Просмотр содержимого документа
««мектеп жасына дейінгі балалардың саусақ театры арқылы тілдерін дамыту»»
«МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢСАУСАҚ ТЕАТРЫ АРҚЫЛЫТІЛДЕРІН ДАМЫТУ»
Шакенова Гаухар Ильясовна,
Абай облысы. Семей қаласы
«Бала бақша-бөбек жай «Айым»» Әдіскері
Аңдатпа.Бүгінгі таңда театр тақырыбы өзекті тақырыптардың бірі. Себебі қазір адамдар театрға барғаннан гөрі, үйде отырып, уақыттарын теледидар мен интернетке арнайды. Мектепке дейінгі бала тәрбиесінде, саусақ театрының алатын орны ерекше. Ежелгі мәдениетті сақтап қалудың бір жолы, балабақшадағы саусақ театры. Балалар әртістермен бірге күліп, біресе жылап отырып, өздерін мазалап жүрген көптеген мәселелердің шешімін табады. Бүгінде бөбектердің дамуына үлкен ықпал ететін қуыршақ театрының бала дамуына оң әсер етеді.
Түйін сөздер: Саусақ театры. Ұсақ қол моторикасы, тіл дамыту, сөздік қор, тілдік қатынас, әдіс-тәсілдер.
Жалпы, Театр өнері балаға не береді, оның маңыздылығы неде?- деген сұрақ төңірегінде ой қозғасақ, алдымен театр өнері баланың эмоциональды ашылуына, қымсыну мінезінен арылуына, сөз мағынасын сезіне білуге және көркем бейнелей білуге, қиялдай, ойлап құрастыра білуге үйретеді, өзіне деген сенім, өзіндік ой – пікірін қымсынбай еркін жеткізе білуге тәрбиелейді, көрінбей жатқан қабілеттерін ашады, ізгі қасиеттерге тәрбиелейді. Балалар сахнаға шыққанда тек белгілі бір кейіпкерді сомдап қана қоймай, достықтың, адамгершіліктің асыл қасиеттерін де бойына сіңіре отырып, жаман мінез-құлықтан, жаман қасиеттерден жиіркеніп, жақсыдан үлгі алуға үйретеледі.
Атақты педагог Сухомлинский : «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады» - деген екен.
Осындай ғылыми дәйектерді негізге ала отырып, соңғы кезде педагог мамандар кездесіп жүрген көптеген проблемаларды шешу мақсатында «Айым» балабақшада балалардың тілдерін дамыту басты назарға алынған.
Атап айтсақ саусақ театры.
Балалар театрының бірнеше түрлері бар:
Үстел үстіндегі театры
Суреттер (картиналар) театры
Стенд - кітапша театры
Фланелеграф театры
Трафарет театры
Ойыншықтар театры
Көлеңкелі театр
Саусақ театрында
Саусақ театрында – саусақтардың көмегімен қандайда болмасын ертегіні немесе өлең - тақпақ шумағын сахналау болып табылады. Саусақ театры арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашылады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан - жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс қимылына қарап, бала қуанады шаттанады, сөз айтуға тырысады және өлеңде үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т. б. түсініктерді бағдарлай алуды үйренеді. Үстел үстіндегі театры.
тақпақ пен қысқа өлеңдерді айтқызғанда көркем сөздер әсерлі естілу үшін стол үстіндегі театрды қолданған жөн. Мұнда үстелде құламай тұратын және қозғалтқанда еш кедергісіз жүретін ойыншықтар қолданылады. Үстел үстіндегі қуыршақтар театрдың бірнеше түрі бар: әр түрлі биіктегі конустан, цилиндрден, қораптардан жасалған ойыншықтар; таяқшадан жасалған театр; «киндер - театр»; магнит театры; «мочалка театр»; үстел үстіндегі кейіпкерді тоқымадан немесе крючокпен тоқуға болады (олар өздерінің формасын ұстағандай пластмас бутылкаларға кигізіп қояды); ағаш ойыншықтар, саздан жасалған ойыншықтар (дымковски ойыншықтар).
Балаларға арналған көркем шығарманы оқыту неғұрлым дұрыс ұйымдастырылса, мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық талғамын дамыту соғұрлым табысты болады. Тіпті кішкентайлар тобынан тобынан бастап-ақ тақпақпен қысқа өлеңдерді айтқызғанда көркем сөздер әсерлі естілу үшін үстел үстіндегі театрды, қысқа сахналы қойылымдар көрсетуді қолдана берген жөн.
Бірінші кезеңде балалар ұжым болып, ертегі мәтінін ауызша айтады.
Екінші кезеңде ертегінің барлық кейіпкерлері үшін оқып шығу бір балаға ғана ұсынады.
Үшінші кезеңде балалар бір неше шығармашылық тапсырмаларды орындайды. қорқыныш, қуаныш сезімдерін көрсете білу және т.с.с\
Төртінші кезеңде рөлдерге бөлініп, ертегіні оқу жүзеге асырылады.
Қорыта келгенде, театр балалардың көркем қабілеттіліктерінің жетілдіріп қана қоймай оларды тұлға аралық қарым-қатынасқа, өнерге деген қызығушылықтарын арттырады. Сонымен бірге сахнаға бейімделген балалардың бойында өзіне деген сенім артып, алғашқы қол шапалақтауларды сезіне алады. Қалай десекте театр- балалар үшін мереке,демалыс орны.Ал осындай бақытқа жол ашу біздер, тәрбиешілер үшін үлкен табыс.
Театрландырылған ойындар желелі рөлдік ойындардан тек желісі ғана емес, сондай-ақ ойнау іс-әрекетінің сипатымен мазмұнын оқиды, екеуі көріністі көрсетеді.
Көлеңке театрдың сахнасы экран болады. Экранды ағаштан немесе қалың кардоннан жасайды, жіп арқылы қозғалтады. Кеіпкерлерді көрсеткенде қол көрінбеу керек. Бұл көріністер балалардың шығармашылықтарын арттырады, ой-өрістері дамиды.
«Бауырсақ» ертегісі
Ертегі кейіпкерлері арқылы мазмұнымен таныстыру. Сұрақ-жауап арқылы ертегіні терең түсіндіру.
Көңіл-күйлерін терең түсініп аяушылық сезімге қамқоршы болуға тәрбиелеу.
«Бұл бауырсақ кішкентай қу аң»
Ертегіні қайталай отырып, кейіпкерлерді таңдау, рөлдерге бөлу.
Фланелеграф арқылы – қызығушылықтарын, қиялдарын, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру. Мазмұндау мен тіл байлықтарын дамыту.
Кейіпкерлердің жан-дүниесін түсіне отырып, рөлдерге бөлініп ертегіні сахналай білулері
«Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін»
Ертегінің атын атау «Бауырсақ», кейіпкерлерді атап таныстыру. Ертегіні айта бастау, фланелеграфқа кейіпкерлер суреттерін жабыстыра отырып түсіндіру.
Бірінші кейіпкерлерін атап тақтаға шығару ата, әже, қоян, түлкі, аю, қасқыр. Балалар сөздерді анық, ашық, бар эмоциямен айтқызу.
Кейіпкерлер атрибуттары арқылы іс-әрекеттерін, әсерлі көңіл –күйлерін білдіре отырып, сезіндіріп көрсету.
«Бауырсақ » ертегісінің қойылымы
Ертегі туралы түсініктерін бекіте отырып, сахналау. Кейіпкерлер атрибуттары арқылы арқылы іс-әрекеттерін, әсерлі көңіл-күйлерін білдіре отырып, сезіндіріп көрсету.
Рөлдерін дұрыс орындауын қадағалау. Қиялдарын, эстетикалық талғамдарын, техникалық дағдыларын қалыптастыру.
Кейіпкерлердің жан-дүниесін түсіне білуге, оны ашып көрсете білкге тәрбиелеу.
Шалқан» ертегісі
Сұрақ-жауап арқылы ертегіні терең түсіндіру.Мимикалық, дидактикалық ойын арқылы эмоциялы шығармашылықтарын дамыту.
Көңіл-күйлерін терең түсінуге аяушылық сезімге, қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Ертегінің атын атау «Шалқан», кейіакерлерді атап таныстыру- ата, әже, немересі, ит, мысық және тышқан. Ертегіні мазмұндау фланелеграфқа кейіпкерлер суреттерін жабыстыра отырып түсіндіру.
«Ата мен әжемде қонақта болғанда»
Ертегіні қайталай отырып, кейіпкерлерін таңдау, рөлдерін бөлу, мейірімді тату-тәтті дос болуға тәрбиелеу.
Фланелеграф арқылы сөздердің дұрыс, анық, ашық айтылуын қадағалау, қимыл-қозғалыстарын көрсете білуін дамыту.
Саусақ ойындарының нәтижесінде: - Баланың тілі жетіледі; - Қимыл - қозғалысы артады; - Икемділігі артады; - Қисынды ойлауы дамиды; - Танымдық деңгейі артады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1 Аймауытов Ж. Психология:оқу құралы. – Алматы, 1994.
2 Федоренко Л.П и др. Методика развития речи у детей дошкольного возраста. – Москва,1977.
3 Аймауытов Ж.Тәрбиеші жетекші. – Орынбор, 1924.
4 Қаженбаева А.Е Бала танымын ойынмен дамыту/ А.Е. Алдабергенова/ Бала мен балабақша. – Алматы, 2002. R
5. «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауы 2014 жылғы 11 қараша;
6. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (ҚР БҒМ 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығы);