Мақсаттары:
Тәрбиелік: Сипап-сезу арқылы, заттардың қасиетін анықтауға үйрету.
Дамытушылық: Заттардың құрылымын ажыратуға тәрбиелеу.
Оқыту: Сипап-сезу арқылы, заттардың қасиетін анықтауға үйрету.
Педагогикалық технологиялар: Түсіндіру, Көрсету, Әңгімелеу,Ойын,сұрақ – жауап.
Просмотр содержимого документа
«" Сыйқырлы дорба "»
Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Өткізу күні:
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Таным»
Пән: Жаратылыстану.
Өтпелі тақырып: « Тірі және өлі табиғат»
Тақырыбы: «Сиқырлы дорба»
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Сипап-сезу арқылы, заттардың қасиетін анықтауға үйрету.
Дамытушылық: Заттардың құрылымын ажыратуға тәрбиелеу.
Оқыту: Сипап-сезу арқылы, заттардың қасиетін анықтауға үйрету.
Педагогикалық технологиялар: Түсіндіру, Көрсету, Әңгімелеу,Ойын,сұрақ – жауап.
Ресурстармен қамтамасыз ету: дорба, түрлі көлемдегі заттар.
Билингвальдік компонент: дорба – мешок, ойыншықтар – игрушки.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Балалар сабағымызды бастамас бұрын алдымен амандасып алайық.
Балалар қараңдаршы біздің топтың ойыншықтары қайда кеткен?
Балалар тәрбиешімен үш тілде амандасады
Балалар жан-жақтарына қарайды
Ойыншықтардың жоқтығын біледі
Негізгі бөлім:
Балалар мен сендерге бір қызық көрсетемін.
Менде өте сиқырлы дорба бар.
Сол дорбаға барлық ойыншықтар сендерден тығылып қалыпты. Сендер оны көргілерің келе ме? Олай болса дорбаны көрсетемін және сендермен ойын ойнаймын.
Сендер дорбаның ішінде не бар екенін анықтайсыңдар.
Сергіту сәті:
Бір, екі – еңкей,
Бүгілмесін тізең.
Үш-төрт шалқай
Иілмесін тізең.
Қолды көтер аспанға
Саусақты сөз, жасқанба.
Сергіту сәтін қимыл-қозғалыспен тәрбиешінің көрсетуімен орындайды.
Балалар тәрбиешіге назар аударады
Дорбаның бар екеніне қызығады
-Мен дорбаны көргім келеді
Балалар сөздердің орысша қазақша баламасын қайталайды
Балалар ойын ойнауға қызығушылық танытады
Балалар бір-бірден келіп тәрбиешінің қолындағы дорбадағы затты алып сипаттайды.
-Қуыршақ
-Шаршы
-Конструктор және т.б. алып сипаттады.
Қорытынды:
Балалар енді сендерге келесі тапсырма осы сиқырлы дорбадағы заттарды орындарына қою.Балалар сендерге көп рахмет.Балалар тапсырманы қуана-қуана орындайды. Ойыншықтарды орындарына қояды. Жасаған жұмыстарына қуанады.
Заттардың сыр-сипатын ажыратуды.Заттардың қандай болатынын.Сипап-сезу арқылы заттың не екенін анықтайды