kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

« Ертегі құсының тілегі»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы: « Ертегі  құсының тілегі»

Сабақтың  мақсаты:   Балаларды дәстүрлі емес тәсілмен ертегі құсының

                                     суретін салуды үйрету, суретті қағаз бетіне дұрыс

                                      бейнелей білуге уйрету. Алақанмен, таяқшамен сурет        

                                      салуды, шығармашылық  ұғымдарын арттыру. Жеке

                                      жұмыс жасауға үйрету.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«« Ертегі құсының тілегі»»

Сабақтың тақырыбы: « Ертегі құсының тілегі»

Сабақтың мақсаты: Балаларды дәстүрлі емес тәсілмен ертегі құсының

суретін салуды үйрету, суретті қағаз бетіне дұрыс

бейнелей білуге уйрету. Алақанмен, таяқшамен сурет

салуды, шығармашылық ұғымдарын арттыру. Жеке

жұмыс жасауға үйрету.

Әдіс-тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, мақтау, мадақтау

Керекті құрал:

  1. Сиқырлы ағаш макеті

  2. Таяқша

  3. Демонстрациялық тақтай

Үлестірмелі құрал (бала санына қарай)

  1. түрлі-түсті қағаз жапырақ пішіндес қиылған

  2. гуашь

  3. қылқалам

  4. мақта оралған таяқша

  5. ылғалды салфеткалар

  6. орамалдар

  7. үлкен ыдыс таза мақта оралған таяқшалар үшін

  8. пайдаланған салфеткалар мен таяқшалар үшін қорап

  9. қылқаламға арналған подставка және салфеткалар


Қосымша материалдар

  1. құстың пішінінің қиындысы бала санына

  2. үнтаспа

  3. диск құстар әні бар


Алдын-ала жұмыс

  1. Ертегі оқып беру

  • ертегідегі құстардың суретін қарау


Сабақ барысы:


  • Балалар шеңберге тұрады, сиқырлы ағашты айналып.

Тәрбиеші: - Сәлеметсіз бе! Менің атым Зинеп Қойшыбайқызы. Бүгін біздің сабағымыз ерекше. Балалар, сендерге ертегі ұнайды ма?

  • Құстарға байланысты қандай ертегі білесіңдер?

  • «Қарлығаш пен өрмекші», «Құмырсқа мен шөже» т.б.

  • Ендеше біз қазір «Бақыт құсы» ертегісін тамашалаймыз (театр.көрініс)

  • Әрине, ертегілерде түрлі сиқырлар болады. Мен сендерге сиқырлы ағашты сыйлағым келіп тұр, бұл ағашта ертегідегі құстар өмір сүрген. Олар балалардың тілектерін орындайды. (ағашқа жақындап қарайды).

  • Сіздер қалай ойлайсыздар, мына ағаш сиқырлы ма?(балалардың жауабы)

  • Ия, бұл ағаштың бұтағымен жапырақтары түрлі-түсті, себебі түрлі-түсті тілек құстары өзінің бұтағына отырады. Қалай ойлайсыздар тілек құстар қайда ұшып кетті?

(Балалардың жауабы)

  • Олар армандары орындалатын жерге ұшып кетті.

  • Балалар, сіздер сиқырлы құстардың бейнесін салғыңыз келе ме, бұл құстар сіздердің тілектеріңізді орындайды.

  • Сурет салуға біздерге сүйікті алақанымыз көмектеседі.

  • Алақанымызға қарайықшы, ол құсқа ұқсайды ма? (балалардың жауаптары)

Тәрбиеші: өзінің алақанын көрсетеді, ал балалар өзінің алақандарын қарайды.

  • Мынау басы, мойны

  • Ал, құстың денесін көрсетіңізші

  • Ал, мынау не екен деп ойлайсыздар? (саусақтарын ашып-жауып көрсетеді)

Ия, міне қандай әдемі құйрығы.

  • Балалар, ертегідегі құстар қандай болуы керек?

  • Түрлі-түсті

  • Меніңде бір тілегім бар. Мен көк түсті таңдап алдым. Сондықтан сиқырлы ағаштан көк түсті жапырақты аламын. Сендер де өздеріңнің құстарыңа түстес жапырағын алыңдар.

Тәрбиеші: - Сұрақтар қояды.

  • Сен алған жапырағыңның түсі қандай?

Не үшін осы түсті таңдадың?

Сенің ертегідегі құсыңның түсі қандай болады?

  • Орындарыңа отырыңдар, біз қазір осы ертегідегі құстың суретін саламыз. (Балалар орындарына отырады)

Тәрбиеші: - Балалар, менің жапырағымның түсі қандай? Сонда менің құсымның түсі қандай болады? Дұрыс, айтасыңдар, мен көк түсті бояуды аламын. Ал, қазір мен сендерге ертегідегі құсты салуды көрсетемін. Қараңдаршы, мен көк түсті бояуды алып сол алақанымның үлкен саусағынан бастап бояймын.

Сұрақ: - Мынау құстың қандай дене мүшесі?

(басы мен мойыны)

Педагог өзінің әдіс-тәсілін түсіндіреді.

  • Жапырақтың бір жағы көк түсті, ал екінші жағы боялмаған. Суретті сол жапырақтың боялмаған жағына саламыз. Енді бояуды саусақтарыммен алақанды бояп бір жағынан екінші жағына дейін тегіс бояймыз.

Содан кейін мен өзімнің құстың бейнесін алдындағы алған жапырақтың ортасына саламын. Ол үшін саусақтарымды ашып және қағазға қолымды қоямын. Бос қолыммен жапырақты ұстай отырып, алақанымды қатты басып, жоғары көтеремін. Міне, құстың бейнесі шықты.Қараңдаршы балалар құстың қандай дене мүшелері жетіспейді.

Көзі,тұмсығы,аяғы. Ал, құсымыз әдемі болу үшін қалаған түстермен бояймыз. Тәрбиеші салып көрсетеді.

«Құрғақ қылқалам жаттығуы»

  • Балалар, сендердің құстарыңыз әдемі болып шығуы үшін, алдымен ойнаймыз. Ойын ойнағыңыз келе ме? Қылқаламды оң қолға алыңдар, құсымыздың басы мен мойнын табыңдар және оларды бояймыз. – Қалай бояйтынымызды көрсетейік. Бәрекелді! Жарайсыңдар!

  • Жапырақтың ортасына құстың бейнесін саламыз.

  • Қазір қылқаламды таңдаған түстеріңе қарай бояуға батырып бояймыз.

Балалар жеке жұмыстарын орындайды.

  • Құсымыз сиқырлы болуы үшін, біз енді бояймыз.Біздің құстарымыз кеуіп тұрғанша, ал біз сергіп алайық

Сергіту сәтін орындау

  • Үнтаспада құстардың дауысы естіледі.

  • Балалар естіп отырсыңдар, сендердің құстарың бізді шақырып тұр. Жүріңдер сурет салуды жалғастырайық.

  • Қараңдаршы, балалар біздің құстарымыздың қандай мүшелері жетіспейді?

  • Көзі, тұмсығы , аяғы

  • Дұрыс айтасыңдар, көзі, тұмсығы, аяғы жетіспейді.Суретті енді қылқаламмен емес сиқырлы таяқшамен саламыз.Алдарыңдағы тарелкеде сиқырлы таяқшалар, оң қолымызға сиқырлы таяқшаны алып өздеріңе ұнаған түске батырып, содан кейін құстың салынбай қалған дене мүшелерін саламыз.

Балалардың жұмысы.

-Балалар, қараңдаршы таяқшамен құстың тұмсығын, көзін әдемі қылып салдыңдар.Суреттерің әдемі болып шықты жарайсыңдар!

- Сендер осы құстарыңның ертегідегі құсқа ұқсағанын қалайсыңдар ма?

- Олай болса, оларды қалай сырлағыңыз келсе солай сырлаңдар.(балалардың жұмысы)

Музыка: «Құстардың әні, табиғат үні»

Тәрбиеші: Балалардың жұмыстарын қарап, көмектесіп, сұрақ болса жауап береді.

  • Жарайсыңдар, балалар! Қандай әдемі құстар болып шықты. Ендеше құстарды сиқырлы ағашқа отырғызамыз. Әр құстың өзіне түстес бұтағы бар, сол бұтаққа отырғызыңдар.

  • Мен өзімнің құсымды көк бұтаққа отырғызамын.

Сұрақтар:

  • Ернұр, сен өзіңнің құсыңды қай бұтаққа отырғызасың? Неге?

  • Жасыл түсті бұтаққа кім өзінің құсын отырғызады? Неге? (балалар құстардың түсі бойынша бұтақтарын тауып алады)

  • Маған сендердің құстарың ұнады. Олар сендердің тілектерін орындайды деп сенемін.

  • Сіздердің армандарыңыз орындалу үшін көздерімізді жұмамыз.

  • Музыка қойылады.

  • Қызықты сәт «Бақыт құсы» келеді.Балаларға кішкентай «бақыт құстарын» сыйлайды. Балалармен қоштасып кетіп қалады.

  • Балалар, қараңдаршы бізге бақыт құсы өзінің кішкентай достары ,кішкентай бақыт құстарын әкелді.Бұл бақыт құстары сендердің армандарыңды орындайды.Тәрбиеші бақыт құстарын балаларға таратып береді. Ал,мына отырған апайлардыңда армандары орындалсын деп мына бақыт құстарын апайларға сыйлайық.

Балалар апайларға сыйлайды.

Тәрбиеші сабақты қорытындылайды.


№59 С.Н.Шапағатов атындағы балабақша әдіскері

Алмағанбетова Зинеп Қойшыбайқызы
































С.Шапағатов атындағы №59 балабақша






Қалалық семинарға арналған сабақ




Тақырыбы: «Ертегідегі құстың тілегі»






















Дайындаған: Алмағанбетова З








Актау 2012


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
« Ертегі құсының тілегі»

Автор: Сулейманова Алтынай Издибаевна

Дата: 07.06.2019

Номер свидетельства: 513829

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(203) "?аза? тілі п?нінен ашы? саба?. (3 сынып). та?ырыбы: «?айталау саба?ы. Экологиялы? – ертегі саба?.» (д?ст?рлі емес саба?) "
    ["seo_title"] => string(120) "k-azak-tili-p-ninien-ashyk-sabak-3-synyp-tak-yryby-k-aitalau-sabag-y-ekologhiialyk-iertieghi-sabak-d-sturli-iemies-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "160921"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422131227"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(134) "Т?ты?уы бар балалармен т?зету ж?мысын ж?ргізуде ертегі терапиясыны? ма?ызы."
    ["seo_title"] => string(77) "tutyguybarbalalarmientuzietuzhumysynzhurghizudieiertieghitierapiiasynynmanyzy"
    ["file_id"] => string(6) "291813"
    ["category_seo"] => string(10) "logopediya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1455189658"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(23) "Ертегі саба? "
    ["seo_title"] => string(15) "iertieghi-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "135535"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1416932875"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) ""Ертегілер елінде" жа?а жылды? сценарий "
    ["seo_title"] => string(48) "iertieghilier-ielindie-zhan-a-zhyldyk-stsienarii"
    ["file_id"] => string(6) "207793"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1430653036"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "М?пелейді ана- ?олында?ы ??сын "
    ["seo_title"] => string(35) "m-pielieidi-ana-k-olyndag-y-k-u-syn"
    ["file_id"] => string(6) "201461"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1429067844"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства