Ынталандыру. Сезімді ояту | Тәрбиеші балаларға шаттық шеңберін құрғызады. -Ал балалар бір-бірімізге жақсы-жақсы тілектер айтайық, амандасайық. | Балалар бір-біріне жақсы тілектер айтып, амандасады |
Ізденістер. Ұйымдастыру кезеңі. | Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Өткен сабақтарды еске түсіру. -Балалар геометриялық фигураларды еске түсірейікші. Қандай геометриялық фигураларды білесіңдер? Фигуралардың түстерін ажыратайық! - Жарайсыңдар балалар! -Балалар бүгін біз 5 санымен танысамыз. 1-ден 5-ке дейін санайықшы. Ал енді, керісінше санайық! Әр балаға жеке-жеке санату. –Балалар біз бір ойын ойнап жіберейік. Осы бөлме ішінде цифрлар жасырынып жатыр. Сол цифрларды табайықшы. Бір цифр гүлде, біреуі терезе алдында, тағы біреуі шкафта жасырынған. Осы цифрларды балалар қызыға іздей бастайды. Тапқан цифрлары бойынша өз ойларын білдіреді. –Балалар менің қолымда қанша қоян ойыншығы бар? -Ал аю ойыншығы ше? -Енді осы ойыншықтарды қосқанда, барлығы қанша ойыншық болады. –Қолымыздағы бес кеглидің екеуін алып тастағанда, қанша кегли қалады. Сергіту сәті: Оң қолымда бес саусақ, Сол қолымда бес саусақ. Екі қолды қосқанда, Болады екен он саусақ. Сандық қатынастарды меңгерту, артық және кем санды анықтауды түрлі анализаторларды, яғни дыбыс, қозғалысты санау, сипау арқылы заттарды санау жаттығуларын қатыстырумен ұштастырады. Мәселен, балалар неше дыбыс естісе, сонша ойыншықты санап шығарады, неше рет қол көтерсе, сонша шеңбер бар карточканы табады немесе карточкада неше шеңбер болса, сонша рет отырып, тұрады. Олар карточкаға қадалған түймелерді сипап көру арқылы санап, неше түйме болса сонша рет немесе 1 рет артық,кем шапалақтайды. –Ал енді балалар тағы бір ойын ойнап жіберейік! Ол ойын «доп лақтыру» деп аталады. Тәрбиеші допты балаларға кезек-кезек лақтырып сұрақтар қояды. –Ал енді балалар дәптеріміздегі тапсырманы орындайық. | -үшбұрыш, шаршы, шеңбер, кесінді. Жасыл, қызыл, көк т.б. Мысалы: - -5 саны бойынша, оң қолымда бес саусақ, сол қолымда бес саусақ . -үшеу. -екеу. . -бес. –үш кегли. Сергіту сәтіне балалар белсене қатысады. Допты қағып алған бала тәрбиеші сұрағына жауап береді. Мәселен, 1-ге 1-ді қосқанда 2 болады Балалар тәрбиеші сұрақтарына жауап береді. |