kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Баяндама Ша?ын орталы?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ша?ын орталы? ??рылымында педагогикалы? жа?а инновациялы? технологияны ендіру

І. Кіріспе б?лім
Т?рбие мен білімні? ал?аш?ы д?ні – мектепке дейінгі т?рбие оша?ы.

ІІ. Негізгі б?лім.
Ша?ын орталы? ??рылымында педагогикалы? жа?а инновациялы? технологияны ендіру.
Мені? іс - т?жірибемнен

ІІІ. ?орытынды б?лім
?ркениет жолында ал?а ?мтыл?ан ?лт, е? алдымен келешек ?рпа??а о?у – білім ж?не т?рбие беру ісін д?рыс жол?а ?оюы тиіс. ?лтты? келешегі, с?з жо? т?рбиелі ?рпа??а байланысты. Отбасында ата - ананы? ы?ыласы мен мейірімінен н?р ал?ан бала балаба?шада т?рбиешілерді? ш??ылалы шуа?ына б?ленеді. Баланы? бойында?ы жа?сы ?асиеттермен м?мкіндіктерді ашып, оларды? ?негелі де т?рбиелі болып бой т?зеуіне балаба?шаны? ма?ызы зор. Ша?ын орталы? – б?л бала т?л?асымен сапасыны? дамуы ?уатты ж?ретін, ерекше ??нды ?айталанбас кезе?і. Сонды?танда балаба?шада бала т?рбиелеп, олармен ж?мыс істеу ?иын да жауапты ж?мыс. Балаларды с?йлеу, ?орша?ан орта?а д?рыс к?з?араста болу, жа?дайларды обьективті т?рде ба?ылап, талдау жасау?а ?йрету, ойын д?рыс айту?а, д?лелдеуге, с?йлеу м?дениетіне ?йрету т?рбиешіні? т?ліміне байланысты. ?рине, оларды? зейіні т?ра?сыз, импульсивті ?абылдау м?мкіндіктері ?рт?рлі. Дегенмен ?р баланы? ?р н?рсеге бейімі болады. Баланы? т?л?алы? дамуына, ?алыптасуына ба?ыт - ба?дар беретін жа?дайлар жасау ар?ылы бас?ару болып табылады.
Ша?ын орталы?ты? міндеттері:
Салауатты ?мір салтыны? ??ндылы?ына балаларды ?атыстыру;
Эмоционалды? аман - саулы?ын ?амтамасыз ету, ?рт?рлі к?ркемдік іс - ?рекет т?ріне жа?дай жасау;
Талабын, білуге ??марлы?ын, еркіндігін дамыту;
Айналада?ы ?лем жайында білімін ?алыптастыру;

Ша?ын орталы?ты? ма?саттары:
Ту?ан жерін, хал?ын с?йетін, тарихын, м?дениетін, ?дет - ??рпын жа?сы білетін ?рпа? т?рбиелеу;
Денсаулы?ын са?тау, ны?айту;
Психологиялы? дамуына жа?дай жасау (есте са?тау, ойлау, ?абылдау);
Мектепке о?у?а дайынды? (мектеп, мектеп ережесі, ?о?ырау, ?зіліс);
ХХІ ?асыр білімділер ?асыры бол?анды?тан, б?гінгі та?да заман?а сай зерделі, ой - ?рісі жо?ары, жан - жа?ты дамы?ан ?рпа? ?алыптастыру мемлекетімізді? ал?а ?ой?ан аса ма?ызды міндеті болып т?р. Т?рбие мен білімні? ал?аш?ы д?ні – мектепке дейінгі т?рбие оша?ында беріледі. ?аза?стан Республикасыны? 2015 жыл?а дейінгі білімді дамыту т?жырымдамасында «мектепке дейінгі т?рбие - ?здіксіз білім беруді? ал?аш?ы сатысы»

Мектепке дейінгі ж?не жалпы білім беруді? ба?дарламасыны? саба?тасты?ы мынандай:
Болаша? баланы? танымды? белсенділігіні? негізі ретінде мектепке дейінгі баланы? білуге деген ??марлы?ын дамыту;
Баланы? жеке басыны? даму ба?ыттары ретіндегі шы?армашылы? ?иялын ?алыптастыру;
Шы?армашылы? ж?не бас?а міндеттерді ?з бетінше шешуді? ?дістері, ?ызметті? ?р т?рінде, оны? ішінде о?у ?ызметінде табысты болу?а м?мкіндік беретін ??ралдар ретінде бала ?абілеттерін дамыту;

О?у ?ызметі табыстылы?ы шарттарыны? бірі болып табылатын комуникативтілікті дамыту;
Бізді? балаба?шада мектепке дейінгі баланы? зияткерлі дамуына ерекше к??іл б?лінеді. ?йымдастырыл?ан іс - ?рекет ?рбір т?рбиешіні? шы?армашылы? ж?мысы. Т?рбиешіні? к?сіби ж?мысы ?аншалы?ты жо?ары болса, ол о?ытып т?рбиелеген т?рбиеленуші да соншалы?ты а?ыл - ойы да дамы?ан сауатты болады. К?п іздену, дайындалу, ?осымша ?дебиеттерді орынды ?олдана білу т?рбиешіні? негізгі ма?саты.
Мен ?зім т?рбиелеп отыр?ан «Тола?ай» ересектер тобында ?ткізген ?дістеріме то?талар болсам, б?л ?дістер балаларды? а?ыл - ойлары мен ?иялдарыны? дамуына ы?пал етеді.

«Си?ырлы б?та?» ?дісі: Та?ерте?гілік бала ?абылданып бол?аннан кейін балаларды т?гелдеу ма?сатында мен т?рбиешілерге мына «си?ырлы б?та?» ?дісін ?сынамын. Б?л ?діс негізінен т?рбиеленушілерді? к?нделікті балаба?ша?а ?ызы?ып келуіне ?сер етеді. Мені? т?рбиеленушілерім к?нде та?ерте? келген с?тте ?здеріні? суреті бар та?ия мен с?укелені ?орапшадан алып «Си?ырлы б?та??а» іледі. Б?л б?та?ты? си?ырлылы?ы бір к?ні б?та?та?ы с?укеле мен та?ия т?гел болса, бір к?ні б?та?та?ы заттар азаяды. Сонды?тан да б?та?ты си?ырлы деп атадым. Б?л ?дісім мені? тобымда?ы балаларды тез т?гелдеп алуыма к?мегін тигізеді. Б?л балалар ?шін де ?ызы?ты ?діс. Н?тижесінде балаларды? балаба?ша?а ?ызы?ушылы?ы оянады.
?ол?ап театры: Б?л ?ол?ап театрын к?біне к?ркем ?дебиет саба?ында пайдаландым. ?ол?ап театрында т?рлі - т?сті ?а?аздан кейіпкерлерді? бейнесін жасап оны ?ол?а кию ар?ылы ойнаттым. Мен осы т?сілді пайдаланып «?йшік» ертегісін ?ткіздім. М?нда жертесер тыш?ан, ба?ылдауы? ба?а, секек ?оян, жылма? т?лкі ж?не де ?орба?да?ан аюды жасадым. Б?л ?йымдастыр?ан іс - ?рекет ?ызы?ты да, ?серлі болды. Н?тижесінде балаларды ауызбіршілікке, досты??а, татулы??а ?йретеді.

Моторика: Мектеп жасына дейінгі балаларды? сауса? б?лшы? еттеріні? жа?сы дамуы оны? с?йлеу ?абілетіні? ?з де?гейіні? дамуына жа?сы ?серін тигізетінін к?птеген ?алымдар д?лелдеп отыр. Сонды?танда жатты?у жасап ?ана ?оймай, сауса?ты? ?имыл - ?оз?алысында ?атар дамытуды? ма?ызы зор. Сауса? б?лшы? еті, зейіні, ойлау, ?иял, ж?ріс - т?рыс, ба?ылау, естіп ж?не к?ріп есте са?тау, тілмен ?те ты?ыз байланыста болады. ?алымдар мынандай за?дылы?ты ал?а тартады: егер сауса?ты? ?имыл - ?оз?алысы жас ерекшеліктеріне с?йкес болса, онда тілді? дамуы ?з де?гейінде болады. ?олды? ?имылын дамыту ?немі ж?ргізіліп отыруы керек. Осы?ан с?йене отырып, «шы?армашылы?» білім саласы бойынша ?йымдастыр?ан о?у іс - ?рекетімде тіс пастасын пайдалана отырып сурет сал?ыздым. Т?рлі – т?сті пара??а тіс пастасымен, с?? сауса?тарымен ?ар ?лпаны? суреттерін сал?ыздым. Н?тижесінде сауса?ты? ?имыл - ?оз?алысы ар?ылы баланы? сурет салу?а ?ызы?ушылы?ы артады ж?не шатты??а, ?уаныш?а б?лейді.

«Оригами» ?дісі: Б?л ?дісті тіл дамыту о?у іс - ?рекетінде «К?ктем» та?ырыбында ?олдандым. Бірінші топ сурет салады, ал екінші топ оригами ?дісімен ж?мыс жасайды. Бір плакатты ?олдана отырып, суретшілер плакатты? жо?ар?ы ж?не т?менгі б?лігіне ?аламмен сурет салады, ал екінші топ дайын суреттерді орта??ы б?лігіне жабыстырады. Жо?ар?ы б?лігіне балалар б?лтты?, к?нні? суретін салады, ал т?менгі б?лігіне ш?п пен г?лді? суретін салады. Екінші топ сурет арасынан а?аш ?йді?, т?рт т?лік малды?, ?ойшы атаны? суреттерін тауып жабыстырады. Дайын бол?ан ж?мыстан к?ктем мезгіліні? бейнесі шы?ты. Н?тижесінде балалар ?йымшылды?пен ?ызы?а ж?мыс жасады. Балалар бір - бірін ты?дай білуге, ойланып ?рекет жасау?а да?дыланады.

«Супермаркет» ойыны: Бізді? ша?ын орталы?ымызда «Дамытушы орталы?» б?рышын жасап ?ойды?. Б?л б?рышта жинал?ан заттарымызды балалар ойын ?стінде ?олданады. Мысалы, мен «Супермаркет» ойынын жапсыру саба?ында ?олдандым, онда балаларды топ?а б?ліп ?рт?рлі тапсырмалар бердім. 1 - ші топ?а киімдерді? суретін, ІІ - ші топ?а сумканы?, ІІ - ші топ?а д?рі - д?рмекті?, І? - ші топ?а ая? киімні?, ? - ші топ?а опа, далап, ?тір суларды? суретін салуды ?сындым. ?р топ ?з сал?ан суреттерін ?иып, мені? ?олымда?ы плакатты? ?алташаларына киімдерді бір б?лек, сумканы бір б?лек, д?рілерді бір б?лек, ая? киімді бір б?лек, ?тір суларды орын - орындарына орналастырады. М?нда бала ?ай затты салу керектігін ?зі та?дайды. Б?дан балалар д?рыс ойлау?а ?йренеді. Б?л ойын ар?ылы баланы? ?андай зат?а ?ызы?ушылы?ы барын аны?тау?а болады. Б?л ойын баланы шапша?ды??а, жылдамды??а ?йретеді.

?уырша? театры: ?уырша? театрын к?ркем ?дебиет саба?ында жиі пайдаланамын. «Алдар к?се мен Шы? бермес Шы?айбай» ертегісінде кейіпкерлерді ?уырша? театры ар?ылы рольге б?ліп балаларды ойнаттым. Бізде ?аза?ы б?рышымызда к?птеген ?аза? хал?ыны? ?лтты? киімдерін, ?дет - ??рыптарын, салт - д?ст?рлерін т?рмысты? б?йымдармен танысады. Осы заттарды ?йымдастырыл?ан іс - ?рекет барысында ?олданып отырады.

«Жар?ырасын ж?лдызы?» интеллектуалды ойыны: Баланы? ой - ?рісін, білімін ке?ейту аясында «Жар?ырасын ж?лдызы?» интеллектуалды ойынын ?ткіздім. Балаларды бес сала бойынша ?ткен та?ырыптардан с?ра?тар беріп, білімдерін тияна?тау. Жарыс?а негізі алты бала ?атысады. Ойын т?рт турдан т?рады. ?р турды? н?тижесін ж?лдызша ар?ылы аны?таймын.
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Баяндама Ша?ын орталы? »

МЕКТЕП ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚТЫҢ САПАСЫН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ

Posted on 24.12.2011 by Редакция Оставить комментарий

 

 

 

 

 

 

Rate This



Қызылорда облысы, Қазалы  ауданы,  Әйтеке би кенті
№170 орта мектебі, Мектеп алды даярлық тобы мұғалімі
Қалдыбай Зина Оңалбайқызы

        Тәуелсіз Қазақстанның Білім заңына орай жаңа ұлттық білім үлгісі бойынша мектепке дейінгі баланың жеке басын тәрбиелеуде педагогикалық дамудың бұрыннан қалыптасқан әлеуметтік бағыттарын түбегейлі өзгеруге тура келеді.Бұл жастағы балалардың бойында адамға тән қасиеттердің жақсы, өнегелі үлгілерін ойдағыдай қалыптастыру арқылы мектепке дайындау мектепке дейінгі мекемелердің негізгі міндеті. Баланың тұңғыш рет мектеп табалдырығын аттап, білім алуға ден қоюы – оның өміріндегі дамуының негізгі кезеңі. Осы кезеңнен бастап баланың мінезі және жеке ерекшеліктері қалыптаса бастайды.

Мектепалды тобының балаларының мінезі мен ерекшеліктерін мектепке дейінгі дайындығын, денсаулығы мен даярлық сапасының бағалау өлшемін нақты білетін мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі әрі психолог, әрі медицинадан хабары бар, әрі әртістік шеберлігі өте мықты дамыған тәрбиеші болу керек.Ол:

—  Сабақты жаңаша шығармашылықпен жүргізе білетін .

—  Ұстаздық жүрегіне жылылық қалыптасқан.

—  Балалардың ойындағы әртүрлі шығармашылық өнерлерін танып жолға түсіре білетін.

—  Оқушылардың қызығушылығын оятып, оқу әрекетіне белсенділігін арттыра білетін.

— Баланың отбасы және қоғамдық қарым-қатынасын тиімді ұйымдастырудағы ата-ана қызметінің проблемаларын нақты шешіп, жол көрсете білетін ұстаз болуы қажет.

Балалар денсаулығына қамқорлық – мектеп жағдайында мектепалды даярлық сапасын бағалау үшін біз баланың жан – жақты жағдайын мынандай кретрийлерге бөлдік.

Психологтар мен педагогтар осы кезеңдегі дайындықты жалпы және арнаулы деп екіге бөледі, соған байланысты балабақшада жалпы және арнаулы дайындықтар жүргізіледі.

        Жалпы дайындық – ол псхологиялық, адамгершілік және дене дайындығы. Адамгершілік дайындық және ерік дайындығы бір – бірімен тығыз байланысты. Әр баланың басқа баладан ерекшеленетін өз мінезі бар, соған байланысты істеген ісін, қылығын басқарып үйренуге тиісті. Сонда ғана мектепке барғанда  тез тіл  табысып кетеді.

 Психологиялық дайындық —  ол таным процестерінің дамуымен байланысты. Балалар өз еркімен жұмыс істеуге әлі толық дайын емес, зейіні тұрақсыз, тез шаршайды. Мектепке барғанда мұғалім барлық ерекшеліктерді ескеріп, дайындық кезеңіндегі әдіс – тәсілді жалғастыра отырып, осындай таным процесін дамытады.

Дене дайындығы – мықты денсаулық, шыдамдылық қасиеттер балаларда болу үшін дербестік, еңбексүйгіштік, жинақтылық сияқты қасиеттері де даму үшін ата – аналардың көмегімен жұмысты бекіту керек.

        Әлеуметтік дайындық – оқуға, (дербес тапсырманы орындау) бастаған жұмысты аяқтауға қиыншылықтардан өтуге, ұстамдылыққа үйрету:

Жаңа ортаға үйрену.

а) құрдастарымен ұрыспау, ренжіспей тіл табысу

ә) үлкендермен тіл табысу

Баланы мектепке дайындықты балабақша мен мектептегі әдіс – тәсілдері ұштастыру арқылы жүзеге асыруға болады, бірақ оларға қойылатын міндеттілік, реттілік, ойын әдістерін пайдалану, өз кезегімен бір – бірден жауап беру сияқты талаптар бірдей болуға тиісті.

Арнаулы дайындық – мектепке баратын балалар санауды, әріптерді танып, біліп қана қоймай, қоршаған орта туралы да толық түсініктері болу керек. Сонымен бірге таным процестерін (ес, зейін, ой – қиял, қабылдау) де дамытып отыру қажет.

Оқушының мінез-құлқын, мәдениетін қалыптастыру мақсатында баланың мектеп табалдырығын аттамас бұрынғы психологиялық ахуалын зерттеу, тәрбие орнына яғни мектепке дайындығын анықтау болып табылады. Баланың мектепке психологиялық дайындығын зерттеу, тексеру мақсатымен олардың оқуға дайындық мүмкіндігін және даму дәрежесін анықтау үшін жүргізіледі. Зерттеу жұмысын жеке балалармен немесе топпен жүргізуге болады.

Психологиялық зерттеудің мынадай шарттары бар:

Баланың мектепке даярлығын мектепке дейінгі мекеме немесе балалар емханасындағы дәрігерлер анықтайды. Бала мектепке бармайтын болса онда оны жергілікті дәрігер анықтайды және баланың мектепке даярлық деңгейі медициналық психо-физиологиялық шарттар бойынша анықтайды. Баланың оқуға даярлығын терең зерттеу мектепке баратын жылдың алдында қазан немесе қараша айларында өткізіледі. Балалардың алғашқы әр жақты медициналық психо-физиологиялық тексеру нәтижесінде олардың зерттеу тәжірибесінде олардың дәрігерлік даму қатарына түсіріледі. Денсаулығын нашар әр түрлі ауытқуға ұшыраған балаларға және емдеу шараларының комплексі белгіленеді. Мектептегі оқуға қажет функциялары жете дамымай кемістігі байқалған балалардың тілдегі және қолдың бұлшық ет қозғалысын дамыту үшін әртүрлі жаттығулармен шаралары ұсынылады. Мұндай емдеу сауықтыру шараларын балалар емханасының маман дәрігері жүзеге асырады. Баланың дыбыстарды айтудағы кемістіктерді жою сабақтарын логопед жүргізеді. Қолдың бұлшық ет  қозғалысын дамытуға арналған сабақтармен жаттығуларды тәрбиешісі немесе ата – аналар жүргізе алады, атап айтқанда сурет салуды тапсыру. Құрастыру конструкциялық ойындар, әр түрлі жазу емлелерін жазып үйретуге болады. Осы психологиялық зерттеудің барысында мынадай нәтиже көрсетіледі.

Бала ақыл – ойының дамуы тек белгілі бір білім көлемін ғана емес танымдық іс-әрекет амалдары мен тәсілдерін игеруімен есте сақтау, елестету танымдық шығармашылық қабілеттерінің дамуын тұтас қамтиды. Баланың дамуы үшін есте сақтау мен ойлау қабілетінің мәні өте зор. Бұлардың бәрі қоршаған орта және өзі туралы білімді меңгеруі, мінез – құлық нормаларын игеруі, білім, білік, дағдысының қалыптасуы, есте сақтау және ойлау қабілеттерімен тығыз байланысты. Сөз бен сөйлеу әрекеті ойлау құралы болып табылады. Өйткені олардың негізінде логикалық ойлау, ұғым қалыптасады. 5 жасында  бала көрнекі — әрекеттік ойлаудан көрнекі – бейнелі ойлауға ауысады және 6 жасқа қарай ауызша – логикалық ойлауға үйренуі керек. Баланың көрнекі әрекеттік ойлауы заттармен нақты әрекеті арқылы жүзеге асады. Ол түрлі заттарды пайдалану, қоршаған ортамен, адамдармен қарым-қатынас жасау барысында білім және тәжірибе жинақтайды. Көрнекі – бейнелі ойлау мен оған ықпал ететін көрнекі – схемалық ойлаудың мәні одан туындаған жағдайларды шешу үшін бала заттардың өзіне емес, олардың бейнесіне сүйенуі арқылы бейнеленеді. Ол құбылыстар мен заттардың тек және қасиеттерін ғана емес неғұрлым маңызды байланыстарды, олардың арасындағы қатынастарды анықтап, схема бойынша жұмыс жасай біледі, заттарды әртүрлі кеңістікті елестете алады, оларды ойша орнынан ауыстыра алады. Бұл кітаптағы тапсырмалар мазмұны қоршаған орта қоғамдық өмірдегі құбылыстар, олардың арасындағы байланыстар мен қатынастар, адамның әлемдегі орны, табиғат пен оның құбылыстары,өсімдіктер мен жануарлар туралы білімдерді қамтиды. Оларды орындау барысында бала заттар мен құбылыстардың мәнді белгілерін айқындауды, кейбір дерексіз ұғымдарды сипаттауды, уақыт қатынасын, себеп- салдарды, кеңістік, көлем, өлшем туралы түсініктерді игереді. Ол сөздерді еркін қолдануды, өз пікірін айтуды, оны негіздеуді, қарапайым заңдылықтарды анықтауды, салыстыруды, талдауды, пайымдау логикасын, ойлануды үйренеді. Сөздік қоры, тіл байлығы артады, сюжеттік әңгімелер құру қабілеті дамиды.

Баланың ойлау және сөйлеу қабілетінің дамуы саусақтарының ұсақ бұлшық еттерімен, қолдарының қимыл үйлесімділігімен тығыз байланысты екенін ескерген жөн. Суретті жақсы салатын және әдемі жазатын балалардың байланыстырып сөйлеу және ауызша- логикалық даму деңгейлерінің жоғары болатыны белгілі. Бала саусақтарының ұсақ бұлшық еттерін дамыту үшін әр түрлі заттарды саусақтармен теру,алуан түрлі және әр түрлі көлемдегі тығындар мен бұрандаларды бұрау,илеу,жапсыру,сурет салу,үзік сызық сызу сияқты түрлі жаттығуларды пайдалануға болады.Аталмаған жаттығулар ішінде қарындашпен сурет салу мен үзік сызық сызудың мәні зор.Кітабымыз тапсырмалардың осы түрлерін ұсынады.Оларды орындай отырып бөбек қолдарының қимыл үйлесімділігі мен саусақтарының ұсақ бұлшық еттерін дамытып қана қоймайды,сонымен бірге ерікті зейінін,есте сақтау,көру және ойлау қабілеттерін дамытады және қағаз бетінде бағдарлау мен  өз әрекетін бақылауды үйреніп,алдына қойылған міндеттерді орындау барысында тапжылмай жұмыс істеуге дағдыланады, ынтасы, талабы артады.Қоршаған орта құбылыстары,заттар туралы түсінігі тереңдеп,өз қабілет мүмкіндігі сезінеді.

Графикалық тапсырмаларды орындау барысында балаға үзік сызық сызу мен сурет салуға қойылатын талаптарды қатаң сақтау және үзік сызықты көрсетілген бағытта ғана сызуды, олардың арасында бірдей қашықтық сақтауды, сурет шегінен шығып кетпеуді ескерту керек.Мұндай тапсырмаларды орындау үшін балаға жақсы ұшталған түрлі-түсті қарындаштар қажет.

Бала суреттерді мұқият қарап, тапсырманы орындау кезінде тәжірибесін пайдаланып, бейнені толықтыра түседі.Ол жағдаяттарды қиыстырып, өз үлесіне икемдейді. Нәтижесінде оның өзіндік ішкі позициясы, негіздей алатын пікірі туады. Мұндайда ересектердің міндеті баланың сөзін бөлмей оны тоқтатпай, асықпай тыңдау өз әрекетіне өзінің баға беруіне мүмкіндік жасау. Баланың шығармашылақ белсенділігіне қолдау көрсетіп, тіпті елеусіз деген табыстарын ескеріп отырыңыз.

Әр беттегі материал бір сабаққа есептелген. Әр сабақтан соң балаға парақ соңындағы жолақты өзі қалаған түске тапсырылады. Таңдаған түсіне қарап, сол сәттегі эмоционалдық – психикалық күйін аңғаруға болады. Ол сіздің баламен әңгімеңізге дұрыс бағдар береді. Кітап – дәптер бақылау тапсырмаларына құрылған. Бала оларды ересектердің көмегінсіз орындап болған соң өз жұмысына өзі баға береді. Егер жұмысын өте жақсы орындалды деп есептесе қызыл түспен, егер жақсы деп есептесе жасыл түспен бояйды.

Сабақ мерзімін естен шығармаңыз, ол 20 – 30 минут созылуы мүмкін. Бұл баланың жасына, екеуіңіздің көңіл күйіңізге байланысты. Жұмысты баланың көңіл күйіне жағымды ықпал арқылы бастағаныңыз жөн. Әйтпесе сіздің жайсыз күйіңіз балаға кері ықпал етеді. Сондай-ақ, баланы жиі мақтаңыз. Титтей жетістігінің өзіне шын жүрегіңізден қуантуыңызды қаблеттілігіне сеніміңізді ашық білдіріңіз.

Оқу, жазу, санаудың берік дағдыларын қалыптастыру мақсатында мектеп алды оқушысын мектеп өміріне енгізудің өзі таңдаулы технология мен асқан шеберлікті талап етеді. Баланың мектепке келгенге дейін «Мен бәрін де мектептен үйренемін» — деген үмітін анықтау, бүкіл мектеп ұжымымен  ата-анасының, туған-туысының қатысуымен жүзеге асырады.

Бұл жауапты кезеңдегі ең басты шаруа – баланың сауатын ашуы, тілін сындыруы. Яғни, өзінің ойын толық айтуы мен қатар оқуға, жазуға үйренуі.

Тіл дамытудағы сабақ бір-бірімен пікір алысу, қарым-қатынас құралы болып

қоймай, қазіргі кезеңде – кез-келген адамның мәдени және рухани өсуінің басты көрсеткіштерінің бірі саналады. Сондықтан да жас ұрпақтың тіл дамыту жұмысын отбасында баланың кішкене күнінен бастап қолға алудың қоғамдық әрі тәрбиелік мәні зор. Өйткені мектепке дейінгі шақ баланың тіл құбылыстарына аса сезімталдығының байқалатын кезі сондай – ақ бұл шақта баланың өзін қоршаған дүниені танып білуі құмарлығы, қызығушылығы ерекше дамиды. Танымдық белсенділік баланың сөйлеу, бір нәрсені сұрап білу өз ойын хабарлап жеткізу қажеттіліктерін тудырады. Осыған байланысты тәрбиешілермен ата-аналар үшін ұсынылып отыр бұл құрал мектепке дейінгі балалардщың тіл дамыту мақсатын көздейді.

Мектеп алды класс оқушыларының осылайша шығармашылығын дамыта отырып, қазіргі заманғы педагогикалық теориямен практиканы басшылыққа алып, жұмыс жасаудамын. Педагогикалық озық техналогияларды сабақ барысында пайдаланып, балалардың шығармашылағын дамытуға ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асырдым. Қортындылай келе мектеп алды класс тәрбиешісі ең озық педагог, психолог, ғалым және аса дарын иесі болу керектігіне көз жеткіземіз. Бес жастағы бала зейінін дамытып, жеке тұлғаға айналдыру әр тәрбиешінің басты міндеті. Сондықтан бала жүрегіне жылылық ұялатып, қабілетімен дарынын ашу әр тәрбиешінің алдына қойылған ең басты міндеті болуы тиіс.

Өз баяндамамда мектеп алды тәрбиешісінің  оқу тәрбие процесіндегі бала шығармашылығын арттыруға арналған  қазіргі заманғы педагогикалық теориямен практиканы көрсеттім. Баяндама барысында зерттелген жұмыстармен тәжірибелер арқылы баланы 5 жасынан даму зонасының айқын аймағына қол жеткен аймаққа дейінгі қабілетке жеткізуі ұстаздардың шығармашылық жұмысының міндеті зор екендігіне көз жеткіздім.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. М.Жанпейісова «Модельдік оқыту технологиясы»

  2. Бастауыш мектеп.

  3. Б.Тұрғанбаева «Шығармашылық қабілеттер және дамыта оқыту».

  4. Қ.Жарықбаев «Психология»

  5. Қ.Жарықбаев «Жалпы психология»

ЙЫН АРҚЫЛЫ БАЛАНЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ

ADMIN · МАРТ 31ST, 2014 · 0 COMMENT

Жамбыл облысы
Сарысу ауданы
Жаңатас қаласы
Жаңатас көпсалалы колледжі
Бастауыш білім беру пәнінің оқытушысы
Коданов Дуйсенбай Ойыкбаевич

Сабақтың тақырыбы:Ойын арқылы баланың ойлау қабілетін дамыту.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың
белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра отырып, шапшаң ойлауға қалыптастыру
Тәрбиелігі: Білімалушыларды өмірге деген құштарлығын, еңбекке, ойынды
дұрыс ұйымдастыра білуге деген іскерлік ынтасын арттыра отырып
тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген
тапсырмаларды шешуге үйрету.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру
Сабақтың әдістері: Топтастыру, сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру,көрнекілікпен
жұмыс істеу.
Сабақтың көрнекілігі: плакат, сөзжұмбақ, үлестірмелі қима қағаздар,
слайд,интерактивті тақта,сурет, тест сұрақтары.
I .Ұйымдастыру кезеңі: а) .Білімгерлермен сәлемдесу.
ә).Білімгерлердің сабаққа қатысуын тексеру.
б).Олардың назарын сабаққа аудару.
в).Үй тапсырмасын сұрау.
II. Жаңа сабақ:Ойын- балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын- айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады.
Ойынның бірнеше түрлері бар: қимыл- әрекеті, логикалық, ұлттық, грамматикалық, дидактикалық, рөлді- сюжетті. Тиімді қолданылған ойынның түрлері оқытушының түсіндіріп отырған материалын, оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені, төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп, тапсырманы ықыласпен орындайды.Ойын кезіндегі баланың психикалық ерекшеліктері өзгереді, олар ойланады, ерік қасиеті артады, эмоциялық әсері пайда болады, қиял елестері дамиды, белсенділігі артады. Сабақ барысында ойын түрлерін дидактикалық әдіс ретінде пайдаланудың маңызы зор. Бала ойын арқылы өзі өмір сүріп отырған белгілі бір әлеуметтік ортадағы норма мен әрекетті қабылдайды.
Ойын арқылы баланың бойына адамгершілік қасиеттермен қатар білімге, өнерге құштарлығы қалыптасады. Тіпті нашар оқиды-ау деген оқушылардың өздері де ойын түрлері араласқан сабаққа зер салып, ынталана түседі. Оқушылар жолдастарынан қалып қоймау үшін сабаққа белсенді қатысып, қойылатын сұрақтарға жауап іздеп, ойлана бастайды. Сабақта ойын түрлерін пайдалану оқушылардың ой-өрісін дамытуға әсер етеді.
Тілдің дамуына да, ақыл-ой дамуына да әсер етеді, бала ойын үстінде заттар мен іс-әрекеттерді жалпылауды, сөздің жалпылама мағынасын қолдануды т.б. үйренеді. Ойын арқылы ұйымдастырылатын сабақ балаларға жеңіл әрі тартымды, түсінікті болады. Оқытудың түпкі мақсаты- оның сапалы болуы, яғни сабақтың түрлері мен әдістерін, мазмұнын жетілдіруге, оның әдіскерлік, танымдық, білімдік, тәрбиелік жағынан сапалық жаңа деңгейге көтеру. Ойын түрін оқу үдерісінде пысықтау, жаңа сабақты пайдалану тиімді. Ойын түрі сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі.Баланың әдепті, көрегенді, қайырымды болып өсуі қоршаған ортасына, үлкендерге байланысты екені мәлім. Ойын қызметінің тағы бір ерекшелігі- оның өз әрекеттік сипаты. Балалар ойын шығарушылар, ойынды жасаушылар болып табылады. Олар жоғарыда айтылғандай, ойында өздеріне мәлім өмір құбылыстары мен оқиғалар туралы білімдерін бейнелейді, оларға өздерінің қатынастарын білдіреді. Ойынның құрылымдық элементтері: ойынның түпкі ниеті, сюжеті, немесе мазмұны, ойын әрекеттері, рөлдер, ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі. Бұл элементтер өзара тығыз байланысты және ойында ойында балалардың өзінше бір іс- әрекеті ретінде көрсетеді.
1. Слайд: Ойынның түрлері: қимыл- әрекетті, логикалық, ұлттық, грамматикалық, дидактикалық, рөлді-сюжетті.
2. Слайд: Ойын кезіндегі баланың психикалық ерекшеліктері: олар ойланады, ерік қасиеті артады, эмоциялық әсері пайда болады, қиял елестері дамиды, белсенділігі артады.
Енді осы тақырыбымызға байланысты ойындар ойнасақ.
3. Слайд: «Тау мен есек» ойыны.(сұрақ-жауап арқылы ойнату).
4. Келесі ойын: «Доппен ойнау» ойыны. (жаңылтпаш, жұмбақ, мақал-мәтелдер
арқылы ойнату).
5. Слайд:«Көктем мезгілін бейнелеу» ойыны.(бастауыш мамандығына барлық
пәндер кіретін болғандықтан, бұл ойынға ақындардың
шығармаларынан үзінді алдық).
III.Сөзжұмбақ шешу. «Кел, ойнайық».
VI.Тест сұрақтары таратылып, жауаптары алынады.
V.Үлестірмелі қима қағаздармен жұмыс.
VI. Бағалау
VII.Үйге тапсырма

Ұқсас жазбалар



ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫНЫҢ СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ДАҒДЫСЫН ДАМЫТА ОТЫРЫП, СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ.





Оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеуді жүзеге асыру





Түймекент орта мектебіне 100 жыл





Өмір жолы өнеге





Тарих пәні сабағында интерактивті әдістерді қолдану тиімділігі





Жаңашыл мұғалім- заман талабы





Мүмкіндігі шектеулі оқушыларды ана тілі, қазақ тілі сабағында мәнерлі сөйлеу тілін дамыту





Дене шынықтыру пәнінде жаңа инновоциялық технологияларды пайдалана отырып, білім сапасын арттыру Шағын орталық құрылымында педагогикалық жаңа инновациялық технологияны ендіру

Жарияланды 27-05-2013, 18:52 Категориясы: Ұстаздарға 

І. Кіріспе бөлім
Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні – мектепке дейінгі тәрбие ошағы.

ІІ. Негізгі бөлім.
Шағын орталық құрылымында педагогикалық жаңа инновациялық технологияны ендіру.
Менің іс - тәжірибемнен

ІІІ. Қорытынды бөлім
Өркениет жолында алға ұмтылған ұлт, ең алдымен келешек ұрпаққа оқу – білім және тәрбие беру ісін дұрыс жолға қоюы тиіс. Ұлттың келешегі, сөз жоқ тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Отбасында ата - ананың ықыласы мен мейірімінен нәр алған бала балабақшада тәрбиешілердің шұғылалы шуағына бөленеді. Баланың бойындағы жақсы қасиеттермен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі де тәрбиелі болып бой түзеуіне балабақшаның маңызы зор. Шағын орталық – бұл бала тұлғасымен сапасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды қайталанбас кезеңі. Сондықтанда балабақшада бала тәрбиелеп, олармен жұмыс істеу қиын да жауапты жұмыс. Балаларды сөйлеу, қоршаған ортаға дұрыс көзқараста болу, жағдайларды обьективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйрету тәрбиешінің тәліміне байланысты. Әрине, олардың зейіні тұрақсыз, импульсивті қабылдау мүмкіндіктері әртүрлі. Дегенмен әр баланың әр нәрсеге бейімі болады. Баланың тұлғалық дамуына, қалыптасуына бағыт - бағдар беретін жағдайлар жасау арқылы басқару болып табылады.
Шағын орталықтың міндеттері:
Салауатты өмір салтының құндылығына балаларды қатыстыру;
Эмоционалдық аман - саулығын қамтамасыз ету, әртүрлі көркемдік іс - әрекет түріне жағдай жасау;
Талабын, білуге құмарлығын, еркіндігін дамыту;
Айналадағы әлем жайында білімін қалыптастыру;

Шағын орталықтың мақсаттары:
Туған жерін, халқын сүйетін, тарихын, мәдениетін, әдет - ғұрпын жақсы білетін ұрпақ тәрбиелеу;
Денсаулығын сақтау, нығайту;
Психологиялық дамуына жағдай жасау (есте сақтау, ойлау, қабылдау);
Мектепке оқуға дайындық (мектеп, мектеп ережесі, қоңырау, үзіліс);
ХХІ ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан, бүгінгі таңда заманға сай зерделі, ой - өрісі жоғары, жан - жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр. Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні – мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасында «мектепке дейінгі тәрбие - үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы»

Мектепке дейінгі және жалпы білім берудің бағдарламасының сабақтастығы мынандай:
Болашақ баланың танымдық белсенділігінің негізі ретінде мектепке дейінгі баланың білуге деген құмарлығын дамыту;
Баланың жеке басының даму бағыттары ретіндегі шығармашылық қиялын қалыптастыру;
Шығармашылық және басқа міндеттерді өз бетінше шешудің әдістері, қызметтің әр түрінде, оның ішінде оқу қызметінде табысты болуға мүмкіндік беретін құралдар ретінде бала қабілеттерін дамыту;

Оқу қызметі табыстылығы шарттарының бірі болып табылатын комуникативтілікті дамыту;
Біздің балабақшада мектепке дейінгі баланың зияткерлі дамуына ерекше көңіл бөлінеді. Ұйымдастырылған іс - әрекет әрбір тәрбиешінің шығармашылық жұмысы. Тәрбиешінің кәсіби жұмысы қаншалықты жоғары болса, ол оқытып тәрбиелеген тәрбиеленуші да соншалықты ақыл - ойы да дамыған сауатты болады. Көп іздену, дайындалу, қосымша әдебиеттерді орынды қолдана білу тәрбиешінің негізгі мақсаты.
Мен өзім тәрбиелеп отырған «Толағай» ересектер тобында өткізген әдістеріме тоқталар болсам, бұл әдістер балалардың ақыл - ойлары мен қиялдарының дамуына ықпал етеді.

«Сиқырлы бұтақ» әдісі: Таңертеңгілік бала қабылданып болғаннан кейін балаларды түгелдеу мақсатында мен тәрбиешілерге мына «сиқырлы бұтақ» әдісін ұсынамын. Бұл әдіс негізінен тәрбиеленушілердің күнделікті балабақшаға қызығып келуіне әсер етеді. Менің тәрбиеленушілерім күнде таңертең келген сәтте өздерінің суреті бар тақия мен сәукелені қорапшадан алып «Сиқырлы бұтаққа» іледі. Бұл бұтақтың сиқырлылығы бір күні бұтақтағы сәукеле мен тақия түгел болса, бір күні бұтақтағы заттар азаяды. Сондықтан да бұтақты сиқырлы деп атадым. Бұл әдісім менің тобымдағы балаларды тез түгелдеп алуыма көмегін тигізеді. Бұл балалар үшін де қызықты әдіс. Нәтижесінде балалардың балабақшаға қызығушылығы оянады.
Қолғап театры: Бұл қолғап театрын көбіне көркем әдебиет сабағында пайдаландым. Қолғап театрында түрлі - түсті қағаздан кейіпкерлердің бейнесін жасап оны қолға кию арқылы ойнаттым. Мен осы тәсілді пайдаланып «үйшік» ертегісін өткіздім. Мұнда жертесер тышқан, бақылдауық бақа, секек қоян, жылмаң түлкі және де қорбаңдаған аюды жасадым. Бұл ұйымдастырған іс - әрекет қызықты да, әсерлі болды. Нәтижесінде балаларды ауызбіршілікке, достыққа, татулыққа үйретеді.

Моторика: Мектеп жасына дейінгі балалардың саусақ бұлшық еттерінің жақсы дамуы оның сөйлеу қабілетінің өз деңгейінің дамуына жақсы әсерін тигізетінін көптеген ғалымдар дәлелдеп отыр. Сондықтанда жаттығу жасап қана қоймай, саусақтың қимыл - қозғалысында қатар дамытудың маңызы зор. Саусақ бұлшық еті, зейіні, ойлау, қиял, жүріс - тұрыс, бақылау, естіп және көріп есте сақтау, тілмен өте тығыз байланыста болады. Ғалымдар мынандай заңдылықты алға тартады: егер саусақтың қимыл - қозғалысы жас ерекшеліктеріне сәйкес болса, онда тілдің дамуы өз деңгейінде болады. Қолдың қимылын дамыту үнемі жүргізіліп отыруы керек. Осыған сүйене отырып, «шығармашылық» білім саласы бойынша ұйымдастырған оқу іс - әрекетімде тіс пастасын пайдалана отырып сурет салғыздым. Түрлі – түсті параққа тіс пастасымен, сұқ саусақтарымен қар ұлпаның суреттерін салғыздым. Нәтижесінде саусақтың қимыл - қозғалысы арқылы баланың сурет салуға қызығушылығы артады және шаттыққа, қуанышқа бөлейді.

«Оригами» әдісі: Бұл әдісті тіл дамыту оқу іс - әрекетінде «Көктем» тақырыбында қолдандым. Бірінші топ сурет салады, ал екінші топ оригами әдісімен жұмыс жасайды. Бір плакатты қолдана отырып, суретшілер плакаттың жоғарғы және төменгі бөлігіне қаламмен сурет салады, ал екінші топ дайын суреттерді ортаңғы бөлігіне жабыстырады. Жоғарғы бөлігіне балалар бұлттың, күннің суретін салады, ал төменгі бөлігіне шөп пен гүлдің суретін салады. Екінші топ сурет арасынан ағаш үйдің, төрт түлік малдың, қойшы атаның суреттерін тауып жабыстырады. Дайын болған жұмыстан көктем мезгілінің бейнесі шықты. Нәтижесінде балалар ұйымшылдықпен қызыға жұмыс жасады. Балалар бір - бірін тыңдай білуге, ойланып әрекет жасауға дағдыланады.

«Супермаркет» ойыны: Біздің шағын орталығымызда «Дамытушы орталық» бұрышын жасап қойдық. Бұл бұрышта жиналған заттарымызды балалар ойын үстінде қолданады. Мысалы, мен «Супермаркет» ойынын жапсыру сабағында қолдандым, онда балаларды топқа бөліп әртүрлі тапсырмалар бердім. 1 - ші топқа киімдердің суретін, ІІ - ші топқа сумканың, ІІ - ші топқа дәрі - дәрмектің, ІҮ - ші топқа аяқ киімнің, Ү - ші топқа опа, далап, әтір сулардың суретін салуды ұсындым. Әр топ өз салған суреттерін қиып, менің қолымдағы плакаттың қалташаларына киімдерді бір бөлек, сумканы бір бөлек, дәрілерді бір бөлек, аяқ киімді бір бөлек, әтір суларды орын - орындарына орналастырады. Мұнда бала қай затты салу керектігін өзі таңдайды. Бұдан балалар дұрыс ойлауға үйренеді. Бұл ойын арқылы баланың қандай затқа қызығушылығы барын анықтауға болады. Бұл ойын баланы шапшаңдыққа, жылдамдыққа үйретеді.

Қуыршақ театры: Қуыршақ театрын көркем әдебиет сабағында жиі пайдаланамын. «Алдар көсе мен Шық бермес Шығайбай» ертегісінде кейіпкерлерді қуыршақ театры арқылы рольге бөліп балаларды ойнаттым. Бізде қазақы бұрышымызда көптеген қазақ халқының ұлттық киімдерін, әдет - ғұрыптарын, салт - дәстүрлерін тұрмыстық бұйымдармен танысады. Осы заттарды ұйымдастырылған іс - әрекет барысында қолданып отырады.

«Жарқырасын жұлдызың» интеллектуалды ойыны: Баланың ой - өрісін, білімін кеңейту аясында «Жарқырасын жұлдызың» интеллектуалды ойынын өткіздім. Балаларды бес сала бойынша өткен тақырыптардан сұрақтар беріп, білімдерін тиянақтау. Жарысқа негізі алты бала қатысады. Ойын төрт турдан тұрады. Әр турдың нәтижесін жұлдызша арқылы анықтаймын.
І - тур – тіл дамыту, айналамен танысу және математика сабағынан болады. Мыс: Бұл қандай аң?, Мынау не, түсі қандай? Суретте адамның қай мүшесі бейнеленген?
ІІ - тур – бір әріп таңдатамын сол әріпке сәйкес бірнеше сурет және ол әріпке қатысы жоқ екі сурет беремін. «С» әріпі берілсе сол әріпке байланысты суреттерді табу керек. Мыс: сақина, сабын, сүлгі, сәбіз, сандық, саңырауқұлақ.
ІІІ - тур – «Кім жылдам, кім тез құрастырады». Геометриялық пішіндерден бейне құрастыру. Мыс: аққала, үйшік.
ІҮ - тур – Жеңген балаға логикалық тапсырмалар беремін. Соңында екі баланың біреуі жеңіске жетеді. Жеңіске жеткен баланы «Жұлдызың жарқырай берсін, әрқашан биіктерден көрініп жүр», - деп мадақтадым. Нәтижесінде баланың сөздік қорын молайтып, шапшаңдыққа, тез ойлағыштыққа бейімделеді. Мен жұмыс тәжірибемде балаларды ұйықтатар алдында үнемі ертегі айтып ұйықтатамын.

Күннің екінші жартысында балаларды түскі тынығу ұйқыларынан ояту кезінде музыка қосып, музыка әуенімен оятамын. Ұйқысынан оянған балалар төсекте жаттығу жасайды, одан кейін арнайы жасалған түймелі жолдан өтеді. Мен түймелі жолды босаған жеміс шырындарының қақпақтарынан жасадым. Балаға түймелі жолдың пайдасы өте көп. Табанның дұрыс болуына және тітіркену арқылы бойына жағымды әсер алады. Бала түймелі жолдан өткеннен кейін кешке дейін өзін сергек сезінеді. Ұйқысынан оянғаннан кейін 3 литр суға 1 йод тамшы ерітіндісі қосылған сумен балалардың аузын шаямын. Бұл әдіс балаларды тұмау т. б. аурулардың алдын алуға септігін тигізеді.

Шағын орталығымызда ұйымдастырылған іс - әрекеттен тыс ертеңгіліктер де өтіп тұрады. Алтын күзге байланысты «Күз патшалығы» атты ертеңгілік өтті. Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай «Тәуелсіздік ел тірегі» атты мерекесін тойладық. Онда балалар өздерін әр қырынан танытты.
Қорыта айтқанда, тәрбиелеу оқу үрдісінде бала мен педагогтың тығыз байланысы нәтижесінде мектепке дейінгі бала адамгершілік тәрбие алады, тіл байлығы, сөздік қоры дамиды, ой - өрісі кеңейеді, жеке тұлға болып дамиды. Әр тәрбиеші өз жұмысына қабілетті болса, онда болашақта Қазақстан Республикасының болашағы көркейіп, дамыған елу елдің қатарына қосыламыз. Әр бала табиғаттың тамаша жемісі.
Бала әуесқой тынымсыз зерттеуші. Сондықтанда қымбатты әріптестер «Ағаштан ағаш рең алады, адамнан адам тәлім алады» дегендей бүлдіршіндерімізді инабатты да, өнегелі етіп тәрбиелейік.

Кері қайту

Материал рейтингісі:

  • 0

барлық дауыс бергендер: 0

Ілмек сөздер: Шағын орталық, инновациялық технология, балабақша, баяндамаЖариялаған saltushka2013   Оқылды: 5197 (рет)   |   Пікірлер: 0   Баспаға шығару    



«12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптағы оқытудың иновациялық әдіс-тәсілдері.»

Категориясы: Шығармашылық / Баяндамалар

Жарияланды: 16-02-2015, 00:34

Қарау саны: 27

  • 0

  • 1

  • 2

  • 3

  • 4

  • 5

Дамуды және мәдени өрлеуді мақсат еткен әрбір халықтың көздегені еуропалық,жалпыхалықтық білімді игеріп,соған қол жеткізу жолында кездесетін барлық кедергілермен үздіксіз күресу болуға тиіс.
Шоқан Уәлиханов
Қазақстанның болашақ мектебінің мазмұны мен білім беру бағдарламаларын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған еліміздің білім кеңестігінде болып жатқан реформаларды іске асыруда мұғалім еңбегі ерекше. Ендеше , қоғам алдында осы қасиетті мамандықты таңдаған ұстаздар қауымының мәртебесін көтеру , жаңа заман талабына сай білімін арттыру және біліктіліктерін көтеру міндеті қойылған . Осыған байланысты 12 жылдық оқуға көшу үлгісі ұсынылып, білім беру мен оқыту мазмұнының жаңа стандарттарын жасауда еліміз эксперимент мектептер мен сыныптар ашып жүргізуде. Сапалы білім алу әрбіреуінің маңызды міндеттерінің біріне айналып келеді. Демек, біздің кәсіптік ізденістеріміз , жылдан жылға күрделенеді, әрбір мұғалімнен өзіндік жетілу мен жаңашылдықты талап ететін болады.
«Бірге жиналу-істің басы. Бірге қалу –прогресс. Бірге жұмыс істеу- жетістік» деп американдық өнертапқыш Генри Форд айтқан екен. Бұл пікір мектеп үшін де өзекті болып табылады.Өздеріңіз білетіндей, бүгінгі күні білім беру саласындағы көптеген зерттеулер ұдайы өзгеріп тұратын күрделі әлемде жетістікке жету үшін мектептің педагогикалық ұжымының бірлесіп жұмыс істеуіне және оқуына , оқушылардың жетістіктерінің деңгейін арттыруға бірлесіп қол жеткізу керек. Сондықтан , мектептегі барлық жаңалықтарды енгізетін мұғалімдердің кәсіби дамуы туралы айтқанда өз ұжымындағы және басқа метептердегі әріптестерімен бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндігіне көңіл аудару қажет. Қазіргі уақытта дәстүрлі «біліктілік снаты» тіркесінен бас тартып, оны «педагогикалық шеберлік деңгейіне » ауыстырды. Мұғалімді бағалау өзіндік мақсат емес, оның кәсіби дамуына және оқу тәрбие үрдісін жетілдіруге ықпал етуге тиіс делінген. Мұғалім өз әріптестеріне ашық болуы, тәжірибемен бөлісуі, өзгелерден ең жақсы тәжірибені қабылдау және өзінің педагогикалық қызметін бағалау кезінде жарқ етіп көрінуі үшін білімін жасырмауы тиіс. Жақсы дайындалған жекелеген мұғалімдер болғаны жеткіліксіз, мектепте ортақ мұрат,мақсат және міндеттермен біріккен, ортақ проблемаларды шешетін және өз құзырын дамытатын мұғалімдер кәсіби қоғамдастығын өсіру қажет.(Шамшидинова Күлаш Ноғатайқызы «Педагогикалық ұжымнан кәсіби қоғамдастыққа» баяндамасы)
Соңғы жылдары математика пәні оқытушыларын педагогикалық дайындау саласында реформа жасау қажеттілігі айқын білініп жүр.
Оқытушы мамандығы қиын, әртүрлі сынақтарға жиі кездесетін мамандық. Шульманның пікірі бойынша: «Балаларды оқытуды жоспарлаған адам таңдаған мамандығын мүлтіксіз меңгеруге міндетті». Алайда бұл оңай емес. Оқытушы сондай-ақ түрлі сипаттар мен дағдыларды меңгеруі тиіс, атап айтқанда:
• Қолжетімді оқыту материалдары мен әдістеріне қатысты педагогикалық білім.
• Жекелеген пәндер бойынша білім және оқыту жолдарына бейімделу дағдылары.
• Сабақтарды дайындау, сұрақтарды құрастыру және тапсырмаларды ұсыну , білімі мен дағдылары.
• Қиындықтарды ,қателерді сонымен қатар оқушылардың түсінуіне күрделі мағыналарды анықтау дағдылары.
Математикаға үйрету үдерісін зерттеулердің көпшілігі оқушылардың материалды қабылдаудағы қиыншылықтарын зерттеуге сүйенеді. Мұндай қиыншылықтардың негізгі себептерінің бірі оқыту деңгейі мен оқушының математикалық тұжырымдаманы түсіну мүмкіндігінің арасындағы айырмашылық болып табылады. Осыған байланысты материалды түсіндіру үдерісінде елестетуді оятатын мысалдар келтіре отырып , көппәнді тапсырмаларды пайдалану ұсынылады. Бұл жағдайда оқушылар математикалық тұжырымдамаларды жақсы және тереңірек меңгере алады. Түпкі мақсат – математикалық сауаттылықты: оқу, айту және математика тілінде сөйлеуді дамыту. Бұл ұсыныстар математикалық саяхаттың негізін құрайды.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты жан-жақты маман болу мүмкін емес. Мұғалімнің білім беруі мен оқытудың қазіргі замандағы әдістері негізгі жеті модульге бөлінетіндегі баршамызға аян.Соның ішінде қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында көп қолданылатын тәсіл- «Диалог негізінде оқыту және оқу» және «Қалай оқыту керектігін үйрету» деген атауларға негіз болып, соны кеңінен қарастыратын модуль.
Диалогтік қарым-қатынаста оқу материалы диалогқа түсудің әрі құралы, әрі нысаны ретінде қолданылып, оқыту коммуникативтік технология сипатына ие болады. Диалогтік қарым-қатынас- екі я одан да көп тұлғалардың тіл үйрену мақсатында сөйлесу,әңгімелесу тіл қатысу үдерісі. Мұғалім оқушылардың идеяларын зерттеу үшін ашық сұрақтарды пайдаланады, бір-бірін тыңдауға мүмкіндік береді. Әдебиет пәнінде диалогтік әңгімелесудің үш түрін кеңінен қолдануға болады.
1.Әңгіме-дебат.
2. топтық әңгіме.
3.Зерттеушілік әңгіме.
Жалпы қазіргі заманғы әдіс-тәсілдер бойынша баланың өзі ізденіп, өз бетінше білім алу үшін әрекет жасаушы болса , ұстаз тек бағыттаушы дұрыс жол нұсқаушы, ұйымдастырушы.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Баяндама Ша?ын орталы?

Автор: Сатаева Ба?дат Алексей?ызы

Дата: 30.03.2015

Номер свидетельства: 194099


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства