Құрметті аналар! Құрметті қонақтар! Бүгін сіздерді көптен күткен сегізінші наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз. Мектепалды даярлық тобының «Мәпелейді ана-қолындағы құсын»-атты сайыс ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Гульназ: Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын ашайық.
Тимур: Ана дейміз біріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап,
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық алтын бақ.
Қоңырау дыбысы естіледі.
Апай: Бұл кім шулап жатыр?
Кузя: Мен кішкентай үй әулиемін
Шақыр мені үйге сен
Ешкімді кіргізбей
Тазалық жүргізем
Әжелер мен аналарға
Көмектесемін мен
Құттыұтап әжелерді, қыздарды және аналарды.
Күнде, күнде күн сәулесі,
Тұрсын қағып терезе
Сендерге сыйлық ретінде қоңырау беремін.Қоңырауды сылдырлатып қонақ шақырыңдар үйлерге.
Апай: Рақмет саған Кузя.
Қоңырауымыз шылдырлап, келсін бізге қонақтар.
Кикимора: Орман аралап жүрсем
Қоңырауды естідім
Қатты дыбысымен
Әкелді мені мұнда.
Мен қырсық, жаман емеспін
Мен тентек қызбын
Мені бәрі әдемі, ақылды деп айтады.
Қайда түсіп кеттім, аяқтарым мені қайда әкелді
Апай: Сәлеметсің бе Кикимора
Кикимора: Сәлем бердім бәріңе! Не сауық бұл жерде?
Апай: Сен бізге мерекеге түстің. Бүкіл балалар аналарын, әжелерін және қыздарын құттықтап жатыр.
Кикимора: немен құттықтап жатыр? Қандай мереке? Неге мен ештеңе білмеймін?
Апай: Бүгін халықаралық сегізінші наурыз әйелдер күні
Кикимора: Ой, қандай бақыт! Ә Мен де әдемі қызбын ғой, ендеше мені де құттықтамайсыңдар!
Апай: Әрине,мерекеңмен! Ал біздің балалардың саған көрсететін өнерлері бар.
Соны көріп тамашалаңдар!
Аружан:Эльнара: Анам менің сүйіктім
Тек өзіңе табынам.
Қасымда жүрсең биікпін,
Алыстасаң сағынам.
Ерасыл: Анаң болса қасыңда
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет.
Айым:
Анасы:
Айым:
Анасы:
Аружан: Мәпелейді, әлдейлейді, бағады.
«Құлыным» деп құшағына алады.
Өзгеге де, өзіне де жауапты
Барлығына қалай уақыт табады?!
Дархан: Айналайын анашым
Аялайсың, бағасын
Сен үшін балалармен
Ән шырқайық бәріміз.
Ән: Құттықтаймын.
Нұрын төккен маған
Шуағымсың сен.
Айналайын, анам
Қуанышыңмен.
Шаттандырған мені
Жұбанышым сен.
Құттықтаймын сені
Туған күніңмен!
Аялаған мені
Ән қанатымен.
Құттықтаймын сені
Салтанатыңмен.
Бақытты ғой заман,
Қандай көңілді.
Мен тілеймін саған,
Ұзақ өмірді.
Амирхан: Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым
Сәлем жазып бүгін саған
Мейрамымен құттықтаймын.
Амина: Аялаған баптаған,
Асыраған сақтаған
Сақтандырып күнде еппен
Айтып бәрін үйреткен
Анамызға мың алғыс
Адал бол деп балдырған
Әділдікке баулыған
Жүрегінде махаббат тілегінде мархабат
Анамызға мың алғыс.
Надир: -Алло, әже? Мерекеңізбен құттықтаймын. Айтатын тақпағым беретін гүлім бар. Әжетай, сені жақсы көремін-деп. Ақырын құлағына сыбырлаймын.
Анеля: Жақсы көреді әжелерін,
Ойыншықтар да әпереді
Мектепке де әкеледі,
Жақсы қандай әжелері.
Аяулым: Мен анамды сүйемін,
Құшағына енемін.
Мәпелеген анамды,
Қуантсам деп келемін.
Рамазан: Ұлым-ұлым дейсің де
Ұрысумен ұстайсың,
Күнім-күнім дейсің де
Үйде отыр деп қыстайсысың
Жаным-жаным дейсің де
Шапалақтап аласың
Өкпелер ем өзіңе
Әттең тәтті мамасың.
Айзада: Мені жақсы көреді
Күндей күліп келеді
Көп ертегі біледі
Маған айтып береді.
Хормен: Тақпақ
Бүгін ардақты аяулы аналар мен әжелер сайысқа түседі.