kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Балаларды сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу"

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Балаларды сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу"

Мектепке дейінгі балаларға тәрбие мен білім беру жұмыстарын ұйымдастыруда олардың сөйлеу, тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу мәдениетін жетілдіруге, құрастыра сөйлеуге, сөздік қорының молаюына баса көңіл бөлген жөн. 
Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсі және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз. 
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің: 
- балалардың сөздік қорларын дамыту; 
- жаңа сөздерді меңгерту; 
- үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет болып саналады
Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын, тапсырма, жаттығулардың орны ерекше. 
Өз жұмысымда балабақша ұжымының алдына қойған мақсатымен ұштастырамын. Жаңа технологияны, әдіс - тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын көтереді. Ең басты мақсатым: жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, балаларға сапалы да терең білім беру, олардың ойлау дағдылары мен есте сақтау қабілеттерін жетілдіре отырып, қазақ тілінде еркін сөйлеу дәрежесін көтеру. 
Балабақшадағы тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген. 
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді. 
Тіл үйренуде ең басты міндет – балалардың сөйлеу тілін жетілдіру. 
Сөздік қорды дамытуға бағытталған әдістердің жалпы міндеті. Сөздің мағынасын дұрыс түсініп, оны өз сөзінде дұрыс қолдану. Сол әдістердің бірі: 
Түсіндіру әдісі - жаңа сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді түсіндіруде қолданады.Сабақ сайын үйретілетін жаңа сөздер бойынша, яғни сөздік жұмысында іске асады. 
Көрнекілік әдісі – Сабақ сайын жүргізілетін әдіс. Басқа тілді үйретуде ең нәтижелі және жиі қолданылады. Балаларға түрлі суреттер мен заттарды, ойыншықтарды көрсету арқылы сөздерді үйретуге болады. Көрнекілік тақырыпқа сай, көзге тартымды яғни эсттетикалық жағынан жақсы, әртүрлі түстен болуы керек. 
Байланыстыра сөйлеуге үйрету жолдары 

Монолог Мнемокесте Диалог 
Жұптық 
Топтық 
Ұжымдық   
Тіл үйретуде ең басты міндет - балалардың сөйлеу тілін жетілдіру. Балалар тілдің грамматикасын білу арқылы бір - бірімен сөйлесуді,сұрақ қоюды үйренеді. Диалогтың және монологтың жеке тұлға үшін атқаратын қызметтері бір арнаға тоғысып жатады баланың танымдық қабілетін, жалпы тәрбиелік деңгейінің дамуына әсер етеді. Диалог пен монологтардың тіл үйренуші үшін маңызы өте зор. Күнделікті бала өмірінде жиі қолданыста жүрген сөздерді пайдалана отырып сөйлесу тілді тез меңгеруге мүмкіндік береді. Диалог пен монологтарды сурет бойынша, техникалық құралдар және ойын элементтері арқылы құрастыруға болады. 
Сабақта тілдік қатынас үш түрлі жолмен немесе қалыппен іске асырылады: 
Жұптық 
Топтық 
Ұжымдық. 
Жұптық оқыту. Жұптық оқыту қалпында тілдік қатынас екі баланың арасында жүреді. Онда негізгі мақсат- екі баланың өзара тілдесу ерекшеліктеріне, тілді білу дәрежесіне т.б. сүйене отырып іске асырылады. Мұнда балалар екі- екіден жұпқа бөлініп, әр жұп жеке тапсырмалар бойынша жұмыс істейді де, олардың сыңарлары бір- бірімен отырады. Жұптық қалыппен тілді үйретудің ерекшелігі:ол диалог арқылы жүзеге асады да, тілдік қарым-қатынастың ауызша түрін дамытуға себін тигезеді. Бұл қалып бойынша бүкіл тілдік материал диалогтың негізіңде меңгеріледі. 
Топтық оқыту. Балаларды топтарға бөліп сабақ өткізу балалар арасындағы қарым- қатынасты жақсартады, дұрыс сөйлей білуге жағдай жасайды, балалардың білімін жетілдіреді, әр түрлі мінез- құлықтағы адамдармен пікір алмасуға үйретеді, топтар арасында бала өзінің жеке - дара қасиетін көрсетуге мүмкіндік алады. 
Ұжымдық оқыту. Тіл үйренудің ұжымдық формасы дегеніміз- үйренушінің бүкіл топтағы адамдардың әрқайсысымен жеке сұхбаттасы арқылы олардың екеунің бір-бірін үйретуі, оқытуы,адамдардың бірінен - екеуінің үйренуі; пікір алмасуы және әр жұп сыңарларының ауысып отыруы нәтижесінде бүкіл ұжым мүшелерінің түгел қамтылып әрі жұптық: әрі топтық тілдік қатынастың жүзеге асуы. Сабақта балалардың коммуникативтік сөйлеуі,тіл дамытуы көрнекілік әдісі,ойын әдістер арқылы іске асады. 
Сөздік жұмыстарын өткізбей тұрып, жалпы символдардан бейнелерді меңгерту керек, мұнда мнемокесте үлкен роль атқарады. 
Мнемокесте – есте сақтау қабілетін жеңілдететін және қосымша ассоциацияларды құраумен есте сақтау көлемін кеңейтетін әр түрлі тәсілдердің жүйесі. К.Д. Ушинский мектеп жасына дейінгі балалардың ерекшеліктерін ескерсе, былай деп жазады: «Бала табиғатты көрнекілікті аса қажетсінеді. Балаға өзіне белгісіз бес сөзді жалаң үйрете бастасаңыз, көп уақытты зая кетіріп, босқа қиналасыз. Ал енді жиырма сөзді суреттермен байланыстыра үйретсеңіз, бала оны лезде қағып алады. Сіз балаға қарапайым ғана ойыңызды қанша түсіндірсеңіз де, оңай ұға қоймайды. Дәл сол ойды күрделі суреттер көрсете баяндасаңыз, ол сізді тез түсінеді». 
Мнемокесте бойынша жұмыс жүргізу кезеңдері 3 кезеңнен тұрады: 
1. Кестені қарастыру және бейнеленген суреттерді талқылау. 
2. Жалпы символдардан бейнелерді жаңғырту, мысалы: Үй – шатыр, қоян – ұзын құлақтар т.б. 
3. Қайта кодтаудан кейін құрастырған символдар бейнелер бойыша әңгімені, ертегіні, тақпақтарды мазмұндап бер. 
Мнемокесте мынадай бағыттар үшін қолданылады: 
1. Сөздік қорларын байыту. 
2. Сөздің дыбыстық жағын дұрыс айтуға үйрету. 
3. Сөйлем, әңгіме құрастыру. 
4. Әңгімені құрастыру. 
5. Жұмбақтарды жасыру және жауабын табу. 
6. Тақпақтарды жаттау. 
Мнемокестелерді баланың деңгейіне байланысты беріге болады. Мнемокестеде символдарды бейнеге аударамыз. Сонда балаға қонымды болады. 
Балалардың ақыл-ойына, қабілеттерінің дамуына жетудің бірден – бір жолы – өзара тілдік қарым-қатынас. Әр баланың табиғи қабілетін ескере отырып, балаға көмекші әрі сүйемелдеуші болып, әрдайым жанында достық қарым-қатынаста болсақ, оқыту мазмұнын жаңғыртуға, әрі тиімді әдіс-тәсілдерді кеңірек қолдануға еркін жол ашады. Мектепке дейінгі балаларға қазақ тілді үйретудің басты шарттары топта жағымды психологиялық климат, мейірімді орта, қазақ тілінде тілдесудің қуану сияқты факторлар өз себін тигізеді. Қазақ тілін үйретуде балалардың қорларын байыту, молайту, сөздіктерінің белсенділігін арттыру, күнделікті өмірде қолдана білуіне бағыт беру, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтырып, тіл мәдениетін жетілдіру, сөйлем құрап, сөйлесу тәжірибесін ұдайы ұйымдастыру – балалардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттырып, мемлекеттік тілдің мәртебесін ұғынып, тілінің жетілуіне ұстаздық әсер көрсетудің маңызы зор. Тіл тағдырына терең қарап, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерге қазақ тілін үйретудегі талап, міндеттер балабақшамызда жақсы іске асырылуда. 
Үстел үсті мнекесте басқа кестелерден ерекешелігі бала бұл кестені қолмен ұстап, көзбен көреді, жан-жақты таниды. Балаға өзі білген сөздерден және де өткен сабақтардан меңгерген сөздермен кесте бойынша сөз тіркестерін, сөйлемді құрастыруға қызықты. Олар мұны шын көңілдермен орындайды. Мысалы: «Менің балабақшам» тақырыбын өткен кезде топ, бөлме, ойыншық-сөздерін меңгеретін болсақ, өткен сабақта білетін, әдемі, таза сөздері тағы бар, осыдан бала «балабақшам таза, жарық» деген сөз тіркесін лезде орындай алады, ал келесі сабақта басқа тақырыпты өткеде, мысалы : «Тағамды» алатын болсақ, «балабақшада тәтті тағамдар бар» тағы сол сияқты сөз тіркестерін құрай алады. 

Осы аталған әдістердің барлығын айналып келгенде бүлдіршіндерге ойын түрінде жеткіземіз. Ойын ең басты элемент болып саналады. 
Дидактикалық ойындар - баланың ынтасын сабаққа аударуға, көңіл қойғызуға, қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруге көмектеседі, сабаққа эмоциялық бояу береді. 
«Ойын – күнделікті бала еңбегі, болашақ өмірінің бастамасы. Ойын үстінде баланың ертеңгі өмірге деген қабілеті байқалады» (К.А. Покровский). 
«Ойын – ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанған оты» (В.М.Сухомлинский). 
Мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін дидактикалық ойынның рөлі ерекше. Ойын арқылы баланың болашаққа деген көзқарасы қалыптасады. Ойын баланың ой өрісін дамытады,балаларды бірлесіп ойнауға үйретеді. Бірлік түбі-тірлік деп тегін айтылмаған. Бірлесе ойнап отырып, бала қоршаған орта туралы түсінігін кеңейтеді. Ізеттілік, ізгілік, инабаттылық бір күнде қалыптаса қалатын қасиет емес. Балалар ойын арқылы бір-бірлеріне ізеттілік білдіріп осы қасиеттері өмір бойы жалғасады. Ойын баланың жол серігі іспеттес. Қай бала болмасын ойнап өседі. 
Дидактикалық ойынның түрі: заттық дидактикалық ойын – бұл ойын әртүрлі ойыншықтармен және әртүрлі ойын материалдармен ұйымдастырылады. 
Триз әдісі - түсініктемен қолдана, отырып, жаңа нәрселерді туғызады, «ескіні» жақсартады, баланы қуанышқа бөлейді. Триз әдісін қолданып бір неше ойындармен қолданамын: 
Ойын: «Сөз ойла, тез ойла» 
Мақсаты: өткен сабақта сөздерді қайталау, бекіту. 
Шарты: текшедегі суреттер арқылы сөз тіркестерін құрастыру. 
Дидактикалық ойын: «Жыл мезгілдері» 
Мақсаты: есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту. 
Ойын шарты: тақырыпқа сай сурет бойынша жыл мезгілін сипиттап беру. 
Дидактикалық ойын: «Жемістерді ажырату» 
Ойын шарты: балаларға тірек сызбалар таратылып беріледі. Олар тақырыпқа сай, белгілерді дұрыс шешіп,жемістерді ажыратып береді және байланыстырып сөйлем құрастыру қажет. 
Балалар тілін дамытуда, олардың өмірге деген көркемдік көзқарастарын қалыптастыруда театрландырылған қойылымдар ерекше рөл атқарады. Балалар кейіпкерлерді ойнай отырып, олардың іс-әрекеттері мен мінез-құлықтарын береді және ойын арқылы тілдерін дамыта отырып, адамгершілік жақсы қасиеттері қалыптасады. Сондықтан да, театр қойылымдары балабақша тәрбиеленушілері үшін маңызын еш уақытта жоймақ емес. 
Мақсаты: Театрландырылған қойылымдар арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамыту, байланыстырып сөйлеулерін қалыптастыру, өмірлік оң көзқарастарын тәрбиелеу. 
Міндеттері: 
- театрландырылған қойылымдар арқылы балалар тілін дамыту; 
- сөздік қорларын байыту; 
- ауызша сөйлегенде дыбыстарды анық айтуға үйрету; 
- кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен дауыс ырғақтарын сәйкестендіре дұрыс сөйлеуге баулу; 
- байланыстырып сөйлеуге дағдыландыра отырып, шығарма барысын, мазмұнын ұғынуға, рөлдерді түсініп ойнауға үйрету. 
Әдіс-тәсілдер: 
- балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты материалдарды жинақтау; 
- қойылымдарға қажетті театр түрлерін іріктеп, дайындау; 
- қойылымдарға керекті көрнекіліктер мен құрал-жабдықтарды дайындау (ширма, атрибуттар, кастюмдар т.б.); 
- ата-аналармен жұмыс: қойылымдарға ата-аналарды қатыстыру, газеттер, жылжымалы папкалар шығару, қажетті жабдықтар дайындауға көмектесу. 
Жұмыстың нәтижесі: 
Жұмысты жүйелі жүргізу негізінде төмендегі нәтижелерге қол жеткізіледі: 
- балалар тілі дамиды; 
- сөздік қорлары толығады; 
- байланыстырып сөйлеуге дағдыланады; 
- дұрыс дыбыстау, мәнерлеп сөйлеу дағдылары қалыптасады; 
- театр өнеріне деген қызығушылықтары артады. 
Балалар театрының бірнеше түрлері бар. Ең көп тараған түрі – қуыршақ театры. Қысқа тақпақтарды жаттап, оны өзіне тән орындау кезіне бастап-ақ кішкене көлемді спетакльдер ойнала бастайтыны белгілі. 
Театр түрлері: 
Қуыршақ театры. 
Саусақ театры. 
Көлеңке театры. 
Ойыншықтар театры. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Балаларды сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу"»

"Балаларды сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу"

Мектепке дейінгі балаларға тәрбие мен білім беру жұмыстарын ұйымдастыруда олардың сөйлеу, тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу мәдениетін жетілдіруге, құрастыра сөйлеуге, сөздік қорының молаюына баса көңіл бөлген жөн . 
Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсі және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз. 
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің: 
- балалардың сөздік қорларын дамыту; 
- жаңа сөздерді меңгерту; 
- үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет болып саналады
Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын, тапсырма, жаттығулардың орны ерекше. 
Өз жұмысымда балабақша ұжымының алдына қойған мақсатымен ұштастырамын. Жаңа технологияны, әдіс - тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын көтереді. Ең басты мақсатым: жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, балаларға сапалы да терең білім беру, олардың ойлау дағдылары мен есте сақтау қабілеттерін жетілдіре отырып, қазақ тілінде еркін сөйлеу дәрежесін көтеру. 
Балабақшадағы тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген. 
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді. 
Тіл үйренуде ең басты міндет – балалардың сөйлеу тілін жетілдіру. 
Сөздік қорды дамытуға бағытталған әдістердің жалпы міндеті. Сөздің мағынасын дұрыс түсініп, оны өз сөзінде дұрыс қолдану. Сол әдістердің бірі: 
Түсіндіру әдісі - жаңа сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді түсіндіруде қолданады.Сабақ сайын үйретілетін жаңа сөздер бойынша, яғни сөздік жұмысында іске асады. 
Көрнекілік әдісі – Сабақ сайын жүргізілетін әдіс. Басқа тілді үйретуде ең нәтижелі және жиі қолданылады. Балаларға түрлі суреттер мен заттарды, ойыншықтарды көрсету арқылы сөздерді үйретуге болады. Көрнекілік тақырыпқа сай, көзге тартымды яғни эсттетикалық жағынан жақсы , әртүрлі түстен болуы керек . 
Байланыстыра сөйлеуге үйрету жолдары 

Монолог Мнемокесте Диалог 
Жұптық 
Топтық 
Ұжымдық   
Тіл үйретуде ең басты міндет - балалардың сөйлеу тілін жетілдіру. Балалар тілдің грамматикасын білу арқылы бір - бірімен сөйлесуді,сұрақ қоюды үйренеді. Диалогтың және монологтың жеке тұлға үшін атқаратын қызметтері бір арнаға тоғысып жатады баланың танымдық қабілетін, жалпы тәрбиелік деңгейінің дамуына әсер етеді. Диалог пен монологтардың тіл үйренуші үшін маңызы өте зор. Күнделікті бала өмірінде жиі қолданыста жүрген сөздерді пайдалана отырып сөйлесу тілді тез меңгеруге мүмкіндік береді. Диалог пен монологтарды сурет бойынша, техникалық құралдар және ойын элементтері арқылы құрастыруға болады. 
Сабақта тілдік қатынас үш түрлі жолмен немесе қалыппен іске асырылады: 
Жұптық 
Топтық 
Ұжымдық. 
Жұптық оқыту. Жұптық оқыту қалпында тілдік қатынас екі баланың арасында жүреді. Онда негізгі мақсат- екі баланың өзара тілдесу ерекшеліктеріне, тілді білу дәрежесіне т.б. сүйене отырып іске асырылады. Мұнда балалар екі- екіден жұпқа бөлініп, әр жұп жеке тапсырмалар бойынша жұмыс істейді де, олардың сыңарлары бір- бірімен отырады. Жұптық қалыппен тілді үйретудің ерекшелігі:ол диалог арқылы жүзеге асады да, тілдік қарым-қатынастың ауызша түрін дамытуға себін тигезеді. Бұл қалып бойынша бүкіл тілдік материал диалогтың негізіңде меңгеріледі. 
Топтық оқыту. Балаларды топтарға бөліп сабақ өткізу балалар арасындағы қарым- қатынасты жақсартады, дұрыс сөйлей білуге жағдай жасайды, балалардың білімін жетілдіреді, әр түрлі мінез- құлықтағы адамдармен пікір алмасуға үйретеді, топтар арасында бала өзінің жеке - дара қасиетін көрсетуге мүмкіндік алады. 
Ұжымдық оқыту. Тіл үйренудің ұжымдық формасы дегеніміз- үйренушінің бүкіл топтағы адамдардың әрқайсысымен жеке сұхбаттасы арқылы олардың екеунің бір-бірін үйретуі, оқытуы,адамдардың бірінен - екеуінің үйренуі; пікір алмасуы және әр жұп сыңарларының ауысып отыруы нәтижесінде бүкіл ұжым мүшелерінің түгел қамтылып әрі жұптық: әрі топтық тілдік қатынастың жүзеге асуы. Сабақта балалардың коммуникативтік сөйлеуі ,тіл дамытуы көрнекілік әдісі,ойын әдістер арқылы іске асады. 
Сөздік жұмыстарын өткізбей тұрып, жалпы символдардан бейнелерді меңгерту керек, мұнда мнемокесте үлкен роль атқарады. 
Мнемокесте – есте сақтау қабілетін жеңілдететін және қосымша ассоциацияларды құраумен есте сақтау көлемін кеңейтетін әр түрлі тәсілдердің жүйесі. К.Д. Ушинский мектеп жасына дейінгі балалардың ерекшеліктерін ескерсе, былай деп жазады: «Бала табиғатты көрнекілікті аса қажетсінеді. Балаға өзіне белгісіз бес сөзді жалаң үйрете бастасаңыз, көп уақытты зая кетіріп, босқа қиналасыз. Ал енді жиырма сөзді суреттермен байланыстыра үйретсеңіз, бала оны лезде қағып алады. Сіз балаға қарапайым ғана ойыңызды қанша түсіндірсеңіз де, оңай ұға қоймайды. Дәл сол ойды күрделі суреттер көрсете баяндасаңыз, ол сізді тез түсінеді». 
Мнемокесте бойынша жұмыс жүргізу кезеңдері 3 кезеңнен тұрады: 
1. Кестені қарастыру және бейнеленген суреттерді талқылау. 
2. Жалпы символдардан бейнелерді жаңғырту, мысалы: Үй – шатыр, қоян – ұзын құлақтар т.б. 
3. Қайта кодтаудан кейін құрастырған символдар бейнелер бойыша әңгімені, ертегіні, тақпақтарды мазмұндап бер. 
Мнемокесте мынадай бағыттар үшін қолданылады: 
1. Сөздік қорларын байыту. 
2. Сөздің дыбыстық жағын дұрыс айтуға үйрету. 
3. Сөйлем, әңгіме құрастыру. 
4. Әңгімені құрастыру. 
5. Жұмбақтарды жасыру және жауабын табу. 
6. Тақпақтарды жаттау. 
Мнемокестелерді баланың деңгейіне байланысты беріге болады. Мнемокестеде символдарды бейнеге аударамыз. Сонда балаға қонымды болады. 
Балалардың ақыл-ойына, қабілеттерінің дамуына жетудің бірден – бір жолы – өзара тілдік қарым-қатынас. Әр баланың табиғи қабілетін ескере отырып, балаға көмекші әрі сүйемелдеуші болып, әрдайым жанында достық қарым-қатынаста болсақ, оқыту мазмұнын жаңғыртуға, әрі тиімді әдіс-тәсілдерді кеңірек қолдануға еркін жол ашады. Мектепке дейінгі балаларға қазақ тілді үйретудің басты шарттары топта жағымды психологиялық климат, мейірімді орта, қазақ тілінде тілдесудің қуану сияқты факторлар өз себін тигізеді. Қазақ тілін үйретуде балалардың қорларын байыту, молайту, сөздіктерінің белсенділігін арттыру, күнделікті өмірде қолдана білуіне бағыт беру, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтырып, тіл мәдениетін жетілдіру, сөйлем құрап, сөйлесу тәжірибесін ұдайы ұйымдастыру – балалардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттырып, мемлекеттік тілдің мәртебесін ұғынып, тілінің жетілуіне ұстаздық әсер көрсетудің маңызы зор. Тіл тағдырына терең қарап, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерге қазақ тілін үйретудегі талап, міндеттер балабақшамызда жақсы іске асырылуда. 
Үстел үсті мнекесте басқа кестелерден ерекешелігі бала бұл кестені қолмен ұстап, көзбен көреді, жан-жақты таниды. Балаға өзі білген сөздерден және де өткен сабақтардан меңгерген сөздермен кесте бойынша сөз тіркестерін, сөйлемді құрастыруға қызықты. Олар мұны шын көңілдермен орындайды. Мысалы: «Менің балабақшам» тақырыбын өткен кезде топ, бөлме, ойыншық-сөздерін меңгеретін болсақ, өткен сабақта білетін, әдемі, таза сөздері тағы бар, осыдан бала «балабақшам таза, жарық» деген сөз тіркесін лезде орындай алады, ал келесі сабақта басқа тақырыпты өткеде, мысалы : «Тағамды» алатын болсақ, «балабақшада тәтті тағамдар бар» тағы сол сияқты сөз тіркестерін құрай алады. 

Осы аталған әдістердің барлығын айналып келгенде бүлдіршіндерге ойын түрінде жеткіземіз. Ойын ең басты элемент болып саналады. 
Дидактикалық ойындар - баланың ынтасын сабаққа аударуға, көңіл қойғызуға, қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруге көмектеседі, сабаққа эмоциялық бояу береді. 
«Ойын – күнделікті бала еңбегі, болашақ өмірінің бастамасы. Ойын үстінде баланың ертеңгі өмірге деген қабілеті байқалады» (К.А. Покровский). 
«Ойын – ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанған оты» (В.М.Сухомлинский). 
Мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін дидактикалық ойынның рөлі ерекше. Ойын арқылы баланың болашаққа деген көзқарасы қалыптасады. Ойын баланың ой өрісін дамытады,балаларды бірлесіп ойнауға үйретеді. Бірлік түбі-тірлік деп тегін айтылмаған. Бірлесе ойнап отырып, бала қоршаған орта туралы түсінігін кеңейтеді. Ізеттілік, ізгілік, инабаттылық бір күнде қалыптаса қалатын қасиет емес. Балалар ойын арқылы бір-бірлеріне ізеттілік білдіріп осы қасиеттері өмір бойы жалғасады. Ойын баланың жол серігі іспеттес. Қай бала болмасын ойнап өседі. 
Дидактикалық ойынның түрі: заттық дидактикалық ойын – бұл ойын әртүрлі ойыншықтармен және әртүрлі ойын материалдармен ұйымдастырылады. 
Триз әдісі - түсініктемен қолдана , отырып, жаңа нәрселерді туғызады, «ескіні» жақсартады, баланы қуанышқа бөлейді. Триз әдісін қолданып бір неше ойындармен қолданамын: 
Ойын: «Сөз ойла, тез ойла» 
Мақсаты: өткен сабақта сөздерді қайталау, бекіту. 
Шарты: текшедегі суреттер арқылы сөз тіркестерін құрастыру. 
Дидактикалық ойын: «Жыл мезгілдері» 
Мақсаты: есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту. 
Ойын шарты: тақырыпқа сай сурет бойынша жыл мезгілін сипиттап беру. 
Дидактикалық ойын: «Жемістерді ажырату» 
Ойын шарты: балаларға тірек сызбалар таратылып беріледі. Олар тақырыпқа сай, белгілерді дұрыс шешіп,жемістерді ажыратып береді және байланыстырып сөйлем құрастыру қажет. 
Балалар тілін дамытуда, олардың өмірге деген көркемдік көзқарастарын қалыптастыруда театрландырылған қойылымдар ерекше рөл атқарады. Балалар кейіпкерлерді ойнай отырып, олардың іс-әрекеттері мен мінез-құлықтарын береді және ойын арқылы тілдерін дамыта отырып, адамгершілік жақсы қасиеттері қалыптасады. Сондықтан да, театр қойылымдары балабақша тәрбиеленушілері үшін маңызын еш уақытта жоймақ емес. 
Мақсаты: Театрландырылған қойылымдар арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамыту, байланыстырып сөйлеулерін қалыптастыру, өмірлік оң көзқарастарын тәрбиелеу. 
Міндеттері: 
- театрландырылған қойылымдар арқылы балалар тілін дамыту; 
- сөздік қорларын байыту; 
- ауызша сөйлегенде дыбыстарды анық айтуға үйрету; 
- кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен дауыс ырғақтарын сәйкестендіре дұрыс сөйлеуге баулу; 
- байланыстырып сөйлеуге дағдыландыра отырып, шығарма барысын, мазмұнын ұғынуға, рөлдерді түсініп ойнауға үйрету. 
Әдіс-тәсілдер: 
- балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты материалдарды жинақтау; 
- қойылымдарға қажетті театр түрлерін іріктеп, дайындау; 
- қойылымдарға керекті көрнекіліктер мен құрал-жабдықтарды дайындау (ширма, атрибуттар, кастюмдар т.б.); 
- ата-аналармен жұмыс: қойылымдарға ата-аналарды қатыстыру, газеттер, жылжымалы папкалар шығару, қажетті жабдықтар дайындауға көмектесу. 
Жұмыстың нәтижесі: 
Жұмысты жүйелі жүргізу негізінде төмендегі нәтижелерге қол жеткізіледі: 
- балалар тілі дамиды; 
- сөздік қорлары толығады; 
- байланыстырып сөйлеуге дағдыланады; 
- дұрыс дыбыстау, мәнерлеп сөйлеу дағдылары қалыптасады; 
- театр өнеріне деген қызығушылықтары артады. 
Балалар театрының бірнеше түрлері бар. Ең көп тараған түрі – қуыршақ театры. Қысқа тақпақтарды жаттап, оны өзіне тән орындау кезіне бастап-ақ кішкене көлемді спетакльдер ойнала бастайтыны белгілі. 
Театр түрлері: 
Қуыршақ театры. 
Саусақ театры. 
Көлеңке театры. 
Ойыншықтар театры. 

Ең көп тараған түрі-қуыршақтар театры -Бұнда  балалар қысқа тақпақтарды жаттап, оның өзіне тән орындау кезінен бастап-ақ кішкене көлемді спектакельдер ойнайды. Ондағы адамдар рөлін ойыншықтар орындайды.

Жіптің  көмегімен  басқарылатын  қуыршақтарды – маринеткалар  дейді. Оларды  әр  түрлі  материалдардан  жасайды. Жұмсақ  ойыншықтарды да  қолдануға  болады. Мұндай  ойыншықтар  қозғалысқа  ағаш  таяқшалар  арқылы  келтіріледі, яғни  екі айқастырылған  ағаш  арқылы жіп  өткізіліп ойыншыққа  байланады. Қолмен  қуыршақтарды  басқарады.  Театр  қуыршағының  биіктігі  баланың  биіктігігіндей  болады. Бала  өзіне  кастюм,  үлкен  бетперде.  Үлкен  алақандар  киеді, олар  тірі  қуыршаққа  ұқсайды. Өздері  қуыршақты  жасауға  болады. Оның  негізі  болып  үш  бұрышты  орамалды  алуға  болады. Бір бұрышын  қуыршақтың  басына,  екі  бұрыштарын  резинка  арқылы  баланың саусақтарына  бекітіледі.  Қуыршақтың  басына  тесмалар  қосады,  ол  қуыршақ  пен  жүргізушінің  мойынына  ілінеді.  Бұл  қуыршақтар  балаларға  әнмен,  бимен, ойынмен  көрсету  арқылы  шығармашылықтарын  дамытады. Бұл  балалрдың  өздерін  еркін  сезінуіне,  өз  күшіне  сене  білуге  көмектеседі.


Саусақ театры: театр қуыршақтарының ішіндегі ең жеңілі, қол жетімдісі. Саусақ  театрында– саусақтардың  көмегімен  қандайда  болмасын  ертегіні  немесе  өлең-тақпақ  шумағын саханалау  болып  табылады. Саусақ  театры  арқылы  баланың  сөйлеуге  деген  талпынысы,  қабілеті  дамып,  ынтасы  артады  және  шығармашылық  әрекетіне  жол  ашылады.  Саусақ  ойынын  ойнай  отырып,  балалар  қоршаған  ортадағы  заттар  мен  құбылыстарды,  жан-жануарларды,  құстарды  және  ағаштарды  бейнелей  алады.  Саусақтарының  қозғалыс  қимылына  қарап,  бала  қуанады  шаттанады,  сөз  айтуға  тырысады  және өлеңде  үйренген  сөз  шумақтарын  қайталап  айта  отырып,  есінде  сақтайтын  болады.  Сонымен  қатар  балалар екі  қолын  қимылдата отырып,  оң,  сол,  жоғары,  төмен т.б.  түсініктерді  бағдарлай  алуда  үйренеді.

Көлеңкелі  театр - Жарық  өте  жақсы  түскен  экранда  адамдар,  жануарлар және  құстардың  пішіндерінің   қозғалысына  қарауды  балалар  өте  жақсы  көреді. Ертегі, әңгіме,  өлең,  әндерді  көлеңке  театры  арқылы  айтуға  болады. Көлеңке  таетрдың  қойлымын  көрсетуге  үш  тәрбиеші  қатысады. Біреуі мазмұнын  оқиды,  екеуі  көріністі  көрсеттеді. Көлеңке  театрдың  сақанасы  экран  болады. Экранды  ағаштан  немесе  қалың  кардоннан  жасайды, ою- өрнекпен  өрнектейді. Кейіпкерлерді  көрсету  үшін – оны экранның  арт  жағынан  ұстайды. Кейіпкерлерді  қара  түспен  жуқа  кардоннан  жасайды,  жіп  арқылы  қозғалтады.  Кейіпкерлерді  көрсеткенде  қол  көрінбеу  керек. Бұл көріністер балалардың  шығармашылықтарын  арттырады,  ой  өрістері дамытады.

Үстел  үстіндегі  театры -Сәбилер  тобынан  бастап-ақ  тақпақ  пен  қысқа  өлеңдерді айтқызғанда көркем сөздер әсерлі естілу үшін стол үстіндегі театрды қолданған жөн. Мұнда үстелде  құламай  тұратын және  қозғалтқанда  еш  кедергісіз жүретін  ойыншықтар  қолданылады. Үстел  үстіндегі  қуыршақтар  театрдың  бірнеше  түрі  бар: әр түрлі  биіктегі конустан, цилиндрдан, қораптардан  жасалған  ойыншықтар;  таяқшадан  жасалған  театр; «киндер- театр»; магнит  театры; «мачалка  театр»; үстел  үстіндегі  кейіпкерді  тоқымадан  немесе  крючокпен  тоқуға  болады ( олар  өздерінің  формасын  ұстағандай  пластмас  бутылкаларға  кигізіп  қойады); ағаш  ойыншықтар,  саздан  жасалған  ойыншықтар (дымковски  ойыншықтар).
Осындай жаңа технологияны, әдіс - тәсілдерді тиімді қолдана отырып, балалардың көпшілігі жылдың аяғында көмекші сұрақсыз ойыншықтарды, жануарларды, жемістерді дербес байланыстырып айтуға, әңгімелеуге үйренеді. Олардың баяндап әңгімелеулерінің көлемі ұлғайып, толық айтылатыны байқалады.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Балаларды сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу"

Автор: Матакбаева Гульнара Гусмановна

Дата: 07.01.2019

Номер свидетельства: 494023

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "Қазақ тілі "Сөйлеу мәдениеті""
    ["seo_title"] => string(33) "k_azak_tili_soilieu_m_dieniieti_1"
    ["file_id"] => string(6) "428268"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1505458192"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) "Ауылда. ?й жануарлары мен ?й ??стары.   8 – бет"
    ["seo_title"] => string(46) "auylda-ui-zhanuarlary-mien-ui-k-u-stary-8-biet"
    ["file_id"] => string(6) "324976"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1462795173"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Эссе – тәрбиеші болу бақыт"
    ["seo_title"] => string(28) "essie_t_rbiieshi_bolu_bak_yt"
    ["file_id"] => string(6) "440086"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1511323272"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(224) "?АЗА? ТІЛІ САБА?ЫНДА О?УШЫНЫ? СЫН                  Т?Р?ЫСЫНАН  ОЙЛАУ  ДА?ДЫСЫН ДАМЫТА ОТЫРЫП,                  С?ЙЛЕУ М?ДЕНИЕТІН ?АЛЫПТАСТЫРУ. "
    ["seo_title"] => string(115) "k-azak-tili-sabag-ynda-ok-ushynyn-syn-tu-rg-ysynan-oilau-dag-dysyn-damyta-otyryp-soilieu-m-dieniietin-k-alyptastyru"
    ["file_id"] => string(6) "157154"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1421562434"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(28) "?орытынды саба? "
    ["seo_title"] => string(16) "k-orytyndy-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "243697"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1445787377"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства