kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Алтын к?зге саяхат"

Нажмите, чтобы узнать подробности

«АЛТЫН К?Зге саяхат» ерте?гілігі Саба?ты? ма?саты: Балаларды? к?з туралы білімдерін жетілдіру, ойлау ?абілеттерін арттыру, ой-?рісін дамыту. Т?рбиеші: ??рметті б?гінгі кешке жинал?ан ата-аналар, ?она?тар! Б?гінгі мектепалды даярлау сыныбы дайында?ан ша?ын ?ана «Алтын к?з» атты ерте?гілігімізді бастаймыз. Армысыздар халайы? Бармысыздар халайы? К?згі тойды ж?п жазбай Келі?дер, ?арсы алайы?! (Сырттан бір дыбыс естілді, желді? шуы) -Балалар, ты?да?даршы, б?л не шу? (Осы кезде ?демі ?уенмен К?з ханшайымы келеді). К?з ханшайымы: С?леметсі?дер ме,балалар! Балалар: С?леметсіз бе,К?з ханшайымы! К?з ханшайымы: Уа,халайы?,дархан далам,армысы?, Таби?атым жаны жайса? тал м?сін, Ханшайымы к?зді? б?гін келіп т?р, Алма? болып бар хал?ымны? ал?ысын! Мен К?з ханшайымымын!Сендерді к?ргеніме ?уаныштымын. Т?рбиеші: ?ош келді?,К?з ханшайымы!Т?рлет! Балалар,К?з ханшайымымыз?а к?з туралы та?па?тарымызды айтып,?з ?нерлерімізді к?рсетейік,келістік пе? Балалар: И?,келістік! Т?рбиеші:Шо?ы тол?ан г?лдей жайнап, Ша?ырады жар?ын ж?з, Сайранда?ан к?ліп –ойнап, Келді,міне,алтын к?з! К?з мезгілі: Мен К?збін,?те еркемін. С?л н?рсеге ренжіп,б?ртиып,?аба?ымды т?йіп,к?з жасымды аямай т?гіп-т?гіп аламын.Мені? а? к??ілділігімді б?рі ?натады. Т?рбиеші: ?нім биыл тамаша, К?з тоймайды ?араса, С?біз,картоп,?ызылша, ?ып-?ызыл піскен ?ызана?, ?ыры??абат?а ?арашы К?к?ністер бір кезде Жиыла ?алып дауласты! Балалар,бізге «К?к?ністер» тобы келіп ?алыпты.?ане,?ошеметпен ?арсы алайы?!(?уен ойналады). «К?к?ністер дауы» к?рініс. К?к?ністер: (Хормен) Жиналып ?алып б?ріміз, ?айсысымыз е? д?мдіміз, Ішімізден адам?а Тиеді к?п пайдамыз. Т?рбиеші: Ма?танша? б?рша? орта?а ж?гіріп шы?ады. Б?рша?: Кішкене т?ймедеймін мен ?наймын мен б?ріне Д?мді та?амдарыммен Сый жасаймын б?рі?е ! Т?рбиеші: Ызалан?аннан ?ызылша ?ып-?ызыл болып кетті. ?ызылша: А? т?сім бар ?ант алар ?ызыл т?сім ?ан?а н?р. Зияным жо? біліп ?ой ?ызылшамын пайдам бар. Мен де бір с?з айтайын Ма?танайын сіздерге Менсіз борщ болмайды Винегред те ?стелде. ?ыры??абат: Ба?шаларда тізіліп ?аперсіз мен жатамын ?абат-?абат киініп ?ыры??абат атандым. Ма?тан?аннан не пайда Менсіз д?мді щи ?айда? Мені ?осса самса?а Б?рі жейді тамсана. С?біз: Кім бар с?біз шырынын Жастайынан ішпеген Мені жеген адамдар Кем болмайды к?шке де! ? ызана? : Тал шыбы?ым б?ралып Ба?шаларда ?ызарып Т?р?ан ол мен ?ызана? К?нге ?арап ?ялып. Піскен кезде ?ызана? К?з тартар ?ызыл т?сімен Бар ма адам с?йсінбей Томат шырын ішпеген. ?ияр: К?птен ерте шымырлап ?семін мен б?р жарып Атым-?ияр,теріп ап Жиі-жиі суарып. Д?мім тілді ?йірген Мен т?здал?ан к?йімде Жа?а піскен кезімде Жейді б?рі с?йсіне. Картоп: Картоп бізді? атымыз Жер астында жатамыз Бір тамырдан тара?ан А?айынбыз б?ріміз. Мен ?ялша? картоппын Мен емеспін ма?танар Мені жа?сы к?реді ?лкендер мен балалар. ?ауын: Иісім ж?пар а??ы?ан Ба?шада?ы шырынмын Жеп к?ргендер тамсан?ан Балдай т?тті ?ауынмын. Пияз: Боламын мен д?мдеуіш Барлы?-барлы? та?ам?а К?к?ністер ішінен Мен пайдалы адам?а Асханадан шы?паймын Атым пияз,б??паймын К?зден жасты шы?арып Т?маудан біра? са?таймын. ?ауын: Бос айтысты ?ояйы? Дауласуды до?арайы?. Т?рбиеші: К?к?ністер б?рі де Денсаулы??а пайдалы Сонды?тан да бірге ж?рі?дер Оларды жа?сы к?рі?дер. ?н: К?н ?лемі,к?к ?лемі. Би: К?згі вальс. Т?рбиеші: К?з ханшайымы,бізді? балалар ж?мба? жасырып,ж?мба? шеше алады. 1-бала: Жазда інге ты?ылып Жат?ан ?ызыл т?лкіні ??йры?ынан суырып ?келді ?жем бір к?ні. Б?л не? (C?біз) 2- бала: ?алы? киім ?натады Шешіндірсе? жылатады.Б?л не? (Пияз) 3-бала: ?ызыл,сары,кемелер Су бетінде ?ал?иды Со?са егер дауыл жел Ыр?алады,тол?иды. Б?л не? (Жапыра?) 4-бала: ?стіне тігіп к?к шатыр Астында ?ызыл д?у жатыр.Б?л не? (?ызылша) 5-бала: Жайлы ж?мса? т?сегім Домаланып ?семін ?абат-?абат тоным бар ?алай оны шешемін. Б?л не ? (?ыры??абат) 6-бала: ?алды? та?ы т?йірлеп ?азып алды? ?йірлеп.Б?л не? (Картоп) Т?рбиеші: Д?рыс,балалар. ?азір жылды? ?ай мезгілі? Балалар: К?з мезгілі. Т?рбиеші: Жарайсы?дар. Ал к?з айлары ?андай айлар? Балалар: ?ырк?йек,?азан,?араша. Т?рбиеші: Ендеше,орта?а к?з айларын ша?ырайы?. ?ырк?йек: Бірінші ?ырк?йек Білімге бастады Мал мен а? ж?р билеп ??с шарлап аспанды. ?азан: Жа?арт?ан ?аламды Жа?бырлы ?ажап ай Осынау заманды Орнат?ан ?азан ай. ?араша: Мол байлы? тергені Шатты?ы ?аншалы? ?араша ?рледі ?араша ?н салып. Т?рбиеші: Мінеки,балалар.К?з айларымен де танысты?дар. ?н: Анамны? тілі. Т?рбиеші: Балалар,к?к?ністерден ?алмай бізге жемістер де келіпті, соларды бір ты?дап к?рейік. (?уен ойналады). Ж?зім: Іші тол?ан шарбат Д?мі сондай ?йбат ?зесі? бірден ?зіп Оны? аты-ж?зім Мен ж?зіммін,ж?зіммін Монша? болып тізілдім. ?рік: Д?п-д??гелек сары Ішінде бар д?ні ?ызы?асы? к?ріп Оны? аты-?рік ?рікпін мен ?рікпін Бау-ба?ша?а к?рікпін Баптап мені к?ткен со? Талды бойлап ?ріппін. Шабдалы: Пісетін кезі д?л к?зде Мезгілсіз оны ?збе Аузы?нан кетпес бал д?мі Мені? атым-шабдалы. Жа??а?: Сырты ?андай ?атты Д?мі оны? т?тті Ша?ып ?ара та?дап Мені? атым-жа??а?. Шие: Бір саба?та к?п т?йме Жей алмайсы? к?к к?йде Санап ?ара ?анша Мені? атым-шие. Мен шиемін,шиемін К?нні? к?зін с?йемін. Алма: Пісіп т?р?ан алмамын Тамсандырар бал д?мін Жерге сілкіп т?сірме Ісіп кетер ма?дайы?. Алм?рт: Мен алм?ртпын,алм?ртпын Аузындамын бар ж?ртты? Баптап мені к?ткен со? Та?дай ж?тар бар д?мім. Анар: Б?та?тан ?зілген Жарылса анармын Монша?тай тізілген Д?ндерін аламын. Т?рбиеші: К?з ханшайымы,бізді? балаларды? ?нерлері ?нады ма?Ендеше орта?а д?нді- да?ылдарымызды ша?ырайы?. Орта?а ?уенмен д?нді-да?ылдар шы?ады. Бидай: Нан анасы бидаймын Елге асты? сыйлаймын Д?нім толып піскенде ?ауызыма сыймаймын. Арпа: К?міс м?ртты арпамын Ырыс-??тты арпамын Е?бек етіп бапта?ан Еліме сый тартамын. Тары: А?,?арамын,сарымын Мен ?німді тарымын Хал?ым е?бек сі?ірсе ?айтарамын ?арызын. К?ріш: К?нді с?йген к?рішпін К?ллі ж?рт?а ырыспын Алсын деп ел мол ?нім Ала жаздай су іштім. Т?рбиеші: Да?ылдар,сендерге к?п рахмет. ?ане, балалар,осындай молшылы? к?з айында бір ойын ойнап жіберейік. Ол ойын «Кім жылдам?» деп аталады. Ойын шарты бойынша ?лдар бір себетке к?к?ністерді, ал ?ыздар екінші себетке жемістерді жинайды. Ойын: «Кім жылдам?» Т?рбиеші: К?з ханшайымы,балаларды? ойынына ба?а бері?із. К?з ханшайымы: Жарайсы?дар, балалар,к?к?ністер мен жемістерді д?рыс ажыратып жинады?дар. Б?рі? де жа?сы біледі екенсі?дер.Шеттері?нен білімді бала екендері?ді білдік. ?н: М??алім ол бізді?. К?рініс : «?а?ба? пен бидай». Т?рбиеші: ?зі ?а?ба? болсын Онда ?андай салма? болсын Т?ра?тай алмай егістікке Тірелді бір к?н егістікке Дауыспен былай тіл ?атты: ?а?ба?: -Сен осы бидаймысы?? Бидай: -Бидаймын. ?а?ба?: -А?ыл айтсам ты?даймысы?? Бидай: -Ты?даймын. ?а?ба?: -Ашып айтсам д?рысын Осы ?ай т?рысы?? Ж?рмейсі?,кезбейсі?,к?рмейсі? Не барын,не жо?ын да білмейсі? -Мен болсам міне К?ні мен т?ні ?шарымды жел біліп ?онарымды сай біліп Сайран салып ж?ргенім ?ызы?ты ?мір с?ргенім. Бидай: -Эй,?а?ба?, Ашып айтсам д?рысын Осы ?ай ж?рісі? Белгілі т?ра?ы? жо? Бас т?гіл ??ла?ы? жо? «?ф» десе ?шасы? «С?ф» десе ?онасы? ?а??ы?ан ?а?ба?сы? Кімге т?л?а болма?сы? Біз болса? міне К?ні мен т?ні Жина?аным д?н Айналамыз тол?ан ?н Абырой да,ата? та,да?? та Ерлік те, же?іс те Барлы?ы осы егісте. Т?рбиеші: Осымен бидай с?зі бітті ?а?ба? ж?ніне зытты Д?рысын айт?ан бидай ма, ?а?ба? па Оны ?здері? салма?та. -Балалар,?алай ойлайсы?дар,?а?ба?тыкы д?рыс па,?лде бидайдыкі ме ? Би: « ?олшатырлар» биі. К?з ханшайымы: Балалар,сендерге к?п рахмет. К?з мезгілі жайлы к?птеген ?ле?,ж?мба?тар біледі екенсі?дер. Берекелі ба? д?улет Арта т?ссін тойланып Сау болы?дар балалар Келгенше жыл айналып. Балалар, мен де сендерге ?з сыйлы?ымды ала келдім. ?ош сау болы?дар! Т?рбиеші: К?з ханшайымы, са?ан мы? ал?ыс.Б?гін келгені?е рахмет.Бізге та?ы кел.Біз сені са?ына к?теміз. К?зді? кереметі,байлы?ы ?те к?п.К?зде бізді? дастарханымыз д?нді да?ылдар?а,к?к?ністерге,жеміс-жидектерге толы болады.Біра? осы байлы??а жету ?шін к?п е?бек ету керек. ?азіргі сендерді? е?бектері? саба? о?у. Сонды?тан сендер е?бекшіл болы?дар! Міне,балалар,осымен «Алтын к?з» атты ерте?гілігімізді ая?таймыз. Сіздерді к?з мерекесімен ??тты?таймын.?р отбасылары?ыз?а ба?ыт,береке тілеймін. Ата-аналар?а с?з беру. Мереке ая?талды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Алтын к?зге саяхат"»






«АЛТЫН КҮЗ» ертеңгілігі

Сабақтың мақсаты: Балалардың күз туралы білімдерін жетілдіру, ойлау қабілеттерін арттыру, ой-өрісін дамыту.

Тәрбиеші: Құрметті бүгінгі кешке жиналған ата-аналар, қонақтар! Бүгінгі мектепалды даярлау сыныбы дайындаған шағын ғана «Алтын күз» атты ертеңгілігімізді бастаймыз.

Армысыздар халайық

Бармысыздар халайық

Күзгі тойды жұп жазбай

Келіңдер, қарсы алайық!

(Сырттан бір дыбыс естілді, желдің шуы)

-Балалар, тыңдаңдаршы, бұл не шу?

(Осы кезде әдемі әуенмен Күз ханшайымы келеді).

Күз ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме,балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе,Күз ханшайымы!

Күз ханшайымы: Уа,халайық,дархан далам ,армысың,

Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін,

Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр,

Алмақ болып бар халқымның алғысын!

Мен Күз ханшайымымын!Сендерді көргеніме қуаныштымын.

Тәрбиеші: Қош келдің,Күз ханшайымы!Төрлет! Балалар,Күз ханшайымымызға күз туралы тақпақтарымызды айтып,өз өнерлерімізді көрсетейік,келістік пе?

Балалар: Иә,келістік!

Тәрбиеші:Шоғы толған гүлдей жайнап,

Шақырады жарқын жүз,

Сайрандаған күліп –ойнап,

Келді,міне,алтын күз!

Күз мезгілі: Мен Күзбін,өте еркемін. Сәл нәрсеге ренжіп,бұртиып,қабағымды түйіп,көз жасымды аямай төгіп-төгіп аламын.Менің ақ көңілділігімді бәрі ұнатады.

Тәрбиеші: Өнім биыл тамаша,

Көз тоймайды қараса,

Сәбіз,картоп,қызылша,

Қып-қызыл піскен қызанақ,

Қырыққабатқа қарашы

Көкөністер бір кезде

Жиыла қалып дауласты!

Балалар,бізге «Көкөністер» тобы келіп қалыпты.Қане,Қошеметпен қарсы алайық!(Әуен ойналады).

«Көкөністер дауы» көрініс.

Көкөністер: (Хормен)

Жиналып қалып бәріміз,

Қайсысымыз ең дәмдіміз,

Ішімізден адамға

Тиеді көп пайдамыз.

Тәрбиеші: Мақтаншақ бұршақ ортаға жүгіріп шығады.

Бұршақ: Кішкене түймедеймін мен

Ұнаймын мен бәріне

Дәмді тағамдарыммен

Сый жасаймын бәріңе !

Тәрбиеші: Ызаланғаннан қызылша қып-қызыл болып кетті.

Қызылша: Ақ түсім бар қант алар

Қызыл түсім қанға нәр.

Зияным жоқ біліп қой

Қызылшамын пайдам бар.

Мен де бір сөз айтайын

Мақтанайын сіздерге

Менсіз борщ болмайды

Винегред те үстелде.

Қырыққабат: Бақшаларда тізіліп

Қаперсіз мен жатамын

Қабат-қабат киініп

Қырыққабат атандым.

Мақтанғаннан не пайда

Менсіз дәмді щи қайда?

Мені қосса самсаға

Бәрі жейді тамсана.

Сәбіз: Кім бар сәбіз шырынын

Жастайынан ішпеген

Мені жеген адамдар

Кем болмайды күшке де!

Қ ызанақ : Тал шыбығым бұралып

Бақшаларда қызарып

Тұрған ол мен қызанақ

Күнге қарап ұялып.

Піскен кезде қызанақ

Көз тартар қызыл түсімен

Бар ма адам сүйсінбей

Томат шырын ішпеген.

Қияр: Көптен ерте шымырлап

Өсемін мен бүр жарып

Атым-қияр,теріп ап

Жиі-жиі суарып.

Дәмім тілді үйірген

Мен тұздалған күйімде

Жаңа піскен кезімде

Жейді бәрі сүйсіне.

Картоп: Картоп біздің атымыз

Жер астында жатамыз

Бір тамырдан тараған

Ағайынбыз бәріміз.

Мен ұялшақ картоппын

Мен емеспін мақтанар

Мені жақсы көреді

Үлкендер мен балалар.

Қауын: Иісім жұпар аңқыған

Бақшадағы шырынмын

Жеп көргендер тамсанған

Балдай тәтті қауынмын.

Пияз: Боламын мен дәмдеуіш

Барлық-барлық тағамға

Көкөністер ішінен

Мен пайдалы адамға

Асханадан шықпаймын

Атым пияз,бұқпаймын

Көзден жасты шығарып

Тұмаудан бірақ сақтаймын.

Қауын: Бос айтысты қояйық

Дауласуды доғарайық.

Тәрбиеші: Көкөністер бәрі де

Денсаулыққа пайдалы

Сондықтан да бірге жүріңдер

Оларды жақсы көріңдер.

Ән: Күн әлемі,көк әлемі.

Би: Күзгі вальс.

Тәрбиеші: Күз ханшайымы,біздің балалар жұмбақ жасырып,жұмбақ шеше алады.

1-бала: Жазда інге тығылып

Жатқан қызыл түлкіні

Құйрығынан суырып

Әкелді әжем бір күні. Бұл не? (Cәбіз)

2- бала: Қалың киім ұнатады

Шешіндірсең жылатады.Бұл не? (Пияз)

3-бала: Қызыл,сары,кемелер

Су бетінде қалқиды

Соқса егер дауыл жел

Ырғалады,толқиды. Бұл не? (Жапырақ)

4-бала: Үстіне тігіп көк шатыр

Астында қызыл дәу жатыр.Бұл не? (Қызылша)

5-бала: Жайлы жұмсақ төсегім

Домаланып өсемін

Қабат-қабат тоным бар

Қалай оны шешемін. Бұл не ? (Қырыққабат)

6-бала: Қалдың тағы түйірлеп

Қазып алдың үйірлеп.Бұл не? (Картоп)

Тәрбиеші: Дұрыс,балалар. Қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Күз мезгілі.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар. Ал күз айлары қандай айлар?

Балалар: Қыркүйек,қазан,қараша.

Тәрбиеші: Ендеше ,ортаға күз айларын шақырайық.

Қыркүйек: Бірінші қыркүйек

Білімге бастады

Мал мен аң жүр билеп

Құс шарлап аспанды.

Қазан: Жаңартқан ғаламды

Жаңбырлы ғажап ай

Осынау заманды

Орнатқан қазан ай.

Қараша: Мол байлық тергені

Шаттығы қаншалық

Қараша өрледі

Қараша ән салып.

Тәрбиеші: Мінеки,балалар.Күз айларымен де таныстыңдар.

Ән: Анамның тілі.

Тәрбиеші: Балалар,көкөністерден қалмай бізге жемістер де келіпті, соларды бір тыңдап көрейік. (Әуен ойналады) .

Жүзім: Іші толған шарбат

Дәмі сондай әйбат

Үзесің бірден үзіп

Оның аты-жүзім

Мен жүзіммін,жүзіммін

Моншақ болып тізілдім.

Өрік: Дөп-дөңгелек сары

Ішінде бар дәні

Қызығасың көріп

Оның аты-өрік

Өрікпін мен өрікпін

Бау-бақшаға көрікпін

Баптап мені күткен соң

Талды бойлап өріппін.

Шабдалы: Пісетін кезі дәл күзде

Мезгілсіз оны үзбе

Аузыңнан кетпес бал дәмі

Менің атым-шабдалы.

Жаңғақ: Сырты қандай қатты

Дәмі оның тәтті

Шағып қара таңдап

Менің атым-жаңғақ.

Шие: Бір сабақта көп түйме

Жей алмайсың көк күйде

Санап қара қанша

Менің атым-шие.

Мен шиемін,шиемін

Күннің көзін сүйемін.

Алма: Пісіп тұрған алмамын

Тамсандырар бал дәмін

Жерге сілкіп түсірме

Ісіп кетер маңдайың.

Алмұрт: Мен алмұртпын,алмұртпын

Аузындамын бар жұрттың

Баптап мені күткен соң

Таңдай жұтар бар дәмім.

Анар: Бұтақтан үзілген

Жарылса анармын

Моншақтай тізілген

Дәндерін аламын.

Тәрбиеші: Күз ханшайымы,біздің балалардың өнерлері ұнады ма?Ендеше ортаға дәнді- дақылдарымызды шақырайық.

Ортаға әуенмен дәнді-дақылдар шығады.

Бидай: Нан анасы бидаймын

Елге астық сыйлаймын

Дәнім толып піскенде

Қауызыма сыймаймын.

Арпа: Күміс мұртты арпамын

Ырыс-құтты арпамын

Еңбек етіп баптаған

Еліме сый тартамын.

Тары: Ақ,қарамын,сарымын

Мен өнімді тарымын

Халқым еңбек сіңірсе

Қайтарамын қарызын.

Күріш: Күнді сүйген күрішпін

Күллі жұртқа ырыспын

Алсын деп ел мол өнім

Ала жаздай су іштім.

Тәрбиеші: Дақылдар,сендерге көп рахмет. Қане, балалар,осындай молшылық күз айында бір ойын ойнап жіберейік. Ол ойын «Кім жылдам?» деп аталады. Ойын шарты бойынша ұлдар бір себетке көкөністерді, ал қыздар екінші себетке жемістерді жинайды.

Ойын: «Кім жылдам?»

Тәрбиеші: Күз ханшайымы,балалардың ойынына баға беріңіз.

Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар,көкөністер мен жемістерді дұрыс ажыратып жинадыңдар. Бәрің де жақсы біледі екенсіңдер.Шеттеріңнен білімді бала екендеріңді білдік.

Ән: Мұғалім ол біздің.

Көрініс : «Қаңбақ пен бидай».

Тәрбиеші: Өзі қаңбақ болсын

Онда қандай салмақ болсын

Тұрақтай алмай егістікке

Тірелді бір күн егістікке

Дауыспен былай тіл қатты:

Қаңбақ: -Сен осы бидаймысың?

Бидай: -Бидаймын.

Қаңбақ: -Ақыл айтсам тыңдаймысың?

Бидай: -Тыңдаймын.

Қаңбақ: -Ашып айтсам дұрысын

Осы қай тұрысың?

Жүрмейсің,кезбейсің,көрмейсің

Не барын,не жоғын да білмейсің

-Мен болсам міне

Күні мен түні

Ұшарымды жел біліп

Қонарымды сай біліп

Сайран салып жүргенім

Қызықты өмір сүргенім.

Бидай: -Эй,қаңбақ,

Ашып айтсам дұрысын

Осы қай жүрісің

Белгілі тұрағың жоқ

Бас түгіл құлағың жоқ

«Үф» десе ұшасың

«Сүф» десе қонасың

Қаңғыған қаңбақсың

Кімге тұлға болмақсың

Біз болсақ міне

Күні мен түні

Жинағаным дән

Айналамыз толған ән

Абырой да,атақ та,даңқ та

Ерлік те, жеңіс те

Барлығы осы егісте.

Тәрбиеші: Осымен бидай сөзі бітті

Қаңбақ жөніне зытты

Дұрысын айтқан бидай ма , қаңбақ па

Оны өздерің салмақта.

-Балалар,қалай ойлайсыңдар,қаңбақтыкы дұрыс па,әлде бидайдыкі ме ?

Би: « Қолшатырлар» биі .

Күз ханшайымы: Балалар,сендерге көп рахмет. Күз мезгілі жайлы көптеген өлең,жұмбақтар біледі екенсіңдер. Берекелі бақ дәулет

Арта түссін тойланып

Сау болыңдар балалар

Келгенше жыл айналып.

Балалар, мен де сендерге өз сыйлығымды ала келдім. Қош сау болыңдар!

Тәрбиеші: Күз ханшайымы, саған мың алғыс.Бүгін келгеніңе рахмет.Бізге тағы кел.Біз сені сағына

күтеміз.

Күздің кереметі ,байлығы өте көп.Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға,көкөністерге ,жеміс-жидектерге толы болады.Бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек. Қазіргі сендердің еңбектерің сабақ оқу. Сондықтан сендер еңбекшіл болыңдар!

Міне,балалар,осымен «Алтын күз» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Сіздерді күз мерекесімен құттықтаймын.Әр отбасыларыңызға бақыт,береке тілеймін.

Ата-аналарға сөз беру.

Мереке аяқталды.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Алтын к?зге саяхат"

Автор: Жумагалиева Лязат Утегеновна

Дата: 07.01.2016

Номер свидетельства: 273166


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства