Мотивациондық түрткі болатын | І.Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылардың назарын аудару.Үш тілде амандасу. Арайлап таң атты, Алтын шуақ таратты, Қайырлы күн кок аспан! Қайырлы күн Жер Ана! Қайырлы күн қонақтар! Қайырлы күн достарым! Добрый день , всем нам, Добрый день всем гостям. Good avternoon, Good avternoon, Good avternoon to you. Good avternoon, Good avternoon, You are glad to see you.! ІІ.Өткен сандарға шолу. - Балалар, экранға назар аударайық. 1.Қашып бара жатыр ма? Қояндар қорқып құмда тұр Ал бұзау шымда тұр.. Сүңгіп кетсе екеуі, Нешеу екен шын батыр.? ( 1) 2.Үшеу еді қолында, Бірі қалды оның да Неше жаңғақ, есепте, Түсіп қалды жолында? (2) Жан-жаққа кетті зымырап, Мысықтан қорыққан тышқандар. Қорапқа кірді біреуі, Соңынан кетті екеуі. Тығылды сонда нешеуі? (3)
- Балалар, сонымен өткен ұйымдастырылған оқу іс әрекетінде қандай сандармен таныстық? 3-ке дейнгі сандарды үш тілде атап корейік. | Амандасу тренингі. Балалар үш тілде амандасады. Откен сандарға байланысты логикалық есептерге жауап береді. - 1,2,3 сандарымен. Бір, екі, үш! Один, два, три! One, two,three! |
Ұйымдастырушылық-ізденістік | ІІІ. Жаңа сабақ. - Енді, балалар, көңілімізді бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс әрекетдегі жаңа санмен танысу үшін мына жұмбаққа назар аударайық. - Екі балапан тұр, Екі балапан отыр. Шатаспай тез ойлансақ, Тура тауып атасақ, Тұрғаны бар, отырған, Барлығы қанша балапан?
- Дұрыс балалар, ендеше бүгінгі танысатын санымыз : 4 саны және цифры. 4 санына байланыстырып қандай ұғымдарды атауға болады? Мысалы, Үштен кейін төрт болар, Бір жылда төрт мезгіл бар. Төрт жыл мезгілі 4 санымен белгіленеді. Төрт санын төрт түлікпен және пішіндер арасындағы төрт бұрышпен байланыстырып атай аламыз. Билингвизмдік компонент: 4 санын үш тілде төрт, четыри,four деп атайды. Алдымен 4 санын ауада жазып кореміз. -Мұғалім тақтаға 4 саны цифрының жазба түрін ережесі бойынша: (қысқа қисық сызықты жоғарыдан томен қарай сызып, содан соң колденең сызықты солдан оңға қарай сызамыз және тағы да қисық ұзын сызықты жоғарыдан томен қарай сызамыз) көрсетіп жазады. Даптермен жұмыс: Тапсырма: 22-беттегі 4 санын саусақпен бастыру. Тапсырма: 22-беттегі 4 санын қарындашпен бастырып жазу. Сергіту сәті: « Коңілді қимылдар.» Таңғажайып сәт: (Сандар әлемінің ханшайымы келеді. Алған білімдерін шыңдайды.) - Сандар әлемінің ханшайымы балалармен амандасып , 4санына байланысты санамақ үйретіп , білгендерін сұрайды. - Қаздың да екеу аяғы , Құрдың да екеу аяғы, Екеуінің аяғы... Тортеу болар баяғы. Дидактикалық ойын: « Терек түбіндегі аңдар саны қанша?» Мақсаты: Жасырынған аңдардың құйрықтары мен құлақтары арқылы санын анықтап, жаңа тақырыпты қорытындылау. (Шешімін жіп арқылы топшамаға санын анықтап жапсырмалап жүргізу). 1-ден 4-ке дейінгі сандарды тура және кері санайды. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін қорытындылау. | -Жыл мезгілдері: қыс , коктем, жаз, күз. -4 санын үш тілде төрт, четыри,four деп атайды. -ауаға санды жазады. Жұмыс дәптерлеріне 4 саны және цифрының жазба түрін жазады. Тапсырмаларды зейін қойып тыңдап, орындайды. -саусақ арқылы бастырып жазады. -қарындашпен бастырып жазады. Сергіту сәтін орындайды. -Сандар әлемінің ханшайым ымен амандасады. -Тапсырмаларын орындайды. -Санамақтар айтады: -Бір, екі ,үш Бойға жинап күш. Екі адым-амал Үш адым-жамал, Торт адым –қамал. -Бір-екі, бір-екі, Аяқты аламыз, Алдымен бір келкі Сап түзер баламыз. -Дидактикалық ойынға белсене қатысады. - Жапсырма қағазға 4санын бейнелейді. Сандар ханшайымымен қоштасады. 1-ден 4-ке дейінгі сандарды тура және кері санайды. |