Мақсаты: Әдептілік,имандылық,қамқорлық туралы ұғымдарын кеңейту.Әдептілік
сақтауға,үлкенерге құрмет,кішілерге ізет көрсетуге,өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
Тәрбиеші: «Жирен жаман әдеттен,үйрен жақсы әдеттен»-дейді халық.Әдепті болу үшін
иманды,кішіпейіл болу керек.Халық әдебі «сіз»-деген сөзден басталады.Балалар,адам
бойындағы қандай жақсы қасиеттерді білесіңдер?Сендер өздеріңді қандаймыз деп
ойлайсыңдар?
«Мен қандай баламын?»-деген тақырыпта өздерің туралы айтып беріңіздерші.Балалар
өздері туралы айтады.