Рухани жаңғыру - бұл кез – келген тұлға атаулының ішкі және оның сыртқы әлемінің жаңаруы, және жаңашыл өзгерістерді қабылдай білу және жүзеге асыра білу. Рухани жаңғыру дегенде бәріміздің ойымызға тарих сахнасын елестетеміз. Сол тарих сахнасындағы өркениеттің жаңа бағдар арқылы өрге жүзуімен байластыратын жарқын жол бүгінгі Елбасымыздың «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» дәлел. Елбасымыз үшінші қағидасында халқымызға тән салт – санамыз,асыл мәдениетіміз бұлардың барлығы бойымызда жалындап, үні шырқалып тұруын баса айтты, сонда ғана алға басулар болатынын ескертті. Бұл дегеніміз – ұлтымыздың барлық салт – дәстүрлерін, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді жаңғырту деген ұғымды береді. Елбасының бұл жолдауы менің де болашағыма күш берді, әрі көптеген табыстарға жетуіме жігер берді.