Просмотр содержимого документа
«Шағын орталық тәрбиешісі»
Батыс Қазақстан облысы,Теректі ауданы,
Подстепный №1 жалпы орта білім беретін мектебі
Баяндама
Тақырыбы:«Ұсақ қол моторикасын қолдану арқылы баланың
тілін дамыту»
Дайындаған: «Еркетай» шағын орталығының
тәрбиешісі: Г.Қ.Бахтыгереева
2017 жыл
Мазмұны:
Кіріспе
Ұсақ моториканы дамыту арқылы сөйлеу тілін жетілтірудегі саусақ ойын-жаттығуларының маңызы
Бала саусағын ойната отырып тілін дамыту
Саусақ ойын жаттығуларын орындауға бағыт
«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл- ойдың қалыптасуы мүмкін емес»
В.А.Сухомлинский
Кіріспе
Мектепке дейінгі ұйымдардағы оқыту-тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту,сөздік қорларын молайту,ауызша сөйлеге үйрете отырып,
үйренген сөздерін күнделікті өмірде қолдану,одан әрі күнделікті іс- әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.Мектеп жасына дейінгі балалармен ойын жаттығуын жүргізу – тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.
Балалармен ойын жаттығуларын жүргізе отырып,оларды айналысындағы заттармен таныстырып,атын атай білуге,қасиеті мен сапасын,түр-түсін және пішінін ажырата білуге,өмірдегі ,қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым,түсініктерін дамыта отырып,белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйрету.
Мектеп жасына дейінгі балаларды жасына дейінгі балалардың сөздік ойын жаттығуларын дамыту ісінде тәрбиешінің:
балалардың сөздік қорларын дамыту;
жаңа іс-қимылды меңгерту;
үйренген сөздерін,іс-қимылдарын тиянақтап,анықтап,әрі байытып отыру басты міндет саналады.
Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі ойын жаттығулар жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс.Балалардың сөздік қорын молайтуда ойын,тапсырма жаттығулардың орны ерекше.Соның ішінде ойын – баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналысындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып,таңдап алады.Баланың ерекше бір қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды.Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп,таным белсенділігінің дамуына жол ашады.
Халық даналығында «Ойнай білмеген,ойлай да білмейді», «Ойында озған,өмірде де озады» деген аталы сөздер сырына жүгінсек,мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген құлқы,қарым-қатынасы,мінез-құлық көріністері олар өсіп- есейгенде де жалғаса береді.
Мектепке дейінгі тәрбиеленушілерде педагогикалық процестер барысында баланың көңіл-күйлерін анықтап,жағымды мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру көзделеді.Ойын жаттығулар арқылы баланың білімділі дағдыларын күнделікті іс-әрекетте қолдана білу мүмкіндіктері қарастырылады.
Ойындардың негізгі мақсаты балалардың ықылас зейінін,сөздік қорын,байқампаздығын,есте сақтау,қабалдауын дамытуға,икемділікті арттыруға,өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау,қалыптастыру.Ойынға зер салып,ой жүгіртіп қарар болсаұ,сол ойындардан үлкен де мәнді,мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз.Өйткені ең алдымен не нәрсенің болсын жөн бастар қайнар көзі болатыны белгілі.Сондықтан ойын бала бойындағы қандай да бір өнердің бастауы деп білеміз.
Ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан ,әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық- саусақ ойыны.Саусақ ойының ойнай отырып,балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды ,жан-жануарларды,құстарды,ағаштарды көптеген бейнеларді бейнелей алады.
Ұсақ моториканы дамыту арқылы сөйлеу тілін жетілтірудегі саусақ ойын-жаттығуларының маңызы
Ұсақ мототриканы дамыту жұмыстарын ерте сәбилік шақтан бастаған дұрыс.Ұсақ моториканы дамытудың маңыздылығы неде? Адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан.
Педагогтар мен балалар психологінің мақсаты-ата-аналарға ұсақ моториканы дамыту ойындарының маңыздылығын ұғындыру.Ұсақ мототриканың қимылдары мен қолдың икемдігі бас миының құрылымының даму деңгейін көрсетеді.Осыдан келіп қол қимылдарын басқара білу туады.
Бүгінгі күнде балаларында жалпы моторлық артта қалушық байқалады,өйткені балабақшадағы балалардың ешбірінде баулы аяқ киім кездеспейді.Бау байлауды үйрету ата-анаға да тірбиешіге де қиындық туғызатын болса керек.Жалпы моториканың дамуының аздығын,соның ішінде қол қимылының аздық себебін зерттей келе қазіргі заманғы барлық баланың жазуға дайын еместігі немесе тілінің дамуында бір ақау бар екендігі анықталды. Осыдан келе мынадай өорытынды шығаруға болады: егер тілінің дамуында ақау болса,онда бұл ұсақ моториканың мәселесі.Егер 4-5 жастағы балада бау байлау қиындық келтірсе,ал,ермексаздан тек шар мен ұзынша жабыстырылса және 6 жаста тиек тігу орындалмас қауіпті іс болса,онда сіздің балаңыз кінәлі емес.
Өкінішке орай көп ата-ана қолдың икемі мен ұсақ моториканың даму деңгейінің төмендігін тек мектепке барарда ғана байқайды.Бұл балаға өте ауыр жүк.Жаңа хабарларды қабылдаумен қатар,икемге келмейтін саусақтарымен қарандашпен жазып үйренуі керек.
Егер сіз бірінші сынып оқушысында жазуда қиындық болмасын десеңіз немесе 3 жастағы баланың тілінің дамуында ақау болмасын десеңіз дамыту ойын- жаттығуларын бала туылған соң екі айдан кейін бастаңыз.Ұсақ моториканы дамыту әдістемесі мұндай жағдайда өте тиімді.
Бала саусағын ойната отырып тілін дамыту
Адамның он екі мүшесінің тіршілікте атқарар міндеті зор.Соның ішінде
екі қолға бес-бестен біткен он саусақты күнделікті қажетті жұмыстарды атқаруға пайдалатынымыз белгілі. Сонымен қатар ертеден бізге жеткен «Қуырмаш» ойынынан саусақ атауларын бала тәрбиелеуге,оның тілін жетілдіруге,ойын ұштауға әдемі пайдаланғанын білеміз.
Саусақ гимнастикасын күн сайын 3-5 минуттан жеке және топпен өткізуге болады.Егер бала қимылдарды өз бетімен орындауда өтналса онда ол жаттығуды жеке сабаққа қалдырып,пысықтауға болады.Жаттығу нәтижесінде бала саусақ қимылдарын өз бетімен және жеіңл орындайды.Ойын қимылдары әрдайым қызықты да,тартымды болуы шарт,баланы мезі қылмауы керек.
Саусақ ойындарының нәтижесінде:
баланың сөйлеу тілі жетіледі.
икемділігі артады
танымдық деңгейі артады
қимыл-қозғалысы артады
логикалық ойлауы дамиды
Саусақ ойын жаттығуларын орындауға бағыт
Саусақтардың көмегімен «Балықтар», «Қолғап», «Торғайлар», «Тук-ток», «Өрмекші», «Шағала», «Аралар» өлең-тақпақ шумақтарын,әндетңп орындау арқылы қолдың негізгі қызметін жаттықтыру.Саусақ ойын жаттығулары мен тапсырмалары арқылы,баланың білім-білік дағдылдарын күнделікті іс-әрекетте қолдану мүмкіндіктері қарастырылады.
Саусақ ойыны: «Торайлар»
Біздің барлық саусақтар торайлар,
Олар билей біледі,
1 саусақ,2 саусақ,3 саусақ,4 саусақ,5 саусақ
Барлығы бірге билейді.
Баяндамамды қорытындылай келе, кішкентай ғана сәбидің қалайтыны
қозғалу ,қозғалыс – әлемді танудың мүмкіндігі.Яғни, бала қозғалысының дәл және нақты болса,оның әлемді ақылмен тануы да терең бола түспек.