Іздену ұйымдасты- рушы | Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер оның жауабын шешуге тырысыңдар. – Адамдардың бәрі қызығады, су құймасаң сәні бұзылады. Бұл не? -Дұрыс. Жарайсыңдар, ендеше бүгін біз бөлме өсімдіктерімен таныс боламыз. Өсімдік өмір сәні, табиғат көркі, дәрі-дәрмек. Олар біздің бөлмемізді тек әдемі етіп көрік бере қоймай, бөлменің, үйдің ауасын тазартады. Бізге қуаныш сыйлайды, көңіліміз көтеріңкі болады екен. Олардың көптеген түрлері болады. Тәрбиеші гүлдердің түрлерімен таныстырады. Балалар, ендеше осы айтып отырған гүлдеріміз біздің бөлмемізде бар ма? Мұқият қарайықшы, кім көріп тұр? Осы мезетте Карлсон ұшып келеді. Карлсон: Саламатсыздарма балалар. Үйіме, үйдің шатырына ұшып бара жатып, сендердің терезелеріңнен өте әдемі бөлме өсімдіктерін көріп, жақынырақ көруге келдім. Мен де үйіме гүл өсіргім келеді, бірақ мен күту, баптау ережелерін білмеймін. Тәрбиеші: Карлсон, сен мұңайма. Біз балдармен саған көмектесеміз. Ия ма балалар? Карлсонға гүлді отырғызу, баптау әдісін көрсетеді. -Балалар, гүл отырғызып, тек осылай қоямыз ба екен? Тәрбиеші: — Дұрыс айтасың, балалар егерде біз тамақ ішпесек не болады екен бізге? Тәрбиеші: Әлсізденеміз, ауырып қаламыз екен. Ал, егерде тамак ішсек, күшіміз көп болады, бойымыз өседі. Сол сияқты өсімдіктер адам сияқты тамақ ішпесе, ауырып қалады. Су құйып, күтіп,баптап тұру қажет екен. Карлсон: Балалар, мен сендермен бір сергіп алғым келіп тұр. Сергіту сәті: Шаршағанда ырғалып, Гүлге ұқсап демалам, Қанатты бір қағып, Гүлдей болып жайқалам. Карлсон: — Рахмет, балалар, сендер әдепті, білімді екенсіңдер. Бөлме өсімдік туралы көп мағлұмат алдым, енді менде гүлдерімді күтіп, баптап тұрамын. Сау болыңдар!!! | - Гүл - Балалар тәрбиешені қызығушылықпен мұқият тыңдайды -Табиғат бұрышында деп, және раушан,алоэ өсімдіктерді тауып көрсетті. -Саламатсың ба, Карлсон -Ия -Жоқ, гүлге су құю керек.
-Ауырып қаламыз. Балалар сергіту сәтін қимылмен орындайды. -Сау бол |