-Балалар мен сендерді математика еліне саяхат?а ша?ыр?ым келіп т?р.
- Барамыз ба?
?ане кімні? бойы ?зын,
Паравозы ол пойызды?
?атар-?атар т?райы?
Пойызды біз ??райы?.
Онда пойызды ??рса? математика еліне саяхат?а жол?а шы?айы?.Балалар пойыз ?алай дыбыстап ж?реді?
Балалар біз математика еліне келдік. ?ане «пойздан» т?сіп жай?асып отырайы?.
-?ара?даршы ?андай ?ажайып ел. Неткен ?демі сандар.
-Балалар, мен сендерге ж?мба? жасырамын, ал сендер ж?мба?ты шешіндер.
Ж?мба? жасыру.
Ая?ы бар т?ртеу ж?ре алмайды
Не жатып бір дем алмайды.
-Ол не?
Енді осы орынды?ты т??керіп ?ояйы?. Неге ??сайды?-Д?рыс айтасындар.
-Міне балалар бізді? б?гінгі танысатын санымыз – 4. Санды айтамыз, естиміз, ал ол санды цифрмен белгілейміз. Балалар?а 4 санын к?рсету.Т?рт саны т?рт бірліктен т?рады. Сонды?тан ?атарда т?ртінші т?рады.
Та?тада 4 ?йшік ж?не 3 мысы?ты? (а? с?р ж?не ?о?ыр) суреті ілінген. ?р т?рлі ?йде 4 мысы? ?мір с?ріпті:
-біріншісі. (а?)
-екіншісі. (с?р)
-?шіншісі. (?о?ыр)
-т?ртінші. Біра? ол ?айда? -а-а, ол, міне жасырынып ?алыпты. 3 мысы? бол?ан еді, та?ы біреуі ж?гіріп келді. Неше мысы? болды? т?ртінші мысы?ты? т?сі ?андай?
-?ара мысы?ты? не ?шін ты?ылып ?ал?анын мен білетін сия?тымын. ?ш мысы?ты? ?йшігінде сандар бар, ал оны? ?йшігінде сан жо?. ?ане, біз о?ан к?мектесіп, ?йшіктерді санайы?. Барлы?ы неше ?й? ?ара мар?ауды? ?йінде ?андай сан т?ру керек?
Просмотр содержимого документа
«"4 саны мен сан белгісі" ?М??»
«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
№2 Аманқарағай орта мектебі» ММ
Шағын орталықтың ортаңғы тобының ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Тақырыбы: «4 саны мен сан белгісі»
Тәрбиеші: Мукатова Г.М
№2 «Аманқарағайортамектебі»ММ «26» 11 2015ж
Шағын орталықтың ортаңғы тобының ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасыТәрбиеші: Мукатова Г.М
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі:Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Тақырыбы:«4 саны мен сан белгісі».
Мақсаты:Екі топтың заттарды салыстыру,4-ке дейін санау.4 сан белгісімен таныстыру.Заттардың санын 4-ке жеткізіп,4 сан белгісімен белгілеу.
Көрнекі құралдар: 1-4 сандар, суреттер.
Билингвалдық компонент:бір – один, екі – два, үш – три, төрт – четыре.
Қызметкезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Баланың іс-әрекеті
Ынталандыру-оятушыкезең.
Алтын сәуле таратты
Арайлап міне таң атты
Жарқырайды даламыз
Жайнай түсті аулымыз
Қайырлы таң,балалар!
Қайырлытаң,қонақтар!
Балалар шеңберге тұра-
ды,сөздерді қайталайды.
Ұйымдас-тырушы-ізденуші кезең.
Рефлексивті-түзетуші кезең.
-Балалар, бір жылда қанша мезгіл болады?
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілі екенін қайдан білеміз?
-Балалар мен сендерді математика еліне саяхатқа шақырғым келіп тұр. - Барамыз ба? Қане кімнің бойы ұзын,
Паравозы ол пойыздың
Қатар-қатар тұрайық
Пойызды біз құрайық.
Онда пойызды құрсақ математика еліне саяхатқа жолға шығайық.Балалар пойыз қалай дыбыстап жүреді?
Балалар біз математика еліне келдік. Қане «пойздан» түсіп жайғасып отырайық. -Қараңдаршы қандай ғажайып ел. Неткен әдемі сандар.
-Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер жұмбақты шешіндер.
Жұмбақ жасыру. Аяғы бар төртеу жүре алмайды Не жатып бір дем алмайды.
-Ол не? Енді осы орындықты төңкеріп қояйық. Неге ұқсайды?-Дұрыс айтасындар.
-Міне балалар біздің бүгінгі танысатын санымыз – 4. Санды айтамыз, естиміз, ал ол санды цифрмен белгілейміз. Балаларға 4 санын көрсету.Төрт саны төрт бірліктен тұрады. Сондықтан қатарда төртінші тұрады. Тақтада 4 үйшік және 3 мысықтың (ақ сұр және қоңыр) суреті ілінген. Әр түрлі үйде 4 мысық өмір сүріпті:
-біріншісі ... (ақ)
-екіншісі ... (сұр)
-үшіншісі ... (қоңыр)
-төртінші... Бірақ ол қайда? -а-а, ол, міне жасырынып қалыпты. 3 мысық болған еді, тағы біреуі жүгіріп келді. Неше мысық болды? төртінші мысықтың түсі қандай?
-Қара мысықтың не үшін тығылып қалғанын мен білетін сияқтымын. Үш мысықтың үйшігінде сандар бар, ал оның үйшігінде сан жоқ. Қане, біз оған көмектесіп, үйшіктерді санайық. Барлығы неше үй? Қара марғаудың үйінде қандай сан тұру керек?
Тәрбиеші қара мысықтың үйшігіне 4 санымен белгілейді.
Сергітусәті
Тікірейіп құлағы,
Менімен бірге тұрады.
Бойын жазып, керіліп
Беті-қолын жуады.
Мяу, мяу.
-Балалар, менің сендерге беретін тапсырмалар бар.
-Балалар қараңдаршы біздің өткен сандарымызда тұр екен. Олар бір-бірімен адасып қалған сияқты. Осы сандарды
1.«Ретімен қойып шық»
1 2 3 4 - ретімен санайды
4 3-2-1 кері санайды
2. қазақша, орысша санау
3.Сандар туралы тақпақтар айту.
1-саны:
2-саны:
3-саны:
4-саны:
4. «Көршісін тап»
5. Топпен жұмыс «Суреттегі жемістерді сана және тиісті сандарға апар!»
-Балалар сендер өте ақылды, білімді екенсіңдер мен сендерге мына жұлдызшаны сыйлыққа беремін. Тапсырмаларымды өте жақсы орындадыңдар.
-Балалар пойызға отырып тобымызға қайтайық. Міне тобымызға да келдік.
-Балалар саяхат ұнады ма?
Біз қайда бардық?
Тапсырмалар ұнады ма?
Қандай санмен таныстық?
Ендеше сол 4 санының формасын мата қиындысынан желімдеп қағаз бетіне жасайықшы.
Балалардың іс-әрекетін бағалау, мадақтау.
Қол ұстасып тұрайық, Достық әнге салайық. Көріскенше күн жақсы Сау - саламат болайық.
-төрт мезгіл
-күз
-дала суық, жапырақтар сарғайып, жерге түседі.
-иә, барамыз
Балалар пойызды құрып әндетіп жүреді.
-пу-чук-чук, -пу-чук-чук.
-орындық
-төрт санына
Көрсетілген суретті санап, санмен белгілейді
Балалар өлең жолдарын қимыл-қозғалыспен жасайды
1,2,3,4.
4,3,2,1.
бір – один,екі – два,үш – три төрт – четыре,- деп атайды.
Аманкелді 1-саны:
-Мені білгің келсе,
Мен таяқша бірмін.
Барлық санға жол бастап,
Ең басында тұрмын.
Қанат 2-саны:
—Басында бар ілмегі,
Ортасында тірегі.
Толқын қанша жүзсе де,
Тұрады үнемі екінші.
Асем 3-саны:
-Мен ғой үштің таңбасы,
Зейін қойып тыңдашы.
Екі қысық қосылған,
Үш жазылған осыдан.
Ф.Інжу 4-саны:
Достармені «төрт» дейді,
Беске бірім жетпейді.
Қуанар кейде анасы,
«Төрт» алғанда баласы.
1..3, 2..4.
2 3 4 1
-Иә
-Математика еліне
-Иә
4 санымен
4 санын кішкене мата қиындыларын алып, қағаз бетіне желімдеп жасады.
Сау болыңыз!
Күтілетін нәтеже:
Білу керек: Сандарды бір-бірінен ажырата білу.
Болуы керек: 1-4 бөліп алу
Істей алуы керек: 4 санының жасалуы
Ортаңғы тобының ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Тақырыбы: «4 саны мен сан белгісі»
Бұл үйде кім тұрады? (ертегі)
Жазық далада бір кіші үйшік тұрады. Сол жазық бойымен 1 саны келе жатып үйшікті көреді де есікті қағады? 1 саны: - Бұл үйде кім тұрады? Ешкім дыбыс бермеген соң 1 саны ішке кіреді. Осында мен тұрайыншы,- деп отырады. 2 саны жазық далада тұрған үйшікті көріп жақын келіп есікті қағады. 2 саны: - Бұл үйде кім тұрады? 1 саны: - Мен 1 саны, өте нәзік жіңішкемін. Бір дегенім бала, санды дұрыс сана, сенің қанша атаң бар, сенің қанша апаң бар. Ал сен кімсің? 2 саны: Мен 2 санымын. Қызыға сен қараған. Екі дегенім ешкі, таудан келер кешкі, лағы оның қанша, ізде келмей қалса. Мен сенімен бірге тұрайыншы? 2 саны үйге кіріп тұра бастайды. 3 саны келе жатып жазық далада тұрған үйшікке келіп есікті қағады. 3 саны: - Бұл үйде кім тұрады? 1 саны: Мен 1 саны, өте нәзік жіңішкемін. 2 саны: Мен 2 санымын. Қызыға сен қараған. Екеуі бірге: - Ал сен кімсің? 3 саны: - Мен 3 санымын, құралған ек ілмектен 3 дегенім үйім, үйде жақсы күйің, бақшадан да қалма, тап - таза болып киін. Мен сендермен бірге тұрайыншы? 3 саны үйге кіріп сандармен бірге тұра бастайды. Жазық дала бойымен тағы 1 сан келе жатыпты. Үйшікті көріп есікті қағады. - Бұл үйде кім тұрады? 1 саны: Мен 1 саны, өте нәзік жіңішкемін. 2 саны: Мен 2 санымын. Қызыға сен қараған. 3 саны: - Мен 3 санымын, құралған ек ілмектен. Үшеуі бірге: - Ал сен кімсің? 4 саны: Мен 4 санымын. 4 дегенім түлік, жүргін мұны біліп, жылқы, сиыр, түйе, қой, сана мұны біліп қой. Мен сендермен бірге тұрайыншы.? 4 саны үйге кіріп тұра бастайды.