kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мектеп жасына дейінгі балалардың зерттеушілік әрекетін қалыптастыру

Нажмите, чтобы узнать подробности

 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мектеп жасына дейінгі балалардың зерттеушілік әрекетін қалыптастыру»

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Қазіргі уақыт талабы – білімді, саналы, мәдениетті, адамгершілігі мол, қоғамда өз орнын таба білетін тұлға қалыптастыру. Жеке тұлға дегеніміз – адамның психикалық рухани мәдениеті. Тұлға мәселесі қай уақытта да өзінің сан қырлы жақтарымен заман талабынан түскен емес. Баланың ақылы, ой-сезімі мұғалімнің ерік-жігері, таусылмас мол қажырлы мен сабырлы, еңбекқорлығы арқасында жетіледі. Бала алдымен тәрбиешісін пір тұтады. Оның бейнесі – болашақтың бейнесіндей әсер етеді. Бүгінгі мектеп жасына дейінгі жас ұрпақтарға келешекте өз өмірлерінің, олардың жастық қабілеттерінің нені қабылдап өрістете алулары қабілеттіктеріне жаңалықтылық концепцияларды үйлестіре білуге тәрбиеленуде және де осының арасынан дұрыс бағыт тауып өз кірген ортасында негізді бейімділік тауып әрқашан өзгерістерге бейімділікпен тәрбиеленуі қажет.

Балаларға шығармашылық іс-әрекет дағдыларын меңгерте отырып, тәрбиеші әр баланың зерттеу қабілеттерінің жеке дара екенін ҧмытпауы керек. Осы тҧрғыда қабілеттерін дамыта отырып, жетістіктерге жеткізуге мҥмкіндік туғызады. Психология ғылымдарының докторы, профессор А.И.Савенков ұсынған оқушының зерттеу қабілеттерін дамытуға арналған әдістемелік құралдарына сҥйене отырып, зерттеу қабілеті моделін талдап көрсетуге болады

Зерттеу қабiлетi жүйесiнiң моделiн төмендегi үш құрамдас бөлiктің кешені ретінде құрастыруға болады:

1. Ізденiс белсендiлiгi; 2.дивергенттi ойлау деңгейi; 3.конвергенттi ойлау деңгей;

«Ізденіс белсенділігі» өлшемі - зерттеу әрекетінің басты қайнар көзі және негізгі қозғаушы күші ретінде роль атқарады. Ол зерттеу қабілетінің мотивациялық құрамдас бөлігін сипаттайды. Ізденіс белсенділігіне деген талпыныс биологиялық қасиет болғанымен, кейде сыртқы факторлардың әсерінен де дамуы мүмкін. Жоғары мақсаттылық (мотивация), қызығушылық, сезіммен берілу – «ізденіс белсенділігіне» бағытталған зерттеу әрекетінің қажетті құрамдас бөлігі.

Дивергенттi нәтижелiлiк немесе дивергенттi ойлау қабiлетi мен бейiмдiлiк зерттеу мiнез құлқы жағдайындағы аса маңызды қасиет. Себебi ол проблеманы көру және оны шешу варианттарын iздеу (гипотеза) этапында үлкен роль атқарады. Дивергенттi ойлаудың нәтижелiк, өзгешелiк, ойлау икемдiлiгi, идеяларды өңдеу қабiлеттiлiгi деген сияқты маңызды сипаттамалары зерттеу iс-әрекетiн табысты жҥзеге асырудың мiндеттi шарттары болып табылады. Бұлар зерттеулiк әрекеттің ажырамас бӛлiгi.

Зерттеу әрекетін қажет ететiн нақты жағдайларда жоғары дамыған конвергенттi ойлау қабiлетi болмаса, дивергенттi ойлаудың да, iздену белсендiлiгiнiң де пайдасы жеткiлiксiз. Себебi, конвергенттi ойлау – проблеманы талдау мен синтездей білу қабілеттері арқылы қисынды алгоритмдер негізінде мәселені шешу дағдысымен тығыз байланысты, бҧл сатыларда жағдайды саралау мен бағалау, ойлар мен тұжырымдар жасай білу маңызды. Ол зерттеу объектісін табысты дайындау және жетілдірудің, берілген ақпараттың, бағалаудың және рефлексияның басты жағдайы болып табылады .

Мектепке дейінгі білім беретін бҥлдіршіндердің зерттеушілік кабілеттерін арттыру - заман талабынан туындап отырған өзекті мәселелердің бірі. Ғылымның барлық саласының жедел дамуы, техникалық прогресс, акселерация ықпалы,барлығы да мектепке дейінгі білім беретін мекемесі баласынын терең теориялық ойлауға кабілеттілігін арггырып отыр.

Қазіргі мектептерде зерттеу аркылы окыту баладардың танымдық кабілеттерін дамытуға ең тиімді технология. Кішкентай балалардың бір нәрсені зерттеуге деген талпынысы биологиялык құбылыс. Үнемі бір нәрсені зерттеуге деген талыпыныс бала мінезіне тән қасиет. Ол өзін қоршаған ортаны үнемі танып білгісі келеді. Баланың бір нәрсені зерттеп білсем деген талпынысы, оны зерттеп оқу іс-әрекетіне итермелейді.

Баланы өзінің іс-тәжірибесі арқылы оқуға қызығушылығын арттыру, яғни «зерттеу арқылы оқыту» білім беру саласын демократияландыру кезеңінен байқалады, яғни мұғалімдер баланың оку-іс әрекетін танымдық іс-әрекетіне жуыктатуға талпыныс жасайды.

«Зерттеу арқылы оқытудың» басты мақсаты — оқушыларда адам мәдениеті дамуының кез-келген сатысында атқарылатын іс-әрекетті өз беттерімен, шығармашылықпен, жаңа қабылдау қабілеттерін қалыптастыру болып табылады.

Зерттеу әрекеті-мектеп жасына дейінгі балалардың жеке шығармашылығына бағытталған әрекет. Мұндай әрекет мектеп жасына дейінгі балалардың жеке білім аумағын қалыптастыру арқылы нәтиженің туындауына мүмкіндік береді. Мектеп жасына дейінгі балаларда арнайы бiлімдi қалыптастыруға, сондай-ақ жалпы зерттеулiк iзденiске қажет бiлiк пен дағдыны дамытуға қажеттi бағдарламаны өңдеу қағидаларын анықтаған.

Баланың танымдық іс әрекетін табысты жүргізу үшін А.И.Савенков әдістемесі бойынша зерттеу қабілеттерін дамыту бағдарламасын өңдейтін 5 қағидасын анықтаған. Олар:

Зерттеу ұғымын кеңiнен түсiндiру қағидасы

Зерттеу бiлiктерi мен дағдыларының өзiндiк құндылық қағидасы. Пәнаралық байланыс қағидасы Тренингтерге сүйену қағидасы Импровизация қағидасы

Әр мектеп жасына дейінгі балалардың өзіндік ерекшелiктерi, құндылықтары және қалаулары болады. Әр уақытта сыртқы факторлардың әсерiнен олардың қызығушылықтары бiр құбылыстан екiншi бiреуiне ауысуы мүмкiн. Бiр бiлiмдi әр бала әр түрлi қабылдайды. Оларда зерттеулiк iзденiстiң әр түрлi бiлiктерi мен дағдылары көрiнiс тауып, қалыптасуы мүмкiн. Сондықтан тәрбиеші балалардың осы ерекшелiктерiне икемделуі керек, бұл үшiн ол өз жоспарларын әрқашан өзгертуге және оларды қайта туындаған жағдайларға сәйкес түзету жүргiзуге дайын болуы тиiс.

Зерттеу әрекеті кезінде балалар анықталмаған ортаға түседі, бұл олардың танымдық және шығармашылық әрекетін белсендіреді. Зерттеу әрекетін құру практикалық әрекеттің барлық кезеңдерінде балаларды енгізуге негізделеді. Зерттеу әрекеті баланың өзбетімен жұмыс жасауға, қарым-қатынас жасай білу сияқты тұлғалық сапаларының дамуына, жоспарлау, рефлексиялауға, ақпаратты іздеу және өңдеуге, сонымен қатар психикалық және танымдық процестердің дамуына ықпал етеді.

Мектепке дейінгі білім беретін бүлдіршіндердің зерттеушілік кабілеттерін арттыру - заман талабынан туындап отырған өзекті мәселелердің бірі. Ғылымның барлық саласының жедел дамуы, техникалық прогресс, акселерация ықпалы, барлығы да мектепке дейінгі білім беретін мекемесі баласынын терең теориялық ойлауға кабілеттілігін арыттырып отыр.

Қазіргі балабақшаларда зерттеу арқылы оқыту балалардың танымдық кабілеттерін дамытуға ең тиімді технология. Кішкентай балалардың бір нәрсені зерттеуге деген талпынысы биологиялык кұбылыс. Үнемі бір нәрсені зерттеуге деген талыпыныс бала мінезіне тән касиет. Ол өзін қоршаған ортаны үнемі танып білгісі келеді. Баланың бір нәрсені зерттеп білсем деген талпынысы, оны зерттеп оку іс-әрекетіне итермелейді.

Зерттеу ісі қазіргі кезде аясы тар мамандандырылған қызмет емес, ғылыми қызметкерлердің белгілі топтарына ғана тән емес, сондай-ақ бүгінгі заман адамнын, өмір сүру тәсіліне енген, кәсіби шеберлігін танытуда өзіндік көзқарасына сәйкес қызмет болып табылады. Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады. Егер әр баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы қажет болса, онда баланың қабілетін түрлі әрекеттерде көрсету үшін зерттеуге дайындау кажет.

Балабақшада балалар зерттеу жұмысының толық циклын жүргізеді. Алдымен зерттеу тақырыбын тандағанда, балаларға қызықты болатынын, сол затты көре алатындай, ұстай алатындай мүмкіндік болуы қажет. Оның мақсаты — тандалған зат бойынша жан-жақты ақпаратты ата-анасымен жинастырып, шағын баяндама дайындайтынын алдын-ала түсіндірілуі керек. Қалай жұмыс істейміз? —деген сұрақтар туындайды. Әрине, бұл жұмыс түрі кішкентай балалар үшін күрделі және жаңа.

Жұмысты қарапайым сұрақтардан бастадық мысалы: «Ең алдымен не істеу керек? Зерттеуді ғалымдары неден бастайды?» Әңгіме барысында балалар ең негізгі әдістерді ӛздері ҧсынады: «Кітаптан оқу», «Қолмен ҧстап кӛру», т.б. Әр жауаптан кейін бҥлдіршінді мадақтап, алдына сол әдістің ҥлестірмесін кою қажет. Осындай жҧмыс барысында балалардың алдында зерттеу жҥмысынын тізбегі қҧрылады (балалар айтпағанды, тәрбиеші ӛзі айтып кету керек). біздің тәжірибеміз бойынша, балалар «Эксперимент», «Компьютерден карау», «Мамандарға сҧрақтар кою», «Байқау» деген әдістерді ҧсынылады да, ал «Ӛзіме ойлану керек» дегенді ҧмытып, айтпайды. Сонымен, алдымызда зерттеу жҧмысынын жоспары кҧрылады.

Жеке ойлану, кітаптардан карау, компьютерден карау ,эксперимент сияқты жҧмыстар ҧйымдастырылады.Бҧл жҧмысқа кірісу ҥшін, фиксация тәсілдері бойынша келісім жҥргізу керек. Жиналған акпараттарды есте сақтау қиын, сондыктан оларға белгі ҧсыну керек. (біз ҥшін пиктографиялық жазу). Белгілер әртҥрлі болуы мҥмкін: яғни сурет, символ, т.б. Алған ақпараттарды пиктографиялык жазу арқылы тҥсіргенде, біз баланың әртҥрлі сенсорлық жолдарымен жҧмыс істегенін бакылаймыз (есту, кӛру, иіскеу, т.б.) Ендеше, пиктографиялық жазудан алған әсерлері бала ҥшін ҧмытылмайтын, қымбат акпарат болып есептеледі. Әдемі салғанына, дҧрыс салғанына біз токталмауымыз керекпіз, біздін максатымыз баланы осы белгілерді тез және ӛзіне тҥсінікті етіп салгызуға ҥйрету.

Белгілерді тҥрлендіруінде баланың ассоциативті және шығармашылық касиеттері бірден оның дамуына әсер етеді. Зерттеу такырыптары қыркҥйек айында окушылардың қызығушылықтарына байланысты тандалады. Балалардың зерттеушілік кызығушылыктарының бағыттарын анықтау бағытында жыл басында тӛмендегідей мазмҧндама сауал алынып, қорытындысы негізінде такырыптар берілді. Тақырыптарды бҥлдіршіндердің ӛздері тҧжырымдауға тиісті.

Тәрбиешінің ғана қолынан келетін нәрсе — ол балалардың ісініне деген қызығушылығын ӛшіріп алмай, ары карай астыруы. Яғни, ойлау кабілетінің ерекшеліктерін дамыту, белсенділіктерін арттыру, қызығушылығын дамыту, балаларға берілетін тапсырмалардан ерекше тапсырмаларды беру, кӛбірек ойландыру, танымдык, дидактикалық ойындар беру аркылы қызығушылығын ҥстемдеу, сҧрақтармен мәселелерді шешуді, ӛз бетімен іс істеуге ҥйрету, зерттеуге баулу. Тәрбиеші ӛз жҧмысында баланың барлық мҥмкіншілігін, белсенділігін кӛрсетуге жол ашып, алынған білімі мен біліктілігін дҧрыс колдана білуге ҥйрету, берген материалдың ең тҥйінді негізін, кҧндылығын, ӛз бетінше қорытынды жасай білуге, зерттеушілікке, арманшылыққа баулу ҥшін тҥрлі әдіс-тәсілдер колдануы керек. Бала ӛзі окып, ӛзі зерттесе ӛзін-ӛзі тексеріп, ӛз қатесін ӛзі тҥсінсе ғана жоғары жетістіктерге жетуге болады. Себебі, бала тапсырманы орындау барысында:

Ӛзі жҧмыс істейді; Жолдастарына кӛмектеседі; Олардан кӛмек алады;

86

Тәрбиеші тҥсінігін колданады; Ӛз ойын тҧжырымдауға ҥйренеді;

Қате жіберу арқылы тҥзетулер жасауға ҥйренеді;

Есте сактауы жақсарады, яғни топтық жҧмыста ол топтың мҥддесін корғау ҥшін талпынады, тырысады, ӛзін сол қоғам мҥшесі ретінде толық сезінуге, сезіне отырып, топ ішіне жолдастарынан қалып калмауға тырысады.

Зерттеу әрекеті-мектеп жасына дейінгі балалардың жеке шығармашылығына бағытталған әрекет. Мҧндай әрекет мектеп жасына дейінгі балалардың жеке білім аумағын қалыптастыру арқылы нәтиженің туындауына мҥмкіндік береді. мектеп жасына дейінгі балаларда арнайы бiлімдi қалыптастыруға, сондай-ақ жалпы зерттеулiк iзденiске қажет бiлiк пен дағдыны дамытуға қажеттi бағдарламаны ӛңдеу қағидаларын анықтаған.

Зерттеу әрекетін қҧра отырып, балалар ӛздерінің білімдері мен ӛмірлік тәжірибесін ғана пайдаланбайды, сонымен бірге ӛз ойларын нақты, әдемі, дҧрыс білдіруді ҥйренеді. Мектепке дейінгі кезеңнен зерттеу эелементтерін қолдану кез-келген ӛзгермелі ортаға бейім тҧлғаны даярлауда қолайлы деп санаймын.

Білім — бәсекеге қабілеттіліктің басты ӛлшемі екені белгілі. Тәрбиешілер,ҧстаздар кауымы ҧлы істердін ҧйыткысы болып, еліміздің болашағы жас ҧрпакты тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етіп, казақ елінің гҥлденуіне ӛз ҥлесін қоса береді.

Балабақшалардың, ата-аналардың және тәрбиешілердің ӛздерінің кішкентай азаматтарынан кҥтетін ҥмттері жоғары деңгейде екені баршаға мәлім. Сондықтан, коғамдық ортада ӛз ойын еркін де толык, жеткізе білетін, бесекеге кабілетімен кҧзыретті, шығармашыл, кез келген іс-әрекетке жан-жакты кӛзқараспен карайтын, білімді тҧлғаны дамыту және қалыптастыру тәрбиешінің мақсаты деп ойлаймын.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Мектеп жасына дейінгі балалардың зерттеушілік әрекетін қалыптастыру

Автор: Сегізбаева Нұргүл Лесалықызы

Дата: 10.01.2017

Номер свидетельства: 377431

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(132) "«Мектеп жасына дейінгі балалардың зерттеушілік әрекетін қалыптастыру»"
    ["seo_title"] => string(79) "miektiep_zhasyna_dieiinghi_balalardyn_zierttieushilik_riekietin_k_alyptastyru_1"
    ["file_id"] => string(6) "404407"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1490762569"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(141) "Ша?ын орталы? ??рылымында педагогикалы? жа?а инновациялы? технологияны ендіру "
    ["seo_title"] => string(93) "shag-yn-ortalyk-k-u-rylymynda-piedaghoghikalyk-zhan-a-innovatsiialyk-tiekhnologhiiany-iendiru"
    ["file_id"] => string(6) "194152"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1427731906"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(160) "Баяндама "Ша?ын орталы? ??рылымында педагогикалы? жа?а инновациялы? технологияны ендіру" "
    ["seo_title"] => string(103) "baiandama-shag-yn-ortalyk-k-u-rylymynda-piedaghoghikalyk-zhan-a-innovatsiialyk-tiekhnologhiiany-iendiru"
    ["file_id"] => string(6) "195799"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1427967011"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "«?лпа ?ар» жобасы "
    ["seo_title"] => string(18) "u-lpa-k-ar-zhobasy"
    ["file_id"] => string(6) "215608"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1432739012"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(122) "Ұсақ және жалпы моториканы дамыту.баланың жан-жақты дамуына әсері."
    ["seo_title"] => string(72) "u_sak_zh_nie_zhalpy_motorikany_damytu_balanyn_zhan_zhak_ty_damuyna_sieri"
    ["file_id"] => string(6) "375462"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1483560545"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства