Просмотр содержимого документа
«7 саны мен цифры.»
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру Сабақтың тақырыбы: 7 саны мен цифры. Сабақтың мақсаты:Білімділігі: 7 санымен, оның цифрымен таныстыру, 7санының пайда болуы, оның құрамына есептер құрастыру. Дамытушылығы: 7санын көрнекіліктер арқылы балалардың естеріне сақтау, ертегі желісі арқылы 7 санын меңгерту, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Тәрбиелігі: сауатты, таза жазуға тәрбиелеу. Әдіс- тәсілдері: сұрақ-жауап, ойындар, жұмбақтар, түсіндіру, сурет бойынша әңгімелеу. Көрнекілігі: ертегі кейіпкерлерінің суреттері, цифрлар, санағыш, таяқшалар. Типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың барысы: І. Амандасу. Психалогиялық дайындық. Оқу- білім аламыз. Біздер зерек баламыз Математика пәнінде Тапқыр, алғыр, баламыз. Қазір жылдың қай мезгілі? –Қыс Қыста табиғатта қандай өзгерістер болады? Қыста қандай ойындар ойнаймыз? Қыста қандай мейрамдар бар? Қыс айларын ата? Бүгін аптаның қай күні?- жұма қасиетті күн.
ІІ. Негізгі бөлім. Балалар, бізге ертегілер елінен «Қызыл телпек» деген кішкентай қыз қонаққа келді. Ол орманда тұратын әжесіне алма теріп әкеле жатыр екен. Қызыл телпек сендерден көмек сұрай келіпті, ол себетіндегі алмалардың нешеу екенін санап берулеріңді сұрайды. - Санап береміз бе? балалар? - Балалардың жауаптары тыңдалады. - Барлығы қанша екен? - Нешеуі көк, нешеуі қызыл? 3 көк, 4 қызыл Қане 7 санын таяқшамен көрсетейік. 3 таяқшадан тұрады. 7 цифры үш элементтен тұрады, 7 санын жазып үйренейік. Дәптермен жұмыс. Толқынды сызықтан, көлбеу және кіші түзу таяқшадан 7 цифры. Сергіту сәті: Дәптермен жұмыс: - Цифрларды бастырып сыз. 5, 6,7 Неше құмырсқаның жүгі жоқ? -7
- 7 санының құрамын табу. - 6+1
Қызыл телпектің бірнеше тапсырмасы бар екен соларды орындап жіберейік. 1 –тапсырма 1. Екі сиырдың мүйізі неше? (4) 2. Адамда екі –екіден бар дене мүшелерін ата? (көз, құлақ, қол, аяқ) 3. Оң қолда және сол қолда неше саусақ бар? (10) 4. Екі мысықтың аяғы нешеу? 5. Бес тырнаның басы нешеу? 2 тапсырма: Ойын: «Көршісін тап» Мен сендерге цифр көрсетем, сол цифрдың көршісін тауып айтыңдар 1, 3, 5 3 тапсырма: Қандай геометриялық фигураларды білесіңдер? 1. Төрт қабырғасы тең болса, Төрт бұрышы тең болса, Жауап берер балақай Ой-өрісі кең болса. Бұл не? (шаршы) 2. Бұрыштарын табамыз, Бұған келер шамамыз. Төбесінен сырғанап, Құлап қалсақ күлеміз. Бұл не (үшбұрыш) 3. Емес бұл төртбұрыш Мұнда мүлде жоқ бұрыш. Бұл не (дөңгелек) 4. Бұрыштар мен сызықтар, Атын жаттап тізіп қал, Ақылы көп балаға, Зейін қояр қызық бар. Мынау қандай фигура? (тіктөртбұрыш) 4- тапсырма :Қандай санамақтар білесің? Бір дегенім –білім, Екі дегенім –елім, Үш дегенім- үміт, Төрт дегенім –төзім, Бес дегенім-бақыт, Алты дегенім –Ақыл, Жеті дегенім – 1. Жанель: Мені келсе білгің Мен таяқша бірмін Ата-әжеме жол бастап Оң қолында жүрмін.
2 Саяжан: Бірден кейін тұрамын Сандар іші тұрағым Бірге бірді қосқанда Иіліп мен шығамын. 3. Айсұлу: Үш саны болып қаламын, Қос мүйізі майысқан, Екіден соң әрқашан, Ұлттық ою саламын. 4. Анель: Достарым мені төрт дейді Беске бірім жетпейді Қуанады анасы Төрт алғанда баласы. 5. Досжан: Әр қолыңда бес саусақ, Жетпейді оған еш саусақ, Бір мен екі алмаңдар Үшке алданып қалмаңдар.
5. Сабақты қортындылау. 1. Қандай өттік? 2. Қандай жаңа санмен таныстық? 3. Кімге көмектестік. 4. Сабақта ерекше белсенділік, көрсеткен балаларды бағалау, мадақтау Орнымыздан тұрайық, Кітап дәптер жабайық, Қонақтармен қоштасып, Сау –саламат айтайық!