kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақ тілін үйретудің әдіс-тәсілдері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектепке дейінгі ұйымдарда орыс топтарында қазақ тілін үйретудің әдіс-тәсілдері көрсетілген

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақ тілін үйретудің әдіс-тәсілдері»

Қазақ тілін үйретудің әдіс-тәсілдері.

Мақала авторы: Ибраева Айнур Мухтаровна

Жұмыс орны: Қарағанды қаласының

«Одарёшка» балабақшасы

Лазауымы : қазақ тілі пәнінің мұғалімі

Тіл туралы заңды жүзеге асыруға барынша қолғабыс ету – әрбір қазақ тілі пәні мұғалімінің міндеті. Ұлт мектебінде қазақ тілін үйрететін ұстаз үшін басты мақсат – өзге ұлттың баласын мемлекеттік тілде сөйлету. Қазақ сөзінің құдіреттілігін , сырын сезіндіру, тіл үйренуге ынталандыру. Шәкірт талабын шыңдау қазақ тілі мұғаліміне үлкен жауапкершілік жүктейтіні шындық.

Елбасымыз «Қазақстанның болашағы – мемлекеттік тілінде»атты жолдауын іске асыруға Қазақстан азаматтарының әрқайсысы үлес қосуға міндетті, оның ішінде қазақтілі мұғалімдері тіл жанашырлары қатарынан болғандықтан , тапжылмай еңбек етіп үлестерін қосуға міндетті. Қазақ тілін оқытуға қойылатын талап – тілектердің бүгінгі күнде жаңарып отырғанын аңғарамыз. Шәкірт талабын шыңдау қазақ тілі мұғаліміне үлкен жауапкершілік жүктейтіні шындық. Осы жауапкершілікті іске асыру үшін барлығымызда алдымызға өз міндеттерімізді қойып, оны шешуге тырысамыз, түрлі әдіс-тәсілдерді, жаңа технологияларды қолданамыз. Осыларды ескере отырып, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру мақсатында тілді үйретудің тиімді , нәтижелі әдістерін үнемі ісдестіріп жүремін. Балабақшада орыс тобында қазақ тілін үйрету барысында өз алдыма мынадай міндеттер қоямын. – орыс тобындағы балаларға тілді үйрену жеңілдеу болу мақсатында тілдің күнделікті практикалық жағын қарастыру ; – қазақ тілі сабағында баланың ауызша сөйлеу тілін қалыптастыру, сөз байлығын молайту; – балалардың тілді үйренуге қызығушылықтарын арттыру. Осы міндеттерді шешуге мынадай тиімді әдіс-тәсілдерді қолданамын: 1 Орыс тобында қазақ тілі сабақтарында көрнекілікті қолданған артық етпейді. Себебі көзбен көріп, қолмен ұстаған жылдамырақ , әрі ұзаққа есте сақталады. Сондықтан тиімді әдіс-тәсілдердің бірі көрнекілікпен жұмыс жасауға болады







2 Ойын – балалардың тілді үйренуге деген қызығушылығын арттырады, сенімін оятады. Ойын элементтері оқытудың бір түрі болып табылады. Бұл әдістің тиімділігі балалардың белсенділігін пәнге деген қызығушылығын , ынтасын арттыруыңда болып табылады.

Оқудың алғашқы кезінде балалардың тілдік материалдарды жеңіп меңгеріп кетуіне көмектеседі. Ойын түрлерін дұрыс өткізілген сабақта балалардың тілді үйренуіне ынтасы артып, сол тілді білуге қызығады.

Баланың шаршауын сейілтіп, қызығушылығын арттыратын тек ойын элементтері болып саналады. Ойын баланы бірігіп жұмыс істеуге бағыт береді, іздендіруге дағдысына қалыптастыруына мүмкіндік туғызады. Қазақ тілін оқытуда ойын түрлерін мынадай мақсатта қолдану тиімді.

1 Мұғалімнен кейін қайталау арқылы сөздердің фонетикалық жағын меңгерту.

2 Балалардың тыңдау зейінің қалыптастырып сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру

3 Балалардың сөздік қорын молайтып, оны дұрыс қолдана білуге үйрету.

Балалардың ойын дамыту, дұрыс айту, дұрыс білу дағдысын қалыптастыру. Әрбір мұғалім өз сабақтарында жаттығудың бір түрі ретінде ойындарды қолданып, сабақты қызықты өтуге, балалардың тілге деген қызығушылығын арттыруға білім деңгейін тексеру құралы ретінде пайдалануға болады. Таңдап алынған ойындар балалардың сөз байлығына, тіл қорына сай болу керек. Мұғалім кез - келген ойынды өткізу үшін алдын - ала жоспар құрып алуы қажет. Сонымен бірге мұғалім ойынға қойылатын төмендегі әдістемелік талаптарын біліп орындауы қажет.
Ол әдістемелік тұрғыдан алғанда мынадай бөліктерден тұрады:
1. Ойынның өтілетін сабақтарының мазмұны мен тақырыбына сай болуы керек.
2. Ойынға берілген уақытты нақты белгілеу қажет.
3. Ойын топ болып та ойналу қажет.
4. Ойынға қажетті материалдардың алдын ала дайындалып қойылуы керек.
5. Өлең таңдау
6. Ойындардың өту барысының жоспарын алдын ала жасау .
Мұғалім алдымен баланың оқуға қызығушылығын ояту қажет.
















Қызығуды туғызу үшін ойын түрлерін пайдалану қажет. Тиімді пайдаланылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын бүлдіршіндердің зор ынтамен тыңдап берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені балабақшадағы балалардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап отырады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады. Ойындар барлық , яғни ересек, ортаңғы топтарда қолданылады.
Сонымен бірге топ ішінде ойнайтын ойындар мен іс - әрекеттер арқылы да оқытуға болады. Біз топ ішінде ойындарды қашан қолдануымыз керек. Мысалы ұйымдастырылған оқу қызметі үстінде жаңа сөздерді қайталау үшін, өтілген тақырыптарды еске түсіру үшін қолданған жөн. Ұйымдастырылған оқу қызметінде мынадай ойындарды ойнауға болады:
1. Сиқырлы қоржын. Мынадай тақырыптарда: «Жемістер», «Көкөністер», «Ыдыс - аяқ»
«Ойыншықтар» т. б.
2. Үйде кім жоқ? Мынадай тақырыпта: «Отбасы мүшелері»
3. Аудармашы. Барлық тақырыптарға келеді. Мұғалім сөзді қазақша айтса бала орысшаға аударады, немесе мұғалім орысша айтып қазақша аудармасын сұрайды
4. Снежный ком.Балаларға сөздерді жаттатып отырып, бір сөзден төрт сөзге дейін жаттатып, үйрету, лексиканы үйрету кезіндегі барлық тақырыптарда қолдануға келеді.
5. Не жоқ? Тақырыптар: «Үй жануарлары», «Жабайы жануарлар», «Киімдер» т. б.

6. Кімнің дауысы? Мынадай тақырыптар да «Үй жануарлары, Жабайы аңдар, Үй құсары!»тақырыптарға қолдануға болады. Үнтаспадан тыңдату немесе бір бала тақтаға шығып теріс қарап тұрады, мұғалім келесі бір баланы шақыртып «Үй жануарлары, Жабайы аңдар, Үй құсары!» дауысын айтуды сұрайды, бірінші бала кімнің дауысы екенің айтып және сол жануардың суретін көрсетеді
7Үстелде не жоқ? т.б.«Оқу құралдары»,«Азық – түлік»,«Киімдер»т. б
Ойындар балалардың танымын, ақыл – ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі пысықтауды көздейді. Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта – ықылас қоюына баулиды және бүлдіршіндердің зейінін, ойлау қабілеттерін дамытады. Ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді.




Ойынның мақсаты бағдарламада анықталған білім, білік, дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, және тиянақтау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынған нақты мазмұнымен анықталады.
Ойын ұғымына түсінік берсек, бұл баланың мінез-құлқына өзі басқарумен қатар топпен жұмыс жүргізе білу әрекеті, ол баланың бір - біріне көмектесу, тез ойлау қабілетін, алға ұмтылу ісін дамытады.
Сондықтан бағдарлама бойынша ұйымдастырылған оқу қызметі кезінде ойын түрлерін үнемі жиі пайдаланып отыру керек.
Қорыта келгенде, Ұйымдастырылған оқу қызметі кезінде «ойын түрлерін пайдалану біріншіден, балалардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден балалардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру болып табылады. Ойын түрлерін пайдалану мынадай нәтижеге алуға болады.
Нәтиже
1. Әр баланың шығармашылығы артады.
2. Жылдам жұмыс істеуге дағдыланады
3. Баланың жеке қабілеті анықталады
4. Бала топ жаруға ұмтылады.
5. Баланың ойлау қабілеті дамиды
6. Әр бала өз деңгейімен бағаланады.
Сонымен қатар, балалардың тілдерін дамыту үшін әр сабақта өлең – тақпақ, жұмбақ, мақал – мәтел, жаңылтпаш, сергіту сәттерін жиі пайдалансақ нәтижесғ зор болар еді. Жоспар бойынша мерекелік
іс – шараларға өлеңдер, әндер жаттап, түрлі ойындар үйренеді. Бала тәрбиесіне ерекше әсер ететін – бұл ертегілер әлемі.
Ертегілер балаларды білгір, батыл, ойшыл, еңбекқор, өнерпаз болуына ықпалын тигізеді. Ертегілер немесе шағын көріністер бойынша қойылым көрсету үшін алдымен жүйелі түрде дайындық жұмыстарын түсіндіреміз. Содан кейін балалар өздеріне ұнаған кейіпкерлерін таңдап алады. Сонда ғана әр балаға олардың сөздерін қайталатып, жатқа үйретеміз. Ал, ертегіні сахналаған кезде балалар өздерінің қалаған кейіпкерлерінің сөзін жатқа айта отырып, мінез – құлқын, іс – әрекетін көрсетуге тырысады. Ертегі арқылы баланы адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеуге болады.
Ата – бабамыз қалдырған асыл мұраны қолданғанда біздің көздеген мақсатымыз – болашақ ұрпақты еңбекке, адамгершілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу, ойлау қабілеттерін дамыту.











Пайдаланылған әдебиеттер :



  1. Баймұратова Б.Б. Әдістемелік құрал.2003 жыл

  2. Еденбаева З.Д. Әдістемелік нұсқау. 2005 жыл

  3. Кумарова К.Д. Қазақ тілі Алматыкітап баспасы 2013 жыл

  4. Кумарова К.Д. Әдістемелік нұсқау 2018 жыл

  5. Бейсебекова М.Ж. «Әдістемелік құрал Алматыкітап 2013 жыл



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Қазақ тілін үйретудің әдіс-тәсілдері

Автор: Ибраева Айнур Мухтаровна

Дата: 16.02.2019

Номер свидетельства: 499955

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(105) "Баяндама "?зге ?лт ?кілдеріне ?аза? тілін ?йретуді?  жолдары""
    ["seo_title"] => string(67) "baiandama-ozghie-u-lt-okildierinie-k-azak-tilin-uirietudin-zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "324052"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1462299011"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(131) "Балаба?шада ?зге ?лт балаларына ?аза? тілін ?йретуді? тиімді бір жолы-ойын"
    ["seo_title"] => string(82) "balabak-shada-ozghie-u-lt-balalaryna-k-azak-tilin-uirietudin-tiimdi-bir-zholy-oiyn"
    ["file_id"] => string(6) "312890"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1459412635"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "Баяндама "?зге ?лт ?кілдеріне ?аза? тілін ?йрету ""
    ["seo_title"] => string(55) "baiandama-ozghie-u-lt-okildierinie-k-azak-tilin-uirietu"
    ["file_id"] => string(6) "324050"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1462298448"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(151) "Балаба?шада мемлекеттік тілді ме?геруде ?олданатын ?діс-т?сілдер мен технологиялар"
    ["seo_title"] => string(86) "balabakshadamiemliekiettiktildimienghierudiekoldanatyndistsildiermientiekhnologhiialar"
    ["file_id"] => string(6) "322357"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1461573251"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(126) "Педагогтарға арналған консультация. Тақырыбы: "Қазақ тілі-ғажап тіл!""
    ["seo_title"] => string(75) "piedaghoghtarg_a_arnalg_an_konsul_tatsiia_tak_yryby_k_azak_tili_g_azhap_til"
    ["file_id"] => string(6) "389399"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486554383"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства