kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Рухани жаңғырту

Нажмите, чтобы узнать подробности

Рухани жаңғырту жайлы ақпарат беру балалар ға

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Рухани жаңғырту»

Жаңғыру жолындағы жас маман рөлі

Бүгінгі таңда әлем көз ілеспес жылдамдықпен дамып келеді. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласыдағы білім мен ел бірлігі тақырыбы бүгінгі күні аса маңызды екені даусыз. Тәуелсіз еліміз алдына үлкен мақсат қойды. Ол барынша дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Бұл мақсаттың орындалуы білім мен ел бірлігіне тікелей байланысты. Білекпен емес біліммен басекелесетін уақыт. Рухани жаңғыру - адам баласының оның ішкі жан дүниесінің жаңғыруы.

Менің мамандығым - мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі. Тәрбиеші - таудан сарқырап аққан тау өзені секілді, айналасына қуат беріп, жолында кездескендерді суымен нәрлендіріп, таудай қиындықтарды тастай домалатып, білімнің сар даласында тыныштық тауып, дамыл- дайды. Тәрбиеші - Жер деген әлемнің бетін көркейткен, шәкірттеріне шуақ төккен Күн-Ана. Тәрбиеші - ақылдың тозбайтұғын асылы. Қасиетті мамандық иелерінің ішіндегі жауһары. Өзге мамандық атаулылары өздерінің түр-сипатын мың құбылтып жатса да, еш өзгеріссіз сол бәз баяғы қалпында жас ұрпаққа адамгершілік қасиеттердің дәнін еккен диқан. Қиындығы мен қызығы мол осы тәрбиеші мамандығын игеріп кіп-кішкентай бүлдіршіндерге алғашқы білім нәрімен сусындату мен үшін үлкен бақыт. Адам баласына көмектесу - игілікті істердің бастамасы екенін сезінгендеймін.

Тәрбие – болашақтың темірқазығы. Пайғамбарымыз Мұхаммедке бір кісі келіп, баласының тәрбиесі туралы ақыл-кеңес сұрапты. Сонда Пайғамбарымыз ол адамнан «Балаң қаншада еді?» деп сұрапты. Әлгі кісі «Ұлым жеті жаста еді» деп жауап беріпті. Сонда Пайғамбар «Сен бала тәрбиесін жеті жылға кешіктірген екенсің» деген екен. Мынау дүрбелең дүниеге жаңа келіп, жан-жағымен қарым-қатынас жасауға талпынған балғын ғұмыр иесінің тұла-бойы кіршіксіз таза болады. Сол тұнық тағдырды даңғыл жолға бағыттау – бүкіл қоғам міндеті. Бүлдіршіннің болмысына адалдықты, ар-намысты, ізгілікті, өнер мен өнегені, имандылықты сіңіріп өсіру - біздің басты мақсатымыз. Бала жанының баптаушы бағбаны болу, әрине үлкен жауапкершілік. Әр сәбидің мінез-құлқына орай, олармен тіл табысу оңайға түспейді. Ата-анасы сеніп тапсырған бүлдіршіндердің болашағына араласу біз үшін сындарлы уақыт. Оң-солын танымаған бейкүнә балаларға болашақтың даңғыл жолын көрсету, бағып-баптау үлкен тәжірбиені, білім мен өнегені, ұстамдылықты талап етеді. Ғұлама Абай атамыз қара сөзінде былай деп жазады, ”Адам ата-анадан туғанда есті болмайды. Естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы-жаманды таниды дағы, сондайдан білген-көргені көп адам білімді болады”. Жақсы адам болу үшін, сәбидің де жан-жағы жақсылықпен қоршалу керек.   Балалық шақ- патшаның тағынан артық. Бақ дәулетті белінен кешкен небір бай-патшаларда, батыр-бағыландарда, ақын-жазушыларда балалық шағын аңсаған.

Француз ағартушысы,жазушы Жан-Жак Руссо  «Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туды, оның үстіне шыймайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең ол солай тәрбиеленеді»деген нақыл сөзі осы мектепке дейіңгі жастағы балаларға арналғандай. Тәрбиешінің әрбір өткізген оқу іс-әрекеті баланың ақыл-ой парасатын дамыта білетіндей, баланың жас ерекшелігіне сай құрылса, баланың ынта –жігері артары сөзсіз деп білемін. Өзімнің еңбек жолымда әрдайым балалардың тілін, ой-өрісін, тіл байлығын дамыту мақсатында ертегілерден көріністер ұйымдастырамын. Себебі бала ролде өзі ойнаса сол кейіпкердің бойындағы барлық қасиет дағдыларын ой елегінен өткізіп саралайды. Ақылмен ойланады. Ол үшін тәрбиеші бойындағы асыл қасиет – ақыл-парасат болуы шарт. Баланың ішкі жан дүниесіне жол тартқан тәрбиеші ең нәзік те мөлдір, алайда, сонымен қоса, ең күрделі де жұмбақ әлемге енеді. Осы әлемнің ішінде, осы әлеммен қатар, үндесе өмір сүруі тиіс. Ол үшін сол мөлдір әлемнің айқыш-ұйқыш құбылыстары мен қағидаларын, заңдылықтары мен жұмбақтарын барынша тереңірек түсініп, парықтай алатын айқын да қуатты ақыл-парасат қажет. Адам жанын аялай отырып, түсінетін нәзік те әмбебап табиғи құрал керек. Баланың жан дүниесін неғұрлым терең таныған сайын тәрбиеші оның тұлға ретінде жетілуіне септігін тигізе алады. Балалардың ата-аналарымен үнемі байланыста болып, оларды балабақшадағы түрлі шараларға белсене қатыстырып отырдым. Баланың мектепке дайындығын балабақша мен мектептегі әдіс-тәсілдерді ұштастыру арқылы жүзеге асыру – басты  мақсатым. Осындай тынымсыз еңбектің жемісін көру үшін, тәрбиешілік жұмыс тәрбиешінің бойынан – жігерлілік пен еңбекқорлықты  қажет ететінін айқын аңғардым. Әрине, әрбір тірлікте де жігерлі еңбек етпей айтарлықтай нәтижеге жету мүмкін емес. Ал тәрбиешіде бұл қасиеттердің түп негізі жауапкершілікте дер едім. Қолыңдағы баланың, адамның, тағдырын шешуден артық жауапкершілік бар ма?!

Рухани жаңғыру аясында ғұлама ұстаз әл-Фараби: «Адамға, ең алдымен, тәрбие беру керек, тәрбиесіз білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне опат әкеледі», – деп бекер айтпаған. Осыған орай , жан болып жаралған әр адам тал бесіктен бастап тәрбие берудің басты құралы – тілі арқылы: ізгілікке, имандылыққа, ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке, ең бастысы ар айнасы – адалдыққа тәрбиеленеді.Елі сүйген, елін сүйген ер мінез Елбасымыз Н.Ә Назарбаевтың сарабдал саясатымен кәзіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамып , әлемдегі барынша дамыған елу елдің қатарынан ойып тұрып орын алып,таяу жылдарда озық отыз елдің қатарына қосылу үшін жас ұрпаққа саналы тәрбие ,сапалы білім беру міндетін біз, яғни жас маман ретінде рөліміз алда болмақ. Әлемдік білім кеңістігінде мектепке дейінгі педагогиканың мәселелерін шешуде тәрбие мен білім берудің жанаша жетілдірілген тиімді шығармашылық әдіс – тәсілдерін іздестіру, үнемі жаңалыққа жол ашу бағыттарын қарастыруда. Мен балабақша тәрбиешісі ретінде тәрбие мен білім беру ісінде баланың психо – физиологиялық даму дәрежесіне, білім деңгейіне қарай ұйымдастыру, ой, дене еңбегіне белсенділігін арттыру, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, адамгершілік, эстетикалық талғамын қалыптастыруға, әр баланың жан – жақты жетілеуіне баса көңіл бөлемін. Әлемде ,елімізде болып жатқан жағымды жаңалықтарға бей-жай қарамай, әріптестеріме, ата – аналарға жақсы істердің жаршысы болуға жаным құштар. Елбасымыздың ұтымды қағидасы , халқына деген үндеуі барлығымызға өсиет деп білемін. Мемлекет пен ұлт құрыштан құйылып, қатып қалған дүние емес , үнемі дамып отыратын тірі ағза іспетті. Ол өмір сүру үшін заман ағымына саналы түрде бейімделуге қабілетті болуы керек. Сол себепті рухани жаңғыру барысында жас мамандар оттай қызып турған шағында елімізге тынбай қызмет етіп көптеген тың жаңалықтарды ашуға қабілетті. Мен барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызын терең түсінеді деп сенемін. Олай болса, ішкі руханиятымыз арқылы, сыртқы өзгерістерді жақсы жағынан қабылдап, жаңғырудың даңғыл жолынан ауытқымай, ұлт көшбасшысының өскелең ұрпаққа меңзеген дара жолымен биік шыңдарды бағындырайық. «Білекке сенген заманда – ешкімге есе бермедік , білімге сенер заманда, ... қапы қалып жүрмелік»,- деген ұлы көреген Абылайханның ой- тұжырымы қазіргі уақыттағы еліміздің білім беру кеңістігіндегі көтеріліп отырған өзекті мәселені шешуде баршамызға ұран болуы тиіс деп ойлаймын. Білектің күшімен, найзаның ұшымен, тілдің қуатты үнімен келген бабаларымыздың өсиетін жаңаша жаңғыра жалғастыру- біздің, яғни жас мамандардың борышы деп білемін



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Рухани жаңғырту

Автор: Каирбек Гүлім Оразбеккызы

Дата: 19.12.2018

Номер свидетельства: 491652

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Жаңғырту жолындағы жас маман рөлі"
    ["seo_title"] => string(39) "zhan_g_yrtu_zholyndag_y_zhas_maman_roli"
    ["file_id"] => string(6) "469376"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1526217345"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Рухани жаңғыру – кәсіби жаңғыру"
    ["seo_title"] => string(36) "rukhani_zhan_g_yru_k_sibi_zhan_g_yru"
    ["file_id"] => string(6) "441800"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1512230866"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Рухани жаңғыру - болашаққа бастар жол"
    ["seo_title"] => string(43) "rukhani_zhan_g_yru_bolashak_k_a_bastar_zhol"
    ["file_id"] => string(6) "459832"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1519670488"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(130) "Білім беруді жа??ырту жа?дайында А?Д саба?тарында патриотты?  т?рбие беру"
    ["seo_title"] => string(67) "bilimbierudizhangyrtuzhagdaiyndaadsabaktaryndapatriottyktrbiiebieru"
    ["file_id"] => string(6) "289120"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1454742154"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(123) "Тақырыбы: Болашаққа жарқын жол – Болашаққа бағдар - рухани жаңғыру!"
    ["seo_title"] => string(76) "tak_yryby_bolashak_k_a_zhark_yn_zhol_bolashak_k_a_bag_dar_rukhani_zhan_g_yru"
    ["file_id"] => string(6) "468191"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1525246855"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства