kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Статья "Патриотическое воспитание"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Патриотическое воспитание подрастающего поколения - одна из самых актуальных задач нашего времени. Огромные изменения произошли в нашей стране за последние годы. Это касается нравственных ценностей, отношения к событиям нашей истории. У детей искажены представления о патриотизме, доброте, великодушии. Изменилось и отношение людей к Родине. Сегодня материальные ценности доминируют над духовными. Однако трудности переходного периода не должны стать причиной приостановки патриотического воспитания.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Статья "Патриотическое воспитание"»


ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ – ТӘРБИЕ НЕГІЗІ


Балаларға патриоттық тәрбие беру мәселесі Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғарғы оқу орындарына дейінгі орталықтарда барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу – тәрбиешінің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы» - деген еді.

Әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде Отан сүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады. Ол ең алдымен, «ұлтжандылық», «отансүйгіштік», «патриотизм» ұғымдары сол заманның ақиқаты – наным – сенімінен туындайды.

«Ұлтын сүю - ұлтшылдық емес, ұлтжандылық» деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай, ұлттық болмысты нығайту – өзін басқалардан жоғары қою болып саналып, ұлтшылдық ретінде қаралмауы тиіс. Патриоттық сезім – Отанға, туған өлкеңе, өскен ортаңа деген сүйіспеншілік. Өз ұлтыңды құрмет тұту, туған тарихтан, ана тілден ажырамау, міне, бұл – ел ертеңі - жас ұрпақтың бойына сіңіретін қағидалар.

Қасиетті сезім ананың сүтімен бірге өзінен – өзі келмейтін баланың бойында біртіндеп қалыптасатын құдіретті сезім. Ол адамның саналы өмірімен қабаттас қалыптасатын психологиялық, саяси – әлеуметтік құбылыс. Патриоттық сезім жалпы адам баласының еліне, жеріне, өз тілі мен мәдениетіне, ұлттық құндылықтарына жеке қатынасын, өзіндік бағасын түйсінуін, қуаттап қолдауын пайымдайтын сезім көрсеткіші болып табылады. Осыған орай Н. Ә. Назарбаев, – патриотизмді «әр этностың ұлттық сезімін сыйлап, бірде – бір ұлтпен қарама – қайшылық туғызбау» – деп белгілеген. Одан, «ұлттық патриотизм», «қазақстандық патриотизм» – деген екі ұғымның туындағаны белгілі. Еліміз егемендік алғаннан бері жас ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы – қазақстандық патриотизм болды. «Қазақстандық патриотизм» ұғымы біздің тәуелсіздігімізбен қоса туған жаңа сөз болып, еліміздегі саяси – әлеуметтік ахуалдың ерекшелігін көрсетеді. Елімізде жүзден аса ұлттар мен ұлыстардың өкілі өмір сүруде. Қазақстан олардың көпшілігінің туған Отаны және бұдан былай да мәңгі тұрақтап қалар мекені болмақ. Сондықтан олардың әрқайсысы Қазақстанды ата – жұртым деп танып, оның тәуелсіздігін қорғауға және материалдық байлығын арттыруға еңбек етуі тиіс.

Сол себепті қазақстандық патриотизм ұғымы күнделікті өмірде жиі қолданылып, кеңінен қалыптасып келеді. Бұл ұғымның педагогикалық жүгіне келер болсақ, ол болашақ Қазақстан азаматтарын тәрбиелеумен тығыз байланысты. Қазақстандық патриотизм – Отан – анаға деген сүйіспеншілік пен азаматтық ерлік, өнеге көрсетушілік, бойдағы білім мен білікті, ақыл – парасатты ел игілігіне жұмсау, атамекен мүддесіне арнау болмақ. Өз елінің өткенін, тілін, әдет – ғұрпын, салт – дәстүрін құрметтей білу де осы қазақстандық патриотизм құрамына кірсе керек.

Ұрпағымызды кеудесінде  намысы бар, білімді, туған елін, жерін сүйетін өнегелі ұрпақ етіп өсіргіміз келсе, бар назарды келешек ұрпақ тәрбиесіне аударуымыз қажет. Қазіргі білімнің болашағы мол факторларының бірі – патриоттық тәрбие.

Заманауи ұлттық идеямызды балабақшада тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндерден бастап оқушыларға кеңінен  жеткізу үшін бар күшті салған артықтық етпейді. Әр баланың  санасына, өмір салтына сің­ген құндылық пен сенім «Мәңгілік Ел» ор­натудың қозғаушы күші болары күмәнсіз.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев мемлекеттік білім құжаттарында маңызды орынды патриотизм, патриоттық тәрбиеге береді. Патриоттық тәрбиенің мазмұны мынадай қасиетті қалыптастыруды көздейді: Отанын сүю және азаматтығын мақтан тұту; өз отанының болашағы үшін, мамандығы үшін қызмет ету, ана тілін жетік меңгеріп сүйе білу халқының салт – дәстүрін, ерекшеліктерін білу, дінге, тарихи мұраларға құрметпен қарау, өз отандастарына, сондай – ақ басқа ұлт өкілдеріне адамгершілік көзқарас білдіру.

Елбасы  Қазақстан халқына арнаған жолдауларының бірінде «оқыту үдерісінің тәрбиелік құрамдасын күшейту қажеттілігін» ерекше ескерткен және олардың ең бастыларының қатарында «патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, ұлтаралық келісім мен толеранттылық, тәннің де, жанның да дамуы, заңға мойынұсынушылық» аталып өткен, сонымен қатар, «бұл құндылықтар меншіктің қандай түріне жататынына қарамастан барлық оқу орындарында да сіңірілуге тиіс». Ендеше, патриотизм идеясы жастарға білім мен тәрбие берудің барлық бағдарламаларынан көрініс табуы керек, жалпы көпшіліктің де одан хабардар болғаны жөн.

Патриоттық тәрбие негізі психологиялық-педагогикалық процестің ішкі байланыстарын білдіреді және жасөспірімдерді, ерлік, әскери және прогресті халық дәстүрлерінде оқытудың және тәрбиелеудің бірлігін анықтайды. Отансүйгіштік, отаншылдық тәрбие жасөспірімдердің жас ерекшеліктеріне сәйкес, оларға «ерлік» және «патриоттық» категорияларының практикалық тұрғыда жеке тұлғаның патриоттық танымы және тәрбиесінің жоғары деңгейде қамтамасыздандырылуына бағытталған патриоттық іс-әрекетке араласуына алып келеді. Отансүйгіштік тәрбие негізін дамытудың мәні жеке тұлғаның жоғары әлеуметтік белсенділігін көрсететін және қалыптастыратын идеялық-адамгершілік, моральдық-еріктілік, еңбек және дене сапаларын тәрбиелеудегі ішкі байланыстарды анықтау және саралау болып табылады.

Жеке бас  тәрбиесі тәуелсіз Қазақстанның жаңа қоғамында материалдық өндіріс және рухани өмір, сондай-ақ қоғамдық-саяси құрылымдардың толық қатысу әсері арқылы жүзеге асатын объективті әлеуметтік процесс ретінде қаралады.

Қазақ халқының білімпаз да көрнекті өкілдерінің ілімдері мен іс-әрекеттерінде екі бағыт анық байқалады: бір жағынан - Қазақстанға, Отанға, өз халқына деген шексіз сүйіспеншілік; екінші жағынан - халықтар достығына шақыруы, үндеуі және қорғауы. Бұл ақиқаттар қазіргі уақытта да өз мәнін жойған жоқ: ізгілікті, өркениетті патриоттық әрқашан да халықтар достығы тәрбиесімен және идеясымен бірлікте болады.

Балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің бірден бір педагогикалық негізі – патриотизм. Бұл «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясында: «Отаншылдық, отансүйгіштік, патриотизм - адамның Отанына, туған еліне, оның тіліне, салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімі», - деп анықтама берілген. Зерттеуші Г.Д.Махатованың көзқарасы бойынша, «патриотизм»- адамның туа біткен, биологиялық қасиеті емес, ол -әлеуметтік, тарихи қалыптасқан, отанға деген сүйіспеншілік сезім, ол Отанға қызмет етуден керінеді. Егер педагогика тарихына тоқталсақ, түрлі кезеңдерде патриотизм, кеңестік «патриотизм», «ұлтжандылык», «қазақстандық патриотизм», Отанға деген сүйіспеншілік, оны жүзеге асырудың жолдары туралы айтылған педагогикалық түжырымды ойлар бұл мәселенің тамыры тереңде екендігін көрсетеді. 

«Патриотизм» сөзі (грек тілінде «patrіots» - отандас, «paths» - отан, атамекен) Отанға деген сүйіспеншілікті, оған адалдықты, өз іс-әрекеттерімен оның мүдделеріне қызмет етуге ұмтылысты, сондай-ақ, туған жеріне, тұрақтаған мекеніне бауыр басушылықты білдіреді. Оның қазақшасы - жерлес, отандас дегенді білдіреді, яғни Отанын, ұлтын сүю, оны жаудан қорғау.

Патриотизмнің тарихи элементтері туған жерге, ана тіліне, салт-дәстүріне сүйіспеншілік түрінде, ықылым заманнан қалыптаса бастаған. Таптық қоғамда патриотизмнің мазмұны да таптық тұрғыда көрініс табады, өйткені әрбір тап Отанға деген көзқарасын өз мүддесі тұрғысынан білдіреді. Патриот - Отанын, халқын жері мен суын шынайы сүйетін, халық мүддесі үшін бар күш-жігерін, қабілетін аямайтын адам. Олар өз Отанының жалынды патриоты, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығының озаттары, спорт белсенділері.

Адам баласының әрқайсысының өз пешенесіне жазылған өмір жолы болатыны тәрізді кез келген халықтың, қоғам мен мемлекеттің өз тарихи ғұмыры бар. Ол көне тіршілік көшінде сан алуан түрде көрініп келе жатқан күрделі үрдіс. Әр ұрпақ өзінен бұрыңғы ұрпақтың жалғасы болғанымен, өз дәуірінің шыңырауына үн қосып, өз соқпағын іздейді.

Отан дегеніміз – халық. Халық дегеніміз – адам. Адамды сүю оған жақсылық жасау. Ендеше отаншылдық – сонау ерте замандардан қалыптасып келе жатқан қасиетті есім. Отаншылдыққа тәрбиелеу ұлттық ерлік дәстүрлерге сүйене отырып, жас өскіннің ішкі жан дүниесі, ой санасы мен сезімін дамытып, қалыптастыруға бағытталуы керек. Бұл ретте Н.Назарбаевтың «Қазақтың ұлттық сана-сезімін дамыту – қазақ деп аталатын таңғажайып, әрі бай тарихи және мәдени байтаққа өз қатысының барын сезіну»,-дегені біздің ұстанып отырған пікірімізді қуаттай түседі.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Статья "Патриотическое воспитание"

Автор: Кошанова Ардак Дамировна

Дата: 20.01.2022

Номер свидетельства: 598382

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(90) "Статья. Патриотическое воспитание в детском саду"
    ["seo_title"] => string(48) "statia_patrioticheskoe_vospitanie_v_detskom_sadu"
    ["file_id"] => string(6) "637984"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1697258720"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(147) "Статья "Патриотическое воспитание учащихся на уроках истории и обществознания" "
    ["seo_title"] => string(93) "stat-ia-patriotichieskoie-vospitaniie-uchashchikhsia-na-urokakh-istorii-i-obshchiestvoznaniia"
    ["file_id"] => string(6) "105260"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1402836549"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(178) "статья "Патриотическое воспитание на уроках истории и во внеурочное время для обучающихся с ОВЗ" "
    ["seo_title"] => string(113) "stat-ia-patriotichieskoie-vospitaniie-na-urokakh-istorii-i-vo-vnieurochnoie-vriemia-dlia-obuchaiushchikhsia-s-ovz"
    ["file_id"] => string(6) "240670"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1445087136"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(143) "Статья  "Патриотическое воспитание детей и молодежи музыкальными средствами" "
    ["seo_title"] => string(83) "stat-ia-patriotichieskoie-vospitaniie-dietiei-i-molodiezhi-muzykal-nymi-sriedstvami"
    ["file_id"] => string(6) "111885"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1408020648"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(104) "Статья "Патриотическое воспитание защитников Отечества""
    ["seo_title"] => string(64) "stat_ia_patriotichieskoie_vospitaniie_zashchitnikov_otiechiestva"
    ["file_id"] => string(6) "382935"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1485188268"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства