kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Аққала" ашық сабақ

Нажмите, чтобы узнать подробности

қыс мезгілі туралы меңгерту. қар жауғанда дала аппақ мамыққа оранатынын ұғындыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Аққала" ашық сабақ»

Білім беру саласы:Шығармашылық

Бөлімі: Сурет

Тақырыбы: «Аққала»

Мақсаты: Балаларға қағазды умаждап, сурет салу техникасымен таныстыру. Қағазды жақсылап алақан арасына салып, умаждап, оны бояуға малып, қағаз бетіне бастырып, бейне салуға үйрету. Саусақ қимылдарын жетілдіру.

Керекті құралдар: көк түсті бояу, умаждалған қағаз, көк қағаз.

Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме, балалар! Балалар, қараңдаршы біздерге бүгін қонақтар келіпті.Қане, бәріміз шеңберге тұрып, қонақтармен амандасайық…

Шаттық шеңбері: Жарқын, жарқын үніміз,

Болашақтың күніміз

Балалық шақ үйінің

Жайнап тұрған гүліміз.

Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

Хош келдіңіз бәріңіз!

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Орындарыңа отыра қойыңдар.

Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр, шешесіңдер ме?

Балалар: Иә, шешеміз!

Жұмбақ: Шелек қалпақ басында,

Сәбіз екен танауы

Қыста қардан туатын,

Тауып көрші сен оны                                     (Аққала)

Балалар: Аққала!

Тәрбиеші: Дұрыс, жарайсыңдар, балалар! Балалар, мына суреттерге қараңдаршы, бұл суретте не бейнеленген?

Балалар: Аққала бейнеленген.

Тәрбиеші: Аққала қандай геометриялық пішіндерден құралған екен?

Балалар: Дөңгелектерден!

Тәрбиеші: Дұрыс! Аққаланың түсі қандай екен?

Балалар: Ақ!

Тәрбиеші: Дұрыс! Ал, аққаланы неден жасаймыз? Жылдың қай мезгілінде жасаймыз?

Балалар: Қыста қардан жасап ойнаймыз!

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Сендер аққала туралы көп нәрсе біледі екенсіңдер. Бүгін біз сурет сабағында аққаланың суретін саламыз. Бірақ күндегідей қарындаштармен емес, жаңа тәсілмен саламыз. Ол үшін мен сендерге қағаз беремін, бәріміз бірге осы қағаздарды алақанымызға салып умаждайық. Мен сендерге аққала салынған беттерді таратып беремін, ал сендер осы умаждалған қағаздарды бояуға малып, аққаланы бояйсыңдар.

(Балалар тапсырманы орындауға кіріседі)

Тәрбиеші: Балалар, шаршадыңдар ма? Олай болса сергіту жаттығуын жасайық!

Сергіту сәті: Боран соғар оң жақтан,

Боран соғар сол жақтан.

Қар лақтырып ойнасақ,

Су болады қолғаптар.

(Балалар тәрбиешімен бірге сергіту жаттығуын орындайды)

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Енді орындарыңа отырыңдар, бояған суреттеріңді көрейік. Кімнің суреті ең әдемі болды екен?

(Балалар суреттерін көрсетеді, тәрбиеші жұмыстарын бір – біне көрсетіп, балаларды мадақтайды)

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар, суреттерің әдемі екен! Балалар, мен сендерге ойын ойнатқым келіп тұр. Ойынның аты «Орнын тап!» Мен сендерге аққаланың бейнесі салынған карточкалар таратып беремін, бұл карточкаларда аққаланың дене мүшелері алмасып кеткен. Сендер осы мүшелерді орындарына дұрыстап орналастырыңдар.

(Балалар ойынға қызығушылық танытып, ойнайды)

Тәрбиеші: Жаксы, балалар! Ойын сендерге ұнады ма?

Балалар: Иә, ұнады!

Қорытынды:

Тәрбиеші: Балалар, біз бүгін ненің суретін салдық?

Балалар: Аққаланың!

Тәрбиеші: Аққаланы біз жылдың қай мезгілінде жасаймыз? Аққаланың түсі қандай болады екен? Денесі қандай геометриялық пішіндерден құралған? Аққаланы біз неден жасаймыз? Біз бүгін аққаланы қалай боядық? Сендерге ұнады ма? Кім аққала туралы тақпақ айтып береді екен?

Айару:

Қар жауғанда топ бала,
Соқты келіп аққала.
Мұрны сәбіз, үп үшкір.
Көзі көмір, қап қара.

Анель:

Көне шелек басында,
Сыпырғышы қолында.
Мұз айдынға ойнауға
Келгендей ақ ол мұнда.

(Балалар тәрбиешінің қойған сұрақтарына толық жауап береді)

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Осымен біздің бүгінгі сабағымыз аяқталды. Келген қонақтармен қоштасайық. Сау болыңыздар!



Қағазды жақсылап алақан арасына салып, умаждап, оны бояуға малып, қағаз бетіне бастырып, бейне салуға үйрету.



















МКҚК «Мөлдір» балабақшасы





Бекітемін:

Меңгеруші:м.а.К.С. Калиева

« » « »2017ж








Тәрбиеші: Жубаниязова Г.С.

«Айгөлек» тобы









Саға2015


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Аққала" ашық сабақ

Автор: Жубаниязова Гулжайнар Саматовна

Дата: 24.11.2017

Номер свидетельства: 440517

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(135) "ашы? саба? жоспары  Та?ырыбы: "?аза? даласыны? дара ?стазы Ыбырай Алтынсарин" "
    ["seo_title"] => string(78) "ashyk-sabak-zhospary-tak-yryby-k-azak-dalasynyn-dara-u-stazy-ybyrai-altynsarin"
    ["file_id"] => string(6) "235845"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1443865144"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(109) "Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы."
    ["seo_title"] => string(69) "arifmietikalyk_proghriessiianyn_alg_ashk_y_n_mushiesinin_k_osyndysy_1"
    ["file_id"] => string(6) "457392"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1518616854"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "Ашы? саба?: Ал?аш?ы ?о?ырау"
    ["seo_title"] => string(25) "ashyksabakalgashkykonyrau"
    ["file_id"] => string(6) "277780"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452965356"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "Ал?аш?ы функция ж?не аны?талма?ан интеграл"
    ["seo_title"] => string(44) "algashkyfunktsiiazhnieanyktalmaganintieghral"
    ["file_id"] => string(6) "263839"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449597670"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "ал?аш?ы ?о?амды? ??рылыс 6 сынып "
    ["seo_title"] => string(39) "alg-ashk-y-k-og-amdyk-k-u-rylys-6-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "195396"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1427903059"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства