kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Для педагогов ДО

Нажмите, чтобы узнать подробности

В настоящее время из-за ухудшения окружающей среды возникла необходимость в повышении экологической грамотности каждого человека независимо от его возраста

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Для педагогов ДО»

Экология негіздері сабақтарына арналған дидактикалық ойындар


Ағаштарға қарап ауа-райын болжау.

Шетен жемісінің түйнегі көп болса, жаз жылы болады.

Жаңғақ көп, саңырауқұлақ аз болса, қыстың каһарының нышаны

Жазда жидектің мол болуы қыстың суық болуын күт дегені

Егер көктемде қайың сөлі көп болса, жаз жаңбырлы болады

Қайыңның ерте бүршіктеуі құрғақ жаздың хабары

Күзде қайыңның жапырағы жоғарыдан бастап сарғайса, келер көктем ерте басталады, сарғаюы төменнен басталса, көктем кешігеді

Жазда орман тымық күні де қатты шуласа – жауынға.

Орман қыста шуласа, кешікпей күн жылиды.

Жел тұрғанда ағаштың жапырағы беті төмен қарап төңкеріліп тұрса, жаңбыр жауады.

Саңырауқұлақ қаптап өссе, жауын сирек болады.


Ағашта қырау болса, күн жылиды.Өлі табиғатқа қарап болжау.

Егер күн батарда батыс жақты бұлт басып тұрса, ертеңіне күн жауыншашынды болады, батыс жақ ал қызыл нұрға бөленіп аспан ашық болса, ертеңіне күн жылы болады.

Қыста қар қалың болса ауа райы бұлыңғыр тартады.

Ай қораланса, ауа-райы ашылатынның белгісі.

Егер қыста мұржадан шыққан түтін тік көтерілсе, қар жаумайды, аязға көрінеді, жер бауырлап жатса, қар жауады.

Жазда күн кенет қатты ысып кетсе, ұзамай жауын жауады. Егер көктемнің бірінші жаңбырындакүн күркіресе, шөп шүйгін шығады.

Ұзақ уақыт тыныштық орнап кенеттен жел көтерілсе, жаңбыр жауады.

Жаңбыр жауып тұрғанда қатты жел тұрса, ауа-райы жақсарады.

Қарама – қарсы соққан желдер жауын жаудырады.

Жаңбыр тамшыларынан шалшық суда көбіктер пайда болса, жауыншашын ұзаққа созылады.

Күн батарда аспанның солтүстігі қоңырқай тартса, жел тұрады. Күншыққанға дейін бұлт қызғылттанса, жел болады, ал бұлт қаптаса жаңбыр жауады.

Кешке қарай бұлттар көкшіл тартса, ауа – райының өзгеруінің белгісі.

Жер бауырлай шапшаң жылжыған қара бұлт ұзақ жаңбыр болатындығын көрсетеді.

Күн бұлтқа батса, келесі күн жауын – шашынды болады, ашыққа батса, күн ашық болады.

Егер жаз айларында бұлт желге қарсы көшсе кешікпей жаңбыр жауады.












Құс керуені.


Мақсаты:

Құстар туралы білімдерін бекіту, байланыстыра сөйлеуді жетілдіру, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Айналадағы табиғатқа қамқорлық сезім қалыптастыру.

Шарты: Құстарды ұяларға дұрыс орналастыру.

Ойын әрекеті. Әр құстың өз ұясын тауып беру.

Мазмұны.

Тәрбиеші балаларға құстар керуенің ұсынады. Керуенде келе жатқан құстардың бізде ұясына орналастыруымыз керек, ол үшін қай құс қандай жерде мекендейтінін еске түсіреміз.

Тәрбиешінің міндеті.

Жергілікті жерде кездесетін, балалар көріп бақылап жүрген таныс құстардың «ұяларын» ұсыну.

Туған дала гүлдері.

Мақсаты:

Жергілікті жерде өсетін дала гүлдері туралы білімдерін бекіту, зерделерін жетілдіру, байқағыштыққа тәрбиелеу.

Шарты: Гүлдің атауын мұқият тыңдап отыру, өзінде не жапырағы, не гүлі, сабағы бар гүл аталған кезде қолын көтеріп текшені сұрап алу. Гүлді сабағына қондыру.

Ойын әрекеті. Ұту.

Мазмұны

Балаларға гүлдердің жапырағын сабағы мен жапырақтары салынған текшелер таратылады. Тәрбиеші әр гүлдің суретін алған сайын сұрап отырады. Кімге бақбақтың гүлі керек? Қай балада бақбақтың жапырақтарының суреті болса сол бала сұрап алады. Кім өзіндегі кестені тез толтырса сол бала ұтады.

Тәрбиешінің міндеті: Өсімдіктердің суреттерін бағдарламаға сай дайындау Ескерту. Жапырақтарды бөлуге алдын – ала жекелеген балаларға ұсыныс жасап, олардың білімін бақылауға болады.


Қай жануар жүйрік?

Мақсаты: Қазақстанның шөл далаларындағы жануарлар туралы білгендерін жинақтау, айтылған жануарларды рет-ретімен қойып оларды ауыстыратын заттарды пайдалана білуді қалыптастыру Материал Текшелердің үш тобы әрбір әрбір тобында жеті текшеден, Оларда Қазақстанның шөл далаларындағы жануарлар бейнеленген

1. Тасбақа, 2. жылан, 3. тышқан 4. кесіртке, 5 есек, 6. ат, 7. түйе

Әр текшенің сыртына жолақ сызылған. Барлық жолақтардың ендері бірдей, ұзындығы әртүрлі. Жолақтың ең қысқасы тасбақа бейнеленген 1 текше, ең ұзыны түйе бейнеленген 7 текше.



Мазмұны:

Тәрбиеші баларға текшелерді үлестіріп береді де оларды тездете реттеп қоюды тапсырады. Даланы жерде шапшаң жүгіретін жануарлар алдымен қойылуы шабан жүрістілері ретіне қарай жалғастырыла қойылуы керектігі ескертіледі. Ең соңында ең шабан жүретін жүретін жануардың суреті қойылуы керектігі айтылады.

Балалар тапсырманы орындап болғаннан кейін жетекші ойыншылардың қолындағы текшелерін айналдырып, сыртындағы жолақтарға қарауды ұсынады.

Егер тапсырма дұрыс орындалса жолақтардың ең ұзыны бірінші одан кейінгі жолақтар ұзын қысқалығына қарай реетретімен орналасуы тиіс. Егер қателік жіберілсе, реттіліктің де бұзылғаны. Қате жібергендер оны өздері түсініп, қорытынды шығарып түзетулері керек. Бұдан кейін текшелерін қайта аударып қарайды да, өз амалдарының дұрыс – бұрыстығына көз жеткізеді.

Тапсырманы бірінші болып дұрысындаған ойыншы жеңіске жетіп, марапатталады.

Кім көп біледі.

Мақсаты: Жеміс – жидек, бау – бақша және егіс туралы түсініктерін бекіту, жергілікте жерде өсірілетін бақша, егіс өсімдіктерінің атауларын біліп, олардың қайда өсетінін түсіндіру, білімдерін кеңейту, тілдерін дамыту, жатық сөйлеуге дағдыландыру.


Көрнекілік Жеміс – жидектер, көкөністер, гүлдер, масақтар не дәндер, жаңғақтар т/б суреттері. Немесе ағаш түрлерінің суреттері.

Мазмұны:

Ойыншыларға ұсақ суреттер таратылады, ал үлкен сызба балалардың бәріне көрінетін ыңғайда әр жерге іленеді.

Тәрбиеші әр ойыншыдан кезек-кезек сенде не бар? -деп сұрайды.

-Менде бидай бар! Ол егісте өнді, деп бала оны егіс алқабы сызылған сызбаға апарып орналастырады.

Одан кейін өзінен кейінгі баладан сенде не бар деп сұрауына болады – Менде алма бар ол алма ағаштың жемісі, алма ағашы бақта болады. Сенде не бар? –

  • Менде қияр бар, ол бауда өседі.

  • Ойын соңында балалар жауап бере алмаған балалардың текшелерін алып жауап береді.

  • Бәрінен көп жауап бала жеңімпазы атанып бүгінгі күннің Білімпазы аталады.

Төлді қалай шақырады.

Мақсаты: Үй жануарлары туралы білімдерін бекіту, тез ойлау қабілеттерін дамыту.

Көрнекілік Әртүрлі жағдайда суретке салынған үй жануарлары мен төлдерінің суреттері, ынталандыруға арналған текшелер.

Ойын барысы Балалар жартылай шеңбер жаспа қойылған орындықтарға отырады, үстел үстінде үй жануарлардың суреттері

Тәрбиеші балаларға суреттерді улестіріп.

Тәрбиеші: Қой баласы қоңырым

Қойдан жуас момыным

Шопан ата түлегі

Қошақаным қайдасың

Пұшайт, пұшайт.

Қолдарында қой-қозылардың суреті бар балалар суреттерін көтеріп маңырайды.

Жолға шықсам көлігім

Жапанда жүрген серігім

Қамбар ата өсірген

Құлыншағым, қайдасың

Құрау, құрау!

Құлын – тайлардың суреттерін дұрыс көтерген балаларға текше беріледі

Тілімен мұрын жалаған

Тілімен бойын тараған

Зеңгі баба баласы

Әукешім менің қайдасың

Аухау! Аухау !

Тез және дұрыс тапқандар марапатталады.

Екі көзі танадай

Екі еркеші баласы

Ойсыл қара баласы

Ботақаным қайдасың?

Кәуіс! Кәуіс!

Боталарым көрсетіп балар текше алады.

Одан әрі балалардың қабілетін бақылау мақсатында әр жануар тақпақсыз шақырылады, балалар қажететті суреттерді көрсетеді. Ойынның бұл бөлімі біткеннен кейін тәрбиеші балаларды өз қалауы тәрбиеші балаларды өз қалауы бойынша тұрғызып қолындағы суретін отырғандарға қарап көтереді, балалар оны шақырулары керек. Егер дұрыс бала тұра береді. Балалар бәрі хормен немесе тәрбиешінің ұсынысы бойынша шақыра алады.



Не қалай дыбыстайды?


Мақсаты: Ана тілдің дыбыстарын анық айтуға жаттықтыру. Үй жануарлары туралы білімдерін бекіту. Байыптылыққа тәрбиелеу.

Шарты: Суретте берілген жануардың не құстың дыбыстағанын келтіру. Ойын әрекеті: Дыбысы арқылы қорадағы жануарды табу

Мазмұны: Балаларға үй жануарларының суреттері бөлініп беріледі. Олар қораға отырады. Жүргізіші бала қораның қасына келіп өзіне қажет малды шақырады

  • Аухау, аухау!

Сиырдың суретін иемденген бала ме-ме- деп жауап береді

  • Шере, шөреІ

Лақтың суреті бар бала бақылдайды

Тәрбиешінің міндеті: Әр баланың жеке дамуын біле отырып, қай дыбыс тіліне қиын болса сол дыбысты дыбыстайтын жануардың не құстың суретін ұсынады.


Ағаштардың желегі


Мақсаты: Өсімдік туралы білімдерін бекіту. Ойлау қабілеттерін дамытып байқампаздыққа үйрету.

Шарты: Тәрбиешіні мұқият тыңдап, өзінде суреті бар ағаш аталған кезде, оның жапырағын жемісін сұрап алып оны алдындағы суретке орналастыру, өзінің алдындағы ағаштың желегін дұрыс және тез жабу.

Ойын әрекеті: Ұту

Мазмұны: Балаларға ағаштардың суреттері салынған текешелер таратылады. Дәл сондай тексеру қағазы тәрбиеші болады. Сонымен бірге тәрбиешінің қолындағы әр қалтада әртүрлі жапырақтар болады, бірақ бір қалтаға тек қана бір ағаштың жапырақтары мен жемісі салынады. «Кімде қайың бар?» - деген кезде өзінің алдындағы суреттер қайынды қапқан бала жапырағын алып, ағашқа орналастырады.

Кім өз текшесіндегі ағаштарды жасыл желекке бірінші болып ораса сол бала жеңіске жетеді.

Тәрбиешінің міндеті

Ағаштардың бағдарламаға сай болуы.

Ескерту Жапырақтарды қайтадан жинаған кезде жекеленген балаларға тапсыруға болады.










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Для педагогов ДО

Автор: Аширбекова Гульмира Кундакпаевна

Дата: 15.02.2017

Номер свидетельства: 391998

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(225) "Презентация для педагогов ДОУМетодическое сопровождение педагогов по повышению уровня компетентности в условиях ФГОС ДО"
    ["seo_title"] => string(132) "priezientatsiiadliapiedaghoghovdoumietodichieskoiesoprovozhdieniiepiedaghoghovpopovyshieniiuurovniakompietientnostivusloviiakhfgosdo"
    ["file_id"] => string(6) "292840"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1455360710"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(141) "Мастер-класс для педагогов ДОУ. Инновационные формы взаимодействия с семьей."
    ["seo_title"] => string(80) "mastier_klass_dlia_piedaghoghov_dou_innovatsionnyie_formy_vzaimodieistviia_s_sie"
    ["file_id"] => string(6) "406821"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1491377196"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(215) "Практикум для педагогов с элементами тренинга  «Развитие и совершенствование рефлексивных способностей педагогов» "
    ["seo_title"] => string(130) "praktikum-dlia-piedaghoghov-s-eliemientami-trieningha-razvitiie-i-soviershienstvovaniie-rieflieksivnykh-sposobnostiei-piedaghoghov"
    ["file_id"] => string(6) "185314"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1426169125"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(203) "Консультация для педагогов "Технология развивающего диалога как профилактика жестокого обращения с ребёнком""
    ["seo_title"] => string(80) "konsul_tatsiia_dlia_piedaghoghov_tiekhnologhiia_razvivaiushchiegho_dialogha_kak_"
    ["file_id"] => string(6) "412621"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1493675411"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(198) "Семинар-практикум для педагогов ДОО «Лэпбук как современное средство обучения детей дошкольного возраста»"
    ["seo_title"] => string(80) "seminar_praktikum_dlia_pedagogov_doo_lepbuk_kak_sovremennoe_sredstvo_obucheniia_"
    ["file_id"] => string(6) "572067"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1612198243"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства