kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Өрт сөндірушілердің еңбегі

Нажмите, чтобы узнать подробности

 

Өрт сөндірушілердің еңбегі

Өрт жағдайы, жарақат алу және адам өлімі көбінесе тұрғын үй секторында орын алады.
Үй иелерінің салғырттығы, жауапсыздығы өрт шығу қауіпіне себеп болады.
«Қырағы болыңыздар, үйде қараусыз электроқұралдарды, қосылып тұрған газда тамақты ұмытып тастамаңыздар»- деп Іле ауданының ТЖБ қызметкерлері аудан тұрғындарын ескертеді. Өйткені өрт бір үйден көршілердің үйлеріне ауып кетеді. Өрт шығу себептері әртүрлі : пештің, үтіктің, теледидардың ақаулары, отты абайсыз қолдану. Статистика бойынша ұйқыға жатарда төсекте шылым шегушілер өрт шығудың себепшісі болудан бірінші орын алады. 
Кейбір адамдар осыны біле тұра сақтық жасамайды. Алкогольдің әсерінен сақтығын жоғалтып төсекте шылым шегіп, темекісін өшірмей, өртке себепші болады. Сондықтан азаматтарға өрт қауіпсіздігінің ержелерін орындамаса, салғырттық жасаса қайғылы жағдайға, материалдық шығынға апарып соғатыны туралы ойлануын ескертеміз.
қауіпсіздендірмеу, электр жабдықтарын қараусыз қалтыру, отты дұрыс пайдаланбау, мас күйінде шылым шегу болып табылады.
Осыған орай Іле аудандық өрт сөндіру қызметі тағы да өрттің өте қатерлі апат екенін, көбінесе оның құрбаны адамдар болатынын ерекше ескертіп айтады.
Өрт - өте қатерлі қауіп! «Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!»
Осы жағдайларды ескеріп Іле аудандық өрт сөндіру қызметі жеке меншік үйлердің, пәтер иелерінен өрт қауіпсіздігі ережелерін мұқият, үлкен жауапшылықпен орындауын сұрайды.
Отты пайдаланғанда өрт қауіпсіздігі ережелерін бұлжытпай орындауын ұмытпаңыздар!
Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар, электрөткізгіш сымдарды уақытында жөндеп тұрыңыз! 
Тұрмыстық электрқұралдарды қолданғанда қауіпсіздік ережелерін орындап отырыңыз! Ұмытпаңыздар - өртті сөндіргеннен гөрі, өрттің алдын ала ескертуі оңай

 

Өрт сөндіру техникасы

Өрттен адамдарды құтқаруға, материалдық және табиғи байлықтарды қорғап қалуға арналған техникалық құралдар. Өрт сөндіру техникасының негізін өрт сөндіру машиналары (өрт сөндіру автомобилі, өрт сөндіру пойызы, өрт сөндіру кемесі, өрт сөндіру ұшағы мен тікұшағы) құрайды. Өртенген жерлерге от сөндіргіш заттар шашуға арналған өрт сөндіргіш орнықты қондырғылар, өрт сөндіргіштер, өрт гидранттары, т.б. өрт сөндіру құрал-жабдықтары Өрт сөндіру техникасы қатарына жатады. Өрт сөндіру техникасын жасау ісі өте ерте кезден-ақ қолға алынған. Б.з.б. ежелгі грек механигі әрі өнертапқышы Ктесиби суды жоғары қарай шашатын машина жасаған. Бұл – су сепкіш машинаның ең алғашқы үлгісі еді. 16 ғасырларда өрт сөндіргіш қол насостары жасалды. Бу машинасы шыққаннан кейін онымен жұмыс істейтін өрт сөндіргіш қондырғылар жасалды. Бұлар ат арбамен тасылды. Кейіннен ат арбаның орнына бу автомобилі пайдаланылды. Алғашқы кезде іштен жанатын қозғалтқыш орнатылған автомобильдер өрт сөндірушілерді ғана тасыса, бертін келе оған өрт сөндіру сорғылары орнатылды. 1907 жылы автомобильге механикалық өрт сөндіру сатысы орнатылды. Өрт сөндіру ісінде автомобильді пайдалану өрт сөндіру техникасына түбегейлі өзгеріс әкелді. Ұзақ уақыт бойы өрт сөндіруге су пайдаланылып келді. Кейбір жағдайларда, яғни май мен мұнай жанған кезде сумен өшіру мүмкін болмады. 20 ғасырлардың бас кезінен өрт сөндіру ісіне химиялық көбіктер пайдаланылуда.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Өрт сөндірушілердің еңбегі»


Өрт сөндірушілердің еңбегі

Өрт жағдайы, жарақат алу және адам өлімі көбінесе тұрғын үй секторында орын алады.
Үй иелерінің салғырттығы, жауапсыздығы өрт шығу қауіпіне себеп болады.
«Қырағы болыңыздар, үйде қараусыз электроқұралдарды, қосылып тұрған газда тамақты ұмытып тастамаңыздар»- деп Іле ауданының ТЖБ қызметкерлері аудан тұрғындарын ескертеді. Өйткені өрт бір үйден көршілердің үйлеріне ауып кетеді. Өрт шығу себептері әртүрлі : пештің, үтіктің, теледидардың ақаулары, отты абайсыз қолдану. Статистика бойынша ұйқыға жатарда төсекте шылым шегушілер өрт шығудың себепшісі болудан бірінші орын алады. 
Кейбір адамдар осыны біле тұра сақтық жасамайды. Алкогольдің әсерінен сақтығын жоғалтып төсекте шылым шегіп, темекісін өшірмей, өртке себепші болады. Сондықтан азаматтарға өрт қауіпсіздігінің ержелерін орындамаса, салғырттық жасаса қайғылы жағдайға, материалдық шығынға апарып соғатыны туралы ойлануын ескертеміз.
қауіпсіздендірмеу, электр жабдықтарын қараусыз қалтыру, отты дұрыс пайдаланбау, мас күйінде шылым шегу болып табылады.
Осыған орай Іле аудандық өрт сөндіру қызметі тағы да өрттің өте қатерлі апат екенін, көбінесе оның құрбаны адамдар болатынын ерекше ескертіп айтады.
Өрт - өте қатерлі қауіп! «Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!»
Осы жағдайларды ескеріп Іле аудандық өрт сөндіру қызметі жеке меншік үйлердің, пәтер иелерінен өрт қауіпсіздігі ережелерін мұқият, үлкен жауапшылықпен орындауын сұрайды.
Отты пайдаланғанда өрт қауіпсіздігі ережелерін бұлжытпай орындауын ұмытпаңыздар!
Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар, электрөткізгіш сымдарды уақытында жөндеп тұрыңыз! 
Тұрмыстық электрқұралдарды қолданғанда қауіпсіздік ережелерін орындап отырыңыз! Ұмытпаңыздар - өртті сөндіргеннен гөрі, өрттің алдын ала ескертуі оңай


Өрт сөндіру техникасы

Өрттен адамдарды құтқаруға, материалдық және табиғи байлықтарды қорғап қалуға арналған техникалық құралдар. Өрт сөндіру техникасының негізін өрт сөндіру машиналары (өрт сөндіру автомобилі, өрт сөндіру пойызы, өрт сөндіру кемесі, өрт сөндіру ұшағы мен тікұшағы) құрайды. Өртенген жерлерге от сөндіргіш заттар шашуға арналған өрт сөндіргіш орнықты қондырғылар, өрт сөндіргіштер, өрт гидранттары, т.б. өрт сөндіру құрал-жабдықтары Өрт сөндіру техникасы қатарына жатады. Өрт сөндіру техникасын жасау ісі өте ерте кезден-ақ қолға алынған. Б.з.б. ежелгі грек механигі әрі өнертапқышы Ктесиби суды жоғары қарай шашатын машина жасаған. Бұл – су сепкіш машинаның ең алғашқы үлгісі еді. 16 ғасырларда өрт сөндіргіш қол насостары жасалды. Бу машинасы шыққаннан кейін онымен жұмыс істейтін өрт сөндіргіш қондырғылар жасалды. Бұлар ат арбамен тасылды. Кейіннен ат арбаның орнына бу автомобилі пайдаланылды. Алғашқы кезде іштен жанатын қозғалтқыш орнатылған автомобильдер өрт сөндірушілерді ғана тасыса, бертін келе оған өрт сөндіру сорғылары орнатылды. 1907 жылы автомобильге механикалық өрт сөндіру сатысы орнатылды. Өрт сөндіру ісінде автомобильді пайдалану өрт сөндіру техникасына түбегейлі өзгеріс әкелді. Ұзақ уақыт бойы өрт сөндіруге су пайдаланылып келді. Кейбір жағдайларда, яғни май мен мұнай жанған кезде сумен өшіру мүмкін болмады. 20 ғасырлардың бас кезінен өрт сөндіру ісіне химиялық көбіктер пайдаланылуда.

Өрт сөндіру автомобилі

Өрт шыққан орындарға өрт сөндіру күзеті бөлімшесінің мүшелері мен өрт сөндіруге арналған құрал-жабдықтарды жеткізеді. ӨСА негізгі, арнаулы және көмекші деп үш түрге бөлінеді. Негізгі ӨСА-не автоцистернамен, қол сорғылармен, автосорғылармен, сорғы станциаларымен жабдықталған газды су, көбіктенген ауа, ұнтақты өрт сөндіргіш заттар шашатын автомобильдер жатады, олар өрт ошағына сөндіргіш заттар шашады. Автоцистерналы ӨСА өрт ошағына шашылатын өрт сөндіргіш заттармен бірге өрт сөндірушілерді де алып жүреді және өрт сөндіруге қажет әр түрлі құрал-жабдықтармен жабдықталады. Өрт сөндіру сатысы, жарықтандыру, техникалық, т.б. мақсаттарға арналған құралдармен жабдықталған автомобиль арнайы ӨСА деп аталады. Техника қызметтің ӨСА өрт ошағына өрт сөндірушілерді, бөлме ішінен түтін соратын және оған таза ауа айдайтын, үйді бұзатын не тесетін, жөндейтін, т.б. құрал-жабдықтарды тасиды. Көмекші ӨСА ірі өрт сөндіру кезінде өрт сөндіру техникасының жұмысына көмек (жанар май құяды, жөндейді, тех. қызмет көрсетеді) көрсетеді, т.б. мақсаттар үшін пайдаланылады. Барлық ӨСА-н өзге көлік түрлерінен оңай ажырату үшін қызыл түске (немесе қызыл және ақ) бояйды. ӨСА көк сәулелі шамшырақпен және сиренамен жабдықталады.

Өрт сөндіру депосы

Өрт сөндіру депосы (ӨСД)

Өрт сөндіру бөлімшелерінің кезекшілері, өрт сөндіру автомобильдері мен құрал-жабдықтары орналастырылған ғимарат. ӨСД-ның құрамында: тұрақ, байланыс пункті, класс бөлмелері, кезекшілер тынығатын бөлмелер, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету, өрт сөндіру жабдықтарын күту посттары, өрт сөндіруге қажет құралдар мен жабдықтар қоймасы, т.б. бөлмелер болады. ӨСД-нда 2-ден 8-ге дейін (кейде одан да көп) өрт сөндіру автомобилі болады. Автомобильдер тұрақта бір қатар болып тұрады. Депо ауласында оқу-жаттығу қалашығы, жанар май ст. болады. Біздің республикамыз бойынша ең алғашқы өрт сөндіру бөлімшесі 1877 жылы Верный (қазіргі Алматы қ.) қаласында ұйымдастырылған. Ол кезде өрт сөндірушілер және сорғылар мен су құйылған бөшкелер ат арбамен тасылған.

Өрт сөндіру кемесі (ӨСК)

Кемелерде және порт аймағындағы өртті сөндіруге арналған кеме. Ол арнаулы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталады. ӨСК-нде суды лафеттік оқпанға айдайтын сорғы бар. Сорғы кемеқозғалтқышы немесе арнайы жетекпен жұмыс істейді. Сорғы сағатына 1000 м3-ге дейін су айдай алады. Су атқыш лафеттік оқпан кеменің тұмсық жағына не кормасына орнатылады. Лафеттік оқпандар алыстан басқарылады. ӨСК-нде көбікті от сөндіргіш заттар толтырылған ыдыстар болуы себепті танкерлер мен жағалаулардағы мұнай қоймаларында шыққан өртті сөндіруге де болады.

Өрт сөндіру сатысы

Өрт сөндіру сатысы (ӨСС)

Өрт сөндіру сатысы (ӨСС) – өрт болып жатқан үйдің үстіңгі қабатына өрт сөндірушілерді және құралдарды шығаруға әрі ол жердегі адамдарды өрттен құтқаруға арналған ұзын саты. ӨСС-ның қол саты, автомобильдік және орнықты саты деп аталатын түрлері бар. Қол сатысы жиналмалы және аспалы болады. Жиналмалы қол сатысы созылған кезде 10 метірге дейін ұзарады. Автомобильдік ӨСС (ұзындығы 16, 30 және 45 метірге дейін жетеді) және иінді автокөтергіш (18 не 30 м биіктікке дейін көтереді) деп екіге бөлінеді. ӨСС-ның жоғары иініне су атқыш лафеттік оқпан орнатылады. Орнықты ӨСС әр үйдің сыртына орнатылады.

Өрт сөндірушілердің бір күндік өмірі

Бала күнінде өрт сөндіруші болуды армандамаған бала кемде-кем шығар. Әдетте бұл арман  ғарышкер болу секілді бала қиялдың жетегінде қалып қояды. Дегенмен сол бала күнгі арманына жетіп, бүгінде өрт сөндіруші болып қызмет атқарып жүрген азаматтар бар. Тілсіз жау терезеңнен телмірген кезде ғана еске алатын бұл маман иелерінің күнделікті тіршілігі қалай өтеді? Жалпы өрт сөндірушілер шұғыл шақырту болмаған кезде немен айналысады?  

Біз Астана қалалық №2-ші арнайы мамандандырылған өрт сөндіру бөліміндеміз. Бұл бөлімнің қызметкерлері ең қиын өрт сөндіру шараларына шығатынымен ерекшеленеді. «Ең қиын» дегеніміз — халық көп жиналған ойын-сауық орталықтары, мектеп, балабақша, ауырухана секілді үлкен ғимараттар.

Өрт сөндірушілердің жұмыс уақыты таңғы 8:30 да басталып, бір тәулікке созылады. Есесіне бір тәулік жұмыс істеген қызметкерге келесі үш күнде тынығып, жаңа күшпен жұмысқа келуіне рұқсат беріледі.

Алайда өрт сөндірушілер бір тәулік бойы ұйқысыз қызмет ету адамның ұйқы режимін бұзып, дел-сал күйге ұшырататынын айтады.       

Өз басым өрт сөндіру бөлімінен дел-сал болып жүрген қызметкерді байқаған жоқпын. Барлығының көңіл-күйлері көтеріңкі, онсыз да көп елене бермейтін маман иелері олардың кәсібіне қызығушылық танытқанымызға мәз-мейрам болып қалды.

Осы тұста бөлімнен бірнеше шақырым алыстап, Астана қаласының жедел басқару орталығына ауыса тұрайық.

Қаланың екі көзі болса — бұл соның бірі. Барлық төтенше жағдайларды осы мекеме анықтап, келген қоңырауларға жауап беріп, ең жақын орналасқан құтқару бөлімін жіберіп отырады. Өрт болған жағдайда да ең алғаш болып осы орталық естиді. Құтқару экипажын жіберіп қана қоймай, оның оқиға орнына дейін кептеліссіз жетуін спутник арқылы бақылап, үнемі байланыста болады.

Астана қаласы бойынша тәулігіне төтенше жағдай болғандығы жайлы 200-300 қоңырау шалынады. Олардың ішінде өрт болып жатқандығы туралы орта есеппен 8 қоңырау келіп түседі. Жазғы мезгілге қарағанда, қыста өрт шығу фактілері жиі орын алады. Бұл «жылыту» науқанының басталуымен түсіндіріледі.

  • Қызық дерек: Әлемде «Melanophila» қоңызынан басқа ешбір тірішілік иесі өрт болғанын қаламайды. Оның төбесіндегі инфрақызыл рецептор өрттің басталғанын үлкен қашықтықтан сезіп, басқа жан-жануарлар орманнан қашып жатқан уақытта олар ұрпақ көбейту мәселесімен әлек болады екен. Ал адамзат үшін өрт — тілсіз жау. Жыл сайын жер бетінде жүз мыңдаған адамның өмірін жалын жайпап алып кетеді. Өртпен адам баласы өте ерте кезден күресіп келеді. Тіпті Ежелгі Мысыр мен Қытай елдерінде өрт сөндірушілер орта ғасырларда-ақ пайда болған.

Жедел басқару орталығынан түскен қоңырауды да өрт сөндірушінің өзі қабылдамайды. Дәл сіздің өміріңіздің қауіпсіздігі үшін тәулік бойы рацияның қасынан ажырамайтын арнайы маман бар. Бүгін бұл қызметте Дәрия Байзулова.  Дәрия жас болғанымен осы қызметтің арнайы оқуын бітірген білікті маман. Айтпақшы, ол бүгін осы бөлімде қызмет атқаратын жалғыз қыз. Сондықтан, өрт сөндірушілер оның жұмысын барынша жеңілдетіп, алақандарына салып ұстайды екен.

Дәрия Байзулова, радиотелефонист:

— Жұмысқа орналасқаныма бір ай ғана болды. Қызметім өзіме ұнайды. Алайда жауапкершілік өте үлкен екенін сезінемін. Маған бұл жерден алыстауға рұқсат жоқ. Өйткені, өрт болып жатқандығы жайлы қоңырау келіп түсіп, радиотелефонист болмай қалса, қаншама адам зардап шегуі мүмкін. 

Дәрия сөзін аяқтап болмай оған шұғыл қоңырау келіп түсті. Әрине, сұхбаттан қарағанда адам өмірі маңыздырақ екенін түсініп, біз өрт сөндірушілердің дайындық алаңына беттедік.

Өрт сақшыларының дайындығы қалай өтетінін сезіну үшін мен арнайы өрт сөндіру киімін киюді ұйғардым. Жай ғана киіп қана қоймай өзіммен қатар жас өрт сөндірушімен жарыспақ болып шештім. Сонымен кім жылдам болар екен?

Өрт сөндірушілер киетін жабдықтың салмағы — 18 килограмм. Оның қайсысы қай жерде тұруы керектігін түсініп болғанша 10 минут зымырап өтті. Менің әуре-сарсаңға түскенімді көріп бөлім командирі Серік Құмарұлы қол ұшын беріп, айналдырған 20 минуттың ішінде-ақ сақадай сай болдым!

Ал енді менің қарсыласым іске кірісті.

Неткен жылдамдық! Бұл жігіт 19 секунда барлық киімін киіп, адам өмірін құтқаруға дайын тұр! 

Менің жиырма минут киген киіміме, бұл жігіт 19 секунд ғана жұмсады. «Жарайды, келесі жарыста жолым болар» - деп, мен де еңсемді тіктеп, жолға әзірлендім. 

Жалпы ереже бойынша өрт сөндірушілер бұйрық түскеннен кейін 30 секундтың ішінде толық құраммен дайын болулары қажет. Ал мұндай шеберлікке — тынымсыз жаттығулар ғана жеткізеді.


Жаттығу демекші, өрт сөндіру бөлімі заманауи жаттығу залымен жабдықталған. Мұнда үнемі ауысып отыратын тор бөлмелер де, құбырлар да, автоматтандырылған тепкішектер де бар.

Өрт болып жатқан ғимаратқа кірген құтқарушы жалғыз шықпасы анық. Мұндай жағдайға да ысылсын деген мақсатпен, кедергілерден өткен кезде олар өздерімен адамға ұқсатып жасалған мүсінді көтеріп жүреді.

Жансыз дегені болмаса, бұл адам іспеттес мүсіннің салмағы — 70 килограмм. 

Дайындық алаңындағы ауыр жаттығулардан кейін, құтқарушыларға әлденіп, түскі ас ішіп алуға уақыт берілді. Шынымды айтсам, өрт сөндірушілермен бірге түскі ас ішем деп ойламаған едім... Алайда мұндай мүмкіндік өмірде бір рет ғана берілетін болғандықтан, екі жеңді түріп, ауқаттануға кірістік. 

18 килограмм тартатын ауыр киіммен жүргендіктен бе, қарнымыз ашып, ішіміз шұрқырады. Қызметкерлердің басым көпшілігі тамақты өздері дайындайды екен. Қарнымыз ашқандықтан ба, жоқ әлде тағам шын мәнінде дәмді болған ба, әріптесім екеуміз таласа жеп, бір қазан тамақты лезде тауысып қойдық.

Түскі үзілісті пайдаланып өзінің 25 жыл ғұмырын осы өрт сөндіру бөліміне арнаған, бөлім командирі Серік Құмарұлын әңгімеге тарттық

Өрт сөндіруші болып неше жыл қызмет атқарып келесіз? Бұл мамандықты таңдауға не итермеледі? 

— Мен бұл бөлімге орналасқан уақытта әскерден енді келген жас жігіт едім. Қасымдағы әріптестерім жалындаған отқа қарамастан ғимараттарға кіріп кетеді. Қол қусырып қарап тұруды намыс көріп соңдарынан мен де кіремін. Өстіп жүргенде 25 жыл зымырап өте шықты. Енді қазір ұлым менің жолымды қуып, өрт сөндірушінің оқуын оқып жатыр. Ол маған «Әке, мен өскенде сізден де көп медальдар аламын» - дейді. Мен оның басынан сыйпап, «әрине, балам, аласың» деп қоямын. Өйткені мен де бала күнімде дәл осылай армандаған болатынмын. 

Тәжірибеңізде болған ең қиын өрт сөндіру шараны есіңізге түсіре аласыз ба? 

— Әрине, біздің жұмыста «оңай» деген болмайды. Бір күні үлкен бір ғимараттың жанып жатқандығы жайлы хабар келіп түсті. Далада -45 градус аяз. Аяқ киіміңе кірген су лезде мұз болып қатып қалады. Сол күні өрт сөндіріп болғанан кейін қатты сырқаттанып қалдым. Қолымды бір-ақ сілтеп кетіп қалғым келді. Алайда бір нәрсе мені тоқтатқандай болды. Сол бір жағдайдан кейін мамандық ауыстыру туралы ой қайта келмеді. Жұмысты қалай осы бөлімде бастадым, әлі күнге осы жерде қызмет атқарып келемін. Бүгінде қызметім лайықты бағаланып, бөлім командирі болып жұмыс атқарамын. 

Шақырту болмаған жағдайда өрт сөндіру бөлімі жаттығулар жасап, теориялық әдістер алып, оқу-жаттығу жиындарына барады. Бір сөзбен айтқанда, «өрт жоқ болса — жұмыс жоқ» деген түсініктен ада. Жиырма төрт сағат бойы қала қауіпсіздігі үшін жасалып жатқан тіршілік. 

Айтпақшы, ескерткіште айтылған батыр — бөлім командирі Серік Құмарұлының ұстазы. 

Өрт сөндірушілер үшін бесінші қабатқа өрмелеп шығу — қас-қағым сәттің жұмысы. 

Сондай-ақ, өз өміріне қауіп төңген сәтте олар арнайы осындай жағдайға арналып жасалған арқан жіппен секіріп кетеді. 

Осымен біздің өрт сөндірушілермен өткен бір күніміз соңына жетті. Бүгін қалада өрт болмағанына, оқырмандарға біздің кейіпкерлерімізді нағыз істің үстінде көрсетпегеніме еңсем түсіп қоштасып жаттым. Мұны байқаған бөлім командирі Серік Құмарұлы қолымды алып жатып «Балам, өрт болмады деп көңіл-күйің түспесін. Тыныштықта өткен әрбір күн — сыңғырлаған күлкі, бақытты балалық шақ, шаттыққа толы отбасы» - деп, бізді шығарып салды. Әріптесім екеуміз терең ойға шомып, үйімізге қайттық... 

Мақала авторы - Рүстем Әлпи


















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Өрт сөндірушілердің еңбегі

Автор: Ирисметова К.Т.

Дата: 30.05.2018

Номер свидетельства: 471526

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "Бастауышта?ы шы?армашылы? - басты ма?сат"
    ["seo_title"] => string(38) "bastauyshtagyshygarmashylykbastymaksat"
    ["file_id"] => string(6) "313639"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1459515242"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(98) "Б?рімізде ма?сат бір м??алімдермен ж?ргізілген тренинг"
    ["seo_title"] => string(66) "b-rimizdie-mak-sat-bir-mu-g-alimdiermien-zhurghizilghien-trieningh"
    ["file_id"] => string(6) "305349"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1457928479"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(184) "Баяндама. Физика  п?нінде  о?ушыларды?   білім  жетістіктерін  ба?алауда   критериалды?   ж?йені   ?олдану "
    ["seo_title"] => string(105) "baiandama-fizika-p-nindie-ok-ushylardyn-bilim-zhietistiktierin-bag-alauda-kritierialdyk-zhuiieni-k-oldanu"
    ["file_id"] => string(6) "133775"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1416581787"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(200) "А?паратты? коммуникативтік технологияларды пайдалану ар?ылы студенттерді? а?паратты? ??зыреттілігін арттыру. "
    ["seo_title"] => string(120) "ak-parattyk-kommunikativtik-tiekhnologhiialardy-paidalanu-ark-yly-studienttierdin-ak-parattyk-k-u-zyriettilighin-arttyru"
    ["file_id"] => string(6) "202278"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1429203373"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Жолда жүру ережелерін білеміз бе?"
    ["seo_title"] => string(41) "zholda_zhuru_ieriezhielierin_biliemiz_bie"
    ["file_id"] => string(6) "471524"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1527641780"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства