kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Табиғат бұрышындағы еңбек»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балалардың табиғат бұрышындағы өсімдіктерді күту жайлы  түсініктерін қалыптастыру

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Табиғат бұрышындағы еңбек»»

7 Ұйымдастырылған оқу қызметі жоспары

Педагогтың аты-жөні

Жумашбекова С.Т

Күні

18.10.21ж

Тобы

№9 ересек топ

Білім беру саласы

«Таным»

Бөлім

Жаратылыстану

Тақырыбы

«Табиғат бұрышындағы еңбек»

Мақсаты

Балалардың табиғат бұрышындағы өсімдіктерді күту жайлы түсініктерін қалыптастыру

Сөздік жұмыс

табиғат бұрышы.

Көптілді компонент

гүл – цветок, өсімдік – растение

Ресурстар

суқұйғыштар, топырақты қопсытуға арналған таяқшалар, сүлгі, алжапқыштар

Барысы

ҰОҚ кезеңдері

Педагогтың әрекеті

Тәрбиеленушінің әрекеті

Кіріспе бөлім

Шаттық шеңбері

Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты аялап.
Жүрейікші жараса

Балалар шаттық шеңбе-ріне тұрып,тәрбиешімен бірге қайталайды.

Негізгі бөлім

Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Дұрыс. Қазір жылдың күз мезгілі.
- Балалар табиғат дегеніміз не?
- Табиғат дегеніміз - жануарлар, құс, өсімдік, бізді қоршаған орта.
Ал, бүгінгі оқу іс - әрекетімізде «Табиғат бұрышындағы еңбек». Табиғат бұрышы –балабақшада өсімдіктер өсірілген бұрыш. Мұнда өсімдіктердің көптеген түрлері өсіріледі.
Сендер қалай ойлайсыңдар,бұл гүлдерге қандай күтім керек?

Су құйып отыру керек,түбін қопсытып отыру керек,тамырлары демалу үшін,жарық жерге қою керек.

Балалар сендер өсімдіктерге қандай күтім жасау керектігін жақсы білесіңдер екен.Әрине өсімдіктерге жарық,жылу,су және түбін қопсытып отыру керек. Сергіту сәті: 

Ұмытпаймын, күнде, Су құямын гүлге. Жайнайды гүлім, Құлпыртып түрін. Өсімдіктердің дұрыс өсуі үшін оларды дұрыс күтіп-баптау керектігі айтылады. Үстел үстіне фикус гүлін қояды. Балалармен бірге гүлді күтіп-баптау жұмысына кіріседі. Үстел үстіне,жапырақтарды сүртуге арналған жұмсақ, кішкентай сүлгі, суқұйғыш, тырмалауыш жəне топырақты қопсытуға арналған.Өсімдіктердің өсуі үшін жарық, жылу,ауа, су жəне адамның күтіп-баптауы керек екеніне қорытынды жасайды таяқшаларды қояды.Құрал-жабдықтарды көрсетіп, оларды қалай қолдану қажеттігін түсіндіреді. – Бөлме гүлдерін бөлме температурасымен бірдей сумен суғару қажет. Гүлдерге арналған суды ыдысқа құйып, оны бірнеше сағат қойып қою керек. Жазда гүлдерді кешкісін, ал қыста таңертең суғару қажет. Құмырадағы топырақты таяқшалармен қопсыту қажет. Топырақты қопсыту арқылы тамырға ауа жібереміз. Бірақ таяқпен тамырды кесіп жібермеу керек. Жапырақтардың шаңын абайлап сүрту қажет. Кішкентай жапырақтардың шаңын жұмсақ қылқаламмен сүртуге болады.– Балалар, фикус гүлі бізге риза болған шығар? Тәрбиеші балаларды шығарып, гүлге су құюды,түбін қопсытуды, жапырақтарының шаңын сүртуді ұсынады. Құрал-жабдықтарға қарап, олармен не істеу керектігін айтады.Гүлді күтіп-баптау жұмысын бақылайды,қатысады.1 бала суқұйғышпен гүлге су құяды, 2 бала құмырадағы топырақты таяқшамен абайлап қопсытады, 3бала жапырақтардың шаңын сүртеді. Фикус гүлі өздеріне риза болғанын айтады. Балалар сызбаға қарап, жапырақтар сабақта өсетінін, сабақ тамырдың көмегімен топырақта тұратынын əңгімелейді.

Күз мезгілі.




Табиғат-бізді қоршаған орта.






Суғару керек,түбін қоп-сытып керек.








Мұқият тыңдайды.



Өлеңнің мазмұнына сай қимылдар жасайды.





Балалар тәрбиешінің нұсқауымен гүлге күтім жасайды. Құрал-жабдықтарға қарап, олармен не

істеу керектігін айтады.

Гүлді күтіп-баптау жұмысын бақылайды,

қатысады.

1 бала суқұйғышпен гүлге су құяды, 2 бала

құмырадағы топырақты таяқшамен

абайлап қопсытады, 3 бала

жапырақтардың шаңын сүртеді.

Фикус гүлі өздеріне риза болғанын айтады.













Балалар сызбаға қарап, жапырақтар

сабақта өсетінін, сабақ тамырдың

көмегімен топырақта тұратынын

əңгімелейді.

Қорытынды бөлім

Балалар,сонымен табиғат дегеніміз не?

-Гүлдерге қандай күтім керек?

Балалрды мадақтау

Балалардың жауаптары



Тексерді:

Ескерту:

Педагогикалық қолдауына мұқтаж болған балалар:

20 Ұйымдастырылған оқу қызметі жоспары

Педагогтың аты-жөні

Жумашбекова С.Т

Күні

18.10.21ж

Тобы

№9 ересек топ

Білім беру саласы

«Денсаулық»

Бөлім

Дене шынықтыру

Тақырыбы

Бір-бірінен 1 м арақашықтықта қатар қойылған 5 заттың арасынан доп домалату.

Оңға, солға бұрылып, өзінің айналасына қарап, орнында секіру.

Мақсаты

Заттар арасымен допты домалату барысында, доптың бағытын өзгерту дағдыларын қалыптастыру.

Сөздік жұмыс

айналасына қарап

Көптілді компонент

оңға-направо,солға- налево

Ресурстар

спорттық құралдар,доп.

Барысы

ҰОҚ кезеңдері

Педагогтың әрекеті

Тәрбиеленушінің әрекеті

Кіріспе бөлім

Жылулық шеңбері

Балалар шеңберге тұрып,бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Шеңберге тұрып,жылы сөздер айтады.

Негізгі бөлім

I.Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды үш қатарға тұрғызып,жаттығу жасауға дайындаймын.

II.Жалпы дамытушы жаттығулар:

Басқа арналған жаттығулар
1. Алға
2. Бастапқы қалыпқа келу
3. Артқа ию
4. бастапқы қалыпқа келу (4-5- рет)
2. Иыққа арналған жаттығулар
1. Оң иықты көтеру.
2. Бастапқы қалып
3. Сол иықты көтеру
4. бастапқы қалыпқа келу (4-5 рет)
3. Қолға арналған жаттығулар
1. Қолды алға созу
2. Жоғары созу
3 Жанға созу
4 Бастапқы қалыпқа келу (4-5рет)
4. Белге арналған жаттығулар
1. Оңға иілу
2. Бастапқы қалыпқа келу
3. Солға иілу
4. Бастапқы қалыпқа келу
5. Аяққа арналған жаттығулар
1. аяқты қосу
2. тізені бүгу
3. Бастапқы қалыпқа келу

Негізгі қимылдар Бір-бірінен 1 м арақашықтықта қатар қойылған 5 заттың арасынан доп домалату.

Оңға, солға бұрылып, өзінің айналасына қарап, орнында секіру Қимылды ойын «Ақ қоян»

   Ойын шарты:Балалар дөңгеленіп қол ұстасып тұрады, ортада бір бала қоян болады. Балалар барлығы бірлесе қоянды оятуға тырысады.
-Қояным,қояным ұйқыңнан тұршы
Бет-қолыңды жушы,
Айнаға қарашы,
Шашыңды тарашы,
Мәсіңді киші,
Көлегіңді киші,
Енді бізді қушы-деп балалар қаша жөнеледі.

Үш қатарға тұрады.








(4-5- рет)




(4-5- рет)






(4-5- рет)








Жаттығуларды жасайды.




Бір-бірінен 1 м арақашықтықта қатар қойылған 5 заттың арасынан доп домалату.

Оңға, солға бұрылып, өзінің айналасына қарап, орнында секіру.




Ойынға белсене қатысады

Қорытынды бөлім

-Балалар бүгін сендермен не үйрендік?

-Сендерге қиын болған жоқ па?

Балаларды мадақтау

Балалар сұрақтарға жауап береді.



Тексерді:

Ескерту:



Педагогикалық қолдауына мұқтаж болған балалар:

8 Ұйымдастырылған оқу қызметі жоспары

Педагогтың аты-жөні

Жумашбекова С.Т

Күні

20.10.21ж

Тобы

№9 ересек топ

Білім беру саласы

«Таным»

Бөлім

Математика негіздері

Тақырыбы

«3-ке дейін санау. Сан мен цифрдың арақатынасы».

Мақсаты

Балаларда санау, геометриялық пішіндерді білу іскерліктерін бекіту.

Сөздік жұмыс

Тура және кері, үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, пішіндер.

Көптілді компонент

бір – один, екі –два, үш – три.

Ресурстар

тақырыпқа байланысты көрнекіліктер

Барысы

ҰОҚ кезеңдері

Педагогтың әрекеті

Тәрбиеленушінің әрекеті

Кіріспе бөлім

Шаттық шеңбері
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратып.
Жарқырайды күніміз,
Жайнап түсті даламыз.
Біз ерекше баламыз
Айтқан тілді, аламыз.

Шаттық шеңберін жасай-ды.


Негізгі бөлім

Балалар біз өткен сабақтарда сан-дармен таныстық. -Біз қай санға дейін таныстық? -Қане барлығымыз санайық(1-3-ке дейін тура және кері санау). Д\о: «Себетті толтыр»
Тәрбиеші себеттен сандарды шығарады, балалар сонша затты себетке салу керек. Сергіту сәті:
Жалғыз саусақ тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусақ бірікті:
Ине қолға ілікті,
Үш саусағым орамды
Жүгіртемін қаламды.
Өнерлі екен он саусақ
Қала салсақ, жол салсақ.
- Жақсы жарайсыңдар! Жұмбақ жасыру. Ақ отау, аузы, басы, Жоқ отау. Дұрыс балалар. Жұмыртқа қандай пішінге ұқсайды?

Бұл қандай жұмыртқа? Алтын жұмыртқа қандай ертегіде кездеседі? Дұрыс балалар. Жұмыртқа сопақшаға ұқсайды. Олай болса, математика әлемінде сопақшаны қандай пішін деп атаймыз? Олай болса, геометриялық пішіндерді тамашалайық. Мынау пішіндер әлемі. Пішіндер бір отбасы болып саналады. - Мынау қандай пішін? - Үшбұрыштың түсі қандай? - Ал, мыналар қандай пішін? Түсі қандай? - Қандай пішін? Түсі қандай? Ал, мына пішін? Түсі қандай? Мынау қандай пішін? Түсі қандай? Өте жақсы балалар.   

Д\о: «Адасқан санды тап» Тәрбиеші цифрлардың орнын алмастырып қояды, балалар цифрларды орнымен қою керек.

-3-ке дейін




Себеттің қасында қандай сан тұрса,сонша затты себетке салады.










Сергіту сәтін жасайды.






Жұмыртқа




Сопақша

Алтын жұмыртқа.


Шұбар тауық ертегісінде.





Геометриялық пішіндер.



Балалар қуанады.



Үшбұрыш.

Қызыл.

Төртбұрыш.

Көк.

Дөңгелек.

Сары.

Тікбұрыш.

Жасыл.

Сопақша.




Балалар цифрларды орны-мен қояды.

Қорытынды бөлім

Бүгін бізде қайталау сабағы бол-ды.

-Біз қай санға дейін таныстық?

-Қане,тура және кері санайық!

Қандай пішіндермен таныстық?

Жарайсыңдар балалар!

3-ке дейін.

1,2,3; 3,2,1.

Геометриялық пішіндер

Сопақша,ұшбұрыш,төртбұрыш ,дөңгелек,



Тексерді:

Ескерту:



Педагогикалық қолдауына мұқтаж болған балалар:

4 Ұйымдастырылған оқу қызметі жоспары

Педагогтың аты-жөні

Жумашбекова С.Т

Күні

20.10.21ж

Тобы

№9 ересек топ

Білім беру саласы

«Шығармашылық»

Бөлім

Мүсіндеу

Тақырыбы

«Арба»

Мақсаты

Балаларда бірнеше бөліктерден тұратын затты мүсіндеу іскерліктерін қалыптастыру.

Сөздік жұмыс

арба

Көптілді компонент

арба-телега

Ресурстар

көліктердің суреті,ермеказ.

Барысы

ҰОҚ кезеңдері

Педагогтың әрекеті

Тәрбиеленушінің әрекеті

Кіріспе бөлім

-Балалар бізге бүгін ауылдағы көрші бала телефон шалып келетініін айтады.Қонақты қалай қарсы алу керек

Балалар тәрбиешінің көмегімен мұқият тыңдайды

Құрметпен қарсы алу керек


Негізгі бөлім

Көрші бала балалармен амандасады. -Балалар, көршіні төрге шығарайық. Көрші бала: -Балалар менің қол арбам жоғалып кетті, маған қоларба жасап беріңдерші. -Балалар , арбаны өз қолдарыңмен жасайтын шебер болғыларың келеме? -Қоларба неше бөліктен түрады? Бөліктерін атаңдаршы. -Арба әртүрлі болады:атқа жегетін арба, қоларба, ойыншық арба. -Атқа жегетін арбаны жүкті, шөпті тасу үшін пайдаланады. -Қоларбаны жеңілдеу заттарды тасу үшін қолданады. -Ойыншық арбамен не тасимыз? Үлестірмелі материалға назарларын аударады. Педогогтың көрсетуі бойынша ойыншық арбаны мүсіндейді.

Сергіту: «Бағдаршам» ойыны.
Шарты:
Үш түсті дөңгелектерді: қызыл, жасыл, сары бағдаршам түстерін кезек - кезек көрсетеді. Өлең оқылады:
Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін:
Қызыл жанғанда орнында тұрады,
Сары жанғанда қимыл жасайды,
Жасыл жанғанда жүреді.

Балалар көрші баламен сәлемдеседі.


Арбаны өз қолдарымен жасауға ынта білдіреді.

-Арбаның өзі,дөңгелегі, ұстайтын сабы.

Тыңдап, сөздерді қайталайды.

Балалар сұрақтарға жауап береді.



Ойланады жауап береді.

Жұмыстың орындалу ретімен танысады






Балалар тәрбиешінің көрсетуімен қайталап жасайды.

Балалар орындарынан тұрып, қызыл жанғанда қимылдамай тұрады, жасыл жанғанда орындарында жүреді, сары жанғанда қолдарын қозғалтып, дайындық жасайтындарын қимыл- қозғалыспен көрсетеді

Қорытынды бөлім

Бала арбаға қуанады.

-Рахмет балалар, енді менің құм таситын қол арбам бар, мен сендерді бірге ойнауға шақырамын

-Арбаны мүсіндеуді.



-Жоқ қиын болған жоқ.



Тексерді:

Ескерту:



Педагогикалық қолдауына мұқтаж болған балалар:

8 Ұйымдастырылған оқу қызметі жоспары

Педагогтың аты-жөні

Жумашбекова С.Т

Күні

22.10.21ж

Тобы

№9 ересек топ

Білім беру саласы

«Қатынас»

Бөлім

Театр сиқырлы әлемі

Тақырыбы

Аленушка әпкесі мен ағасы Иванушка " ертегісін оқып, театрализациялау»

Мақсаты

Театрлық қызметке қызығушылықты қалыптастыру

Сөздік жұмыс

Құдық,су

Көптілді компонент

сестра-апай, младший брат-іні, козленок-лақ, вода –су

Ресурстар

ертегіннің суреттері

Барысы

ҰОҚ кезеңдері

Педагогтың әрекеті

Тәрбиеленушінің әрекеті

Кіріспе бөлім



Негізгі бөлім

Апасы Аленушка және інісі Иванушка» ұлттық орыс ертегісін оқимын мұқият тыңдаймыз. Ертегі айтуға бастайды. Ертегі ұнады ма? Ұл бала қызбен қандай қатынаста болды? Ұлды ол қалай атады? Апасы інісімен қандай қатынаста болды? Інісі қандай қиыншылыққа душар болды және не үшін? Аленушка неге көп жылады? Кімге олар жолықты? Көпес қандай адам? Мейірімсіз кім кездесті? Лақ осы уақытта қандай сезімде болды? Лақты не құтқарып қалды? Лақ қалай ұл бала кейпіне оралды? Балаларға қуана білу де жақсы нәтижелерге жеткізе білетінін түсіндіреді. Осы ертегіде не жеңіске жетті? Ойын «Мейірімділікке не әкеледі?» Адамгершілік сапаларын атайды: Қуаныш Қынырлық Еркелеу Еңбекқорлық Жалқаулық Өкпелегіштік Үлкендерді сыйлау

Естіген ертегі туралы өз пікірлерін айтады

Мейірімді: апасы Аленушка, інісі Иванушка

Апасы інісін жақсыкөргендігін түсінеді,оған қамқорлық жасайды.

Ертегідегі жағдайды естеріне түсіреді.

Бақытсыздық жағдайды себебін түсіндіреді: інісі апасын тындамайды, қынырлық көрсетеді, шыдамайды. Ол інісін аяйды, ол туралы уайымдайды.

Көпес мейірімді екенін түсіндіреді.

Зұлым мыстан өзінің істеген істерін айтады.

Сағынған себептерін түсіндіреді(жемейді,ішпейді,

Апасын әр кеште шақырады)

Зұлым мыстанның арам ойларын жеткізеді.


Үш рет басымен аударылып түседі.

Лақ апасы туралы көбірек ойлағанынын түсінеді.

Қорытынды шығарады, мейірімділік зұлымдықты жеңеді.

Мейірімділікке немесе зұлымдылыққа не алып келеді, жауап береді.

Қорытынды бөлім

Балалардан ертегі айтатын адамдарды қалай атайтынын сұрайды. Балаларға ертегіде шынайлық бар екендігін айтады

Алдарында кім болғаныны сұрайды.

Ертегі жақсылыққа апаратынын түсінеді




Тексерді:

Ескерту:



Педагогикалық қолдауына мұқтаж болған балалар:

8Ұйымдастырылған оқу қызметі жоспары

Педагогтың аты-жөні

Жумашбекова С.Т

Күні

22.10.21ж

Тобы

№9 ересек топ

Білім беру саласы

«Коммуникация»

Бөлім

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы

«Әңгімелеп айт…».

Мақсаты

Көлемі әртүрлі, екі бірдей ойыншықты бейнелеп, сипаттау әңгіме құру дағдыларын қалыптастыру

Сөздік жұмыс

ботақан, құлыншақ. 

Көптілді компонент

құлыншақ-жеребёнок,ботақан-верблюжонок,мысық-кошка.

Ресурстар

ойыншықтар.

Барысы

ҰОҚ кезеңдері

Педагогтың әрекеті

Тәрбиеленушінің әрекеті

Кіріспе бөлім

М.Әлімбаевтың «Ойыншықтар» өлеңін оқып беру: 
Біздерде бар қуыршақ, 
Бұзау, қозы, құлыншақ. 
Ойыншықтар тыңдайды, 
Айтқаныңнан шықпайды.

Балалар өлеңді қызығушылықпен тыңдайды.


Негізгі бөлім

Өлеңнің мазмұнын түсіндіріп, өлең жолдарын жаттауға ұсыныс жасайды. Бүгінгі оқу іс-әрекетінде ойыншықтармен танысатындарын айтып, балалардан топта, үйлерінде қандай ойыншықтар барын сұрайды. 
-Сенің қандай ойыншығың бар? 
-Ойыншықтарыңды жақсы көресің бе? 
-Қандай? (үлкен, кішкентай). 
-Сен онымен ойнап болған соң, орнына жинайсың ба? 
-Ойыншықтардың тұратын жерін білесің бе? 
Ойыншықтарды лақтырмай, сындырмай, ұқыпты ойнау керектігін айтады.
Ғажайып сәт: «Сиқырлы сандық». 
-Қане, сандықта не бар екен? Деп балалардың көңілін аударады. 
-Ботақан, мысық, құлыншақ бар екен. 
-Енді осы ойыншықтарға әңгіме құрастырайық. Әңгіме құрастыруға көмектеседі. 
Ботақан, құлыншақ туралы түсіндіреді. 
Сергіту сәті: 
Тікірейіп құлағы, 
Менен бұрын тұрады. 
Бойын жазып керіліп, 
Беті-қолын жуады. 
Ойыншықтарды балалар қуана қабылдайды. 
-Менің ойыншық мысығым бар. 
Мысықтың екі құлағы, төрт аяғы, құйрығы бар. Мысығым аппақ. 
Ол сүтті өте жақсы көреді. 
-Менде құлыншақ бар. 
-Құлыншақ кішкентай, әдемі. 
Мен құлыншақты жақсы көремін. 
-Менде ойыншық ботақан бар. Ботақанның құлағы, төрт аяғы бар. 

дидактикалық ойыны «Айнытпай сал»
Тәрбиеші ойынның шартымен таныстырады.Қай ойыншықты көрсетсе сол ойыншықты қимылмен тез,әрі жылдам көрсетулері керек

Жаттауға талпынады







Сұрақтарға жауап береді. 









Ойыншықпен ұқыпты ойнауды түсінеді. 














Сергіту сәтін жасайды.





Балалар қимыл-қозғалыс жасайды. 
Ойынды түсініп ойнауға талпынады. 
Тез көрсетуге тырысады. 
Балалар жылқыны көрсетеді. 
Балалар мысықты көрсетеді. 
Ботақанды көрсетеді. 
Өлең жолдарын бірнеше рет қайталап жаттайды. 

Қорытынды бөлім

Балаларға сұрақтар беріп қайталатады. 
Балалардың түсінгендерін, қимыл-қозғалыстарын, жақсы ойнаған балаларды бағалайды, мадақтай-ды.

Балалар қайталайды. Балалар түрлі қимыл-қозғалыстар жасайды. 



Тексерді:

Ескерту:



Педагогикалық қолдауына мұқтаж болған балалар:




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
«Табиғат бұрышындағы еңбек»

Автор: Жумашбекова Саягул Тохметовна

Дата: 31.10.2021

Номер свидетельства: 590128

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) ""Табиғат бұрышындағы еңбек""
    ["seo_title"] => string(26) "tabigat_buryshyndagy_enbek"
    ["file_id"] => string(6) "525364"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1572721669"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "Балаларды? таби?ат б?рышында?ы е?бегі жобасы"
    ["seo_title"] => string(53) "balalardyn-tabig-at-bu-ryshyndag-y-ien-bieghi-zhobasy"
    ["file_id"] => string(6) "262355"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1449318583"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(132) "Баяндама "БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ЭКОЛОГИЯЛЫ? БІЛІМ МЕН Т?РБИЕ БЕРУ ЖОЛДАРЫ "
    ["seo_title"] => string(77) "baiandama-bastauysh-synyptarda-ekologiialyk-bilim-mien-t-rbiie-bieru-zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "149100"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1419950407"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(97) ""Л-Р" дыбыстарының дидактикалық ойындарда қалыптасуы"
    ["seo_title"] => string(51) "l_r_dybystarynyn_didaktikalyk_oiyndarda_k_alyptasuy"
    ["file_id"] => string(6) "432597"
    ["category_seo"] => string(10) "logopediya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1508137610"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) "Бастауыш сынып оқушыларын еңбекке баулу әдістері"
    ["seo_title"] => string(55) "bastauysh_synyp_ok_ushylaryn_ien_biekkie_baulu_distieri"
    ["file_id"] => string(6) "381533"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1484890610"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства