kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Интегрированные занятия в ДО

Нажмите, чтобы узнать подробности

Интегрированные занятия для воспитателей ДО

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Интегрированные занятия в ДО»







Ересектер тобы балаларына арналған

«Балалардың шығармашылық қабілеттерін интеграциялық оқу іс-әрекеті арқылы дамыту»

бағдарламасы











Дайындаған: Аширбекова Г.Қ.



























Сәтбаев- 2016 ж.





















  1. Бағдарламаның мазмұны



1. Бағдарлама мазмұны

2. Түсініктеме

3. Бағдарламаның өзектілігі

4. Бағдарламаның жаңашылдығы

5.Бағдарламаның негізгі мақсаты

6. Бағдарламаның міндеті

7. Күтілетін нәтиже

8. Бағдарламаны жүзеге асыру кезеңдері

9. Бағдарламаны ұйымдастыру түрлері

10. Бағдарламаны жүзеге асыру жолдары

11. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

































Түсініктеме



Тіл дамыту- балалардың шығармашылық дамуының маңызды ортасы болып табылады. Балалар сөйлеу арқылы өзінің айналадағы қоршаған дүние туралы түсініктері мен көзқарастарын жеткізуге талпынады.

Балалар бақшасында бейнелеу өнерін меңгерудің бала үшін маңызы зор: ол өздігінен өзі көріп түсінгенін бейнелеп, мүсіндеп, жапсыра алуға мүмкіншілік алады.

Ойын әдісі арқылы кейіпкерлердің атынан сөйлесу баланың бейнені сомдауға қызығушылығының және өз түйгенін іске асыруға деген ынтасының артуына ықпал етеді. Педагог сурет, жапсыру, мүсіндеуден ұйымдастырылған оқу іс-әркетінде баланың бояулар үйлесімін таба білуіне, қағаз бетін дұрыс пайдалануына көмек көрсетуге міндетті.

Оқу іс - әрекетінде музыканы пайдалану, оның тиімділігін арттырады. Әдемі әуен баланың көңіл күйінің қолайлы дамуына ықпал етеді.

Бағдарламаға білім салаларын қамтыған 9 интеграциялық оқу іс-әрекеттері енгізілген.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет, қоршаған ортамен таныстыру, экологиядан, жаратылыстанудан, пән аралық байланыс жіті қарастырылған.

Ересектер тобына арналған оқу іс-әрекеті Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік жалпы міндетті стандартының талаптарын ескеріп отырып құрастырылған.





































3. Бағдарламаның өзектілігі.



Баланың шығармашылық қабілеті табиғаттың ең қызық және құпия құбылыстарының арасында жетекші орын алады. Оған деген қызығушылық қазіргі таңда өте жоғары. Мұны қоғамның шығармашыл тұлғаға деген қажеттілігінен деп түсінуге болады. Заманауи қоршаған ортадағы белгісіздік жоғары белсенділігін ғана емес, сонымен бірге икемі, үлгіден тыс ойы мен тәртібін де талап етеді.

Соған байланысты мектепке дейінге білім мекемелерінде мектеп жасына жетпеген баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесіне педагогтармен бірге ата-аналар да жеткілікті көңіл бөлулері қажет.

Бейнелеу шығармашылығы - баланың бейнелеу өнері арқылы өзін қоршаған әлемді эстетикалық тұрғыда меңгеруге бағытталған, әсіресе, музыкамен үйлесімде баланың дүниені танып білуіне қолайлы өзіндік белсенділігі. Шығармашылыққа қабілет - табиғатпен үйлесімде өмір сүріп, оған залал келтірмей, бүлдірмей көбейтетін адамның ерекше қабілеті.

Жаңалық жасауға талпыныс - баланың туа біткен және шын ниетінен туындайтын ішкі қажеттілігі. Біз, ересектер, баланың тұлға ретінде қалыптасуына көмектесетін қабілетті дамытуына, өз бойындағы дарынын аша білуіне жәрдесуге тиіспіз. Шығармашыл тұлға - ол барлық қоғамның жетістігі.













































4. Бағдарламаның жаңашылдығы.



Шығармашыл тұлғаны қалыптастыру - заманауи кезеңдегі педагогикалық іс-тәжірибе мен теорияның маңызды міндеттерінің бірі. Оның тиімділігі мектепке дейінгі жаста басталады. В.А.Сухомлинский айтқандай: «Балалардың қабілеті мен дарыны саусақтарының ұшында. Бейнелеп айтқанда, саусақтардың ұшынан тараған жіңішке жіп-бұлақтар шығармашыл ойдың нәрін құнарландырады. Басқаша айтқанда, баланың қол шеберлігі ұлғайған сайын, ақылы да толыса түседі». Көптеген педагогтардың тұжырымдауынша - баланың бәрі дарынды. Әрбір қайталанбас нәрсені жасаған сайын, жасалатын заттың әдісін тәжірибе жүзінде қайталап отырады. Бала көбірек, көбірек естіп, көріп, уайымдаған сайын, оның түсінігі маңызды бола түседі.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде балалардың өз ойлары, сезімдері мен көңіл күйлерін көрсетуіне шек қойылмайды. Түрлі- түсті нүктелер мен сызықтарды жетілдіруде әртүрлі әдістерді түстер үйлесімін қолдану арқылы бейнелеу икемділікті дамыталады. Балалар қоршаған дүниені танудың қызықты құралдары мен әдістерін бейнелеу үрдісіне көндіру арқылы емес, ойын арқылы меңгереді. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті әртүрлі бейнелеу құралдарының көмегі арқылы педагог пен тәрбиеленушінің шығармашылық бірлігінен туындайды. Бұл оқу іс-әрекеттерінде қиял мен шығармашылыққа орын мол.







































5. Бағдарламаның негізгі мақсаты.



Мақсат: Баланың шығармашылық қабілеттерін интерациялық оқу іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы дамыту.



6. Бағдарламаның міндеті.



Міндеттері:

- интеграциялық оқу іс-әрекеті арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;

- сурет, мүсіндеу, жапсырудың техникалық машықтарын бекіту;

- бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс түрлерімен таныстыру;

- балаларды халықтық қолданбалы өнермен таныстыру;

- музыка және бейнелеу өнеріне деген сүйіспеншілік сезім тәрбиелеу.





  1. Күтілетін нәтиже.



- интеграциялық оқу іс-әрекеті арқылы баланы тұлға ретін қалыптастыру;

- сурет, мүсіндеу, жапсырудың техникалық машықтарының қалыптасуы;

- балалар бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс түрлерін пайдалануы;

- балалардың халықтық қолданбалы өнерді танып білуі;

- музыка және бейнелеу өнеріне деген сүйіспеншілік сезімнің жетілуі.







8. Бағдарламаны жүзеге асыру кезеңдері.



І-кезең - «Дайындық» (қыркүйек 2016 ж.- мамыр 2017 оқу жылы.)

Жұмыс мазмұны: Бағдарламаны әзірлеу.



ІІ-кезең - «Тәжірибелік» (қыркүйек 2017ж. - мамыр 2018 оқу жылы).

Жұмыс мазмұны: Бағдарламаны балалармен жүргізілетін жұмыстарға енгізу.



ІІІ-кезең - «Қорытынды». (қыркүйек 2018ж. –мамыр 2019 оқу жылы).

Жұмыс мазмұны: Бағдарлама бойынша жұмыстарды 2018- 2019 оқу жылының соңында қорытындылау.





1 Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Білім беру саласы: «Таным», «Коммуникация», «Шығармашылық» салалары бойынша ұйымдастырылған интеграциялық оқу іс-әрекет.

Тақырыбы: « Менің Отаным»

Мақсаты: «Отан» сөзінің құндылығының маңыздылығын түсіндіру.

Білімділік міндеті: «Отан», «атамекен» туралы түсініктерін кеңейту;

Дамытушылық міндеті: Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту;

Тәрбиелік міндеті: Отанын сүюге тәрбиелеу.

Билингвалды компонент:

Шаттық шеңбері

Қайырлы таң, балалар! Сендерді көргеніме қуаныштымын! Қане, бәріміз қол ұстасып шеңбер құрып, Е.Өтетілеуұлының «Отан» өлеңін бірге қайталайық.

Отан әркім анасындай

Қастерлейді бағалап.

Өйткені,

Отан баласындай

Бізді өсірер аялап.

Отан деген – атамекен.

Отан деген- туған жер.

Отан- ана,

Отан- үлкен

Қазақстан- туған ел.

Балалар, «Отан» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Балалардың жауаптары.

Әңгімелесу

-Анамызды біз неліктен құрметтейміз?

-Отанды неліктен «анамыздай» қастерлейміз?

-Отанды неліктен «Атамекен» деп аялап атаймыз?

Балалардың жауаптары

-«Атамекен» деген сөзді біздің үйдегі үлкендеріміз қалай түсінеді екен?

Тәрбиеші балаларға қағазға алдын ала жазып алған ата-аналардың пікірін тыңдатып, ойларымен бөліседі.

Ата-аналардың пікірі:

Атамекен – ол біздің туып –өскен ауылымыз, қаламыз, ол біздің туған жеріміз.

Атамекен – ата-бабадан ұрпаққа мұра болып қалған ежелгі құтты қоныс, мекен.

Атамекен аталарымыз, әжелеріміз аянбай күресіп, жауларға бермей қорғап қалған жері. Ол – кең байтақ қазақ жері.

Атамекен – ата – бабамыз мекендеген, қоныстанған туған жер. Сондықтан туған жерімізді «ата – мекеніміз» деп аялап атаймыз. Апамыз, атамыз, ата- анамыз, туыстарымыз, достарымыз туып өскен туған жерін Отанымыз деп сүйеді. Отан бізді баласындай қорғайды, бізді асырайды, қастерлейді. Сондықтан да біз оны анамыздай қастерлейміз.

Біз өскенде ақылды, батыл, адал азамат болып, өз Отанымызды қорғаймыз, аялаймыз, көркейтуге өз үлесімізді қосамыз. Біздің Отанымыз – Қазақстан.

Бейнематериалдар көру

Тәрбиеші балаларға мүмкіндігіне қарай «Қазақстан» , «Атамекен», «Отан» тақырыптары бойынша және өздерінің тұратын туған жерлері туралы бейнефильмдерден үзінді көрсетеді. Жоғарыда аталған ресурстар болмаған жағдайда қазақ халқының тарихи ірі тұлғаларының суреттері, табиғаттың тамаша жерлері ( тау, өзен, көл, орман, шөл, дала т.с.с.), ірі қалалар, мәдени орындар, жайлау, ауыл көріністері, т.с.с.суреттерді көрсетуге болады.

Дәйексөз

«Отанды сүю отбасынан басталады» деге халық мақалын бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді.

«Отан отбасынан басталады деп халық бекер айтпаған. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған- туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Отбасының әрбір мүшесі бір-бірін сыйлауға, қорғауға, адал болуға міндетті. Отбасында бір-бірін құрметтеген адам, ол Отанды да құрметтеп сүйеді.

«Отанды сүю отбасынан басталады» деген сөздің мәнісі де осынд

Әңгімелесу.

Тәрбиеші «Кішкентай ханзада» деген әңгімені оқып беріп, Отанды жақсы көру үшін не істеу керектігі жөнінде түсінік береді

Кішкентай ханзада

Әңгіме

Ханның үш ұлы болыпты.

Үлкені кез келген қаруды шеберлікпен қолдана білетін, батыл жауынгер болды. Ол әскери басшы болуды армандады, хан оны өз әскерінің басшысы етіп тағайындады.

Ортаншы ұлы хан әулетін сәулетті, әсем сарайларды салумен әлемге танытқысы келді. Әкесі онымен келісіп, құрылысқа ақша берді.

Тек кіші ұлы ғана ренжітті. Ол соғыспады, құрылыспен шұғылданбады, тек қана күні бойы кітаптар оқыды. Ол әр ұлттың тарихын, тілдері мен дәстүрлерін оқып үйренді.

Ұлым сен неге басқа ұлттың салттарын мен тілдерін үйреніп жүрсің? Сен өз Отаныңды сүю керек,- деп хан ханзаданы кінәлады.

Ұлы әкесін үндемей тыңдап, өз сабағын жалғастыра берді.

Кенеттен күтпеген, ойламаған жерден қайғы келді. Ханның көршілестері бірігіп, соғыс жариялады. Хан әскерлері жеңіле берді. Соғыстың аяқталуына бір күн қалғанда ханның кіші ұлы әскер басшыларының шатырына келді.

Сен не үшін мына келдің, кітапқұмар? Тез кет! Ертең шайқас болады – деп жас әскер басшысы айқайлайды.

Ия, ұлым, бұл сенің орның емес, - деп жеңіске жетуге немесе ең соңғы соғысқа дейін айқасып, өлімге дайындығын білдірген хан ұлын қолдады.

Ханның кенже ұлы қағазды алып, жайлап былай деді:

Мен үш күн жаудың лагерінде болдым. Мұнда жаулардың барлық қаруларының орналасқан жері мен олардың жоспарлары бейнеленген. Ертең таңға жуық жаулардың негізгі күштері біздің әскерлерді жіңішке жолмен айналып өтіп, шабуыл жасайды.

Кіші баласы айтқан соң хан айқасқа дайындалуды бұйырды. Айқас өте қатаң болды., бірақ жаулар жаппай тұзаққа түсіп, жеңілді.

Ұлым, сен батыр болдың. Сен қалай жаулардың ортасында үш күн бойы тығылып жүрдің? – деп хан кіші ұлын жеңістен кейін құшақтады.

Мен тығылған жоқпын, барлық жерде еркін жүрдім. Мен бұл адамдардың тілдері мен дәстүрлерін білдім ғой. Сондықтан мені олар өздеріндей қабылдады. – деп жауап берді ханзада.

Саған қорқынышты болған жоқ па? – деп ағасы таң қалды.

Отанға сүйіспеншілік барлығынан да күшті, - деп кіші ұлы сабырмен жауап берді.

Ханның ұлдары Отанына қандай қызмет көрсетті?

Қиыншылық туғанда жауды жеңу үшін халыққа кім қалай көмектесті?

Балалардың жауаптары тыңдалып, тәрбиеші қорытындылайды.

Ханның үш ұлының әрқайсысының өз үлесі болды. Үлкені – әскер басшысы болса, екіншісі – құрылысшы болды. Үшіншісі, кенже ұлы көп оқып, ақылды болып, әкесіне, ағаларына, халқына көмектесіп, жауды жеңуге оқып – үйренген білімін пайдаланды. Біз де өскенде, өз атамекенімізді, Отанымызды қорғау, көркейту үшін тәрбиелі – өнегелі бала болып, білім аламыз, болашақта халық үшін қызмет етеміз.

Сахналау

Мақсаты: өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімдеріне тәрбиелеу.

Өздеріңді ханзадамын (ханшайым) деп елестетіп көріңдер. Сендер немен шұғылданар едіңдер?

Балалар екі топқа бөінеді. Бір бала ханның рөлін ойнайды, ал қалғандары оның балалары: ханзада мен ханшайым, қойылымда «ханның балалары» әкелеріне кезек-кезек өз Отаны үшін не жасай алатындарын айтып береді.

Шығармашылық жұмыс

«Менің Отаным – Қазақстан»

Тәрбиеші балаларға алдын ала отбасыларымен, достарымен ауылда, қалада түскен суреттерін, сонымен қатар, табиғаттың тамаша жерлері бейнеленген суреттерді әкелулерін тапсырады.

Балалар тәрбиешінің көмегімен үлкен ватманға «Менің Отаным – Қазақстан» атты газет дайындайды.

Газеттің ортасында балалар отбасыларымен, достарымен түскен суреттерін жапсырады. Оның айналасына – туған жерлерінің, ауыл көріністерінің (көрнекті орындарды, түрлі ғимараттарды, өзен, көлдерді, тауды, т.с.с.) фотосын немесе салған суреттерін орналастырады. Балалар әрі қарай Қазақстанның ірі қалаларының, мәдени орындарының, көрнекті жерлерінің, жинаған суреттерін жапсырып, айналасын түрлі түсті қарындашпен гүлдендіріп, өз Отандары туралы ойларын ортаға салады.

Ғажайып сөз

Отан –ана, отбасы, туған жер, атамекен.

Отан – Қазақстан.

Мен Отанымды сүйемін!

Қорытындылау

Бүгін біз әр адам өзінің Отанына, туған өлкесіне ыстық сезімін, сүйіспеншілігін түрлі жолдармен жеткізетінін білдік.

Білім алып, болашақта Отан үшін қызмет етеміз.

Жүректен – жүрекке

Тәрбиеші балалармен бірге төмендегі өлең жолдарын қайталайды.

Ата –бабам жанын қиып қорғаған,

Ақ тілегін ұрпағына арнаған.

Қазақстан – алтын ұя Отаным,

Жайнай берші, мәңгі гүлдеп әрқашан.


2 Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Білім саласы:  «Коммуникация», «Шығармашылық» білім салалары бойынша ұйымдастырылған интеграциялық оқу іс-әрекеті.

Тақырыбы: «Елбасы, Астана, Қазақстан».

Мақсаты: Елбасы, Астана, Қазақстан қалалары,туған жері, тілі туралы түсініктерін саяхат арқылы қалыптастыру.

Білімділік міндеті:

Дамытушылық міндеті: Балалардың сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелік міндеті: Елбасын, тілін құрметтеуге, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.

Полилингвалды компонент: Қазақстан- ортақ үйіміз, Казахстан – наш общий дом, Kazakhstan -shared house.

Шаттық шеңбері:
Қол ұстасып тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Мен отанды сүйемін,
Сенде отанды сүйесің.
Мен анамды сүйемін,
Сенде анаңды сүйесің.
Мен әкемді сүйемін,
Сенде әкеңді сүйесің.
Көтеріп бір көңілді,
Шаттықпенен күлейік.
Дос бауыр боп бәріміз,
Тату-тәтті жүрейік.

Балалар, біз бүгінгі оқу іс-әрекетімізді Елбасымызға және Отанымызға арнайтын боламыз. Кең байтақ жерімізді тамашалауға поезбен шығатын боламыз. Бүгін поезды Мирас жүргізіп отырады. Ал қалғандарың бір-бір вагонға жайғасыңдар. Бұл поездің ішінде өлеңді де, әнді де айтатын боламыз. Мұнда жолсерік деген қызметкер бар. Ол айналасын таныстырып жолаушыларға қызмет көрсететін адам. Мен сендерге бүгін жолсерік болып барлық бекеттерді таныстыратын болам. Сапарға дайынбыз ба?
1-ші бекет «Елбасы» деп аталады
-Балалар мынау кімнің суреті?
-Елбасымыздың аты-жөні кім? 
Президентіміз кішкентай кезінде сендер сияқты ауылда дүниеге келіп ауылда білім алған. Көп оқыған, көп ізденген. Өсе келе металлург болып жұмыс істеген. Сөйтіп, өзінің білімінің арқасында ол мына суреттен көріп тұрғандарыңдай президент болды.
-Мына суретте не істеп жүр? 
Ия, балалар Елбасымыз спортпен шұғылданып салауатты өмір салтын ұстанатынын білдік.
-Ал мына суреті бойынша не айта аласыңдар?
Елбасымыз домбыра тартып ән айта алады және кітап жазатынын көріп отырмыз.

-Көрдіңдер ме Елбасымыз қандай екен? Елбасы еңбекқор жан екен.
Елбасы туралы әнді маған кім айтып береді?
Ән: «Ағатайым-ай»
Елбасының өнері көп екен.

-Нұрсұлтан Әбішұлы қай қалада тұрады? 
Ендеше, сапарымызды Астана қаласында жалғастырайық. Мына ғимарат қалай аталады?
Дұрыс, ол «Ақорда» деп аталады.Ол президентіміздің жұмыс орны.

-Ал, мына ғимарат туралы не білесіңдер?
Бұл «Ханшатыры»- ол ойын сауық орталығы. Мынау мешіт онда мұсылмандар намаз оқиды.

- Ал, мынау тұрған Астананың символы –«Бәйтерек». Мынау ғимарат «Пирамида».Ол жерде Елбасы басқа мемелекет адамдарымен кездесулер жасайды.Сондықтан, ол «Ұлт аралық келісім сарайы» деп аталады

Сапарымызды жалғастырайық. (Поезд дыбысы) 
Балалар қараңдаршы анау жақта таулар көрінеді. Орманның ішімен өтіп барамыз (құстардың дыбысы) Балалар орманнан ненің дыбысын естіп тұрсыңдар?
2-ші біз қазақ тілі бекетіне келдік. Вагондарыңның терезесінен қараңдаршы кімдерді көріп тұрсыңдар?
Қандай ұлттар екен атап көрейікші?
Әр ұлттың өзінің салт-дәстүрі, тілі бар.Өзбектер –өзбекше, орыстар –орысша, ал қазақтар қай тілде сөйлейді?Әр бір ұлттың байлығы ол өзінің тілі екен.
Сендер тіл туралы қандай мақал білесіңдер?
Ақарыс: Өз тілің – бірлік үшін,
Өзге тіл – тірлік үшін
Руслан: Піл көтермегенді,
Тіл көтереді
Рамазан: Бас кеспек болсада,
Тіл кеспек жоқ
Елдос: Тіл тиексіз,
Ой түпсіз.
Ендеше, сапарымызды әрі қарай жалғастырайық.(Поезд дыбысы) (Өзен көл дыбысы)
3-ші бекет
Міне біз Қазақстан қалаларының бекетіне де келіп жеттік.Мынау ұлан ғайыр жер -Қазақстанның жері. Қараңдаршы мынау тұрғандар таулары, көк түсті өзен-көлдері.

-Сендер көлдерге барып шомылып көрдіңдер ме?

-Сендер Қазақстанның қандай қалаларын білесіңдер?
4-ші бекет шығармашылық бекеті. Барлығымыз вагондарымыздан түсіп үстелдерге жайғасамыз. Қазақстан қалаларының жерлерін қиып алып Қазақстан картасын құрастыратын боламыз.
Жарайсыңдар балалар, сендерге бүгінгі сапарымыз ұнады ма?
Сабақты қорытындылау.


3 Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Білім саласы:  «Коммуникация», «Шығармашылық» білім салалары бойынша ұйымдастырылған интеграциялық іс-әрекет.

Тақырыбы: «Күз байлығы»

Мақсаты: Күз мезгілінің атауларын, олардың ерекшелігін ұғындыруды жалғастыру.

Білімділік міндеті: Күз байлығын әсемдікті, сұлулықты сезіне білуге, сурет көрінісін әңгімелеуге үйретуді жалғастыру. Балаларды өз ойларын жүйелі анық жеткізе алуға үйрету.

Дамытушылық міндеті: Ой-өрісін, тілін, сөйлей білу мәнерін дамыту. Тәрбиелік міндеті: Табиғатты сүю, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік арқылы патриоттық тәрбие беру.

Қажетті құралдар: Күзге арналған сурет, көкөністер мен жемістер.

Әдіс- тәсілдер: сұрақ – жауап, әңгімелесу, мәнерлеп оқу.

Билингвалды компонент: осень – күз, овощи – көкөністер, фрукты – жемістер.


Оқу іс-әрекетінің барысы:

Шаттық шеңбері:

Табиғатым тамаша

Көз тоймайды қараса

Табиғатты аялап

Жүрейінші жараса

Сәлем саған жер ана!

Сәлем саған нұрлы күн.

Аман – есен болайық

Бейбітшілікті қалайық!


Ұйымдастыру кезеңі:

-Балалар, табиғат дегеніміз не?

- Оған не жатады?

- Қызыл , сары кемелер су бетінде қалқиды,

Соқса егер салқын жел, ырғалады толқындай.

-Енді, балалар мен сендерге бір өлең айтайын, сендер қай мезгіл екенін айтып беріңдер.

Қайын, терек басынан,

Сарғыш тартып жапырақ,

Жерге түсіп шашылған,

Жапырақтар қобырап,

Аулаларға тарайды,

Кейін желге ілесіп,

Ұшып кетіп барады,

Балалар, айтындаршы,

Бұл қай кезде болады?

(Күзде)

Дұрыс, қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілінде неше ай бар?

-Күзде құстар қайда кетеді.

-Көкөністер мен жемістер жылдың қай мезгілінде піседі?

- Күзде ауа-райы қалай өзгереді?

- Күз байлықтары дегенді қалай түсінесіңдер?

- Күзде жемістер мен көкөністер піседі.

- Күзде көкөністер мен жемістер ғана пісе ме?

- Күз мезгілінде дәмді дақылдар да піседі.

- Дәнді дақылдарға не жатады?

- Дәнді дақылдарға бидай, күріш, жүгері, тары, бұршақ жатады.

Сергіту сәті:

Ептеп – ептеп жерден бидай терейік,

Тергеніңді торғайларға берейік,

Тойған торғай томпаң-томпаң секірсін,

Шаршадың ба отыра ғой деміңді ал.

Енді менін әңгімеме құлақ сал.

Есікті қағып Алтын күз кіреді

-Сәлеметсіңдер ме, балалар?

-Сәлеметсіз бе, Алтын күз!

Тәрбиеші: Балалар мен бау-бақшаны аралап жүргенде Бағбан атаны кездестірдім. Сендерге тапсырма беріп жіберді. Бағбан ата сендерді өзінің бау-бақшасына жеміс-жидектерді жеп қайтуға шақырады.

Балалар орындаймыз ба?

1.Тапсырма.

Күз мезгілі туралы тақпақ.

2. Күз байлықтары көкөністер мен жемістерді жабыстыру.

3. Күз туралы ән айту.


Алтын күз: Мен сендерге өте риза болдым. Барлығың өнерлі, білімді, ақылды балалар екенсіңдер. Мен сендер орындаған тапсырмаларды бау-бақшаға Бағбан атаға апарып берейін.

Сау болыңдар балалар!

Балалар: Сау болыңыз, Алтын күз.

Оқу іс-әрекетін қорытындылау

Тәрбиеші: Қолымызды ұстасып «Тілек шоғын» сыйлайық. Мен бастаймын, ал сендер жалғастырындар.

-Табиғат- біздін анамыз.

-Мен табиғатты сүйемін.

-Табиғаттыз өмір жоқ.

-Суды ластамайық!

-Орманға от жақпа.

-Ағашты сындырма

-Құстарды қорғаймын

-Суды ластамаймын.

-Ағашты көп отырғызамыз.

-Гүлді жақсы көремін.

-Таза ауамен тыныс аламын.

-Серуенге көп шығамыз.



4 Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Білім беру саласы: «Коммуникация», «Шығармашылық», «Таным» білім беру салалары бойынша ұйымдастырған интеграциялық оқу іс-әрекеті.

Тақырыбы: «Қысқы ағаштар».

Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі туралы және оның ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту.

Білімділік міндеті: Қысқы табиғат көрнісі, қысқы ойын түрлері жайлы білімдерін бекіту, балауызбен сурет сала білуді бекіту.

Дамытушылық міндеті: Балалардың сөздік қорларын, сөйлеу мәдениетін, бейнелеу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік міндеті: Табиғатты аялауға, туған жерге деген сүйіспеншілікке, эстетикалық талғамға, әдемілікке тәрбиелеу.

Әдістемелік тәсілдер: Көркем сөз, әңгімелесу, көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап, жұмбақ жасыру, ой қозғау, ойын қорытындылау.

Сабаққа қажетті материалдар: қағаз, бояу, слайд.

Алдын – ала жүргізілетін жұмыстар: Балауызбен қысқы ағаштың суретін салу.

Көрнекілік: шананың суреті, қағаз,бояу, слайд

компонент: Қыс келді – пришла зима, қар жауады – идет снег

Сабақтың барысы:

Сәлем сөздің анасы,

Сәлем сөздің данасы.

Орнымыздан тұрайық,

Сәлемдесіп алайық.

Балалар, келген қонақтармен амандасып алайық.

Қуан шаттан алақай,

Қуанатын күн келді.

Күліп шықты күн бүгін.

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Сәлеметсіздер ме?

Есенсіздер ме?

Құрметті қонақтар, қош келдіңіздер!

Тәрбиеші: - Балалар бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ болайын деп тұр. Қазір біз қысқы орманға саяхатқа барамыз. Қықы орман суық, жылы киімдерімізді киіп алайық. Киініп болсаңдар мен сендерге саяхатқа шанамен баруды ұсынамын. (балалар шанаға отырады)

Тәрбиеші: - Балалар, сабағымызды бастамас бұрын мен сендерге жұмбақ – өлең оқып берейін:

Аяз қысып,

Өрнек сызып,

Терезені торлайды.

Қарда омбығып,

Бет домбығып.

Балалар сырғанап ойнайды.

Кейде ұлып,

Кейде ысқырып,

Ұйтқып боран соғады.

Балаларым айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?

Балалар: - Қыс мезгілінде.

Тәрбиеші: - Ия, балалар, қазір қыс мезгілі екен, ал осы қыс мезгілінің неше айы бар? Атап өтейікші.

Балалар: - Үш айы бар, желтоқсан, қаңтар, ақпан.

Тәрбиеші: - Қазір қай ай?

Балалар: - Желтоқсан айы.

Тәрбиеші: - Қыс мезгілінде қандай ойындар ойнаймыз?

Балалар: - Шаңғы, шана, коньки, сырғанақ тебеміз,аққала жасаймыз, қар лақтырып ойнаймыз.

Тәрбиеші: - Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?

Балалар: - Күн суық болады, қар жауады, боран соғады, адамдар қалың киінеді.

Тәрбиеші: - Қардың түсі қандай болады?

Балалар: - Ақ түсті болады.

Тәрбиеші: - Қар қандай болады?

Балалар: - Ұлпа қар, оппы қар, жапалақтап жауатын қар, жылтырайды.

Тәрбиеші: - Қарды алақанымызға ұзақ ұстап тұрсақ не істейді?

Балалар: - Суық болады, алақанымызға ұзақ ұстасақ еріп кетеді.

Тәрбиеші: - Қыста күннің көзі шығып тұра ма?

Балалар: - Ия, шығады.

Тәрбиеші: - Неге онда жерді жылытпайды?

Балалар: - Қыс мезгілі суық болғандықтан жылытпайды.

Тәрбиеші: - Қар неге ұқсайды?

Балалар: - Қантқа, сүтке, мақтаға, ақ қағазға.

Тәрбиеші: - Міне, балалар, орманға да келіп жеттік. (балалар шанадан түседі)

Тәрбиеші: - Орманнан не көріп тұрсыңдар?

Балалар: - Шыршалар, ақ қар.

Тәрбиеші: - Балалар қараңдаршы шыршаның түсі қандай? Шыршаның бойы қандай?

Балалар: - Шыршаның түсі жасыл, ал бойы аласа және биік.

( қоян шыршаның артынан секіріп шығады)

Қоян: - Ой, сәлеметсіңдер ме балалар! Орманда не істеп жүрсіңдер?

Балалар: - Сәлеметсің бе қоян? Біз орманға саяхатқа келдік.

Тәрбиеші: - Балалар, біз қоянға тақпақ айтып береміз бе?

Балалар: - Ия.

Тәрбиеші: - Қане кім айтады?

1 бала: Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы – қырлы жерлермен ,

Ытқып – ытқып жүгірді.


2 бала: Мен қоянмын, қоянмын,

Аппақ қарға бояндым.

Тәрбиеші: - Балалар кім қыс туралы өлең оқып береді?

1 бала: Аппақ қыстың бояуы,

Аппақ қыстың бораны.

Ақ көрпеге орайды,

Ақ қар байтақ даланы.

2 бала: Лебі мұздай ызғарлы,

Алып келді қыс қарды.

Қысқа түндер ұзарды,

Ұзақ түндер қықарды.

Тәрбиеші: - Сендерге бүгінгі орманға жасаған саяхаттарын ұнады ма? Осы ормандағы ағаштарды қорғайтын сендерсіңдер. Ел байлығы – жер байлығы. Осы байлығымызды аялайық.

  • Ал, балалар біздің балабақшаға қайтатын уақытымыз келді, шанамызға отырып қайтайық.

Тәрбиеші: - Балабақшамызға тез, әрі көңілді бару үшін өзіміз білетін «Қыс қызығы» атты әнімізді айтып барайық.

Балалар әуенмен топқа оралады. (жылы киімдерін шешеді)

Тәрбиеші: - Балалар, сендерге бүгінгі саяхат ұнады ма? Орманда не көрдік? Сол табиғаттан алған әсерлерімізді қағаз бетіне түсірейік. Алдымен көргенімізді тағы да бір пысықтап алу үшін, сендерге мына слайдты тамашалауды ұсынамын. (слайд көру, тақырыпқа байланысты түсіндірулер жүргізу)

Тәрбиеші: - Балалар, біз өткен сабақта балауызбен, яғни май шам арқылы бейнелеген суреттерімізді бояймыз.

(бейнелеу кезінде көңілді әуен ойнап тұрады)

Боялған суреттерді анықтап қарау, жақсы салған суреттерді мадақтау.

Сергіту сәті: Тауға шықсаң – қалың қар,

Сайға түссең – қалың қар.

Шырша үсті – қалың қар,

Жерді бассаң – қалың қар.

Байқаңдар, қар астында,

Ұйықтап жатқан аю бар.

Ойын «Жақсы – жаман»

  • Орманды ластау.

  • Ағаштарға қамқор болу.

  • Құстарға тас лақтыру.

  • Табиғатты қорғау.

  • Аңдарды аулап, оларды өлтіру.

  • Табиғатқа зиян келтіру.

  • Талдарды сындыру.

  • Табиғатты сүю

  • Құстарға қамқор болу.

  • Аңдар мен құстарға жанашырлық таныту.

Тәрбиеші: - Балалар енді бүгінгі естіген, қолданған сөздерімізді екі тілде қайталап өтейік.

Қыс келді – пришла зима, қар жауады – идет снег

Тәрбиеші: - Балалар сендерге бүгінгі атқарған іс – әрекеттеріміз ұнады ма?

Балалар: - Ия, ұнады.

Тәрбиеші: - Сендер де маған қатты ұнадыңдар, өздеріңнің тәртіпті, ақылды, өнерлі балалар екендеріңді көрсете білдіңдер. Осымен бүгінгі оқу іс –әрекетімізді аяқтаймыз, рахмет сендерге. Қонақтармен қоштасамыз.


5 Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Білім беру саласы: «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық» салалары бойынша ұйымдастырылған интеграциялық оқу іс-әрекеті.

Тақырыбы: «Дос болайық!»

Мақсаты: Балалардың жан-жақты дамуына жол ашу.

Білімділік міндеті: Достарға деген жақсы қарым-қатынасты қалыптастыру;

Дамытушылық міндеті: Балалардың сөздік қорларын, сөйлеу мәдениетін, бейнелеу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік міндеті: Балаларды достыққа, бір-біріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Қостілдік компонент:

Сабақтың барысы

Шаттық шеңбері

Қуан шаттан алақай

Қуанатын күн келді

Күліп шықты күн бүгін

Қайырлы таң! Қайырлы күн!

– Амансыңдар ма, достарым! Достық деген тамаша сөз жүрекке сондай жылы. Достар деген – бір-бірін жақсы түсінетін, бірге жүргенді ұнататын адамдар. Топтағы бар бала бір-бірлеріңмен доссыңдар ма? Мен де сендердің достарыңмын. Мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Бір-бірлеріңе қолдарыңды созып, шын жүректен мынадай сөздермен сәлемдесіңдер: «Сәлеметсің бе, Сәуле! Мен сенің досыңмын», «Сәлеметсің бе, Әмір, мен де сенің досыңмын».

– Бізде қоршағандардың бәрімен мейірім шашатын сөздермен сәлемдесейік:

Дос болайық, бәріміз.

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз.

Атсын күліп таңымыз.

– Адамдар бір-біріне жылы сөздер айтқанда айналаның бәрі ерекше жарқырай түседі.

– Ол – қуаныш, махаббат және достық шуағы.

(балалар жартылай шеңбер жасап отырады.

«Достық» туралы слайд

-Балалар «достық» дегеніміз не?

«Достық» орыс тілінде-дружба-friendship

-Балалар «достық» туралы слайд көрейік.

Слайд туралы балалармен әңгімелесу.

Ойнайық

«Сиқырлы көзілдірік» жаттығуы

– Балалар олай болса мен сендермен «Сиқырлы көзілдірік» ойынын ойнағым келіп тұр. Бізде сиқырлы көзілдірік бар, ол досыңның ең жақсы қасиетін көруге көмектеседі. Міне ол, қараңдаршы. Мен бірінші болып киіп көрейінші.

Сиқырлы көзәйнек киемін,

Досымның бар сырын білемін.

– Сиқырлы көзілдірік Зереде

  1. Зере Назым құстарға, аңдарға қамқор болып жүреді деп айтты көзәйнегім.

  2. Назым Сабина ақылшы, қамқоршы деп айтты көзәйнегім.

  3. Сабина Ұлжан балаларға ойыншықтарын жинауға көмектеседі екен.

  4. Ұлжан Санжар жаман сөз айтпайды деп айтты көзәйнегім.

  5. Санжар Динара өте мейірімді, әрі ізетті екенін айтты.

  6. Динара Анел достарын еш қашан ренжетпейді деп айтты көзәйнегім.

  7. Анел Айару бүлдіршіндерді қыдыруға алып шығады екен.

  8. Айару Ақниет епті және батыл деп айтты көзәйнегім.

  9. Ақниет Гүлім еш қашан өтірік айтпайды деп айтты көзәйнегім.

  10. Гүлім Саламат епті және батыл деп айтты көзәйнегім.

  11. Саламат Арина әртіс сияқты ән салып, би билейді деп айтты көзәйнегім.

  12. Арина Асем. Қалиқызы өте жақсы тәрбиеші деп айтты көзәйнегім.

– Достарыңның жақсы қасиеттерін көруге тырысқандарың үшін бәріңе де рақмет, достарың да сол үшін сендерге ризашылығын білдіреді.

Тыңдайық – ойланайық

-Балалар, достар туралы қандай әңгімелерді білеміз? (балалардыі жауабы)

1. -Соның бірі «Жаман жолдас» көрінісін тамашалайық, мұқият тыңдап, бақылап отырыңдар.

Әңгімелесу

2. Сендердің ойларыңша тағы қалай болу керек еді? Балалар жақсы жағына айналдырып көрсету.

Әңгімелесу

Сергіту сәті

«Достықта – бiздiң күш!»

Достар бірге жүреміз, 
(қол ұстасып, айнала жүру)
Бірге ойнаймыз, күлеміз.
(бір-біріне қарап күлу)
Бірге балық аулаймыз,
(қолдарын алға созады)
Міне, біздер қандаймыз!
(қолдарын жоғары созу)
Бөлінбейді іргеміз,
Әрқашанда біргеміз.

Ойнайық

« Дос» ойыны.

– Балалар, кім сұрақ қоятын «жүргізуші» болғысы келеді?

Әңгіменің тақырыбы «Дос».

Балалар шеңбер жасап тұрады, жүргізуші бала доты әр балаға беру арқылы «дос» туралы сұрақтар қояды.

- Сенің досың кім?
- Сен досыңды жақсы көресің бе?
- Досыңа қалай көмектесесің?
- Досыңды қалай сыйлайсың?
- Досыңды сағынасың ба?
- Досыңмен нені бөлісесің?
- Досың туралы қандай жылы сөз  айтасың?
- Досың саған не үйретеді?
- Достар бір-біріне қалай көмектеседі?

- Досыңмен ренжесіп қалсаң не істеуің керек?

- Досыңмен төбелесесің бе?

Шығармашылық тапсырма

– Парақтағы «Достар» суреттерін бояңдар.

Тәрбиеші суретті қалай бояу керек екендігін түсіндіреді.

Балалар алдарындағы суретті бояйды.

«Жүректен-жүрекке» шеңбері

Тақтаға үлкен талдың суретін ілу. Балалар бұл жәй тал емес, сиқырлы тал «Достық талы» бәріміз жүрегіміздің жылуын, бір бөлшегін осы талға достығымыздың белгісі ретінде орналастырайық. Қолдарына бір-бір жүректен алып:

Жүректен шыққан жылы сөз,

Жүрекке барып жетедi.

Жылы сөзден дос жүрегi,

Мейiрiмге толып кетедi.

-Сабақ басында мен сендерге сендердің досыңмын деген болатынмын, мен бірінші болып жүрегімнің жылуын, бір бөлшегін талға орналастырамын. (әр бала өз тілегін айтып жүректерін орналастыру керек)

Келген қонақтарға да жүрек сыйлап, оларды дос болуға шақыру.

Қорытындылайық

– Нағыз адал дос әрқашан да қиын сәтте көмектеседі, сенің жетістіктеріңе қуанады. Дос бола білуге және достықты қадірлеуге үйреніңдер.

Мынандай мақал бар: «Досың жоқ болса – ізде, тапсаң – құрметте».

Нағыз дос-настоящий друг- real friend.

Мен- сенің досыңмын –я твой друг- I am your friend.

Сен-менің досымсың- ты мой друг- you are my friend.


6 Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті


Білім беру саласы: «Таным», «Коммуникация», «Шығармашылық» салалары бойынша ұйымдастырылған интеграциялық оқу іс-әрекет.

Тақыбы: «Су- тіршілік көзі»

Мақсаты: балалардың шығармашылық қабілетерін сөйлеу арқылы дамыту

Білімділік міндеті: су туралы түсініктерін кеңейту;

Дамытушылық міндеті: қоршаған ортаға деген сезімдерін, балалардың сөздік қорын дамыту;

Тәрбиелік міндеті: адамгершілікке, табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекілік: Жуа егілген ыдыс /әр балаға жеке/, су құятын ыдыс, «Ақ бидай» ертегісі және ертегі сюжетіне сай суреттер, тамшылар.

Қостілдік компонент: ақ бидай-белая пшеница, су-тіршілік көзі, вода-источник жизни.

Шаттық шеңбері

Қуан шаттан алақай

Қуанатын күн келді

Күліп шықты күн бүгін

Қайырлы таң! Қайырлы күн!

Барысы:

Тәрбиешінің кіріспе сөзі.

Су- адам өміріне ең қажет зат. Су – тіршілік көзі, тіршіліктің өзі, сусыз өмір жоқ, жан-жағымыздағы жанды да, жансыз тіршілік иелерін сусыз елестету мүмкін емес. Ендеше, су өмірдегі ең негізігі нәрсе.

Балалар бізге су қажет пе?

Біз суды неге пайдаланамыз?

Сусыз өмір сүруге болады ма?

Су жайлы жұмбақ шешу, тақпақ айту.

Сылдыр –сылдыр етеді

Жылғалардан өтеді

Шулы өзенге барамыз Өзенге келеміз

Орын таңдап аламыз Жауқазын тереміз

Ақ сазанға ау құрып Тоғай толы шуға

Болат қармақ саламыз Шомыламыз суға.


Балалар су – тіршілік, су – нәр, сонымен бірге су – денсаулық.

Себебі, біз күнде жуынған кезде, ыдыс жуғанда, үй тазалағанда суды пайдаланамыз.

Біз сумен денемізді жуамыз. Сол туралы тақпақты бәріміз қосылып қайталайық.

Ағып жатыр мөлдір су

Мөлдір суға бетің жу

Жуынсаң сен әрдайым,

Аппақ бетің, маңдайын.

Тазалықтың досы –

Су дегенің осы.

Енді, балалар, судың, адамның, жер-ана және қасиетті ас нанның достығы жайлы мен сендерге бір ертегі айтып берейін. Ертегі «Ақ бидай» деп аталады. Сендер ыңғайлы отырып, мүқият тыңдап алыңдар, түсінігендеріңді маған айтасыңдар.

Ертегіні әңгімелеу.

Ертегі мәтіні бойынша сұрақтар қою:

1. Ақ бидайдың жағдайы неге нашарлады?

2. Ол аңдар мен құстардан қандай көмек сұрады?

3. Ақ бидайға кім көмектесті?

4. Адам ақ бидайға қалай көмек көрсетті?

5. Ақ бидай адамның қамқорлығына қалай жауап берді?

Балалар, ағып жатқан судың қасына барып «Мөлдір өзен» ойынын ойнап қайтайық. Ойын ойналады.

Тәрбиеші: Мынау – жуа. Суға салсаң жуаның тамыры пайда болады.

Мына су ішіндегі жуаның түбінен көрініп түрған ақ талшықтар -тамырлар. Біз оларды күтіп, батпаймыз. Ол бізге өзінің көгін береді, ал біз жуаның көгін тамаққа пайдаланамыз. Жуа жесеңдер денсаулықтарың мықты болады, ауырмайсыңдар. Қазір жуаларымызды суарамыз.

Балалар әрқайсы алдындағы жуа егілген ыдысқа су құйып, судың топыраққа сіңу процесін бақылайды.

Тәрбиеші: Балалар суды сендер жуаға құйып жатқанда менің алдымда мынадай тамшылар пайда болды. Қазір әрқайсың үлгіге қарап тамшыларды қиыңдар. Балалар қиған тамшыларды қонақтарға сыйлаңдар. Әр тамшыны сыйлағанда жақсы тілек айтуды үмытпаңдар. «Су – нәр», «Су – тазалық», «Су – бақыт», «Су – тіршілік», «Су – денсаулық» деген сөздерді айтып, тамшыларды балалар қонақтардың алақанындарына салады.

Сабақтың қорытындылау.


7 Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Білім саласы:  «Коммуникация», «Шығармашылық» «Әлеумет» білім салалары бойынша ұйымдастырылған интеграциялық іс-әрекет.

Тақырыбы:  «Менің ауылым»

Мақсаты:Туған ел, Отан туралы балалардың  түсініктерін кеңейту,

Білімділік міндеті: ауыл  көріністерімен таныстыру, атауларын білуге  үйрету;

Дамытушылық міндеті: дайын сурет кесінділерін қиюға,кеңістікті дұрыс бағдарлай отырып жапсыруын дағдыландыру. Ойлау, есте сақтау, сөйлем  құрастыруын дамыту.

Тәрбиелік міндеті: Туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке, патриоттық  сезімге  тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайд көрсету, суреттер, ҚР картасы

Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ-жауап, ойын, сөйлем құрау.

Билингвалды компонент : Отан-Родина, ауыл-село-village.

Сөздік жұмыс: мекеме

Шаттық шеңбері:

Кім кездессе көшеде,

Бөтен емес демейміз,

Аға, көке, тәтеге де,

Сәлеметсіз бе дейміз


 Тәрбиеші балалардың назарын тақтадағы ҚР картасына аударады.

-Бұл Қазақстан  мемлекетінің  картасы, біздің туған жеріміз, Отанымыз.

Картада  Қазақстандағы  барлық қалалары  көрсетілген.

-Балалар сендер  қай мемлекетте  тұрасыңдар?

-Астанасы қай қала?

-Отан деген сөзді  қалай  түсінесіңдер?

Яғни,  біздің  Отанымыз -Қазақстан, Отанымызды сүйеміз.

-Сендер  қай ұлтсыңдар


 Балаларға  ауыл жайлы видеоролик  көрсетеді.

-Ауыл сендерге  несімен ұнады?

Ауылда көптеген  көрікті, әдемі жерлер бар екен.

 «Мекеме» сөзіне  түсінік береді.

-Балабақша  мекемесінде  кімдер жұмыс  істейді?

-Емхана мекемесінде  кімдер жұмыс істейді?

Дидактикалық ойын:  «Қай мамандық?»

Ойын шарты: суреттегі  мамандық  иелеріне қажетті  құрал саймандарын  тауып орналастырады.

 Өмірде кездесетін бір-екі  жағдаятты  тәрбиеші айтады, балалар шешеді.

-Саябақта  анасынан адасқан бала. Осы жағдайда  кімге бірінші  телефон соғамыз? Полиция  қызметкері сенен не сұрайды?

-Үйінде отырған баланың үйінен  өрт шыққан жағдайда кімге телефон  соғамыз?

-Балалар  сендер  өз көшелеріңнің  атауларын білесіңдер ме?


-Сергіту сәті:

Көтеріліп шаңырақ

Керегелер керіліп.

Өрімдей боп өріліп,

Бәріміз жүрсек айналып,

Кигіз үй боп көрінер.


(видеоролик көрсету)

 Тәрбиешінің нұсқауымен балаларды екі топқа  бөлініп, бірінші топ  дайын суреттерді  көлемі бойынша  кесіп, үлкен плакатқа  жапсырады.

Екінші топ қағазды умаждап, жұлмалау әдісімен  дайын сурет  бейнесіне   жапсырады. Екі топ бірігіп мазмұнды  ауыл көрінісін бейнелейді.

-Қауіпсіздік  ережені еске алады, жеке көмек  көрсетеді.

Жұмыстары бойынша  әңгіме құрастыруды  ұсынады.

Балалар ауыл жайлы өлеңдерін айтады.

Өскенде  мен ауылыма,

Үлкен үйлер саламын.

Сосын оны  жырлауға,

Дайын әркез  қаламым.

 

Қаздай болып тізілген,

Әдемі үйлер салынған,

Мешіт те бар  ауылда,

Саябақта бар тағы да,

Өзге ауылға бара қалсам,

Тез қайтамын ауылға.

 

Мақал-мәтелдер айтады.

 

1.Туған жердің   күні де ыстық, күлі де ыстық

2. Жері байдың, елі бай.

3. Туған жер тұғырың-туған ел  қыдырың.

Сабақты қорытындылау.


8 Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Білім саласы:  «Коммуникация», «Шығармашылық», «Әлеумет» білім салалары бойынша ұйымдастырылған интеграциялық іс-әрекет.

Тақырыбы: «Қазақтың салт-дәстүрлері».

Мақсаты: Балаларға салт-дәстүр туралы білім беру.

Білімділік міндеті: Дәстүр туралы жалпы мағлұмат беру.

Дамытушылық міндеті: Балалардың ақыл-ойын, сөздік қорын дамыту. Жанұя туралы түсініктерін нығайту. Дәстүрге қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік міндеті: Ата-анасына, үлкенге құрмет, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: бесік.

Көрнекіліктер: суреттер.

Әдіс- тәсілдер: сұрақ – жауап, әңгімелесу, мәнерлеп оқу.

Сөздік жұмыс: гость- қонақ, дәстүр- обычай.

Сабақтың барысы:

Кіріспе әңгіме: Бүгін сендермен әженің аулына қонаққа барамыз. Балалармен сұрақ-жауап:

Жанұя дегеніміз не?

Әр адамның отбасы.

Ал сендердің отбасыларында нешеусіңдер?

2-3 баланың жауабы.

Үшеуміз (әкем, шешем, мен)

Сен ағаңа кім боласың?

Мен іні боламын.

Әке, шеше ол сендердің бауырларың, туысқандарың.

Ал, Жандос, Рита, Айдос сендерге кім болады?

Құрбы-құрдас.


Сөзұйқас: Әкем, шешем, бауырым

Бір туысқан ауылым

Асан, Үсен, Асқарым

Құрбы-құрдас, достарым.

«Нағашы» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Ол шешемнің туыстары.

Сендер қай қалада тұрасыңдар, көшелерінді білесіңдер ме? (2-3 айтады).

Сәтбаев қаласында тұрамын Ерден көшесі 175 үй – 2 пәтер.


Негізгі бөлім:

Сурет бойынша әңгіме:

Мына суретте не бейнеленген?

Адамдардың отбасы.

Қай уақыт?

Кешкі мезгілде.

Үлкен адамдардың саны қанша?

Үлкен адамдар төртеу.

Суретте неше баланы көріп тұрсыңдар?

Суретте екі бала бейнеленген..

Олар бір-біріне кім болады? (аға, іні).

Ал, енді осы сурет бойынша әңгіме құрастырып беріңдерші?

(1-2 баланың әңгімесі).


Тазша бала келеді: - Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен Тазша баламын, мен сендерді қонаққа шақырып келдім. Әжемнің ауылында дүниеге кішкентай нәресте келіпті. Шілдеханаға тойға шақырып келдім. Жүріңдер.


Сергіту жаттығуы:

Алақаны аялы,

Әжем бар менің саялы.

Кінәмді менің кешірген,

Атам бар менің шыдамды.

Шалғы таққан шалғында,

Ағам бар менің алдымда.

Жақсылыққа талпынған,

Інім бар менің артымда.


Балаларды әже, ата қарсы алады.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар біздің үйге кіріңдер, қонақ болыңдар!.

Тәрбиеші:-Балалар, бұл үлкен той, осы тойға келген адам құр алақан келмейді. Салт-дәстүр бойынша ауылдың алты ауызы айтылады.

«Шідехана. Бесік той» балалармен бірге ән салу.

Қазір кішкентай нәрестені бесікке бөлейміз. Бұл той «Бесік тойы» деп аталады. Бесікті арнайы ісмер жасайды. Жөргектен шығарып, ит-көйлек кигізілген сәбиді бесікке ауылдың кез-келген әйелі салмайды. Бұған да ел – жұртына аяулы, ұрпақ тәрбиелеуде көп тәжірибесі бар бір әже лайық. Үлгілі әже темірді отқа қыздырып алдымен бесіктің арқалығына бірнеше жерден қариды. Мұнысы, пәле-жаладан аулақ болсын дегені, қырандай болса деп бесіктің арқалығына бүркіттің тұяғын іледі, кейбіреулер тұмар байлайды.

Қазақтың бесікті құрметтейтіні, сақтайтыны соншалық, атасы жатқан бесікке немересі жатады кейде. Кезінде қазақтың туған жерді алтын бесік деуі де осыдан болар. Сондықтан, да «Бесік тойы» қазақ өмірінде үлкен орын алады. Бесікке баланы қырқынан шыққан соң салады.

Балаға үлкен ата бата береді:

Ел аман болсың,

Жер аман болсың,

Осы отырған шаңырақтың

Есігі мен төрі аман болсың

Жиналған жанның бәрі

Аман болсың!

Сосын әжесі балаларды дастарханға шақырады.

Сабақты қорытындылау:

  • Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

  • Бата беру дегеніміз не?

  • Тағы қандай қазақ халқына сай дәстүрлерді білесіңдер?

Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау.


9 Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Білім саласы: «Коммуникация», «Шығармашылық» білім салалары

бойынша ұйымдастырылған интеграциялық оқу іс- әрекеті.

Тақырыбы: «Қыстайтын құстар»

Мақсаты: Балалардың қыстайтын құстар туралы түсініктерін кеңейту

Білімділік міндеті: Құстарға қамқор болуға үйрету,

Дамытушылық міндеті: Балалардың сөздік қорларын дамыту.

Тәрбиелік міндеті: Табиғатты сүюге, аялай білуге тәрбиелеу.

Алдын-ала жүргізілген жұмыс: Серуен кезінде құстарды бақылау

Көрнекілігі: Көгершін, құстардың суреттері, қыстап қалатын құстар, қыс мезгілінің суреті және құстардың дауысы жазылған бейнетаспа

Әдіс-тәсілі: әңгімелесу, сұрақ-жауап, DVD қарау, жұмбақ шешу

Билингвалды компонент: ворона-қарға, сауысқан-сорока, торғай-

воробей, бүркіт-беркут, үкі-сова

Шаттық шеңбері:

Армысың, Алтын күн!

Армысың, Көк аспан!

Армысың, Жер-Ана!

Армысың, Достарым!

Жылуыма жылу қос,

Міне, менің қолым бос.

  • Енді балалар, орнымызға отырып көзімізді жұмып, менің айтқандарымды елестетейік. «Жапырақтар сарғайып жерге түсті. Айнала сары алтындай сап-сары. Күн суыта бастады. Құстар жылы жаққа ұшып барады. Жаңбыр жиі жауады.» Көзімізді аштық. – Бұл қай мезгіл екен, балалар?

  • Күз мезгілі, дұрыс. Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Енді балалар назарымызды телеэкранға аударайық. Қыс туралы еске түсіріп, қыстайтын құстар туралы қараймыз (1-слайд бойынша әңгіме айтамыз).

Есік қағылып Дымбілмес келеді.

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерге қызық көрсетейін деп келдім. (Қолтығынан торғай алып шығады) Міне – торғай, жаңа ғана ұстап алдым.

(Балалар таңырқай қарайды)

  • Ой, балалар сендерге қызық емес пе не?

  • Дымбілмес, сен біздің балаларға ренжіме. Сен құстарды ұстауға болмайтынын білмейсің бе? Қыстайтын құстарға тиіспей, оларға қамқор болу керек. Сенің қыстайтын құстар туралы білгің келе ме? Онда балалармен бірге отырып тыңда. (Қыстайтын құстар туралы 3-7-слайдтарды қарау).

  • Қарға – ворона, Сауысқан-сорока, Торғай-воробей, Бүркіт-беркут, Үкі-сова

  • Бүркіт орманда, тауда өмір сүреді. Адамдар бүркітті қолға да ұстайды. Аң аулауға баптайды. Ондай адамды құсбегі деп атайды. Бүркіт - қасқыр, түлкі, қоян аулайды. Сауысқан, қарға, торғайды күнде кездестіреміз.

Құстардың ортақ қасиеті: қанаты бар, ұшады, тұмсығы бар, шоқиды.

Құстардың айырмашылығы: әртүрлі дауыстайды.

Құстардың пайдасы: олар ағаштарды зиянды жәндіктерден тазалайды.

Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық,

Қолымызды созайық.

Құсқа ұя жасайық,

Алдына жем шашайық.

Қарға құсап жорғалап,

Жемге тойып алайық.

Орнымыздан тұрайық,

Қане, қанат қағайық!

  • Енді, балалар, кім бізге құстар туралы жұмбақ жасырады екен?

Орманда жоғары,

Ағашқа қонадды,

Тұмсығын балға етіп,

Тоқ-тоқ соғады. (Тоқылдақ)



Орыннан-орынға ауысқан,

Ұшқалақ қара ала........... (сауысқан)



Мәпелейміз, баптаймыз,

Биіктерге самғаймыз.

«Бейбітшілік құсы» деп,

Қай құсты айтып мақтаймыз. (көгершін)

Ойын: «Қай құстың дауысы?»

Мақсаты: Құстардың дауысын ажырата білуге үйрету, зейін қойып тыңдай білуін жетілді

Ойын: «Торғай»

Ойын арқылы сабақты қорыту. Торғай қонған бала сұраққа жауап береді.

Сұрақтар:

  • Қыстайтын құстарды ата?

  • Құстың мекені?

  • Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады?

  • Қарға қалай дыбыстайды?

  • Торғай қалай дыбыстайды?

  • Құс туралы тиым сөз айт?

  • Құстардың ұясын бұзба.

  • Құсты атпа, өлтіруге болмайды.

  • Құстың жұмыртқасын жарма.

  • Құстардың ортақ қасиеті қандай?

  • Құстардың айырмашылығы қандай?

  • Құстарға қандай қамқорлық жасаймыз?

Балалар бәрі бірге: Жылы жаққа ұшпайтын,

Біздің жақтта қыстайтын.

Құстар жүрсе жуықта

Жем шашуды ұмытпа.

  • Жарайсыңдар, балалар! Мен сендерге сабаққа жақсы қатысқандарың үшін көгершін сыйлаймын.

  • (Балаларға қолдан жасалған көгершіндер береді)

  • Ал, қазір барлығымыз бейбітшілік құсы- көгершін жайлы «Ақ көгершін» әнін орындайық.

Қоштасу шеңбері: Қол ұстасып тұрайық,

Жарты шеңбер құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау-саламат болайық!























Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. Қожахметова Қ. Қазақ этнопедагогикасы, Алматы, «Ана тілі», 2012 ж.

  2. Кенжеахметұлы С. «Қазақ салт-дәстүрлері», Алматы, «Ана тілі», 2009

  3. Жанайдаров О. «Қазақстан- менің Отаным», Алматы, Алматы «Балауса» 2012 ж.

  4. Молдагаримов А. Қазақ балалар ойыны.

  5. Сен білесің бе? Кітаптар сериясы.

  6. Шабаева М.Ф. «Педагогика тарихы» М,. «Просвещение» 2011жыл.

  7. Смирнова Н., Сатпаева Ш., Адібаев Х., «Қазақ әдебиеті», Алматы «Мектеп» 2009 жыл.

  8. Комарова Т.С. Дети в мире творчества. – М., 1995. – 190 с.

  9. Моран А. История декоративно-прикладного искусства. – М., 1986.

  10. Мухина В.С. Изобразительная деятельность ребенка как форма усвоения социального опыта. – М., 1981. – 154 с.












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Интегрированные занятия в ДО

Автор: Аширбекова Гульмира Кундакпаевна

Дата: 14.02.2017

Номер свидетельства: 391537

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(189) "Интегрированное занятие в малочисленной сельской школе как средство повышения мотивации обучающихся."
    ["seo_title"] => string(121) "intieghrirovannoie-zaniatiie-v-malochisliennoi-siel-skoi-shkolie-kak-sriedstvo-povyshieniia-motivatsii-obuchaiushchikhsia"
    ["file_id"] => string(6) "297417"
    ["category_seo"] => string(12) "russkiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1456198346"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(118) "Доклад «Роль интегрированных занятий в речевой компетентности»"
    ["seo_title"] => string(62) "doklad_rol_integrirovannykh_zaniatii_v_rechevoi_kompetentnosti"
    ["file_id"] => string(6) "622508"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1673181347"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(99) "Интегрированное занятие на тему "Морское путешествие""
    ["seo_title"] => string(62) "intieghrirovannoie-zaniatiie-na-tiemu-morskoie-putieshiestviie"
    ["file_id"] => string(6) "295546"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1455820872"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(142) "Конспект интегрированного занятия для средней группы"Зайка в гостях у ребят"."
    ["seo_title"] => string(90) "konspiekt-intieghrirovannogho-zaniatiia-dlia-sriedniei-ghruppy-zaika-v-ghostiakh-u-riebiat"
    ["file_id"] => string(6) "276229"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1452693317"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(121) "Интегрированное занятие на тему:  "Газовые законы и их применение" "
    ["seo_title"] => string(73) "intieghrirovannoie-zaniatiie-na-tiemu-gazovyie-zakony-i-ikh-primienieniie"
    ["file_id"] => string(6) "136103"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1417026443"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства