Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі:Сөйлеуді дамыту,
Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Абай және табиғат
Білімділік мақсаты: Балаларды қазақтың дара ақыны Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру. Ақынның әр жыл мезгіліне арналған өлеңі арқылы табиғатты аялауға,табиғатқа деген сүйіспеншілікке деген түсініктерін қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты:Балалардың тілдерін дамыту.Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, сөздік қорларын арттыру.
Тәрбиелік мақсаты: Абайдың өсиет – өлеңдерінен балаларға адамгершілік, адалдық, достық, еңбекті сүюге, Ақынның еңбектерін бағалауға тәрбиелеу. Табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Абай және табиғат»
Өскемен қаласы әкімдігінің «№100 балабақша-бөбекжайы» КМҚК
«Абай және табиғат»
(тақырыптық ұйымдастырылған оқу қызметі)
№5 «Айналайын» мектепалды дарлық тобы тәрбиешісі:Бекжанова А.К.
Өскемен қаласы
2020 жыл
Білім беру саласы: «Коммуникация» , «Таным»
Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі:Сөйлеуді дамыту,
Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Абай және табиғат
Білімділік мақсаты: Балаларды қазақтың дара ақыны Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру. Ақынның әр жыл мезгіліне арналған өлеңі арқылы табиғатты аялауға,табиғатқа деген сүйіспеншілікке деген түсініктерін қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты:Балалардың тілдерін дамыту.Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, сөздік қорларын арттыру.
Тәрбиелік мақсаты: Абайдың өсиет – өлеңдерінен балаларға адамгершілік, адалдық, достық, еңбекті сүюге, Ақынның еңбектерін бағалауға тәрбиелеу. Табиғатты аялауға тәрбиелеу. Әдіс – тәсілі: түсіндіру, көрсету, сұрақ – жауап, ғажайып сәт, ойын,әңгімелесу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Абай суреті,ұлы ақын өлеңдерінен үзінді, Абай туралы кітаптар көрмесі,слайд.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Абай Құнанбаевтің шығармашылығымен таныстыру, Абай мұражайымен слайд арқылы таныстыру, жыл мезгілдері жайлы әңгімелесу, «Желсіз түнде жарық –ай»әнін жаттату,
Тілдің үштұғырлығы:қыс-зима- winter, көктем-весна- spring, жаз- лето- summer, күз-осень- autumn
Мотивациялық-қозғаушылық:
Шаттық шеңбері
Бақшамызға барғанда,
Жолыққан бар жандарға.
Ертемен ақ пейілмен:
«Қайырлы таң!» деймін мен.
Күндіз де елді елеймін,
«Қайырлы күн!» - тілеймін.
Үйге кешке келемін,
Не дерімді білемін:
«Кеш жарық!» деп кіремін.
Тәрбиеші:Өлеңнен үзінді оқу
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі.
Жаздың көркі енеді жыл құсымен,
Жайраңдасып жас күлер құрбысымен.
Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал,
Жалбаңдасар өзінің тұрғысымен.
Балалар мына өлең жолдары жылдың қай мезгіліне байланысты айтылған?
Балалар:Көктем мезгілі туралы.
– Дұрыс айтасыңдар.
Қандай сөздер көктем мезгілі екенін білдіреді?
Балалар:жердің жүзі құлпырады,жаздың көркі енеді жыл құсымен
Бұл өлеңді кім жазды деп ойлайсыңдар?
Теледидарға назарларын аудару Тәрбиеші: Мына суреттен кімді көріп тұрсыңдар? Балалар: -Абай атаны көріп тұрмыз. Тәрбиеші: – Абай атамыз Семейдің Шыңғыстау деген жерінде дүниеге келген. Әкесінің аты-Құнанбай. Абайдың анасы Ұлжан- ақылды, мейірімді кісі болған. Абайдың әжесі –Зере.Абайды осы Зере деген әжесі тәрбиелеген.Әжесі Ибрагимді еркелетіп "Абай" деп атап кеткен.Әжесі үнемі ертегі оқып скішкентай Абайдың сауатын ашып,оның ақылды,сауатты,ақын болуына түрткі болған кісі.
Абай атамыз артына ойлы да, мәнді өлеңдерімен бірге қара сөздерімен де өшпестей із қалдырған.
Семей қаласының Жидебай деген жерінде Абай атамыздың мұражай-үйіашылған. Бұл мұражайға ақынның қолданған заттары: дөңгелек үстелі, құс қанатынан жасалған қаламсабы мен сиясауыты, үш ішекті домбырасы қойылған.
Балалар тәрбиеші ақынның мұражайына вертуалды экскурсия жасайды.
Тәрбиеші балалар назарын Абай шығармашылығына арналған шағын кітаптар көрмесіне аударады.
Тәрбиеші:
-Абай атамызды аудармаларына, әндері, қара сөздері жазылған кітаптары өте көп. Біз бұл кітаптарды кітапханалардан алып оқи аламыз.
Сергіту сәті:
Керегені құрайық,
Уық болып тұрайық
Шаңыраққа киіліп,
Киіз үйді құрайық.
Қимылды ойын «Ханталапай»
Мақсаты:Балаларды ұлтық ойындарды қызығушылықпен түсініп ойнауға дағдыландыру.Түстерді ажырата білуге,ойынды шартын бұзбай Ойын шарты: Шеңбер құрып отырып, бастаушы «Ал, кәнеки, балақай, Кел, ойнайық! «Ханталапай»! – деп асықтарды шашып жібереді.Балалар шашылған асықтарды қойылған ыдыстардың түстеріне сәйкес етіп шапшаңдықпен жинайды.
Дидактикалық ойын:-«Кім жылдам»
Мақсаты:1.балалардың мезгілдк табиғат ерекшеліктері жайлы түсініктерін қалыптастыру.Топпен жұмыс жасай білуге дағдыландыру.
2.Ойлау қабілеттерін арттыру,
3.Жылдамдыққа,зеректікке,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Ойының шарты:Ол үшін 4түсті текшелер арқылы 4 топқа бөлінейік. Әр топқа сурет қималары беріледі. Сол қималардан сурет құрап шығуымыз қажет. Балалар текшелердің түстеріне байланысты алдын ала даярланған үстелдерге жайғасады.
Тәрбиеші:Қане қай топ суретін бірінші құрады?
Әр топ құрастырған суреттерін сипаттап айтып береді.
1 бала:Біздің топ құрастырма қағаздардан «Көктем»мезгілінің көрінісін құрады. көктем-весна- spring.
Жазғытұрықалмайдықыстыңсызы,
Масатыдайқұлпыраржердіңжүзі.
Жан-жануар, адамзатанталаса,
Ата-анадайелжіреркүнніңкөзі.
Жаздыңкөркіенедіжылқұсымен,
Жайраңдасыпжаскүлерқұрбысымен.
Көрденжаңатұрғандайкемпір мен шал,
Жалбаңдасарөзініңтұрғысымен.
2бала:Біздің топ құрастырма қағаздардан «Қыс»мезгілінің көрінісін құрады. қыс-зима- winter.
Қысөлеңін айтады.
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы - үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Әуес көріп жүгірген жас балалар,
Беті-қолы домбығып, үсік шалды.
Шидем мен тон қабаттап киген малшы
Бет қарауға шыдамай теріс айналды.
3бала:Біздің топ құрастырма қағаздардан «Жаз»мезгілінің көрінісін құрады. Жаз- лето- summer.
Жаз өлеңін айтады
Жаздыгүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек,
Ұзарып өсіп толғанда;
Күркіреп жатқан өзенге,
Көшіп ауыл қонғанда;
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жоны қылтылдап,
Ат, айғырлар, биелер
Бүйірі шығып, ыңқылдап,
Суда тұрып шыбындап,
Кұйрығымен шылпылдап,
Арасында кұлын-тай
Айнала шауып бұлтылдап.
4бала: Біздің топ құрастырма қағаздардан «Күз»мезгілінің көрінісін құрады. күз-осень- autumn.
Күз өлеңін айтады.
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаныма, тоңғаныма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.
-Абай атамыздың әндері, өлеңдері, аудармалары өшпес мұра болып қала береді.
-Қазір барлығымыз бірге Абай атамыздың «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындайық.
Рефлексиялық- түзетушілік.
-4 бірдей жыл мезгіліне өлең арнап шығарған ақын кім екен?
-Абайдың ерте жастан сауатын ашып ақылын айтқан кім екен?
-Ақынның мұражайы қай жерде орналасқан?
Күтілетін нәтиже:
Білу:Абайдың өмірбаяны мен шығармашылығын.
Түсінуге тиіс:Әр жыл мезгілінің табиғат ерекшеліктерін.