Мен орманнан келе жатырмын. Менің күзде жинаған астығым бітіп қалды, саңырауқұлақтар қар астында қалып қойды, енді не істесем екен?
Балалар сендер кірпіге көмектесесіңдер ме?
Балалар біз бүгін кірпіге саңырауқұлақ жасап берейік.
Негізгі бөлім:
Тәрбиеші балалармен шаттық шеңберін жасайды.
Балалар саңырауқұлақтар туралы өлең, ертегі белміз бе?
Онда «Саңырауқұлақ» саусақ ойынын ойнайық.
Шынашағым орманға бар!
Шылдыр шүмек, саңырауқұлақ тап!
Ортан терек, тазалап ал!
Балаң үйрек, қуыра сал!
Бас бармағым, барлығын жеп,
Өсіп қапсың толып.
Саңырауқұлақтар үлкен, кіші, сары. ақ, қоңыр болады.
Кейбіреу улы болады. Өздері білетін саңырауқұлақ атауларын қайталап айтады.
«Саңырауқұлақ» саусақ ойынын білеміз. Балалар ойын мәтініне сәйкес қимыл-қозғалыс жасайды.
Енді осы саңырауқұлақтарды ермексазбен мүсіндеп көрейікші. Тәрбиеші саңырауқұлақ мүсіндеу жолдарын көрсетіп, түсіндіреді. Сары ермексазды алақан арасына салып, сопақша пішінге келтіреміз. Енді келесі саңырауқұлақты өздерің қалаған түсті алып, бас бармақпен ортасын үңгиміз, сұқ саусақпен қалпақтың пішініне келтіреміз.
Сергіту сәті:
Саңырауқұлақ болайық,
Тізе бүгіп отырайық.
Жаңбыр жауса көтеріліп,
Өсіп-өсіп алайық.
Балалардың өзіндік жұмыстары
Ақ түсті ермексаздан бірнеше ұсақ түйіршіктер жасап, қалпақтың үстіне жапсырамыз. Саңырауқұлақтың қалпағын түбіртегіне орналастырамыз. Жарайсыңдар балалар саңырауқұлақтарың өте керемет.
Билингвалдық компонент: : саңырауқұлақ-грибы
Жеке жұмыс:Айлина отбасы мүшелеріне кімдерді жатқызамыз ?.
Айланақандай тақырыппен таныстық?
Айару бізге қонаққа кім келді?
3.Қорытынды/итоговая часть:
Балалар, бәрің де саңыраұқлақты әдемі мүсіндедіңдер! Осы әдемі саңырауқұлақтарды мүсіндеу шкафына орналастырайық.