады. Біздің еліміздің өз туы, елтаңбасы және мемлекеттік әнұраны бар. Біздің ұлттық тіліміз – қазақ тілі. Елбасымыз – Н.Ә.Назарбаев.
Балалар, мынау біздің еліміздің туы.
Қазақстан жалауы.
Тудан сендер ненің белгісін көріп тұрсыңдар?
Күн, қыран құс және сол жағында өрнек бейнеленген.
Иә, өте жақсы, дұрыс айтасыңдар.
Ал. енді туымыздың түсі қандай екен, қараңдаршы?
Көк, көгілдір түс.
Неге ұқсайды.
Аспанға ұқсайды.
Яғни, біздің туымыздың түсі аспан түстес көк екен.
Тудың пішіні қандай?
Төртбұрыш. Олай болса алдарыңдағы ұқсас пішінді көтеріңдер.
Күннің пішіні қандай? Дөңгелек. Онда күнге ұқсас пішінді көтеріңдер.
Тудың авторы кім? Шәкен Ниязбеков Амира
Ту туралы тақпақтар:
Көк аспандай көкпеңкөк, Сабит, Акерке
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен-тек
Елдің ашық қабағы.
Ақ ниетті алтын күн, Азиза, Мағжан
Асқақ арман қыраны.
Жалауы бұл халқымның,
Мәртебесі мақтаны.
( Құм салған қапшықты басып жүріп, сиқырлы өткелден өтеді де тудың суретін жапсырады)
Мынау біздің Қазақстан Республикасының елтаңбасы. Ал, балалар, нені көріп тұрсыңдар? Сендерге не таныс? Қандай белгілер салынған екен
Шаңырақ, уық, қанатты ат, жоғарыда бес жұлдыз белгілері, төменде Қазақстан деген жазу бар.
Иә, өте жақсы. Дұрыс айтасыңдар.
Шаңыраққа ұқсас пішінді көтеріңдер. Енді бес жұлдызды көрсетіңдер.
Жарайды.
Елтаңба
Алтын қанат көмкерген, Бекарыс
Шаңырақ бар, уық бар
Әсем бейне сен көрген,
Жай бейне емес, ұғып ал!
Сүйсіндірген өзіңді Дана
Түсіне біл таңбаны.
Аңыздағы ұшқыр, төзімді
Пырақ - халық арманы.
Көгілдір түс аясы - Ахмад
Бейбіт дала елесі.
Шаңырақ жұрт панасы,
Уықтар - күн сәулесі.
Жоғарыда түсер көз Айым
Бес тармақты жұлдызға,
Ал «Қазақстан» деген сөз,
Таныс барлық ұл қызға.
Мағыналы сымбатты Алишер
Бар осындай белгіміз.
Маған саған қымбатты
Елтаңбасы ол - еліміз!
Мемлекеттік елтаңбаның авторы кім? Аида
Шот-Аман Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков
Д\ойын «Карта құрастыру»
Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны мен сендер таныстыңдар.
Ал еске түсірейік бәріміз. Балалардың барлығы әнұранды айтады.
Әнұран
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының сөзін жазғандар кім? Мадияр
Жүмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
Әні: Шәмші Қалдаяқовтікі
Әнұран
Әні сөзбен толығып, Гауһар,
Маздар бойда мол үміт. Рауан
Намыс, жігер жұптасқан,
Ол - әнұран, зор рух!
Оттай жанып жанарым, Әміржан
Одан қуат аламын... Ақнұр
Әнұраны елімнің:
Үні, тілі халқымның!
Бейне шулы нұрлы бақ, Жаннұр
Баурар жанды сырлы ырғақ.
Әнұранды мен ылғи
Жүрем іштей ыңылдап...
Мақал: Туған жердей жер болмас, Сағыныш
Туған елдей ел болмас.
Енді, балалар, біздің Қазақстан Республикасында көптеген ұлттар өмір сүреді. Сендер қандай ұлттарды білесіңдер:
Қазақ, орыс, ұйғыр, кәріс.
Табиғаты тамаша, ұлан байтақ даласы, көлдері, теңіздері және жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне де бай.
Астана қаласы өте әдемі, көрікті қала.
III Сергіту жаттығу «Балақан»
IV Қорытынды.
Балалар, біз әрқашан еліміздің әсем табиғатын, байлығын дұрыс пайдаланып, қорғап, аялауымыз керек. Еліміздің туын, әнұраны мен елтаңбасын қадірлеп, бағалап, биікке көтеріп жүруіміз керек. Түрлі халық өкілдерімен туысқандық, достық, сыйластық және қарым – қатынаста болуымыз керек.