kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Учительница Кулагинская средняя школа 2 саны ж?не цифры

Нажмите, чтобы узнать подробности

Берді?алиева Тол?ын Беркімбай?ызы.

Кулагино орта мектебіні? бастауыш сынып м??алімі

Атырау облысы.

Индер ауданы.

Есбол селосы.
Саба?ты? та?ырыбы:
2 саны ж?не цифры.

Ма?саты:

Білімділік:  2 саны туралы т?сініктерін ?алыптастыру. 0-ден  2 санына дейінгі сандарды

 ауызша тура ж?не кері санау?а ?йрету.

Дамытушылы?ы: Суреттер бойынша есептер ??растыра  отырып, балаларды? логикалы? ойлау ?абілетін, тіл байлы?ын, с?здік ?орын молайту.

Т?рбиелік: Дидактикалы? материалдарды пайдалана отырып, балаларды ?йымшылды??а, ауызбіршілікке т?рбиелеу.

Саба? типі: Жа?а саба?ты  ме?герту

Саба? т?рі: Саяхат саба?

Саба? к?рнекілігі: интерактивті та?тада жасал?ан

                       тапсырмалар, кеспелер, ?лестірмелі суреттер.

Саба?ты? барысы

І. ?йымдастыру б?лімі

Шатты? ше?бері

?айырлы к?н, біз к??ілді баламыз!

?айырлы к?н, біз с?йкімді баламыз!

Айт?ан тілді аламыз.

Достарымды к?ргенде

?уана ?арсы аламыз.

ІІ.?ткен саба?ты ?айталау

-Балалар біз ?ткен саба?та ?андай санмен танысты??

-2

-Екі саны неге ??сайды?

-А??у?а.

?ане б?ріміз орнымыздан т?рып сергіту с?тін жасайы?.

Сергіту с?ті

1, 2, 3

Дем аламыз жинап к?ш.

 «5»- тік ба?а аламыз

 ?уанып ?йге барамыз.

ІІІ. Жа?а саба?.

-Балалар б?гін біз саяхат?а шы?амыз. Бізді? ауылымызды? аты ?алай аталады?

-Есбол.

- Ауданымыз ?алай аталады?

- Индер ауданы.

Б?гінгі саба?та ауылымыздан шы?ып Индер ауданына саяхат?а барамыз.

-Саяхат?а бару ?шін біз не та?дап алуымыз керек?

-К?лік.

-?ане ?андай к?лік т?рімен бар?анды ?натасы?дар? ( балаларды? жауабы)

-Енді к?лікті? ж?ргізушісі Ерн?р болады.

-Балалар, к?лікте отыр?анда ?андай ережелерді са?тауымыз керек?

- Тыныш, т?ртіпті.

- Бізді кім ба?ылап отыр?

- Гай ?ызметкері.

Балалар, бізге ?р аялдама?а келгенде ?лкен тапсырмалар беріледі, сол тапсырмаларды орындап Индер ауданына жетуіміз керек.Балалар ?р ауылды? т?сына келгенде біз жол тазалы?ын са?тауымыз керек.

І ші біз ?айдан шы?амыз. ?зімізді? ауылымыздан.  Есбол аялдамасында бізге мынадай тапсырмалар беріліпті.

І тапсырма ж?мба?ты шешу. Біз ж?мба?ты шешсек б?гінгі саба?ымызды? та?ырыбы шы?ады.

Ж?мба?.

Бірден кейін  т?рамын,

Сандар іші т?ра?ын,

Бірге бірді ?ос?анда,

Иіліп мен шы?амын.  (2)

Сонымен б?гінгі саба?ымызды? та?ырыбы 2 саны екен.

ІІ тапсырма.

Біз тура ж?не кері санай аламыз ба? Олай болса 0 ден 2 ге шейін тура ж?не кері санайы?.

  • Есболдан шы?ып ?андай ауыл?а келеміз?

 

 

                           ?демі ?й.

И?, балалар д?рыс айтасы?дар  «?демі ?й» ?те ?лкен ?имарат. Оны? ?асында ?лкен самаурын т?рады.

?демі ?йді? ?асында ба?ырлай деген су бар.  Сол судан балы? аулап кетейік.

«Балы? аулау» ойыны.

Мына есептерді шы?арса? балы? бізді? шелегімізге т?седі. Ол ?шін есепті д?рыс шы?аруымыз керек.

1+1=2

0+2=2

2-1=1

Жа?сы балалар есепті жа?сы шы?арды?дар. Б?гін ?йімізге олжалы болып барамыз.

Енді ?демі ?йден шы?ап ?лкен жол бойымен ж?ріп ?андай ауыл?а барамыз.

-Ынтыма? ауылы.

Ынтыма?  ауылы бізге  ?андай тапсырмалар ?зірлеп ?ойды екен.

Ойын: «?айсысы д?рыс, ?айсысы б?рыс?»

Ойын: «Адас?ан санды тап?».

Балалар бірден кейін т?ратын сан адасып ?алыпты. Сол санды тауып орнына ?ояйы?.

-Ол ?андай сан?

-Екі.

Балалар, ?иын жолдардан жа?сы ?тіп келе жатырмыз.

Ендігі ауыл Елтай ауылы.

Елтай ауылыны? т?р?ындары сендерге  сурет есептер беріпті.Біз екі топ?а б?лініп,топ бойынша ж?мыс жасаймыз.  Мен сендерге суретті ?лестіремін.

І топ?а Жемістерді  санап шы?, ж?не ?ажет санды сызы?пен ?орша.

ІІ топ?а  Бірдей екі піл   баласын тап?

Балалар Елтай ауылы мен Индер ауданыны? ара?ашы?ты?ы алыс бол?анды?тан ?ане б?ріміз сергіту с?тін жасайы?.

Сергіту с?ті.

Балалар енді математика д?птерімізді ашып 2 санын жазайы

Д?птермен ж?мыс.

Міне балалар Индер ауданына да  келдік. Индер ауданында ?лкен к?пір бар.  ?аза?стан бойынша е? ?лкен к?пір.

Балалар к?пірді? ?стіндегі  тапсырманы орындаса?. ?рі ?арай ауданымызды? орталы?ына кіреміз.

І тапсырма.

Мені? ?стелімде суреттер жатыр сол суреттерді б?гінгі ?ткен санымыз 2 санымен ж?птастырып кеспеге салу керек.

Кеспеге сурет салу керек.

Жа?сы балалр енді индер ауданымызды? орталы?ын кірейік. Мынау индер ауданыны? ?кімшілік ?имараты.  Аудан ?кіміміз С?рсен?алиев Берік?али Жолан?лы.

Ал енді балалар біз индер ауданыны? ?лкен базарынан алма алды?. Алманы ?арасам сіздерге 2 ден келеді екен. ?ане  сол алманы тездетіп бояйы?.

ІV. ?орытынды.

Балалар біз б?гін саяхат жасай отырып ?андай сан мен танысты??

Сонымен ?атар ?андай ауылдар?а саяхат жасады?.

Енді Индер ауданымызды? ауылдарын білді?дер ме?

V. Мада?тау.Ба?алау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ 3»

Сабақтың тақырыбы: Б. Ысқақов «Отан»
Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: «Отан» өлеңімен таныстыра отырып, «Тәуелсіздік күні» туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: Танымдық тапсырмалар арқылы оқушылардың дүниетанымын, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Мәнерлеп оқу дағдыларын арттыру.
Тәрбиелігі: Отанын сүюге, өз Отанының патриоты болуға, оны қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру.

Жылулық шеңбері. «Сиқырлы таяқша»
Топқа бөлу.

І топ - Астана қаласынан келген қонақтар.

ІІ топ - Алматы қаласынан келген қонақтар.

ІІІ топ – Атырау қаласынан келген қонақтар.

-Балалар біз қандай оқулықты аяқтап жатырмыз? (Әліппе)

-Сендер әріптердің бәрімен таныс болдыңдар. Ендеше өткен сабағымызды қайталап, «Ойлан тап?» ойынын ойнайық. Әр топқа сұрақтар қоямын, тез ойланып жауап беріңіздер.

Ойын «Ойлан тап?»

І топ - Дыбыстар нешеге бөлінеді?

ІІ топ - Дауысты дыбыстарды атаңдар?

ІІІ топ-Дауыссыз дыбыстарды атаңдар?

Ойын «Кім тапқыр?»

- Балалар, біз қай тілде сөйлейміз? Қазақ тілінде.

- Дұрыс айтасыңдар. Яғни, біздің мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі.
-Біз қай мемлекетте тұрамыз, біздің еліміз қалай аталады?

-Тәуелсіздік алғанымызға биыл неше жыл болады? Айтулы күніміз де жақындап қалды.

-Тәуелсіздік күнін қашан, қай айда тойлаймыз?

-Біздің еліміздің президенті кім?

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Мәриям Хакімжанова “Отан”

Сұрақ-жауап.

- Отан дегеніміз не екен?
- Отан дегеніміз – жеріміз, суымыз, туымыз, ұранымыз.
Отан бізге қуат, нәр береді екен. Нәрді біз қайдан аламыз? Жерден аламыз.
Нәр татпады, нәр ішпеді деген тіркес бар. Бұл жерде «нәр» деген сөз - тамақ, ас, қорек дегенді білдіреді.
-Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?

-Астана қаласында қандай ғимараттар бар?

-Бәйтерек.

Бәйтерек Отанымыздың символы. Олай болса мәуелі Бәйтерекке ақын апамыз жырлағандай «Отан» дегеніміз не екен қане топтастырайық.

Отан – жеріміз, суымыз, туымыз, ұранымыз.

ІІІ.Жаңа сабақ.

Балалар бүгінгі жаңа сабағымызда Бүркіт Ысқақовтың «Отан» өлеңімен танысамыз. Отанына жыр арнамаған , өлең жазбаған ақын жоқ.Суретші суретпен жеткізсе, сазгер әуенмен, әнші әнімен жеткізеді. Ендеше өткен сабағымызда, бүгінгі сабағымызда ақын апамыз бен ағамыз «Отан» туралы жырлаған екен. Мәриям Хакімжанова Отанды жерімен, суы арқылы нәр алатындығы туралы айтса, Бүркіт Ысқақов Өлеңді қалай сурттеген екен. Қазір мен сіздерге өлеңді оқып беремін. Барлығымыз тыңдайық.
Балалар ө
леңнің әр бөлігін шумақ дейміз. Шумақ - өлеңнің әр тақтасы аяқталған синтаксистік ой. Шумақтың әр жолын тармақ дейміз.

Өлеңді талдау.
1 - ші шумақта Отан деген ұғымға алдымен отбасың, ата - анаң, дос, бауырың, туған жерің, тұратын мекенің кіреді.
2 - ші шумақта Отан деген ұғымға – қазақ халқы, өлеңі, жыры, өткен тарихы кіреді екен.
Ал 3 - ші шумақта осының бәрін, Отанды сүюге шақырады.
ІҮ.Оқулықпен жұмыс:
Өлеңді әр топқа оқыту.
Ү.Дәптермен жұмыс.

Сөздік жұмыс: талдау жасау.
Қуат - күш, әл.
Нәр – қорек, ас
Ұран – үндеу, шақыру.
Өлке –аудан, ауыл.
Сергіту сәті:

Туған жер – қамқор анамыз,

Біз болашақ панамыз.

Шаттық берген өмірде,

Шамшырақтай жанамыз.

«Жалғасын тап»

Балалар мен сендерге «Отан» деген сөзі жазылған парақшалар берем, сендер әрі қарай» Отан» дегенді қалай түсіндіңдер соны жазып толықтыруларың керек.

ҮІ.Қорытынды.

Сонымен балалар бүгінгі сабақта қандай өлеңмен таныс болдыңдар?

Бүркіт Ысқақов өлеңді қалай сипаттаған екен сол бойынша топтастыру жұмысын жасайық.

Отан- өлең, ата – ана,ауыл,ел,аудан
Бағалау:
Үйге тапсырма:
Өлеңді жаттау, түсініп оқу.








Просмотр содержимого документа
«ашық сабақ 19»

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы:2 сынып

Сынып жетекшісі: Бердіғалиева Толқын Беркімбайқызы.

Сабақтың тақырыбы: Етістік
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:
Етістік туралы алған білімдерін пысықтау, етістікті сөйлем ішінен тауып, оған дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету

Дамытушылығы: сөзік қорларын, есте сақтау қабілеттерін, шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі: әр түрлі саналы түрде орындауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ 
Сабақтың әдіс – тәсілі: Түсіндіру, сұрақ –жауап, жаттығулар орындау.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдасытыру бөлімі.

Әрбір адам?

Туысым,досым,бауырым.

Әрбір сабақ?

Ұғу,үйрену, ұлағат.

Әрбір ісің?

Тірек,тірлік, адамдық.

Әрбір сөзің?

Шындық,бірлік,адалдық.

Үй тапсырмасы.

«Кубизм» әдісі бойынша сұрақ-жауап.

1.Сөз таптарын дегеніміз не?

2.Зат есім дегеніміз не?Қандай сұрақтарға жауап береді?

3.Жалқы есім және жалпы есім дегеніміз не?

4.Зат есімнің жекеше және көпше түрі дегеніміз не?

5.Зат есімнің коше түріне қандай қосымшалардың жалғануы арқылы жасалады? Бұл қосымшаларды қалай атаймыз?

6.Етістік дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді.

Сәйкестендіруү

Оқулықпен жұмыс.

Оқулығымыздың 133 бетіндегі 365 жаттығу.

Өлеңді мәнерлеп оқып,көшіріп жаз.Етістіктерді тап.

366 жаттығу.

Не істеді? сұрағына жауап беретін сөздерді не істейді? сұрағына жауап беретіндей етіп өзгертіп жаз.

Көрді-көреді,боздады-боздайды, баптады-баптайды, емдеді-емдейді, ойнады-ойнайды, жазды-жазады.

Сергіту сәті.

367 жаттығу Сурет бойынша сөйлемдер құрастыу.

1 топ 2 топ 3топ




"Тез тауып, бөгелмей айт" ойыны.

(әртүрлі етістіктерді тіркеп, бөгелмей айту керек)

Жел. Күн. Найзағай. Қой. Қоңырау. Марат. Жаңбыр. Әжем. Кино. Құстар.

368 жаттығу.

Жұмбақты оқып, шешуін тап. Сөйлемдерді етістіксіз айтып көр. Етістіктің не үшін керек екенін салыстыру арқылы түсіндір.

Аққу.

Қорытынды.

«Ішінде, сыртында» ойыны.

Оқушылар сыртындағы шеңберге зат есім сөздерді, ішіндегі шеңберге

етістік сөздерді, орналастыру.

Ребусты шешу.

Етістік

Тірек сызбамен жұмыс.
Сонымен балалар етістік туралы қорытындылай келе, мынадай тірек сызбаға тоқталамыз.

Тақтаға кесте ілінеді. Оқушылар етістікке қатысты мәліметтерге қосу белгісін қояды.

Заттың атын білдіреді.

Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіреді.

Сұрақтары: не істеді? не қылды? қайтты?

Зат есіммен байланысады.





Үйге тапсырма.

135 бет. 369-жаттығу.

Бағалау.


Просмотр содержимого документа
«ашық сабақ»


Бердіғалиева Толқын Беркімбайқызы.

Кулагино орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі


Атырау облысы.

Индер ауданы.

Есбол селосы.
Сабақтың тақырыбы: 2 саны және цифры.

Мақсаты:

Білімділік: 2 саны туралы түсініктерін қалыптастыру. 0-ден 2 санына дейінгі сандарды

ауызша тура және кері санауға үйрету.

Дамытушылығы: Суреттер бойынша есептер құрастыра отырып, балалардың логикалық ойлау қабілетін, тіл байлығын, сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік: Дидактикалық материалдарды пайдалана отырып, балаларды ұйымшылдыққа, ауызбіршілікке тәрбиелеу.

Сабақ типі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақ түрі: Саяхат сабақ

Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақтада жасалған

тапсырмалар, кеспелер, үлестірмелі суреттер.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру бөлімі

Шаттық шеңбері

Қайырлы күн, біз көңілді баламыз!

Қайырлы күн, біз сүйкімді баламыз!

Айтқан тілді аламыз.

Достарымды көргенде

Қуана қарсы аламыз.

ІІ.Өткен сабақты қайталау

-Балалар біз өткен сабақта қандай санмен таныстық?

-2

-Екі саны неге ұқсайды?

-Аққуға.

Қане бәріміз орнымыздан тұрып сергіту сәтін жасайық.

Сергіту сәті

1, 2, 3

Дем аламыз жинап күш.

«5»- тік баға аламыз

Қуанып үйге барамыз.

ІІІ. Жаңа сабақ.

-Балалар бүгін біз саяхатқа шығамыз. Біздің ауылымыздың аты қалай аталады?

-Есбол.

- Ауданымыз қалай аталады?

- Индер ауданы.

Бүгінгі сабақта ауылымыздан шығып Индер ауданына саяхатқа барамыз.

-Саяхатқа бару үшін біз не таңдап алуымыз керек?

-Көлік.

-Қане қандай көлік түрімен барғанды ұнатасыңдар? ( балалардың жауабы)


-Енді көліктің жүргізушісі Ернұр болады.

-Балалар, көлікте отырғанда қандай ережелерді сақтауымыз керек?

- Тыныш, тәртіпті.

- Бізді кім бақылап отыр?

- Гай қызметкері.

Балалар, бізге әр аялдамаға келгенде үлкен тапсырмалар беріледі, сол тапсырмаларды орындап Индер ауданына жетуіміз керек.Балалар әр ауылдың тұсына келгенде біз жол тазалығын сақтауымыз керек.

І ші біз қайдан шығамыз. Өзіміздің ауылымыздан. Есбол аялдамасында бізге мынадай тапсырмалар беріліпті.

І тапсырма жұмбақты шешу. Біз жұмбақты шешсек бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шығады.

Жұмбақ.

Бірден кейін тұрамын,

Сандар іші тұрағын,

Бірге бірді қосқанда,

Иіліп мен шығамын. (2)

Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы 2 саны екен.

ІІ тапсырма.

Біз тура және кері санай аламыз ба? Олай болса 0 ден 2 ге шейін тура және кері санайық.

  • Есболдан шығып қандай ауылға келеміз?


Әдемі үй.

Иә, балалар дұрыс айтасыңдар «Әдемі үй» өте үлкен ғимарат. Оның қасында үлкен самаурын тұрады.

Әдемі үйдің қасында бағырлай деген су бар. Сол судан балық аулап кетейік.

«Балық аулау» ойыны.

Мына есептерді шығарсақ балық біздің шелегімізге түседі. Ол үшін есепті дұрыс шығаруымыз керек.

1+1=2

0+2=2

2-1=1

Жақсы балалар есепті жақсы шығардыңдар. Бүгін үйімізге олжалы болып барамыз.

Енді Әдемі үйден шығап үлкен жол бойымен жүріп қандай ауылға барамыз.

-Ынтымақ ауылы.

Ынтымақ ауылы бізге қандай тапсырмалар әзірлеп қойды екен.

Ойын: «Қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс?»

Ойын: «Адасқан санды тап?».

Балалар бірден кейін тұратын сан адасып қалыпты. Сол санды тауып орнына қояйық.

-Ол қандай сан?

-Екі.

Балалар, қиын жолдардан жақсы өтіп келе жатырмыз.

Ендігі ауыл Елтай ауылы.

Елтай ауылының тұрғындары сендерге сурет есептер беріпті.Біз екі топқа бөлініп,топ бойынша жұмыс жасаймыз. Мен сендерге суретті үлестіремін.

І топқа Жемістерді санап шық, және қажет санды сызықпен қорша.




ІІ топқа Бірдей екі піл баласын тап?

Балалар Елтай ауылы мен Индер ауданының арақашықтығы алыс болғандықтан қане бәріміз сергіту сәтін жасайық.

Сергіту сәті.

Балалар енді математика дәптерімізді ашып 2 санын жазайы

Дәптермен жұмыс.

Міне балалар Индер ауданына да келдік. Индер ауданында үлкен көпір бар. Қазақстан бойынша ең үлкен көпір.

Балалар көпірдің үстіндегі тапсырманы орындасақ. Әрі қарай ауданымыздың орталығына кіреміз.

І тапсырма.

Менің үстелімде суреттер жатыр сол суреттерді бүгінгі өткен санымыз 2 санымен жұптастырып кеспеге салу керек.

Кеспеге сурет салу керек.

Жақсы балалр енді индер ауданымыздың орталығын кірейік. Мынау индер ауданының әкімшілік ғимараты. Аудан әкіміміз Сәрсенғалиев Берікқали Жоланұлы.

Ал енді балалар біз индер ауданының үлкен базарынан алма алдық. Алманы қарасам сіздерге 2 ден келеді екен. Қане сол алманы тездетіп бояйық.

ІV. Қорытынды.

Балалар біз бүгін саяхат жасай отырып қандай сан мен таныстық?

Сонымен қатар қандай ауылдарға саяхат жасадық.

Енді Индер ауданымыздың ауылдарын білдіңдер ме?

V. Мадақтау.Бағалау.










Просмотр содержимого документа
«интеллектуалдық сайыс»

Тақырыбы: «Тіл блгірі» интеллектуалдық ойыны

Мақсаты:

Алған білімдерін грамматикадан ойын арқылы қайталау; ойлау, еске сақтау, қайта жаңғырту қабілеттерін, тіліміздің қызықты құбылысын түсіндіріп, оқушылардың біліктілігі мен танымдылығын арттырып, қызықты сұрақтар арқылы жауапты тез табуға, тапқырлықпен орындауға дағдыландыру;

Ой-өрісін кеңейтіп, логикалық ойлауды, тапқырлықты, шығармашылықты дамыту;

Білімпаздыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа, озық болуға тәрбиелеу.

І.Ұйымдастыру бөлімі

1) Алдын ала тағайындалған топтарды шақыру.
2) Әділқазылар алқасымен таныстыру.

3) Сайыстың мақсатымен таныстыру.
4) Топтардың аттарымен, ұранымен танысу.

Сайыстың бөлімдері:

«Зымыран сұрақтар»

«Полиглот» бәйгесі

«Сөзтапқыш»

«Көрерменнен базарлық»

«Жұмбақтар» шешу.

«Ойлан тап»

Сайысымыздың бет ашарын бастайық,

Көрерменді бір серпілтіп тастайық.
Таныстырсын сайыскерлер өздерін,

Өнеріне ду қол соғып қостайық",- деп, кезекті сайысқа қатысушы топқа берейік.

/Топтың аты мен ұраны таныстырылады/

«Ойшылдар» тобы:

«Бүгінгі жарысты қызықтап, Алға шығамыз қалықтап!»

«Данышпандар» тобы:

«Ойға аламыз, ойланамыз, Данышпандай ой-санамыз!»

Білімнің сырын ұғыңдар, Шығыңдар білім шыңына!

І айналым «Зымыран сұрақтар». Сұрақ-жауап сайысы

«Ойшылдар» тобы:

1.Дыбысты немен таңбалайды? (әріп)

2.Зат есім дегеніміз не?

3.Жалқы есімдер қалай жазылады?

«Данышпандар» тобы:

1.Сөз таптары ата?

2.Дыбыстар нешеге бөлінеді? /2/

3.Буыннан не құралады? /сөз/

ІІ айналым. «Полиглот»

Мықты болсаң - алдағыны басып оз.
Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң - тайғанама көк мұзда!

Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт – деп сайысымыздың екінші кезеңіне өтейік.

«Ойшылдар» тобы:

1. Оқу білім бұлағы,
Білім өмір шырағы.
2.... ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
(алтау)
3. ... тас жарады,
Тас жармаса, бас жарады. (тіл)

«Данышпандар» тобы:

  1. ... көпті жау алмайды,
    Ақылы көпті дау алмайды.(досы)

  2. ... өссе елдің көркі,
    Гүл өссе жердің көркі.(қыз)
    3. Қына тасқа бітеді,
    ... басқа бітеді.(білім)
    ІІІ айналым « Сөзтапқыш»

І топ «Ойшылдар» тобы:

( Жануарлар сөзінен жаңа сөздер жасау )

ІІ топ

«Данышпандар» тобы:

(Қазақстан сөзінен жаңа сөздер жасау)

4-айналым «Көрерменнен базарлық»

(Топ ойыншылары қима қағаздағы сөздерді алып, қимылмен немесе жуық сөздермен түсіндіреді.)

Ат Көлік
Кітап Тақта

Жалау Қалам
Балмұздақ Телефон

5-айналым: «Жұмбақтар» шешу.

І топ «Ойшылдар» тобы:

Бiлiмнен мол сый-асы,

Балғындардың ұясы.    (Мектеп)

Бiлiмнiң жол басшысы,

Шәкiрттiң қолбасшысы.  (Мұғалiм)

Ұшымен қазық

Тор көздi жазық.

Үстiне өттiм,

Асыл сөз жазып.   (Дәптер)

ІІ топ «Данышпандар» тобы:

Күмiс алмұрт тiлi бар,

Сыңғырлаған үнi бар.

Шақыратын бiлiмге,

Сағаты бар, күнi бар.   (Қоңырау)

Оқушыға күнде ерiп,

Жүретiн не?   (Күнделiк)

Iлулi тұр кең алаң,

Керегiмдi мен одан.

Жазып алам көшiрiп,

Сүртем сосын өшiрiп.   (Тақта)


6-айналым «Ойлан тап» логикалық есептер беру.


Карточка №1. «Ойшылдар» тобы:

1.Бұтақта 10 торғай отыр еді. 6торғай ұшып кетті. Нешеуі қалды?
2. Асанда 9 теңге болды. Ол 1 теңге тауып алды. Неше теңге болды??
3. Сыныпта 9 ер бала, ал қыздардың 4 - еуі кем. Қыздар нешеу?
4. Үстелде 6 кітап және одан екеуі артық дәптер жатыр. Дәптер нешеу?
5. Арай 5 баға алды. Оның 4 - еуі бестік бағасы. Неше 4 - тік баға алды?
6. Анар математика сабағында 1 бестік, әдебиеттен 2 бестік, музыкадан 1 бестік бағасын алды. Барлығы неше баға алды?
7. Дилназда 3 марка, Асанда 7 марка. Дилназда Асанға қарағанда неше марка кем?

Карточка №2. «Данышпандар» тобы:

1. Айдар 8 марка сатып алды. 4 маркасын жоғалтты. Қаншасы қалды?
2. Анар 6 бестік бағасын алды. Сосын тағы 3 бестік бағасын алды. Барлығы неше баға?
3. Құмырада 3 раушангүл, ал қоңыраугүдің 2 - уі артық. Қоңыраугүл нешеу?
4. Өзенге 8 үйрек келеді, ал қаздың 2 - уі кем. Қаз нешеу?
5. Пакетте 7 тәтті бар. Оның біреуі ирис, қалғаны шоколад. Неше шоколад бар?
6. Арғын мен Диаста 9 мұз кәмпит бар. Арғын 4 - еуін жеді, Диас та сонша жеді. Қанша қалды?
7. Айданада 3 шоколад пен 1 мұз кәмпит бар. Шоколадтың мұз кәмпитке қарағанда нешеуі артық?

Қорытынды.

«Ұқыпты ұтар, ізденген табар,

Оқыған озар, еріншек тозар» - демекші, бүгінгі сайысымыз өте көңілді, жақсы аяқталды. Алған білімдеріңді әлі де шыңдай беріңдер! Жақсылыққа, игілікке, Қазақстанның болашағын нығайтуға арнаңдар!






Просмотр содержимого документа
«толқын ашыфқ сабақ»

Сабақтың тақырыбы: Түйе мен тышқан (монғол ертегісі)

Сабақтың мақсаты :

Білімділік: Ертегінің мазмұны мен идеясын ашу.Балаларды талдау ,талқылау, салыстыру

және қорытынды жасауға үйрету;

Дамытушылық:Оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорларын байыту,есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Еңбекшілдікке , іскерлікке, жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға,сөзбен

емес,іспен мақтануға тәрбиелеу.

Көрнекілік: слайдтар, интерактивті тақта, бағалау парақшалары

Сабақтың түрі: жаңа сабак

Сабақтың әдісі: сұрақ — жауап, көрнекілік, әңгімелесу, талдау.

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

«Менің көңіл күйім» жаттығуы

Мақсаты: оқушылардың көңіл-күйін игере білуге және басқаруға,қадағалауға,дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу.

Шарты:

Алдарыңдағы қағазға өз көңіл – күйлеріңізді суреттеп салыңыздар.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

Қасым Аманжоловтың «Қазақстан» өлеңі. 2-3 баладан сұрау.

Үй тапсырмасын қорытындылау үшін тақтадағы сөз тіркестері бойынша ақын өлеңін құрастыру.

ІІІ.Жаңа сабақ

Ребусты шешу.

,,, ,,,,, ,,, ,, ,,,,



Ребустың шешуі: Ертегі

Ертегі деген – халық ауыз әдебиетінің бір түрі.Ертегінің түрлерімен танысайық.Ертегілерді тек қана қазақ халқы емес әр халықтыңда өз ертегілері болады.

Олай болса Біздің Отанымыз басқа елдермен достық қарым-қатынастамыз.

Сондай дос елдің бірі Монғолия.

Сендерге сендермен қатарлас монғолия елінің оқушылары электронды хат жиберіпті.

Қане тыңдайық.

Бізге монғолияның 2 сынып оқушылары қандай ертегі ұсынған екенін білу үшін жұмбақтар шешейік.

Жұмбақтар

Кезекті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар. (Түйе)

Мысықтан бұл қорқады,

Бұдан піл қорқады. (тышқан)

Біздің тыңдап жүргеніміз «Жыл басына таласқан хайуанаттар болса»,

Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы Монғол халқының ертегісі қазақ тіліне аударылған «Түйе мен тышқан».

Қане бәріміз назарымызды электронды оқулыққа аударайық.

Элетронды оқулықтан «Жыл санау» тыңдату.

Мұғалімнің оқуы.Түсіндірілуі.

Оқушыларға оқыту.

Талдау.

Балалар түйе мен тышқанның іс-әрекеті арқылы ертегі бізге нені үйретіп тұр?

Ертегінің негізгі ойы-мақтаншақтың жағымсыз қасиет екенін айтады.

Дәптермен жұмыс.

Күннің жадысын, жаңа сабақтың тақырыбын жаздыру.

Топтық жұмыс.

І топқа Түйені сипаттау.

ІІ топқа Тышқанды сипаттау.

Сергіту сәті.

Сұрақ жауап.

1.Түйе неге жыл атына ие болмай қалды?

2.Тышқанның айласы қандай болды?

3.Ертегіден мақтанудың жағымсыз қасиет екенін байқадың ба?

Оқулығымыздағы нақыл сөзді өз бетімізше аяқтап ,мағынасын түсіндірейік.

Бойыңа сенбе, ойыңа сен.

Қорытынды.

«Не,артық» ойыны.

Тақтадағы жыл аттарынан не артық екенін айту.

Бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе, қазақша жыл атауларын атау үшін

«Балық» ойынын ойнаймыз.

Балықтың денесіне қазақша жыл атауларын ретімен орналастырайық.


Балалар, біз бүгінгі сабағымызды Сәбит Мұқановтың тамаша өлеңімен аяқтаймыз. Тақтаға назар аударайық!

«Жатқа біл» өлеңін оқыту.

Түйе сеніп бойына,

Қалған ұмыт жылдардан.

Жатпа қарап, мойыма,

Талма, именіп ділмардан.

Балалар бұл өлеңнен не байқадыңдар. Әр сөздің бас әрпі жыл атауларымен аталады.

Бағалау

Сабаққа жақсы араласқан оқушылар бағаланады.

Просмотр содержимого документа
«ғылыми жұмыс»



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Атырау облыстық білім беру департаменті

Индер аудандық білім бөлімі

Кулагино орта мектебі







Мұрат Нұрила

2 «ә» сынып





Тақырыбы: «Ешкі сүтінің емдік қасиеті»







Бағыты: Таза табиғи орта-Қазақстан 2030 стратегиясын іске

асырудың негізі.







Секциясы: Дүниетану





Жетекшісі: Бастауыш сынып мұғалімі

Бердіғалиева Толқын Беркімбайқызы










2014 жыл




Кулагино орта мектебінің 2ә сынып

оқушысы Мұрат Нұриланың

«Ешкі сүтінің емдік қасиеті»

атты ғылыми жұмысына





Аннотация


Зерттеудің мақсаты: Қазіргі таңда жастарға мал шаруашылығының

жетістіктерін, ата – бабамыз ешкі

өсірумен ертеден –ақ айналысқанын,

ешкі сүтінің адам ағзасына пайдасын түсіндіру.


Зерттеудің міндеті: Халықты әр түрлі аурудан аман алыпқалудың жолы –

осы ешкі сүтінің емдік қасиетін пайдалану.

Зерттеу гипотезасы: Ешкі малының түрлерімен жан-жақты танысып, адам

өмірінде алатын орнынының зор екендігін анықтау.


Зерттеудің

маңыздылығы : Ешкінің сүтінің ауруға қаншалықты ем

болатынын, қалай пайдалану керектігін үйреніп,

іс жүзінде пайдалануға болатынында.


Зерттеу жаңалығы: Ешкі сүті басқа малдардың сүтіне қарағанда емдік

қасиеті көп екенін байқадым.

Жұмыстың нәтижесі мен шешімі –Зерттеу барысында менің үйренгенім:

1.Пайдалы ақпараттарды өз бетіммен іздеу.

2.Табылған ақпараттарды сараптау

3.Шешім қабылдау алу

Зерттеу жұмысының

негізгі тұжырымы: Зерттеу барысында ешкі малының түрлерімен таныса

отырып, ешкі сүтінің адам денсаулығына пайдасы

туралы ел арасында ертеден белгілі екенін

қарастырдым.










Жоспары:






І. Кіріспе бөлім



ІІ.Зерттеу бөлім

1.Ешкі туралы жалпы мәлімет.

2. Ешкі сүтінің емдік қасиеті



ІІІ.Қорытынды бөлім.































Кіріспе



Қазақ халқы ежелден мал шаруашылығымен айналысып келеді.Мал кезінде алты алаштың жесе-асы, кисе-киімі, мінсе-көлігі, жапанда-серігі болған. Біз ежелден малға жақын халықпыз. Кезінде ата бабаларымыз төрт түлікке жайлы қоныс іздеп кең даламызда көшіп қонып жүрген. Қазақ төрт түлікті ерекше құрметтеген төрт түліктің жайымен жазда жайлауға, қыста қыстауға көшкен. Малдың еті, сүті тамақ болған, терісінен, жүнінен арқан жіптер, киіз үй жабдықтары, киім-кешек, алаша, кілем тоқып т.б. әр түрлі бұйымдар жасаған. Төрт түлік малдың сүтін және одан жасалған айран, қымыз, шұбат сияқты сусындарды халқымыз «ағарған» немесе «ақ» деп атаған. Ешкі де қазақтар үшін өсімтал малдың бірі болғандықтан, қадірлі. «Ешкілі бай — есепті бай» демекші, халқымыз ежелден-ақ ешкіні еті мен сүті, түбіті мен жүні үшін ұстаған.Ешкінің еті жеңіл әрі сіңімді, сүті аса құнарлы болады. Ешкінің сүттісін арнайы ұстап, ана сүтіне жарымаған баланы ешкі сүтімен асырайды.





















І.Ешкі туралы жалпы мәлімет.


Ешкі ұсақ мүйізді малға жатады. Ешкінің мүйізі қырлы, дене бітімі жеңіл, құйрығы қысқа келеді. Ешкінің ең басты ерекшелігі – кез келген жағдайға бейімделе алатындығы.   Ешкі – тазалықты жақсы көретін жануар, сондықтан олардың астында үнемі төсеніштері жеткілікті болуы қажет. Төсеніш ретінде ағаш үгінділерін, шымтезек немесе құрғақ жапырақтарды қолдануға болады. Ешкі – қолға алғаш үйретілген жануарлардың бірі. Оның орналасқан жерінің температурасы +5-10 градустан төмен болмауы керек. Егер оның тұратын орны ылғалды болса, онда ешкі сүтінің майлылығы азаяды. Ешкінің өмір сүру ұзақтығы 14-15 жас. 

Ешкілерді байланып тұрған жерінен жайылымға біртіндеп шығарады. Жаз мезгілінде ең басты азығы – жасыл шөп. Ешкілерді тек шық кепкеннен кейін ғана өріске шығарады. Жаз мезгілінде оларды екі рет суарады. Ешкілер – көбейгіш әрі тез өсіп жетілетін мал. Ешкілерді кез келген үй жануарымен бірге бір орында ұстауға болады. Дұрыс коректендіріп, дұрыс қараған жағдайда ешкілер мүлдем ауырмайды.

  Жеке шаруашылықта да айтарлықтай төзімді болу ешкіге тән.

Түбіті мен жүнінен жеңіл, әрі берік орамал, қолғап, басқа да киімдер тоқылады. Терісінен жоғары сапалы шевро, замш, лайка былғарысы жасалады. Сүйегі, мүйізі, тұяғынан желім жасайды ішегінен музыкалық аспаптарға ішек иіреді.Ешкі бір – екі, кейде бесеуден лақтайды. Жақсылап күтсе жылына екі рет төлдейді.

 Ешкі

Қазақ ешкіні жасына қарай:

үлкен теке

серке

дөнен серке

құнан серке

ту ешкі

үлкен ешкі


сақа ешкі

туша шыбыш

шыбышша

шыбыжық

марқа лақ - деп атайды.

Жынысына қарай: теке, серке, лақты ешкі, ешкі, еркек марқа лақ, ұрғашы марқа лақ, еркек лақ, ұрғашы лақ деп те атайды.


ІІ. Ешкі сүтінің емдік қасиеті.

Ешкі сүтінің қасиеті Ешкі сүті адам ағзасына пайдалы екендігі өте ерте замандардан бері анықталған. Бірақ мұның пайдасы бар екендігін біле тұра, өкінішке орай дұрыс бағалай алмайтынымыз белгілі. Мен осы баяндамамда ғылымда және халықтық медицинада дәлелденген ешкі сүтінің ерекше қасиеттеріне тоқталмақшымын. Ешкі сүті А, С, В, Д, Е дәрумендері мен басқа да элементтер қорының қайнар көзі болғандықтан адам ағзасына өте пайдалы өнім. Бұл жануардың сүті адам ағзасына пайдалы болып қана қоймай, белгілі бір аурумен ауыратын науқастар үшін ең тиімді табиғи дәрі болып табылады. Сондай-ақ, ешкі сүтінде кальций, магний, фосфор, марганец, мыс, А, В1, С және Д дәрумендері, аскорбин қышқылы бар. Сиыр сүтіне қарағанда ешкі сүтінде В12 дәруменінің құрамына кіретін кобальттың мөлшері 6 есе көп, ал калийдің жоғары мөлшері жүрек-қантамыр жүйесінің қызметіне оңтайлы әсер етеді. Сиыр сүтіндегі темірге қарағанда ешкі сүтінің темірі жақсы сіңеді, бұл қан аздықтың алдын алуда аса маңызды, - деп зерттеген. Сондай-ақ, олар балаларды қоректендіруде сиыр сүтіне қарағанда ешкі сүті жарамды келетінін зерттеді. Әрине, бала үшін ана сүтіне жететін


тағам жоқ, бірақ жасанды немесе аралас қоректендіруде ешкі сүті ана сүтін алмастыру үшін лайықты. Ешкі сүті сәбилерді іш өтуден сақтайды.

Бүгінде ғалымдар ешкі сүтінің емдік және аурулардың алдын алуда, әсіресе, қан аздық, тағамдық аллергияда, туберкулезде, асқазан, ішек-қарын жолдарының ауруларында, диабетте, диатезде, ағзаның қорғаныс қызметін арттыруда, көздің нашар көруінде пайдалы деген қорытынды жасады.

Аллергияда

Аллергияға бейім адамдарға сүт өнімдері жақпайтындығы бәрімізге белгілі. Мұндай науқастар әсіресе, сиыр сүтін пайдалана алмайды. Себебі, сиыр сүті аллергияның қоздырушысы. Бірақ сүт сіздің ағзаңызға қажет. Ойлап, қамығудың қажеті жоқ. Оны 100 пайызға алмастыра алатын өнім - ешкі сүті. Мұны түсіндіру оңай: ешкі сүті біріншіден, аллергияны қоздырмайды, сонымен қатар, аллергияға бейім адамдардың ауруын түбімен жоятын қасиетке ие.

Ағзаны қалпына келтіруде

Ешкі сүтіндегі май түйіршіктері сиыр сүтіне қарағанда өте төмен. Сондықтанда адам ағзасына түскен ешкі сүті тез қорытылып, сіңетіндіктен, түрлі факторлардың салдарынан әлсіреген ағзаға өте пайдалы. Сонымен қоса ешкі сүтінің құрамында калийдің мөлшері өте көп. Сүт құрамындағы бұл элемент әлсіреген ағзадағы жүрек-қан тамыр жүйесі жұмысына өте қажет.

Сүйекке пайдасы

Ешкі сүтінің құрамында сүйек тіндерін қатайтатын кальций және Д тобындағы дәрумендер қоры жеткілікті. Сондықтанда дәрігерлер балаға бір жастанбастап рахит ауруының алдын алу және оны емдеу үшін ешкі сүтін беруді ұсынады. Соңдай-ақ, дәрігерлер мен ғалымдардың дәлелдеуінше, бұл киелі жануардың сүтін сүйегі сынғаң адамдар күніне 1 стақаннан ішіп тұрса, сүйегі бітіп, қалпына келу процесі 2 есе жылдам болады.

Асқазан және ішек ауруларында

Асқазан және ішек аурударының кез келген түріне ешкі сүті шипалы. Оның құрамындағы лизоцин асқазан және ішектегі шырышты қабық жараларын емдейді. Сонымен қатар, асқазан сөліндегі қышқылды


бейтараптандыратын ерекше қасиетке де ие. Егер асқазан жарасы зардабын тартып жүрсеңіз, онда сізге ешкі сүтімен жүргізілетін мынадай ем көмектеседі. Күн сайын таңертең аш қарынға ешкінің 1 стақан шикі сүтін ішіңіз. Содан кейін кешке дейін ұрттап 2 стақан сүтті тауысу қажет. Емдік курс 21 күн жүргізіледі.

Ешкі сүті диатез дертінде

Қазіргі кезде көптеген балалар мен олардың ата-аналары диатез және терінің қабынуы сияқты дерттерге тап болып жатады. Мұндай ауруға шалдыққан бала қиналатындығы мен оның емделуі ұзақ уақыт алатынын ата-аналар біледі. Албұл дерттен ешкі сүтін ішіп біржола арылуға болады. Дәрігер-педиатрлардың аңықтауынша, ешкі сүтін жиі ішетін балалар диатез дертіне шалдықпайды екен. Сондықтан да балаға үзбей ешкі сүтін беріп, түрлі дерттің алдын алған дұрыс.

Ұйқы безінің қабынуына

Ешкі сүтінің ұйқы безінің қабынуында (панкреатит) да пайдалы екендігі дәлелденген. Бұл дертке шалдыққан науқас күніне 0,5 стақан шикі сүтті тамақтың алдында 2 ай бойы ішуі қажет.

Қант диабеті дертіне ешкі сүтінің пайдасы

Халықтық медицинада қант диабетімен ауыратын науқастарға ешкі сүтімен жүргізілетін емдік тәсілдер өте көп. Соның бірі күніге әр 2 сағат сайын ешкі сүтін үзбей ішуге кеңес береді. Бірақ мұндай ем жүргізген кезде дәрі-дәрмек ішпеу қажет.

Қатерлі ісік дертіне пайдасы

Ешкі сүтінің қатерлі ісік ауруының алдын алып, оның жеңіл түрлерінен айықтыратын қасиетке де ие. Сондай-ақ, иммунды жүйені қатайтады.

Атырау облысының әкімі Бақтығожа Ізмұхамбетовтың қолдауымен

Махамбет ауданы, Сарайшық селосында ешкі сүтін өндіретін

«АтырауАгроӨнімдері» шаруа қожалығы ашылды. «АтырауАгроӨнімдері» шаруа қожалығының басшысы Владимир Розметов.

Оған өзі үшін жаңа бизнес саласында балалары Тамила мен Тимур Розметовтер қолғабыс етіп келеді.Зерттеу барысында жеке қожалыққа барып,


жұмысшылармен кездесіп  пікір алыстық. Жеке қожалықта 600 бас ешкі малын 1000 басқа дейін ұлғайту жоспарлануда екенін атап айтты. Ешкі зауыты бойынша 15 адам қызмет етеді. «Атырау Агро өнеркәсібі» ешкі сүтінен бөлек сарысу ,сүзбенің үш түрін, сүзбе-ірімшік ,айран, ірімшік, құрт,иогурт,сарысу өнімдерін жасайтынын атап көрсетті. Өнімді Атырау қаласындағы «Дина», «Насиха» базарларынан және «Бақ-Дәулет» сауда орталығынан табуға болады-дейді зауыттың оператор қызметшісі Александр Шефер.

Ешкі сүтін өңдеу кешені.





Сербиядан келген Занеен ешкілері


«Атырау Агро өнімдері»




Қорытынды


Мал жоқ шығар қойдан асар - дегендей үй жануарларына адам қандай қамқорлық жасасақ, сондай пайда көріп отырмыз.Осы төрт түлік халқымыздың ең басты байлықтарының бірі екенін білгеніміз жөн.Өсіп келе жатқан мына біздер қасиетті төрт түлікке қатысты ұлтымыздың ұғымдары мен бай тәжірибесін ұмытпауымыз керек.

Ауруға ем іздеймін деп, ауру тауып алмаңыз. Ешкі сүтін танымайтын адамдардан, кез келген жерден сатып алуға болмайды. Сарып (бруцеллёз) ауруының инфекциясын жұқтырып алуыңыз мүмкін. 



Ұсыныс:

1.Келешекте Индер ауданында ешкі шаруашылығын көркейтіп, аурухана, бала-бақша , мектептерде ешкі сүтімен қамтамасыз етілуі ұйымдастырылса.

2. Ауданымыздың барлық ауылдарына «АтырауАгро Өнімдері» табиғи таза өнімдерімен , қамтамасыз етіліп отырса, балаладың да , ересектердің де денсаулығына пайда келтірер еді.













Пайдаланылған әдебиеттер


1.«Қазақ энциклопедиясы» 8 том.


2.«Ол-кім, бұл не?» №1


3.Интернет ресустары.

Просмотр содержимого презентации
«ашық сабақ слайд»

2 ә сынып Сынып жетекшісі: Бердіғалиева Толқын

2 ә сынып

Сынып жетекшісі:

Бердіғалиева Толқын

І.Ұйымдастыру бөлімі. “ Менің көңіл күйім” жаттығуы.  Мақсаты: оқушылардың көңіл-күйін игере  білуге және басқаруға,қадағалауға, дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу.   Шарты: алдарыңыздағы қағазға өз көңіл күйлеріңізді суреттеп салыңыздар.

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Менің көңіл күйім” жаттығуы.

Мақсаты: оқушылардың көңіл-күйін игере

білуге және басқаруға,қадағалауға, дұрыс бағалай

білуге тәрбиелеу.

Шарты: алдарыңыздағы қағазға өз көңіл

күйлеріңізді суреттеп салыңыздар.

ІІ.Үй тапсырмасы Қасым Аманжолов “ Қазақстан”  Үй тапсырмасын қорытындылау. Сөз тіркестері бойынша ақын өлеңін құрастыру.

ІІ.Үй тапсырмасы

Қасым Аманжолов

Қазақстан”

Үй тапсырмасын қорытындылау.

Сөз тіркестері бойынша ақын өлеңін

құрастыру.

ІІІ. Жаңа сабақ Ребусты шешу.      ,, ,,,,,  ,,,  ,,, ,,,, Ребустың шешуі: Ертегі

ІІІ. Жаңа сабақ

Ребусты шешу.

,,

,,,,,

,,,

,,,

,,,,

Ребустың шешуі: Ертегі

Хайуанаттар туралы ертегілер Шыншыл ертегілер Қиял – ғажайып  ертегілер

Хайуанаттар

туралы ертегілер

Шыншыл

ертегілер

Қиял – ғажайып

ертегілер

Монғолия елінен электронды хат.

Монғолия елінен электронды хат.

Жұмбақтар шешу

Жұмбақтар шешу

Сабақтың тақырыбы: Монғол халқының ертегісі “ Түйе мен тышқан”

Сабақтың тақырыбы:

Монғол халқының ертегісі

Түйе мен тышқан”

Электронды оқулықтан қазақша “ Жыл санау” тыңдату. Ертегіні оқу. Оқушыларға оқыту. Талдау .

Электронды оқулықтан қазақша

Жыл санау” тыңдату.

Ертегіні оқу. Оқушыларға оқыту.

Талдау .

Балалар түйе мен тышқанның  іс-әрекеті арқылы ертегі бізге нені үйретіп тұр?

Балалар түйе мен тышқанның

іс-әрекеті арқылы ертегі

бізге нені үйретіп тұр?

Топтық жұмыс І топ “Түйені сипаттау”      ІІ топ “Тышқанды сипаттау”

Топтық жұмыс

І топ “Түйені сипаттау”

ІІ топ “Тышқанды сипаттау”

Сергіту сәті «Түрлі –түсті доптар» жаттығуы    Мақсаты : оқушылардың есту арқылы есте сақтауын дамыту.    Қағаз бетіне екі кішкентай қызыл және жасыл доп , қызыл доп пен жасыл доптың ортасына үлкен көк доп сал , ал жасыл доптың жанына кішкентай сары доп сал.

Сергіту сәті

«Түрлі –түсті доптар» жаттығуы

Мақсаты : оқушылардың есту арқылы есте сақтауын дамыту.  Қағаз бетіне екі кішкентай қызыл және жасыл доп , қызыл доп пен жасыл доптың ортасына үлкен көк доп сал , ал жасыл доптың жанына кішкентай сары доп сал.

Сұрақ-жауап 1.Түйе неге жыл атына ие болмай қалды?  2.Тышқанның айласы қандай болды?  3.Ертегіден мақтанудың жағымсыз қасиет екенін байқадың ба?

Сұрақ-жауап

1.Түйе неге жыл атына ие болмай қалды?

2.Тышқанның айласы қандай болды?

3.Ертегіден мақтанудың жағымсыз қасиет

екенін байқадың ба?

Мақсаты:суреттерді салыстыру арқылы ойлау қабілетін дамыту.  “ Не артық?” ойыны Тақтадағы жыл аттарының суреттерінің ішінен қай жануар артық екенін айту.

Мақсаты:суреттерді салыстыру арқылы ойлау қабілетін дамыту. 

Не артық?” ойыны

Тақтадағы жыл аттарының суреттерінің

ішінен қай жануар артық екенін айту.

“ Балық ” ойыны  Балықтың денесіне қазақша жыл атауларын  ретімен орналастырайық.

Балық ” ойыны

Балықтың денесіне қазақша

жыл атауларын

ретімен орналастырайық.

“ Жатқа біл” өлеңі Т үйе с еніп б ойына, Қ алған ұ мыт ж ылдардан. Ж атпа қ арап, м ойыма, Т алма, и меніп д ілмардан.  Сәбит Мұқанов

Жатқа біл” өлеңі

Т үйе с еніп б ойына,

Қ алған ұ мыт ж ылдардан.

Ж атпа қ арап, м ойыма,

Т алма, и меніп д ілмардан.

Сәбит Мұқанов

Назарларыңызға рахмет!

Назарларыңызға рахмет!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
учительница Кулагинская средняя школа 2 саны ж?не цифры

Автор: Бердигалиева Толкын Беркимбаевна

Дата: 26.02.2016

Номер свидетельства: 299319


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства