Просмотр содержимого документа
«Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ойын жаттығуларының маңызы және түрлері»
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ойын жаттығулары 3 – 4 жас 4 жасқа аяқ басқан балада өз бетімен әрекет жасауға тырысуы бұрынғыдан да арта түседі. Осы кезде оның зейіні де тұрақсыз болады, ол алаңдағыш келеді және бір әрекет жасаудан екінші әрекетке жиі ауысып отырады. Сондықтан, бұрынғы топтағы сияқты, үлкен адамдардың бала мінез - құлқын ұйымдастыруда үлкен рөлі бар. Бұл жаста бала салыстырмалы түрде алғанда көптеген қимылдың қорын меңгереді, бірақ ол әлі өз әрекетінің нәтижесі жөнінде ойланбайды, ол сол қимыл барысын, оның эмоциялық әсері арқылы қабылдайды. Бала енді өз қалауынша немесе тәрбиешінің ұсынысы бойынша қимылды қайталай алады. Қимылдың бағытын сақтай, оның кейбір тәсілдерін айыра да алады. Бұл жастағы балаларға қимылдың жаңадан сан алуан түріне кірісіп кетуге ықыласты болушылық тән. Әрекетті жасай отырып, бала олардағы белгілі қимыл жүйелілігін сақтай алады. Қимыл дағдылары мен шеберліктерін қалыптастыру таныс бейнелер әрекеттер еліктеу негізінде жалғастырылады. Бұл жаста баланы қимыл орындалуға тиіс жағдаймен алдын ала таныстырудың бұрынғыдай маңызы зор. 4 жасқа аяқ басқан балаларға заттар арқылы ойналатын жаттығуларға бейімділік тән.
Көжектер Баланы бірінші кішкентай көжектерге ұқсап секіртіп, содан кейін үлкен қояндарға еліктеп секірту. Жаттығуды түрлендіріп қақпадан, тас қамалдан құлыншақ, кенгуру, бақа, түлкіге ұқсап секіріп өту ұсынылады. Жаттығуларын түрлендіріп өткізуге болады. Балаларға әр түрлі бағытқа қарай секіруді және қайта орнына оралуды үйрету қажет.
Таяққа асыл Таяқтан ұстаңыз да (хоккей клюшкасын) балаға таяқтың екі ұшынан қолымен ұстап алып, ауада ілініп тұратындай ұстатыңыз да таяқты жоғары көтеріңіз. (ата – анасы да ұстаса болады, жаттығу орындау барысында иілуге, қолды көтеріп түсіруге және аяғын бүгуге болмайды)
Допты ұста Балаға допты еденге қатты ұрып лақтыру қажет, лақтырған кезде доп қабырғаға тиіп, қайта ұшып кететіндей болуы керек. Бала допты қағып алып қайта лақтыруы қажет.
Доптың астында бұрылу Балаға допты еденге жоғары ұшатындай етіп лақтыруы қажет, доп жоғары ұшқан кезде бала өзі жылдам айналып допты қағып алуы керек. Бұл жаттығу баланың қозғалысын сезімнің бірыңғайлы және допты қағып алу дағдысын дамытады.
Жоғары – төмен Баланың жанында тұрыңыз және онымен бірге баяу отыра бастаңыз, кейін тепе – теңдікті сақтай отырып баламен бірге орныңыздан тұра бастаңыз. Жерден тұрған кезде аяқтың ұшына тұруға тырысыңыз. Жаттығу балаларға тепе - теңдік сақтай білуді жылдам меңгеруге көмектеседі.
Тепе - теңдік сақтаймын Баланың жанында тұрыңыз, әр балаға аяқтарын тізеден бүгіп көтерілу тапсырылады. Бірте - бірте аяқтың табанын жоғары көтеру ұсынылады. Алғашқыда бұл жаттығуды қабырғаның қасында орындау керек. Себебі керек уақытында тепе - теңдік сақтау үшін қабырғадан ұстауға болады.
Жіптен жасалған допқа тигізу Жіптен жасалған допты баланың белінің деңгейіне жететіндей етіп іліп, қолына үстел теннисінің ракеткасын беріп, жіп добын ракеткамен ұруы қажет. Ұрған кезде дәл тигізуді көздеу. Бала жіп добын ұрған кезде екпінмен ұру күшін алмастырып отырған тиімді.
Маймылдар Ата – аналары балаларымен бірге шеңберге тұрады, бір – бастаушы тағайындалады. Бастаушы әр түрлі жаттығулар ойластырып өзі орындайды, содан бәрі бірге қайталайды
Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған қимыл- қозғалыс ойындардың түрлері. 1-ші сәбилер тобы Қуыршақтарға қонаққа. Кілемнің үстіндегі кішкентай орындықтарда қуыршақтар отырады (ойнаушылар санына қарай 8-10). Тәрбиеші балаларды ойынға шақырып, қазір олардың қуыршақтарға қонаққа баратынын айтып, олардың қайда отырғанын көрсетеді. Балалар тәрбиешімен бірге көрсетілген бағытта, жай ғана қуыршақтарға келеді де, олармен амандасады. Тәрбиеші қуыршақтарды алып, олармен билеуді ұсынады. Қуыршақтармен азғана секіріп ойнағаннан кейін балалар олардың орындарына отырғызады да үйлеріне оралады. Ойын қайталанғанда балалар қонжықтарға, қояндарға (тәрбиеші оларда алдын-ала бөлменің басқа бір бөлігіне орналастырады) қонаққа бара алады. Бұл ойыншықтармен балалар үйіне қайтады да олармен қалағанынша ойнайды.
Қоңырау қайдан естіледі? Балалар қабырғаға беттерін беріп тұрады. Күтуші әйел бөлменің басқа бір шетіне тығылып тұрады да қоңырау соғады. Тәрбиеші балаларға: «Тыңдаңдар, қоңырау қайдан соғылып тұр, қоңырауды табыңдар», - дейді. Балалар қоңырауды тапқан кезде, тәрбиеші оларды мақтайды, одан кейін балаларға тағы да қабырғаға беттерін беріп тұруды ұсынады. Күтуші әйел басқа жерге тығылады да қайтадан қоңырау соғады.
Жолмен (жалғыз аяқ жолмен). Тәрбиеші өзіне балаларды шақырады да суретті көрсетіп, жолдың қандай түзу екеніне назар аударады (аралығы 20-30см екі қатар сызық). Бұдан кейін балаларға, сызықтан шықпастан, осы жол бойымен қыдыруды ұсынады. Балалар бірінің артынан бірі бір бағытпен жүреді де сол тәртіппен қайта қайтады. Бұл ойынды учаскеде өткізген жақсы. Балалардың бір-бірімен соқтықпасы үшін, ойынға бір мезгілде 5-6 адам қатыстырылады. Күзде учаскедегі жолды ағашқа қарай бағыттап, балаларға сол жолмен жүріп отырып 2-3 жапырақ әкеліңдер деп ұсынған жақсы болады. Бұл тапсырма ойынды жандандыра түседі. Ойын үйдің ішінде өткізілгенде, жолдың аяқталар жеріне жалаулар немесе басқа ойыншықтар қою керек, балалар оларды алып келеді.
Кішкене өзен арқылы. Тәрбиеші екі сызық сызады да (үйдің ішінде жіпті пайдалануға болады) балаларға: мынау – «өзен», - дейді; оның үстіне тақтайдан көпір (ұзындығы 2-3м, ені 25-30см) салады да балаларға: «Көпір арқылы жүруді үйренейік», - деп ұсынады. Балалардың бір-біріне соқтығыспай тек тақтайдың үстімен ғана жүруін бақылай отырып, тәрбиеші балаларға суға құлап кетпеуі үшін жай жүру керек деп ескертеді: балалар тақтаймен ары-бері 2-3 рет жүріп өтеді. Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған қимыл- қозғалыс ойындардың түрлері. 1-ші сәбилер тобы Қуыршақтарға қонаққа. Кілемнің үстіндегі кішкентай орындықтарда қуыршақтар отырады (ойнаушылар санына қарай 8-10). Тәрбиеші балаларды ойынға шақырып, қазір олардың қуыршақтарға қонаққа баратынын айтып, олардың қайда отырғанын көрсетеді. Балалар тәрбиешімен бірге көрсетілген бағытта, жай ғана қуыршақтарға келеді де, олармен амандасады. Тәрбиеші қуыршақтарды алып, олармен билеуді ұсынады. Қуыршақтармен азғана секіріп ойнағаннан кейін балалар олардың орындарына отырғызады да үйлеріне оралады. Ойын қайталанғанда балалар қонжықтарға, қояндарға (тәрбиеші оларда алдын-ала бөлменің басқа бір бөлігіне орналастырады) қонаққа бара алады. Бұл ойыншықтармен балалар үйіне қайтады да олармен қалағанынша ойнайды.
Қоңырау қайдан естіледі? Балалар қабырғаға беттерін беріп тұрады. Күтуші әйел бөлменің басқа бір шетіне тығылып тұрады да қоңырау соғады. Тәрбиеші балаларға: «Тыңдаңдар, қоңырау қайдан соғылып тұр, қоңырауды табыңдар», - дейді. Балалар қоңырауды тапқан кезде, тәрбиеші оларды мақтайды, одан кейін балаларға тағы да қабырғаға беттерін беріп тұруды ұсынады. Күтуші әйел басқа жерге тығылады да қайтадан қоңырау соғады.
Жолмен (жалғыз аяқ жолмен). Тәрбиеші өзіне балаларды шақырады да суретті көрсетіп, жолдың қандай түзу екеніне назар аударады (аралығы 20-30см екі қатар сызық). Бұдан кейін балаларға, сызықтан шықпастан, осы жол бойымен қыдыруды ұсынады. Балалар бірінің артынан бірі бір бағытпен жүреді де сол тәртіппен қайта қайтады. Бұл ойынды учаскеде өткізген жақсы. Балалардың бір-бірімен соқтықпасы үшін, ойынға бір мезгілде 5-6 адам қатыстырылады. Күзде учаскедегі жолды ағашқа қарай бағыттап, балаларға сол жолмен жүріп отырып 2-3 жапырақ әкеліңдер деп ұсынған жақсы болады. Бұл тапсырма ойынды жандандыра түседі. Ойын үйдің ішінде өткізілгенде, жолдың аяқталар жеріне жалаулар немесе басқа ойыншықтар қою керек, балалар оларды алып келеді.
Кішкене өзен арқылы. Тәрбиеші екі сызық сызады да (үйдің ішінде жіпті пайдалануға болады) балаларға: мынау – «өзен», - дейді; оның үстіне тақтайдан көпір (ұзындығы 2-3м, ені 25-30см) салады да балаларға: «Көпір арқылы жүруді үйренейік», - деп ұсынады. Балалардың бір-біріне соқтығыспай тек тақтайдың үстімен ғана жүруін бақылай отырып, тәрбиеші балаларға суға құлап кетпеуі үшін жай жүру керек деп ескертеді: балалар тақтаймен ары-бері 2-3 рет жүріп өтеді.