Білімділік:Балаларды Отан с?йгіштікке баулу, ?з еліне, жеріне деген патриотты? сезімін ояту. ?аза? хал?ыны? ?лтты? аспабы домбыра туралы білімдерін бекіту.
Дамытушылы?: шы?армашылы??а деген ?ызы?ушылы?тарын ?алыптастыру.
Т?рбиелік: Отан?а деген с?йіспеншілігін арттыру ж?не т?рбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Білімділік:Балаларды Отан сүйгіштікке баулу, өз еліне, жеріне деген патриоттық сезімін ояту. Қазақ халқының ұлттық аспабы домбыра туралы білімдерін бекіту.
Дамытушылық: шығармашылыққа деген қызығушылықтарын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру және тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: әңгімелеу, сұрақ – жауап, көрсету.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, «Астана қаласына саяхат» слайт, домбыра әр балаға, ою - өрнек әр балаға, қайшы, желім, қылқылам, дастархан, майлық, домбыраның үлгісі.
Сабақ барысы:
Әуен ойнайды балалар залға кіреді.
Жылулық шеңбері:
Армысың, ардақты Аспан ата!
Армысың, мейірімді Жер - Ана!
Армысың, шұғылалы Алтын күн!
Қуант бізді таңырқат,
Қуанатын күн бүгін!
Ал, енді бір – бірімізге тілектер тілейік. Бір бірімізге жүрек жылуын сыйлап, сабағымызды бастайық.
- Еліміз тыныш болсын!
- Аспанымыз ашық болсын!
- Соғыс болмасын!
- Апамыз, әкеміз аман болсын!
- Біз аман болайық!
Әуен ойналады залға қонақ кіреді (Англиядан келген Мисс Мэрли).
Мисс Мэрли ағылшыша амандасады.
- Мен Қазақстанға бірінші рет келіп тұрмын. Қазақстан туралы білгім келеді.
Тәрбиеші:
- Сіз жақсы келдіңіз. Бүгін бізде Қазақстан туралы ашық сабағымыз болады.
- Ал, балалар, сабағымызды Қазақстан Республикасының әнұранынан бастайық.
Балалар қолдарын жүректеріне қойып әнұран айтады.
Әнұран айтылып болғасын балалар орындыққа отырады.
- Мисс Мэрли сіз төрлетіп мына жерге отырыңыз. Біздің балалар Қазақстан туралы айтып береді.
- Біздің мемлекетіміз қалай аталады?
- Қазақстан.
- Дұрыс айтасыңдар.
- Кім Қазақстан туралы тақпақ білесіңдер ме?
- Аяулым айта ғой.
Кеңге толы қойнауы,
Төлге толы жайлауы,
Ол – біздің Қазақстан!
Анамыздай тілеуі ақ,
Отан біздің біреу ақ,
Ол – біздің Қазақстан!
- Жақсы, отыра ғой.
- Қазақстан Республикасының Президенті кім?
- Қазақстан Республикасының Президенті Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы.
- Дұрыс айтасыңдар.
- Қазақстан қандай мемлекет?
- Қазақстан Тәуелсіз мемлекет.
- Дұрыс.
- Біздің еліміз қалай аталады?
- Отан.
- Отан туралы қандай мақал – мәтелдер білеміз?
Ердің көркі елімен,
Отан көркі жерімен.
Отан үшін отқа түс – күймейсің!
Отан - оттан да ыстық.
Отанды сүю отбасынан басталады.
- Жақсы.
- Қазақстан Республикасының елордасы қай қала?
- Астана.
- Дұрыс.
Ендеше, балалар, бүгін біз сендермен Астана қаласына саяхатқа барамыз. Олай болса біздің қонағымыз Мисс Мэрлиді де бірге алайық, оған да қызықты шығар Астана қаласын көруге.
- Астана туралы тақпақты Айбек айта ғой.
Астанамыз – ән қаласы,
Айналасы дән қаласы.
Көк туын көкке көтерген,
Отанымның панасы.
- Жақсы, отыра ғой.
Отанымыздың жүрегі, астанасы – Астана қаласы. Астанамыз жас қала, әрі бас қала. Астанамыз жылдан - жылға көркейіп, әсемденіп келеді. Қазір осы Астана қаласыныңкөрікті жерлерін біз слайд арқылы көреміз.
- Балалар, мына суреттен кімді көріп отырмыз?
- Қазақстан Республикасының Президенті Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы.
- Мынау, Ақорда.
- Ал, мынау, Ханшатыр.
- Мынау, Астананың Нұр мешіті.
- Мынау, Достық пен бейбітшілік сарайы.
- Мынау, Бейбітшілік монументі.
- Ал, мынау, Бәйтерек.
Бәйтерек Астананың ортасында орналасқан өте биік, әрі сұлу ғимарат. Бәйтеректің басына шығып, шын жүректен тілек тілесең орындалады екен. Олай болса қазір сендермен «Бәйтерек»ойынын ойнаймыз.
Қимылды ойын: «Бәйтерек».
Балалар жақсы сергіп алдық, енді келген қонаққа сыйлық сыйлайық.
- Мынау ұлттық аспаб, қалай аталады?
- Домбыра.
- Домбырада әндер, күйлер орындалады.
- Балалар, сендер білесіңдер ме, қандай күйлер орындалады?
- «Адай», «Сары арқа», «Балбырау».
- Дұрыс!
- Қазақ айтады: «Нағыз қазақ, қазақ емес, нағыз қазақ қара домбыр» - дегендей, мына қолымдағы домбыраны сұқсаусақ ою – өрнегімен әшекелейміз.
Тәрбиеші балаларға жапсырудың әдіс – тәсілін көрсете отырып ою – өрнекпен домбыраны әшекелейді.
Балалар жұмыс жасап отырғанда домбыраның әуені ойнап тұрады.
Балалардың жұмысы. Қиналған балаларға көмек көрсету. Мадақтау.
- Балалар, қараңдаршы қандай көрікті домбыр болды.
- Енді, мына әдемі домбырамызды қонағымызға сыйлайық. Сыйлау.
- Мисс Мэри, біздің балалар тек қана домбыра әшекейлеп қоймай, сіздің құрметіңізге, ән орындап береді. «Әу» - демейтін қазақ жоқ дегендей.
Ән: «Отан» орындалады.
Қонақты шығарып салу.
Сабақты қортындылау.
1. Балалар бүгін біз қай қалаға саяхатқа бардық?
2. Қандай ғимараттарды білесіңдер?
3. Қонаққа не сыйладық?
Балалар залдағы қонақтармен қоштасып залдан әуен үнімен шығады.