Просмотр содержимого документа
«?дептілік - ?демілік.»
Мақсаты:
1.Жарақаттанудың алдын алу туралы түсініктер беру
2.Жеке тұлғаны дамыту,жарақаттанудың алдын алу,алғашқы көмек көрсету түрлерін білуге, танымдық қиындықтарды жеңуге тырысу,сөз байлығын дамыту және күрделендіру.
3.Адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру,жарақаттануды болдырмау,алғашқы көмек көрсете білуге үйрету,еңбекке баулу.
Сабақтың әдісі:Баяндау,түсіндіру,сұрақ-жауап
Көрнекілік: Слайд,жарақаттанудың түрлері,алғашқы көмек заттары.
Жаңа сабақ:
Жарақаттанудың түрлері
Күйік Үсік Сынық Қан кету
1.Күйік-теріге қайнап тұрған су,өте ыстық бу,қызған металл бұйымдары,шарпыған от,сондай-ақ электр тоғы әсер еткенде пайда болатын күйік жарақат түрлеріне жатады.
Күйік-көптеген қарулар: от шашқыш,өртенгіш бомба және басқа да түрлерімен жараланудан пайда болады.Тері және тері асты қабатының зақымдану тереңдігіне қарай 4 дәрежеге бөлінеді:
-І дәрежесі күйік-орнының қызаруы,кішкене ісінуі,қызаруы,күйген жердің ауруымен сипатталады.3-5 күннен кейін тері қабықтанып жазылуы басталады.
-ІІ дәрежелі күйік-сарғыш,түссіз сұйықтық толған бөртпелердің пайда болуы және терінің ісінуімен сипатталады.ІІ дәрежелі күйіктердің жазылуы 10-15 күнге созылады.ІІ дәрежелі күйіктерді тек медициналық мекемелерде емдеу қажет.
-ІІІ дәрежелі күйік-барлық зақымдалған терінің бір бөлігінің немесе толығымен жансыздануымен сипатталады.Күйіктің бетін қара немесе сұр түсті қабыршақ жабады.
-ІV дәрежелі күйік-тері,сонымен қатар тері асты май қабаты,сіңір,бұлшық ет,кейде сүйектің де жансыздануымен сипатталады.Күйік беті қара түсті қабыршақпен жабылады.ІІІ және ІV дәрежелі күйік кезінде іріңдеу процесі қатар жүреді.Жансызданған ұлпалар (некроз) бөлініп,15-20 күнде түсе бастайды.Күйіктің жазылуы баяу және өте созылмалы болады.
Күйген кезде көрсетілетін алғашқы көмек-І-ІІ деңгейдегі күйік кезінде көмек суланып ісінуге қарсы бағытталған болуы керек,бұл үшін күйген жерді суық сумен,мұзбен салқындату керек,кейін құрғақ қатты таңғышпен таңып тастау қажет.ІІ-ІІІ дәрежелі күйік кезінде вазелині бар стерильді таңғышпен таңып тастау керек.ІV дәрежелі күйік кезінде стерильді таңғыш таңып дереу емханаға немесе күйік орталығына жеткізу керек.
2.Үсік-адам қатты аяз кезінде шалдығады.Әсіресе,дененің ашық жерлері:аяқ-қол,мұрын,құлақ,бет үсікке көбірек шалдығады.Бұл жағдайда үсіген жерлердегі тері ағарады және шымырлайды.
Үсіктің 4 дәрежесін анықтайды.
-І дәрежелі үсік-жылынғаннан соң қатты аурумен сипатталады,тері қара-көк немесе қошқыл-қызыл түсті болады және ісік пайда болады.Жағдайдың түзілуі 2-3 күннен кейін ғана болады.
-ІІ дәрежелі үсік-тері қара-көк немесе қоңыр-қошқыл түсті болады,оның үстінде 2-3 күн бойы мөлдір сұйықтық толған көпіршіктердің пайда болуымен сипатталады.
-ІІІ дәрежелі үсік-терінің және оған жақын ұлпалардың жансыздануымен сипатталады.
ІV дәрежелі үсік-терінің және жұмсақ ұлпалар мен бұлшық еттердің және сүйектердің жансыздануымен сипатталады.
Үсіген кезде көрсетілетін алғашқы көмек-үсіген адамды дереу жылы бөлмеге кіргізіп,жылытқыш қойып немесе жылы ваннаға отырғызу керек,бұлардың температурасы алғашында +22+25 градустан аспауы керек.
3.Сынық-бұл кенеттен қатты бір күштің әсерінен сүйектің жартылый немесе толығымен тұтастығымен бұзылуы,әдетте,сүйек сынған кезде күштің әсерінен оның айналасындағы жұмсақ ұлпалар зақымданады.Сіңірлердің,жүйке тамырларының үзілуі де болады және айналасындағы барлық жұмсақ ұлпалар зақымданады.
Сынықтар Ашық Жабық Толық Жартылый
Сынған кезде көрсетілетін алғашқы жәрдем-ең бастысы зардап шегушіні толық тыныштандырып,денесінің зақымданған бөлігін қозғалмайтындай етіп байлау керек.Ол үшін таңғыш қалақ,ал ол болмаса қолда бар мата,тақтай қолшатыр,бір бау шыбық алып оларды бинтпен орайды да,солар арқылы қозғалтпайтындай жағдай жасайды.
4.Қан кету деп-зақымданған қан тамырлардан қанның ағуын айтамыз.Қан кету көбінесе адам бейнесінің бөліктері немесе мүшелері механикалық зақымданғаннан кейін болады.
Қан кетуді тоқтату тәсілдері:
-қысып тұрып байлам салу
-жгут салу
-қолқа тамырды бармақпен сүйекке қысып ұстау
-қол-аяқты буыннан барынша бүгу (егер жара буынның жанында болса)
-жараланған жерді көтерінкі орналастыру.
Қорытынды:
Сұрақ-жауап
Бекіту кезеңі:
1.Күйік және үсік кезінде көмек
2.Қан тоқтату тәсілдері.
3.Сынған кезде көрсетілетін алғашқы жәрдем.
4.Негізгі байлам салатын материалдарды көрсету.
Үйге тапсырма: Байлам салып үйрену.Жарақаттың алдын алу ,оқу.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Кітап –білім бұлағы,- дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру.
2.Дамытушылық: Оқушыларға кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.
Жұмбақ шешу. Көп әңгімем өлеңім, Күнде ақыл беремін. Жақсы көрсе мені кім, Мен де оны жақсы көремін. ( Кітап). 2. Кіріспе әңгіме
Кітап арабтың “жазу”деген сөзінен шыққан.Ол тарих шежіресі,оқу тәрбие құралы болып табылады.” «Кітапсыз өтілген бір күн, орны толмай бос кеткен күн». Сондықтан да кітап атаулы мен дос бола бастау сәби шақтан басталу керек.Баланың ой - өрісін дамытудағы дамыту ойын-дары, табиғатпен байланыс, музыкалық білім және т. б. қатар маңызды орындардың бірі кітап оқу болып табылады. Кітап оқу баланың ой-өрісін кеңейтеді, ойлауға үйретеді, сөйлеу қабілетін, есте сақтауын, қиялын дамытады, танымдық және дамытушылық қызметін анықтайды. Бүгін біз «байлықтың үлкені - рухани дүние» деп айтамыз. Ал, оған құмарлық адамның кіп -кішкене кезінен басталады. Сәби тілі былдыр-лап шыққаннан ақ сүтін емізген анасының әлди әуеніне құлақ түреді. Әжесі мен атасының жа-рыса айтқан ертегілерін қызыға тыңдайды. Жалмауыз кемпірдің жауыздығын естігенде жәудіреген жанарларына үрей ұялайды. Батырлық пен тапқырлық туралы айтылатын жерлерінде жаны жадырап, рақаттанып отыра-ды. Осы құштарлықты әдемі безендірілген суретті кітапшалар ұштай түсетінін де үлкендер жақсы біледі. Ал кітап таңдай алудың өзі үлкен өнер. Балалар үшін барлық іс - кітаптар таңдауда, на-шар таңдап алынған кітаптарды оқу бала үшін ештеңе оқымағаннан да гөрі жаман да, зиян-ды. . . Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» - деген еді Ғабит Мүсірепов.
2 сәуір – “Халықаралық балалар кітаптарының күні” ,ал 23-сәуір-”Дүниежүзілік кітап күні”болып табылады.
Кітап туралы ой-толғаныстар
**Кітап оқымай ми толмайды, көз көрмей, көңіл тыңбайды. **Оқырмандарға айтарым: көңіліңе ұнаған кітапты күн сайын оқу керек, тіпті жылына бір рет қайталап оқу керек, сонда одан бұрын аңғармаған көптеген пікірлерді табасың. **Саф саф алтын тапқын келсе, кітапты көп оқы, ол мың кітаптың бірінде жатыр, іздене бер, кездесесің! **Кітаптан әнуар нәрсе таппадым, жылынасың я суынасың да, қуанасың да, мұңаясың да, сүйтіп өзіңді әлемнің бір бөлшегіндей сезінесің. **Кітапты оқысаң, өзіңнің қай жерде адасып жүргеніңді білесің. **Әр кітап оқыған сайын, бұрын беймәлім дүниенің есігін ашып кіргендей өзіңді сезінесің, кітаптың кереметтігі осында. **Кітап бір үғымды әсерлеп көрсетудің әртүрлі жолын көрсетеді. **Кітапта сыр-сипат көп, оқып шығу бірінші іс. Окығанды ой таразысынан өткізіп, салмақтау екінші іс, өз ойыңмен салыстырып саралау, қортындылау үшінші іс. Ал бұны істей алмасаң, окыған кітабыңның берері аз. Кітап сараң, кім-көрінгенге сыр-сипатын бере бермейді. **Кітап алып күш қана емес, күркіреп-күрсініп жатқан өмірдің өзі. **Кітапты көп оқыған кенже қалмайды. **Адам өледі, кітап жасарып жасай береді. **Кітаптың берер сабағы, ойы ғарыштан да шексіз, жарық, нұрлы, қуатты. **Сезімтал, сергек жасқа ұлы ұстаз — кітап. **Түсініксіз ұғымды, пікірді, сұрауды білу үшін талай кітаптың бетін ақтарасың, арқа етің арша, борбай етің борша етіп іздегенді табасың, **Кітапты қалам жазбайды, қаламды ұстаған жазады **Оқыған кітабыңдағы сөз өз ойыңдай, өз түсінігіңдей болса, онда ол кітапты жаман жазылған деуге болмайды, себебі кітаптағы сөзді өз ойыңмен салыстырып, салмақтап көресің, сүйтіп түсінігіңнің дұрыс бағытта екеніңді, өз мөлшеріңді байқайсың. **Жақсы кітап жолдағы бастау, әр адам керегінше сусандай алады. **Жүрегіңді жылыту үшін кітапты көп оқы. **Керексіз кітап болмайды, керегін таба алмаған оқырман болады. **-Әр оқыған кітабыңнан сезімге – сезім, ойға – ой, үмітке – үміт тудыратын пікірді тауып алсаң, өзіңді бақытты сана. **- Қай істе болмасың, басы мен соңы болады. Сол сияқты әр кітаптың басы мен соңы бар, оған ерекше мән бере оқу қажет. Есіңе сақта! 1.Кітапты ұқыпты,таза ұстау керек.Өздеріңнен кейін оны көптеген балалар оқитынын есіңнен шығарма. 2.Кітапты төсекте жатып, ас ішіп отырып оқыма, кітап оқуды үлкен ой еңбегімен оқу керек. 3.Кітапты қалай болса солай оқыма. 4.Кітапты жыртуға,сызуға болмайды. 5.Кітапханада шулауға болмайды, өйткені басқаларға кедергі келтіресің. “Жалғастыр”. 1.Білім - ... (таусылмайтын байлық). 2.Кітап - білім бұлағы, ... (білім - өмір шырағы). 3.Кітап – ... (алтын қазына). 4.Өнерліге ... (нұр жауар). 5.Өнер - ағып жатқан бұлақ, ... (Білім – жанып жатқан шырақ).
Өздері білетін мақал-мәтелдерді айту 1.Оқу - білім азығы, Білім – ырыс қазығы. Білім басы - бейнет, соңы - зейнет. 2.Кітап білім бұлағы-білім өмір шырағы 3.Кітап-ақыл ойдың айдыны 4.Кітапсыз үй-терезесіз бөлме 5.Кітап жинай берген мұрат емес,оқыған мұрат 6.Көп жасаған білмейді,көп оқыған біледі 7. Өнер - ағып жатқан бұлақ, Ілім - жанып тұрған шырақ. 8.Кітап - алтын қазына. 9.Кітап-ғылым - тілсіз мұғалім. Білімді адам кандай болу керек?
Қорытындылау: Бәрін, бәрін білсең, оқи берсең кітапты, дегендей көп оқысаң, көп білесің ... Кітабың сенің, құралың, Жағар білім шырағын. Баса алмайсың ешқашан, Онсыз алға бір қадам. Кітабыңды құрметте, Күтіп ұста кірлетпе. Кішілерге табыс ет, Дақ түсірмей бір бетке.
Мақсаты: 1«Әдеп», «әдептілік» туралы түсініктерін кеңейту; Адамгершілікке, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға баулу; 2.Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту.
3.Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу; Көрнекі құралдар:адамгершілікке, әдептілікке байланысты түрлі суреттер, өсиет — нақылдар. Сабақтың әдіс - тәсілі:сұрақ - жауап, ой бөлісу. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
Ұл-қыз сәлем береміз
Өнегелі өренбіз.
Білер қазақ баласы:
«Сәлем- сөздің анасы». 2 Мұғалімнің кіріспе сөзі: - Олай болса, әдептілік деген не? - Әдепті бала қандай болу керек? Оқушылар: әдепті бала - мәдениетті, кішіпейіл, үлкенді сыйлайтын, қамқор шы. Үлкенді - құрмет тұтады, көшеде, мектепте, асханада, көлікте, қонақ - та амандасып жүру керек. Кішіні - ізет, қамқоршы болу. - Әдептілік туралы қандай мақал - мәтел білесіңдер? Әдептіліктің белгісі - иіліп сәлем бергені. Әдепті бала - арлы бала, әдепсіз бала - сорлы бала. Әдепті бала ата - анасын мақтатар, әдепсіз бала ата - анасын қақсатар. - Әдептілік неден басталады? ( сәлемдесуден) «Білер қазақ баласы, Сәлем - сөздің анасы» Алдымыздан кезіккен, Көп танысты көреміз. Бәріне де ізетпен Біздер сәлем береміз. - Сәлеметсіз бе, ағай!- деп - Сәлеметсіз бе, апай!- деп - Есенсіз бе, әжей!- деп - Амансыз ба атай!- деп - Ұл - қыз сәлем береміз, «Не деу керек?» 1) Апаң сенің базардан Алма сатып әкелді. Ең үлкенін, жақсысын Саған таңдап әперді. Не деу керек? (Рахмет апа) деу керек. 2) Балалар жүр көшеде, Естіледі шу — айқай. Сен де шықтың, көршіңді Қағып кеттің байқамай. Мұндайда не деу керек? ( Кешіріңіз!) деу керек. 3) Осы келген бетіңде Допты қудың, жарыстың. Көшенің сол шетінде Кезікті бір танысың. Ұмыттың сен не деуді? ( Сәлеметсіз бе?) деу керек. Жағдаяттарды шешу
1-жағдаят
Анасы қызына алма сатып әкеліп оны түскі астан соң жерсің деді.Алма сондай қызыл дәмді еді.Қыз анасынан: Анашым рұқсат етіңізші, түскі тамақты тауысып ішемін деді.Біраздан соң ағасы мектептен келіп, алмаларды жеп қойды.Ағасының бұл қылығы дұрыс па?
2-жағдаят
Әже ауырып жатыр. Ернар теледидардың дауысын қатты шығарып, күліп отыр.Ернардікі дұрыс па?
Әдепті бала қандай деп ойлайсыңдар? Әдепті бала болғың келе ме? • Әдепсіз дегенді қалай түсінесіңдер? Әдепсіз бала қандай болады? • Сыпайылықты бізге кім үйретеді?
Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым — кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретедүі. Ол — біздің ата — анамыз, ақсүтін бере отырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп, ата — баба салт, әдеттерін үйренеміз. Адам болатын бала — барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек.
Әдепті, ақылдылық жайлы жаттаған өлең жолдарынан еске түсіру
Ойын «Жалғастыр» Мұғалім бастапқы сөзін айтады, оқушы ойланып жалғастырып айтуы керек. — Үлкендердің алдынан…… (кесіп өтуге болмайды.) — Кішкене баланы…………….(жылатуға болмайды.) — Құстарды ………………………(атуға болмайды.) — Қыз баланы……………………(ренжітуге болмайды.) — Сабақтан………………………..(кешігуге болмайды.) — Сыныпта………………………..(айғайлауға болмайды.) — Үлкен кісіні…………………..(сыйлау керек.) — Үлкеннің тілін……………….(алу керек..) — Үлкендерге……………………..(сәлем беру керек.) — Кішілерді…………………………(қамқорлау керек.) — Оқу құралдарын……………… (күтіп ұстау керек.) 1) Автобусқа мінгенде не істеу керек? 2) Үлкен кісімен қалай сөйлесу керек? 3) Мектепте, сынып ішінде қалай жүру керек? 4) Қонақ келгенде бала не істеу керек? 5) Телефонмен қалай сөйлесу керек?
- «Әдептілік ережелері»
Сурет бойынша әдептілік ережелерін құрастыру
Әдептілік ережелері • Әдепті бала қашанда сәлемдеседі. Кезіккен адамдармен амандасады, көмегі және қамқорлығы үшін алғыс айтып, кетіп бара жатқанда қоштасуды ұмытпайды. • Әрқашан сыпайы болу керек. Сыпайылық — айналаңдағы адамдарға өзіңді жағымды көрсету. Байқамай біреуді ренжітіп алса, дереу кешірім сұрайды. • Әдепті бала көлікте отырғанда үлкендерге орын береді. •Үлкендерді, ауру адамдарды, соқыр адамдарды көшеден өткізуге көмектеседі
Негізі телефонмен сөйлес-кен де, сөйлесу этикасы да өзіңіздің кім екеніңізді таныстырудан басталуы қажет (тіпті сізді даусыңыздан танитын болғанның өзінде, кім екеніңізді оқып біліп тұрса дағы). Одан кейін сыпайы түрде хабарласқан себебіңізді айтыңыз. Ал, егер сізге біреу хабарласып тұрған болса сөзін бөлмей, аяғына дейін тыңдаңыз. Сөйлесіп болғаннан соң, телефонды өшірмей тұрып рахметіңізді айтып, «сау болыңыз» деп қойған мәдениеттілікке жатады.
Сонымен қатар белгілі бір себеп болмаса, түнде телефон соғу да әдепсіздік. Негізі түнгі сағат 10-ға дейін қоңырау шалуға болады.
Қорытындылау.Бүгінгі тәрбие сағатының үлкен тәрбиелік мәні мен мазмұны бар. Барлықтарың «әдепті бала» қандай болу керек екенін жақсы ұқтыңдар. Алдағы уақытта тәртіпті де, тәрбиелі ұл - қыз болып, адамгершілік қасиеттерді биік ұстап, мектеп ішінде, үйде, қоғамдық жерлерде өздеріңді де, өзгені де сыйлайды деп сенеміз!
Тәрбие сағатының тақырыбы: Әдептілік - әдемілік. Тәрбие сағатының мақсаты: Білімділік: оқушыларды кішіпейілдікке, үлкендерді сыйлауға, адам бойындағы ұнамды қасиеттерді сіңіріп, ұнамсыз қылықтардан жирену сезімін тудыру арқылы әдеп әліппесін бойларына дарыту. Оқушыларға бала құқықтары жайлы декларацияның кейбір баптары туралы түсінік беру. Ол баптардың мазмұнын көрініс арқылы ұғындыру. Оқушыларды өз құқықтарын қорғай білуге, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу. Дамытушылық: тіл байлықтарын, таным белсенділіктерін арттыру. Тәрбиелік: адамгершілікке, кішіпейілділікке, әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу. Өз - өздерін басқаруға, еркіндікке машықтандыру. Сабақтың түрі: тәрбие сағаты. Типі: өнеге сабақ. Сабақтың әдіс - тәсілі: сыни тұрғыдан ойлау, сұрақ - жауап, ой бөлісу. Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдтар, шарлар. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық. Мейірімді жүрекпен Ақ пейілді тілекпен Амандасып алайық Бір жадырап қалайық! 1 - ші жүргізуші: - Құрметті, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы: Әдептілік - әдемілік! Хош келдіңіздер! 2 - ші жүргізуші: - Олай болса, әдептілік деген не? - Әдепті бала қандай болу керек? Оқушылар: әдепті бала - мәдениетті, кішіпейіл, үлкенді сыйлайтын, қамқор шы. Үлкенді - құрмет тұтады, көшеде, мектепте, асханада, көлікте, қонақ - та амандасып жүру керек. Кішіні - ізет, қамқоршы болу. 1 - ші жүргізуші: - Әдептілік туралы қандай мақал - мәтел білесіңдер? Оқушылар: Әдептіліктің белгісі - иіліп сәлем бергені. Әдепті бала - арлы бала, әдепсіз бала - сорлы бала. Әдепті бала ата - анасын мақтатар, әдепсіз бала ата - анасын қақсатар. 2 - ші жүргізуші: - Әдептілік неден басталады? ( сәлемдесуден) 1 - ші жүргізуші: «Білер қазақ баласы, Сәлем - сөздің анасы» Алдымыздан кезіккен, Көп танысты көреміз. Бәріне де ізетпен Біздер сәлем береміз. - Сәлеметсіз бе, ағай!- деп - Сәлеметсіз бе, апай!- деп - Есенсіз бе, әжей!- деп - Амансыз ба атай!- деп - Ұл - қыз сәлем береміз, Өнегелі өренбіз. 2 - ші жүргізуші: Қазір, оқушылар сәлемдесу рәсімін, сөйлесу тәртібін көрсетеді. ( 2 ұл, 1қыз шығып көрсету.) 1 - оқушы: Ата - ананың тілегі, Адам болып өскенің. Адамдықтың тілегі, Адал болып өскенің. Әдептілік дегенің, Әрқашанда керегің. Әсемпаздық дегенің, Әуре салсаң әлегің. 2 - оқушы: Тәртіпті бала сүйеніш, Төбең бір көкке жетеді. Ұрыншақ бала жанында, Ұрыс пен керіс айқай шу. Ұстамды бала маңынан Ұнамды қылық байқайсың. 1 - ші жүргізуші: Тәртіпсіз бала ұрыншақ, маңайындағы балаларға тыным бермейді. Қазіргі тамашалайтындарыңыз шағын көріністер. (1, 2 – көріністер, жат мінез - қылықтарға байланысты.) Заң төбелесіп жатқан балаларды тоқтатып, заң құқығын оқиды. 5 - бапты Біреудің затын ұрлаған оқушыларға да, заң құқығын оқиды. 12 - бапты. Тақтаға 5 оқушы шығып, бала құқығы туралы заң баптарын оқиды. 8, 9, 10, 11, 15 – баптарды. Заң: Бас иетін бар адам, Әрбір сөзі салмақты Қорғар бәле - жаладан Ата заң бұл ардақты. 1 - ші жүргізуші: Құқық дегеніміз не? Оқушылар: Құқық - үкімет шығарған тәртіп ережесінің жиынтығы. 2 - ші жүргізуші: - Жаңағы көріністерден қандай қорытынды шығаруға болады? Оқушылар: - Олар өктемдік, сотқарлық көрсетті, дөрекі мінездерін, қол - дарын жұмсады. - Әке - шешелері дұрыс тәрбие бермеген, өз беттерімен кеткен, ерке, сот - қар, әдепсіз балалар. 1 - ші жүргізуші: Біз осындай жаман қылықтан жиіркеніп, өнегелі, тәртіпті, әдепті боламыз. Ендеше, әдептілік туралы өлең - жырларымызды жалғастырамыз. 2 - ші жүргізуші: Атадан жақсы ұл туса, Елінің туы болады. Атадан жаман ұл туса, Елінің соры болады - деген осы ғой. 3 - оқушы: Құс ұясын бұзбаймын, Бүлдірмеймін жейдемді. Қабырғаны сызбаймын, Жинап қоям бөлмемді. Бос шимайлап, шатпақтап, Дәптерді де жыртпаймын. Бір күн болмай сатпақтап, Киімімді құртпаймын. 4 - оқушы: Апамызды сыйлайық, Үйдің ішін жинайық. Бұрынғыдай егесіп, Ерегісіп тұрмайық. Қалмау үшін керісіп, Кел алайық келісіп, Атқарайық үйдегі, Жұмысты тең бөлісіп. 5 - оқушы: Кел, самаурын қайнатып, Дастарханды жайнатып, Отырайық бөлмеде, Бөпемізді ойнатып Гүлдерді де суарып, Еденді де жуайық. Келген кезде жұмыстан, Қалсын апам қуанып. 6 - оқушы: Қарсы ал ерте күн көзін, Төсегіңді жина өзің. Асықпай іш тамақты, Жалама аяқ тамақты. Пышақты ұста оң қолмен, Шанышқыны сол қолмен. Нанды үгітпе, қадірле, Қабығымен бәрін же. Саусағыңды сормағын Садыр салақ болмағын. 7 - оқушы: Су құйдым да құманмен, Қолына мен әкемнің, Содан кейін оған мен, Орамалды әпердім. Көрініс: «Әдеп» 2 - жүргізуші: - Бұл көрініс бойынша қандай пікір айтасыңдар? Оқушылар: - Үлкен адамға көмектесу керек, жолдан өте алмай тұрса, арғы бетке өтуге көмектесу керек. - Автобуста орын беру керек. 8 - оқушы: Кім үлкенді сыйласа, Кім үлкенді тыңдаса Үлкен болған кезінде Сыйлы болмақ өзі де. 9 - оқушы: Сыйлап үлкен ағаны Таудай биік талабы Сәлем берген баланы Жақсы оқитын баланы Кім дейміз? Кім дейміз? Әдепті екен бұл дейміз. Үлгілі екен бұл дейміз.
Кесте толтыру. «Жалғастыру ойыны» «Не істеуге болмайды?» «Не істеу керек?» Сабақтан...(кешігуге болмайды.) Үлкендерді..(сыйлау керек ) Амандасуды ( ұмытпа) Ата - ананың..(тілін алу керек ) Ысқыруға...(болмайды ) Оқу құралдарын (күтіп, таза ұстау тау ) Өзіңнен кішіні (ренжітпе ) Көлікте өзіңнен үлкен адамға... (орын беру.) Ой толғау. 1 - ші жүргізуші:«Әдептілік» - деп, қандай мінез бен іс-әрекетті айтамыз? 10 - оқушы: Әдептілік деп, үлкенді сыйлауды, достарды, айналадағы адамдарды құрметтеуді айтамыз. Әдепті адам басқадан сыйласым күтпей ақ алдымен өзі басқаны құрметтеп, ардақтай біледі, көпшілікке өзінің әдептілігін көрсетеді. 11 - оқушы: Сонымен әдептілік дегеніміз - ізет, инабат, сыйласым, құрмет, қамқорлық. Кешірімді болуымыз керек. Жас - кәріге сіз деген Жақсы үлгі іздеген. Дос боламыз біз деген, Ізетті ұл мен қызбенен. 1 - жүргізуші: - Оқушылар, бүгінгі сабақта « Балалар құқығын ұқтыңдар ма?» Оқушылар: - Ұқтық! Оқуға, өмір сүруге, өз ойымызды айтуға, зорлық - зомбылыққа қарсы тұруға және бақытты өмір сүруге құқымыз бар! Ән: «Біз әдепті баламыз». 1, 2 - ші жүргізушілер: - Осымен, тәрбие сағаты аяқталды. Тыңдап, көргендеріңізге рахмет! - Хош, сау болыңыздар! Мұғалімнің сөзі: - Қымбатты оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатының үлкен тәрбиелік мәні мен мазмұны бар. Барлықтарың «әдепті бала» қандай болу керек екенін жақсы ұқтыңдар. Алдағы уақытта тәртіпті де, тәрбиелі ұл - қыз болып, адамгершілік қасиеттерді биік ұстап, мектеп ішінде, үйде, қоғамдық жерлерде өздеріңді де, өзгені де сыйлайды деп сенеміз!
Отан - отбасынан басталады
Жарияланды 17-06-2014, 00:03 Категориясы: Тәрбие сағаты
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Отан – отбасынан басталады.»
Тәрбие сағатының мақсаты: 1) Отбасындағы қарым - қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, бақытты жанұяның моделін дайындау; 2) Отбасы - Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, оқушылардың бақытты жанұяға деген қызығушылығын арттыру; 3) Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, жанұяның мақтаны болуға тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының әдістері: Топтастыру, Эйлор дөңгелегі, Екі жақты күнделік, РАФТ стратегиясы
Тәрбие сағатының көрнекілігі: нақыл сөздер мен сұрақтар жазылған бетшелер, жүрекшелер, т. б. Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Оқушыларды отбасының бірлігін сақтап, ата - ананың алдындағы парызын өтеуге, жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылып отырған «Отан – отбасынан басталады» аталатын тәрбиелік шараға қош келдіңіздер! Құрметті қонақтар, оқушылар! Біз бүгін керемет бір ғажайып әлемге саяхатқа барамыз. Ол өзі бір шағын мемлекет. Ол мемлекеттің аты «Бақытты жанұя» деп аталады. Сол мемлекетке саяхат жолында біз көптеген сатылардан өтіп, нәтижесінде барлығымыз бірігіп біз аңсаған «Бақытты жанұяның» моделін жасап шығарамыз. Ендеше, барлығымыз да белсенді түрде қатысайық! Ал ол үшін, әрине, бірнеше сатыдан өтеміз. Алдымен «отбасы деген не?» деген сауалға жауап іздеп көрейік.
Адамзат бесігін тербеткен ұя
Үлгі – өнеге бастауы
Жағымды қасиеттерге баулиды
Отбасы - адамзат бесігін тербеткен ұя болса, «Баланың бас ұстазы - ата - анасы». Бұлар балаға отбасылық өмірдің қыры мен сырын, тылсым дүниенің жұмбақтарын танытып, жағымды қасиеттерге баулиды. Себебі, отбасы - таным бесігі, отбасы - үлгі - өнеге бастауы. Ата - ананың үйдегі қарым - қатынасы, киім киісі, мінез - құлқы бәрі - бәрі балаға үлгі. Өйткені, «Қарағайға қарап тал өседі, жанұяға қарап бала өседі», «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі». Бала отбасында «Әкеден – ақыл, анадан - мейір алады». «Әке - асқар тау болса, ана - бауырындағы бұлақ, ал бала - жағасындағы құрақ». Осы бір үш сөз әке, ана, бала - отбасы ошағының үш тағаны іспеттес. Бала тәрбиесі - бесіктен. Ертеде бір кісі балалы болып, баласы 6 айға толғанда бір данышпаннан баласын тәрбиелеуді қашан, қалай бастайтынын сұрапты. Сонда әлгі данышпан «Егер балаң 6 айлық болса, онда сен тәрбиені бастауға 6 ай кешігіпсің» деген екен. Сондықтан да әрбір ата - ана баласына кішкентай күнінен бастап еңбекпен тапқан нанның тәтті екенін ұғындырып, баланың артық қылығын бақылауға алып, бос уақытына назар аударып, барлық жағдайды жылы сөзбен түсіндіріп отыру керек.
Ал бала да өзін ойландыратын мәселені ата - анамен ақылдасып шешу керек, артық қылықтың ата - анаға әсер ететінін, ата - ананың баласына жамандық тілемейтінін ұмытпау керек. І. Ендеше, осы аталған қасиеттер біздің осы жерде отырған отбасы мүшелерінен табылар ма екен? Сонымен «Бақытты жанұяға» жетудің алғашқы сатысында ата - аналар ситуациялық сұрақтарға жауап береді. Ал бұл кезде балалар да жазбаша сұрақтарға жауап береді: Ситуациялық сұрақтар қоры: 1. «Ура, мама, мен бес алдым!»- деп бірінші сыныптың оқушысы өзінің қуанышын жасыра алмай үйге жүгіре басып кірді. Бірақ жылдар өте келе мұндай қуанышты сөздер сирей бастайды. Неліктен? 2. Мектепте озат, үлгілі оқушы үй шаруашылығымен айналысқаннан гөрі бос отырғанды жақсы көреді, ештеңе істегісі келмейді. Оны қалай қызықтыруға болады? Сіздің пікіріңіз? 3. Қызы мектептен келіп анасына: «Сізге маңызды бір нәрсе айтқым келеді»- десе, анасы: «Сенсіз де басым ауырып тұр, мазамды алма»- депті. Сіз қалай жауап берер едіңіз? 4. Балаңыз үйге мектептен уақытынан кеш келді. Қалай қарсы аласыз? 5. Сіз балаңызға дүкенге барып келуін өтіндіңіз. Ол: «Ән тыңдап отырмын» - деп барудан бас тартты. Сіздің әрекетіңіз? 6. Балаңызға үй шаруасымен айналысуды тапсырдыңыз. Бірақ ол оқитын сабағы көп екенін айтып жасағысы келмеді. Сіздің әрекетіңіз? 7. Сіз шаршап, өзіңізді нашар сезініп тұрсыз. Сіздің балаңызға достары қонаққа келетінін естідіңіз. Сол сәттегі әрекетіңіз? 8. Сіз балаңыздың кез келген ортада көп өтірік айтатынын байқадыңыз. Қандай әрекет қыласыз? 9. Сіздің балаңыз соңғы кезде мұғалімдер туралы жағымсыз пікірді көп айтады. Сіз бұл жағдайда не істер едіңіз? 10. Балаңыздың досы сізге ұнамайды. Сіз бұл достыққа өзіңіздің тарапыңыздан әсер етесіз бе? 11. Сіз балаңыздың күнде сабаққа барғысы келмей, көңіл - күйі төмендеп жүргенін байқадыңыз. Онда тәрбиенің қай түрін пайдаланасыз? 12. Жоғарғы сыныпта оқитын ұлыңыздың темекіге әуестеніп жүргенін білдіңіз. Оны дұрыс жолға қалай саласыз? 13. Бала мектептен қатты ашуланып келді. Себебін сұрадыңыз, бала сынып жетекшісіне ренжіп келгенін айтып шағымданды. Сіздің әрекетіңіз? 14. 9 - сыныпта оқитын кенже ұлыңыз немесе қызыңыз сыныптасының туған күніне сұранды. Бірақ сіз ондай мерекелерді мектеп оқушысына үйде тойлауға болмайтынын естіп жүрсіз. Қайтесіз? Рұқсат бересіз бе, әлде?
Оқушыларға берілген сұрақтар қорытындысы психологқа тапсырылады.
ІІ. Екінші қадам: *Ұлттық ойын ойнату
ІІІ. Үшінші қадам: А) Ата - аналарға «Екі жақты күнделік» әдісі бойынша тапсырма беріледі.
Оқиға Сіздің пікіріңіз Менің баламның бастауыш сыныпта оқу үлгерімі өте жақсы еді. Мұғалімдер мақтайтын. Мен баламды бетінен қақпадым. Оның алып келген 5 - тік бағаларына үнемі ақша беріп отырдым. Елден ерекше киіндірдім. Себебі ол менің жалғыз ұлым еді. Өсе келе ол мектепте соңғы сабақтан қашып кететін болды. Күнде ақша сұрайды. Бір күні сынып жетекшісі келіп, баламның мектептегі өрескел қылықтарын айтты. Әкесі қатал еді, ұрды, ұрысты. Бірақ соңғы кезде балам маған өкпелі сияқты. Бұрынғыдай еркелемейді, ашылып сөйлеспейді. Мен түсінбедім. Маған қандай ақыл айтасыздар?
ІҮ. Сонымен құрметті қонақтар! Тәрбиелік шарамыздың басында айтып өткеніміздей «Бақытты жанұяның» моделін жасайтын сәт те келіп жеткен секілді. Біз бұл істі бүгін бізге қонаққа келіп отырған ата - аналар мен балаларға тапсырайық. Сонымен, бақытты отбасы болудың негізгі шарттарына нені жатқызар едіңіздер?
Бақытты жанұяның моделі
Ү. Жүректен жүрекке. Жүрекшеге тілек жазып, ата - аналар балаларына, балалар ата - аналарына, ұстаздарына береді.
ҮІ. Қосымша айтарымыз, бала тәрбиесінде ата - ананың ғана емес, ұстаздардың да рөлі зор. Ендеше, құрметті ата-аналар! Сіздерден сұрайтынымыз балаларыңыздың ұстаздарымен, мектеппен үнемі, жиі байланыс жасауларыңызды сұраймыз. Сонда ғана сіздің балаңыз тәрбиелі де тәртіпті болып өседі. Сонымен мен бүгінгі тәрбиелік шарамызды А. С. Макаренконың «Балаға берілген дұрыс тәрбие - бұл бақытты қарттық, ал нашар тәрбие - біздің болашақтағы сорымыз, біздің көз жасымыз» деген ұлағатты сөзімен аяқтағым келеді.
Уақытты тиімді пайдаланудың адам өмірінде маңызы бар ма? (дөңгелек стол)
Жарияланды 13-01-2014, 02:03 Категориясы: Әдістемелік көмек
«Уақытты тиімді пайдаланудың адам өмірінде маңызы бар ма?» дөңгелек стол
Мақсаты: Оқушыларға уақыттың құндылығын түсіндіре отырып, қалай тиімді пайдалануға болатындығы жөнінде мәліметтер беру. Күтілетін нәтиже: күнделікті өмірінде уақытты жоспарлай білуі, уақытты тиімді пайдалануы, уақытын босқа өткізбеуі.
Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізбепсің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың? (АБАЙ. Он бесінші қара сөз) Жоспары: 1. Кіріспе сөз. Психолог сөзі. 2. Сұрақ - жауап 3. «Ауа, Жер, От» тренингі. 4. Қорытынды сөз. Бағдарлы оқыту жөніндегі орынбасары С. Ержанова. Барысы: 1. Кіріспе сөз. Психолог сөзі. "Өз - өзіңмен бол" принципі. Уақытты тиімді пайдалану дегеніміз не? Уақытты тиімді пайдалану - ол көп іс атқару емес. Ол өз уақытыңда тиімді және дұрыс пайдалану. Бірақ "дұрыс" деген сөзіміз әр тұлға үшін әрқилы мән береді. Адам баласына шамадан тыс жұмыс істеуден басқа демалыс пен серуенге шығып тұру керек. Сонымен қатар әркімнің өз жеке маңызды істері бар. Біз көп немесе аз жұмыс істеуге, көп немесе аз көңіл көтеруге тиісті емеспіз, біз өз - өзімізбен болуымыз керек.
2. Сұрақ - жауап. Уақыт – біздің өміріміз. Ендеше оны қалай пайдаланып жүрміз. Адамның өмірінде оның уақытын ұрлайтын пайдасыз нәрселер көп. Уақытты дұрыс пайдалана білмегендіктен де ісіміз қордаланып жатыр. Қазіргі таңда уақытты тиімді пайдалануды «тайм - менеджмент» деп атап жүрміз. Оның мәні – уақытты тиімді пайдалану. Уақытты тиімді жұмсауға не кедергі болады? Шындығына келгенде кез келген адам өз уақытын тиімді пайдалана алады? Ол үшін өзіңізге маңызды сұрақ қоюыңыз керек: "Маған өз қалауыммен өмір сүруге не кедергі жасайды?". Қойылған сұраққа жауап табу жеңіл болу үшін келесі кедергілердің түрлерін қарастырайық:
1. Техникалық қателіктер. Сіз өзіңіздің уақытыңызды қалай тиімді етіп құруды білмейсіз. Бұл қателікті жою үшін келесідей жоспар құрыңыз: мысалы, күніге таңертеңгілік қағаздарға алдағы күннің жоспарын жазыңыз. 2. Сыртқы факторлар. Біздің өміріміз тек өзімізбен ғана шектелмейді, біздің өмірімізге көбінесе сыртқы факторлар әсер етіп отырады. 3. Психологиялық кедергілер. Мұнда сізге өз - өзіңізге терең бойлауыңызға тура келеді. Мүмкін, сіз кейбір жұмыстарды мағынасыз, жалықтырарлық деп есептегеннен іске асырмай жүрген боларсыз? Тайм менеджмент – бұл уақытты басқару тәсілдері мен әдістерін зерттейтін менеджмент саласы. Уақытты дұрыс жоспарлау үшін бірнеше қағидаларға сүйенеміз.
Олар: 1. Мақсат пен бағдарды айқындау. Мақсат пен бағдарды айқындау кезіңде ұстанатын басты талап жоспардан ауытқымау. Ол үшін: - Біріншіден – 15 - 20 жылға кең көлемді жоспар құрамыз. - Екіншіден – кең көлемді жоспарды бөліп - бөліп 3 - 5 жылға созылатын жоспар құрамыз. - Үшіншіден – созылмалы жоспарды іріктеп 3 айдан 1 жыл мерзімін құрайтын қысқа жоспар құрамыз. - Төртіншіден – қысқа жоспарымызды орындауға ыңғайлы етіп жеке - жеке тапсырмаларға бөлеміз. - Бесіншіден – жеке - жеке тапсырмаларды жіліктеп жазып шығамыз.
2. Жоспарды жүзеге асыру үшін ақпарат жинаймыз: - Ол үшін осы салада жұмыс атқаратын адамдардың тәжірибесі мен жазған еңбектерін жинау. - Жинаған материалдарға сараптама жасау. - Сараптама барысында қажет деректерді жоспарға пайдалану жолын қарастыру.
3. Жоспардағы тапсырмаларды жеке - жеке жіліктеп жазып шығамыз Ол үшін ақ қағазға төрт бағана сызу керек. Олар: - атқарылатын шаруалардың тізімі (ең маңыздылары) - атқарылар шаруалардың аттары - орындалуы (егер орындалса – қосу белгісін, орындалмаса – алу белгісін қоямыз). - шаруалардың орындалу барысы туралы мәліметтер, Бұл жерде ескеретін мәселе: жеке күнделікте таяу арада атқарылуға тиіс шаруалардың есебін жүргізу. Бұл оларды уақыты келгенде ұмытпай күндік жоспарға енгізу.
4. Істердің орындалу басымдылығына байланысты 4 принципін ұстанамыз. Олар: - Маңызды әрі шұғыл - Маңызды, бірақ шұғыл емес - Шұғыл, бірақ маңызды емес - Шұғыл да, маңызды да емес Бұл принциптер бойынша атқарылатын шаруаларды жоспарға бөліп - бөліп енгіземіз.
5. Жоспардың орындалуы Істің орындалу нәтижесін Вильфредо Пареттің ережесіне сәйкес атқарамыз. Онда жұмыстың 20 пайызы, барлық нәтиженің 80 пайызын береді немесе керісінше 80 пайыз жұмыс, 20 пайыз нәтиже береді. Сондықтан 20 пайыз уақыт жұмсап, 80 пайыз нәтижеге жетуге тырысу керек.. Ол үшін не істеу керек? Жоспарланған істерді атқару барысындағы ең басты қағида – жоспардан мейлінше ауытқымау. Әрбір істі өз уақытында орындауға бар күшті салу. Бұл міндетті түрде зорығу деген сөз емес, керісінше істерді атқарудың бірден - бір жеңіл жолы. Өз уақытында істелмеген жұмыс адамды беймазалыққа салып қана қоймай, келесі істерге тиесілі уақытты жеп, олардың барлығына кесірін тигізеді. Бір уақытта бірнеше істі алып жүру, әдетте істің аяқсыз қалуының кепілі. Оның үстіне асығып істелген істен қате де көп кетеді, оны түзету көп уақытты жейді. Олай болса жұмыс арасындағы бос әңгімеге, интернетке т. б. пайдасыз нәрселерге кеткен уақыттың адамға тигізер зияны орасан зор. Олардан міндетті түрде арылу керек. Телефонмен сөйлесу, тағы басқа қарым - қатынастарды шаруаға ешбір нұқсан келтірмей қысқартуға болады.
6. Демалысты ұйымдастыру - Демалыс пен ұйқыны ұйымдастыру. Адам күніне кеміне 8 сағат ұйықтау керек. Дұрыс ұйқы жұмыс өнімінің кепілі. - Дұрыс және уақытылы тамақтануға дағдылану. - Жұмыс арасында 10 – 15 минут бой жазып тұру керек. - Демалыс күндері төрт қабырғаға қамалмай, табиғат аясына шығып тұру. - Еңбек демалысын алғанда жұмыс туралы ойламай жақын немесе алыс жаққа саяхат құру абзал.
7. Уақытты тиімді пайдаланайық! Адам боп бұл фәниге келгесін ащының да, тұщының да дәмін татамыз. Дегенмен, барлығына бір сәтте қол жеткізгіміз келетіні тағы бар. Өмірді сүре келе түсіне бастаймыз, түсінгендей боламыз. Қателігімізден сабақ алып, қымбатымыз бен арзанымыздың ара жігін ажыратамыз. Сіз үшін қымбат не? Сұрақ жеңіл болғанмен, сауалға жауап лезде табыла кетпейді. Қымбат ұғымын әркім әр түрлі топшылайды. Бірі - Отан, бірі - Ана, бірі - Денсаулық ұғымына теңеп жатады. Ал кез - келген табысқа жету үшін адам өз уақытын дұрыс пайдалана білуі керек. Шайтан адамды: «Бұл дүние бір - ақ рет беріледі, әлі жассың, нағыз шалқып жүрер кезің, жас күніңде ойна да күл»,- деп азғырады. Сол сөздің жетегіне еріп, «темірді қызған кезінде соғатын» сәтімізді жіберіп аламыз. Бей - берекет өмір сүруге дағдыланып, кейін «қап» деп сан соғып қалатындар да бар. Ұйқы — уақыт тапшылығын тудыратын негізгі фактор. Уақыт сіздің уысыңызда тұрмайды. Уақытты қалай болса, солай өткізер болсаң үміт артар жол сілтей қоймайды, ал уақытты үнемді пайдаланып, ұлы мақсат жолына құрбан етсең еңбегін еш кетпейді. Осы турасында «Таңғажайыпты күтпе, таңғажайыпты жаса» деп айтылған қанатты сөз орынды. Сәні мен салтанаты жарасқан жиында сіз үшін ешкім билеп бермейтіні секілді, арманға қол созбасаңыз — өмірдің бекер өткендігі. Уақытты үнемдеу үшін мен бәріне бірдей үлгеремін деген принциптен бас тартыңыз. Бәріне үлгердім деп жасаған сапасыз дүниеңіз кімге қажет? Оны қайта жасау арқылы бір жұмысты екі жұмысқа айналдырасыз. Парето заңында: «20% атқарылған іс 80% нәтиже береді» деген тұжырым бар. Қарап отырсаңыз, уақыт үнемдеудің бірнеше тәсілдері бар. Бірінен кейін бірі кезек күттірмейтін тәсілдердің негізгі бес тәсілін оқырман игілігіне атап өтсек: 1. Өз жұмыс үстеліңізді ыбырсытпаңыз. Қалай болса солай жатқан заттар назарды дұрыс нәрселерге аударуға кедергі жасайды. 2. Жұмысты бітіретін мерзімді өз күшіңіз бен мүмкіндігіңізге қарап белгілеңіз. 3. Тек өз басыңызға ғана арналған уақыт бөліңіз. Оған сіздің хақыңыз бар. 4. Адамдарға мейірімді, уақытқа келгенде сараң болыңыз. 5. Бір жұмысты бітіріп, содан кейін ғана келесісіне көшіңіз. Өмірге күнде келіп жатқан жоқсыз, ойыңыздағы арманыңыз бен мақсатыңызға жету үшін уақытты тиімді пайдалануды дағды етіңіз. Уақытты тиімді пайдалану дегеніміз — жақсылыққа ұмтылу. Әрбір сағатыңыздың тықылы сіздің өтіп бара жатқан өміріңіз, сіз өз өміріңізге бей - жай қарамайтын боларсыз.?! Ендеше күн сайын кететін уақытыңыздың бір бөлігін кітапқа арнаңыз, екінші бір бөлігін спортқа дегендей. Ниет болса болғаны, қалған игі дүниелер табыла кетеді. Күннің шығысынан кештің батысына дейін беріліп жатқан ұзын - сонар сериалдарға қарап, уақытыңызды сарп етпеңіз!
2. «Ауа, Жер, От» тренингі. Мақсаты: оқушылардың бой сергітуіне, қимыл - қозғалыс жасауына көмектеседі. Нұсқау: Психолог «Ауа», «Жер», «От» деген сөздерді кезек айтады. Ал егер де екеуін қатар айтса, онда қатысушылар екеуін де бірге тез - тез жасайды. Шарты: Ауа: құс ұшты – екі қолды жайып ұшады; Құс қонды – екеуі бір - бірінің қолын уқалайды. Жер: жүріп келеміз – екі аяқты жәй қозғалтады; Жүгіріп келеміз – екі аяқты тез - тез қозғалтады. От: от жағамыз – бір - бірінің арқасын үйкелейді; Отты өшіреміз – бір - бірінің арқасын ұрғылайды. Психолог «Ауа – құс ұшты» дегенде оқушылар екі қолды екі жаққа жайып, ұшқан құстың бейнесін жасайды. Осылай қайталана береді.
3. Қорытынды: Ақиық ақын Мұқағалидың: Түн маған ұйықтау үшін берілмеген, Ұйқы тең шала жансар өлімменен. Қанша менің өлді екен уақытым, Ақ жастық, ала жастық кебіндеген, - деген өлең жолдарымен аяқтағым келіп отыр. Осымен біздің, бүгінгі, «Уақытты тиімді пайдаланудың адам өмірінде маңызы бар ма?» тақырыбында өткізілген дөңгелек стол өз шегіне жетті.
Кері қайту
Материал рейтингісі:
0
барлық дауыс бергендер: 0
Ілмек сөздер: Уақытты тиімді пайдалану, адам өмірінде маңызы, дөңгелек үстел, дебат, пікірталасЖариялаған Гүли Оқылды: 11043 (рет) | Пікірлер: 0Баспаға шығару
Басқа жаңалықтарды оқу:
КОМПЬЮТЕР БАЛАНЫҢ ДОСЫ МА ҚАСЫ МА?
Жаңабаева Бибікулия, Алимтай Байсұлтан Қайратұлы
Қазақстан, Шымкент
№80 жалпы орта мектеп
Төлешова Мухаббат Төлешқызы Қазақстан, Шымкент
М.Әуезов атындағы ОҚМУ
Балаларымыз компьютерге қанша жастан отырғаны жөн? Компьютердің оларға қандай пайдасы мен зияндары бар? Компьютер жыл сайын біздің өміріміздемаңызды орын алуда. Оның көмегімен фильм көре, музыка тыңдай аламыз, басқа континентте тұратын адамдармен араласамыз, мәтін тере, қиын математикалықесепті шығара аламыз және т.б. Алайда көп ата-аналарды мазалайтын сұрақтар бар: балаға компьютерді қолдануға рұқсат берген дұрыс па? Компьютер оған ненәрсені үйрете алады?
Балаға "сиқырлымашинаның" алдындаотыруғақайжастанкейінрұқсатеткенжөн? Дәрігерлердің айтуы бойынша, баланы үш жастан бастап отырғызуғаболады, бірақ күніне жарты сағат қана. 6 жастан бастан 12 жасқа дейін - бір сағат. Ал 12 жастан бастап күніне екі сағат рұқсат етуге болады. Компьютер көзге зиян,сондықтан әр бір он бес минут сайын үзіліс жасап отыру керектігін есте сақтау керек. Егер балаға көзге арналған жаттығуларды үйретіп қойсаңыздар, одан бетержақсы болар еді: көзді вертикальды және көлденең айналдыру немесе жиі жыпылықтау. Кейін тәуелділік пайда болмау үшін компьютер алдында отыратын уақытнақты белгілену керек. Балаға компьютердің алдында көп отыру, оның көздеріне үлкен зиян тигізетінін жайлап түсіндіре білу қажет.
Монитордың қарама-қарсы түстерін және ашықтылығын реттеңіз, баланың көзіне қатты әсерін тигізбесін. Жұмыс үстеліне біркелкі түстегі суреттерді қойыңыз.Үстел және орындық баланың бойына сәйкес келуін қадағалаңыз. Оның түзу отыруын бақылаңыз, әйтпесе ол сколиоздың дамуына алып келеді. Монитор түзу тұрукерек, бала оған бұрылып қарамайтындай болсын. Компьютерлік орынға жарық түсуі керек, алайда жарық дәл мониторға түспеген дұрыс.
Сонымен компьютердің адам ағзасына залалын тигізетін факторлары мынандай:
Көздің көру қабілетін төмендетеді;
Омыртқалардың қисаюына әкеледі;
Жүйкеге салмақ түсіреді;
Шаршағыштық, әлсіздік басады.
Бұған қоса және жағымсыздықтары бала күнгі құмарпаздықтар секілді еркінен тыс компьютерге тәуелді болып "байланады".Мінезі күрт өзгереді, айналасына немқұрайлы қарауды әдетке айналдырады. Басқа ойындарға, ақыл-ойды дамытатын қызықты тақырыптарға талпынысы болмайды. Баланың көңіл-күйіне де әсер етеді, яғни көңілді, сергек жүргеннен гөрі көбінесе ашулы, күш көрсетуге бейім тұрады. Сонымен бірге балада тек өзіне ғана мәлім "жабық әлем" қалыптасады. Тек компьютермен шектелетіндіктен мұндай бала ерте ме, кеш пе әйтеуір қатарластарымен тілдесе алмайтын халге жетеді. Тіпті,бұған дейін достасып жүрген жолдастарын жоғалтады...
Сонымен бірге:
* Компьютерге арналған арнайы үстел болуын және оның балаға жайлы болуына мүмкіндік жасау;
* Монитор экранынан ылғал шүберекпен жиі тазалап тұру, ондағы шаңның өзі көзге кері әсерін тигізеді
* Монитор мен орындықтың ара қашықтығын сақтау, яғни бала өзін 50-60 см экраннан алыс ұстауы керек
* Үй ішінде интернетті пайдалануға және атыс-шабысқа толы ойындарды ойнауға тиым салу
Компьютердің пайдасы
«1. Байланысқа кіру.Интернет басқа ақпарат құралдарының (радио, теледидар, газет, журнал) қатарына кіріп, байланысқа кірудің жаңа бір түрін әкелді. Интернет өз бойына жазылған сөз бен суретті, әрі дауысы, әрі бейнежазбаны жинақтайды. Сондай-ақ тәрбие мен білім беруді, әрі мәдениетті күшейтіп, әрі көңіл көтерумен ұштастырады.
2. Кеңінен жайылу. Интернет қызметін пайдаланушылардың саны әлем бойынша 300 миллионнан асады. Олардың 2 миллионы араб әлемінен. Бұл сан уақыт өткен сайын өсу үстінде. Интернетті пайдаланушылар көбінесе қоғамдағы өте белсенді адамдар. Өйткені интернетке қатысушылардың 75 пайызының жас мөлшері 16 мен 44 аралығында, ал 45 пайызы университетті толық бітіргендер.
3. Қатысу.Интернет адамды мағлұматтардың қайнар көзімен тікелей қарым-қатынасқа түсіре алады. Теледидар қатынасы негізінен көрерменге бір жақты және радио да осы сияқты. Ал интернет болса өзіне қатысушы адамға осы мағлұматтарға әртүрлі жолдар арқылы (диалог, іздеп табу, көзқарасын айту сияқты) қатысуға мүмкіндік туғызады.
4. Байланыстың жеңілдігі. Электрондық пошта - әлемдегі байланысу жолдарының ең арзаны, әрі ең жылдамына айналды. Бұл арқылы әлемнің кез-келген бұрышындағы адамға қас-қағым сәтте оншақты беттен тұратын іс-қағаздарын жібере аласыз.
5. Тасымалдау ісінің жеңілдігі.Мағлұматтар мен іс-қағаздарды сақтаудың жеңілдігі. Интернет арқылы төмендегідей істерді атқаруыңызға болады: көп мөлшердегі суреттерді, мағлұматтарды, құжаттарды тасымалдап, оларды компьютер қас-қағымда-ақ сақтап, «есіне» жаттайды».
2-ден 6 жасқа дейін балақайлар компьютерді меңгере бастайды. Сандарды, әріптерді, әр түрлі белгілерді үйретуден бастауға болады. Ол үшін сізге мәтіндік редактор керек. Уақыт өте келе бала толық сөздерді жазады, кейін сөйлемдерді. Сонымен бірге ол қатесін көріп, оны өзі түзей алады. Тінтуірді басқару арқылы балақайдың әрекетін жетілдіруге болады. Белгілі болғандай бала ойын арқылы үйренеді. Бүгінгі таңда ой-өрісті жетілдіретін неше түрлі ойындар бар. Солардың көмегімен көптеген ғылымның ежелерін тануға болады: геометрия, шет тілі, арифметика, грамматика.
Paint редакторын қолдану арқылы сурет салуды үйренуге болады. Өйткені жаққышқа қарағанда тінтуірмен сурет салу қиындау. Бұл өз кезегінде қолдың моторикасын жетілдіреді.
Паззлдар қағидасы бойынша суреттерді жинау, логикалық ойлауды дамытады. Белгілі бір бейнелерді реттеу немесе керек жердің бояғын аяқтау, қиялды дамытады.
Ал музыкалық ойындар музыкаға деген махаббатты оятып, ноталарды жаттауға ықпал етеді.
6-дан 9 жасқа дейінгі балаларға ақпаратпен жұмыс істеуді үйретуге болады. Басында ойын түрінде үйреткен жөн. Балаға өз бетінше папка мен файлдарды ашуды үйретіңіз. Компьютер арқылы ойын ойнау ғана емес, көптеген қызық ақпаратты білуге де болатынын түсіндіріңіз. Қазір бала ойнап, қосымша әлемдік торды меңгеретін балаларға арналған сайттар көп. Біртіндеп іздеу жүйелерін қолдануды үйреніңіздер. Сол арқылы бала өзіне керек ақпаратты алады емес пе?! Сонымен қатар логикалық ойлауды да дамытады. Өйткені "іздегіш" сұраққа жауап бермейді, ол тек жалпылама сөздерді іздейді.
Осы жаста оның өзін жалғыз компьютердің алдында қалдыруға болмайды, ол әлі көп нәрсе білмейді. Вирусқа толы бағдарламаны жүктеп алуы мүмкін. Екеулеріңізге бірге отыру қызық болады, ал балаңыз түсінбегенін әр кез сізден сұрай алады.
Шамамен, 9-дан 12 жасқа дейінгі балалар әлемдік торда "жүзе" алады. Ол онда жүзбей тұрып, бірнеше нәрсені ұмыттырмаңыз. Біріншіден, вирустар жайлы айтыңыз. Екіншіден, интернетте тек қана жақсы ниеттілер отырмайтынын айтыңыздар. Поштаға әдейі зиянкес тасушы хабарламалар (спам) жіберетіндер барын да түсіндіріңіз. Егер бала таныс емес кісіден хабарлама алса, үлкендерді көмекке шақырсын. Егер абайсызда бір түймені басып қойып, бір нәрсе бүлдірсе, балаға ұрыспаңыз, тек келесіде абай болуын сұраңыз.
Кейбір балалар табиғатынан ұяң келеді. Айналадағы адамдармен сирек байланысқа түседі, қатарластарымен тіл табыса алмайды. Әр түрлі чаттар арқылы араласу, оларды аша түседі. Олармен неше түрлі бағдарламалар арқылы араласу (мысалы, Skype), компьютерлік бағдарламаларды танып білуге ықпал етіп, кейінгі өмірлеріне керек болады. Егер сіздер осы бастан балаға компьютер алдында жұмсайтын уақытты қадағалауды үйретсеңіз - бұл керемет болар еді. Алайда кез - келген бала өз-өзін қадағалай алмайды. Осындай жағдайда балаға компьютерді сөндіру керектігін еске салып отыратын бағдарламаларды қолданған жөн.
13 жастан бастап, балаға компьютерді өз еркімен қолдануға рұқсат беруге болады. Ол бірнеше сағаттап өзіне қызық бағдарламаларды зерттеп отыруы мүмкін. Бұл қасірет емес. Мүмкін, ол өзінің болашағын ақпараттық технологиямен байланыстырғысы келетін шығар, сол кезде компьютер оның нағыз досына айналады. Оны ұрсудың қажеті жоқ, оның таңдауына сыйластықпен қарайтыныңызды білдіріңіз. Бірақ таң атқаннан, кеш батқанға дейін компьютердің алдында отыру денсаулыққа зиян екендігін түсіндіре біліңіз.
Компьютердің зияндары
Ақпараттық ресурстардың тұрақты өсуі қазіргі қоғам дамуының заңды процесі болып отыр, бірақ бұл жеке тұлғаның қалыптасуына кедергі де болып отыр. Ақпараттық технологиялар жасөспірімдердің психикасына, денсаулығына кері әсер етіп отыр деуге болады. Өзіңіз компьютерде көп отырған баланы байқап көріңіз, олар ашуланшақ, әрі бірдеңені тез түсіне алмайтын болып қалыптасып келе жатыр. @mail.ru агентіне кіру арқылы бала әр секунд сайын түрлі ақпараттың әсеріне тап болады. – Баланың қабылдап жатқан ақпараты көбіне бұзақылық сипатта болып келеді де, баланың қоғамдық өміріндегі жағымды бағытына кері әсер етеді, – дейді психолог Н.Белик. – Психологиялық аспектіні ескерсек, «агент» арқылы алынып жатқан әр ақпарат, әр белгі баланың санасына әсер ететін мағыналық жүктемені көбейтеді, сөйтіп баланың әдетіне, машығына кері ықпал етеді. Сөйтіп баланың басын айналдырып, тұлғалық қабілетін жойып, психикасына кері әсер етеді.
Компьютерде көп отыратын балаларды бақылаған кезде жасөспірімдердің даму деңгейінің төмендейтіні, сөздік-қисындық ойлауының нашарлайтыны, назар аудару қабілеті мен сараптамалық қабілетінің әлсірейтіні белгілі болған. Көптеген балалар естіген нәрсесін үлкен қиындықпен түсінетін болған. Ондай балалар жаңа ғана айтқан нәрсені есінен тез шығарып, тіпті сөйлем құрауға қиналады екен. Осылайша қазіргі шақта ақпараттандырудың жақсы жағы ғана емес, осынау прогрестің жағымсыз тенденциялары да байқалып отыр. Сондықтан баланы компьютерден шама келгенше алыс ұстаған абзал.
Сөз соңында айтарымыз қоғамның қарқынды дамуы көбіне оның біліммен және мәдениетімен анықталады. Біз жастар ақпараттық мәдениетті сауатты адам болуға ұмытылуымыз керек. Сондықтан ХХІ ғасырда біз ұстанатын қағида «Білім бүкіл өмір бойыңа» болуы шарт.
Қолданылған әдебиеттер
1. М. Сүлеймен «Компьютердің ағзаға әсері және ғаламтордың зияны жөнінде».
2. WIKIPEDIA. Ашық энциклопедия. Компьютер зияны.
3. «Ана тілі» газеті, 1 шілде 2011 жыл. Компьютер баланың қасы ма, досы ма?
4. «Алтын орда» газеті, 28 қазан 2001 жыл. Компьютерге таңылған ұрпақтың денсаулығы қ
Мақсаты: Оқушыларға күн тәртібін сақтаудың маңыздылығын түсіндіру, өз уақыттарын дұрыс пайдалануға үйрету. Гигиеналық ережелер мен мінез-құлық мәдениетінен білім беру.
Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер, суреттер
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Кіріспе әңгіме
Күн тәртібі – іс-әрекеттерің мен міндеттеріңді, өз уақыттарыңды дұрыс ұйымдастыру. Дұрыс ұйымдастырылған күн тәртібі денсаулықты сақтаудың, міндеттерің мен мақсатыңа жетудің бірден бір кепілі. Дегенмен, біз күнделікті өмірде осы айтылған ережені сақтаймыз ба, бүгін сол туралы әңгімелесеміз.
Балалар, бізге Кірқоймастан хат келіпті. Не жазғананын білгілерің келе ме әлде үзіліс кезінде оқимыз ба? Оқиық
«Мен достарыммен бірге «Тазалықтың достары» қоғамын құрдық. Сабын, тіс пастасы мен шеткасы, тарағы бар және күнделікті тазалықты сақтайтын балалар сол қоғамға мүше бола алады. Егер сендер сынақтан өте алсаңдар, онда мен сендерді өз қоғамыма қабылдаймын» — деп жазыпты.
(Сыныпқа оқушы кіреді)
Сәлеметсіздер ме, өтіп бара жатып Кірқоймастың қоғамы туралы естіп қалдым, менің де қоғамға мүше болғым келеді.
Мұғалім: — Балалар, оған мүмкіндік береміз бе? (Иә, өзін сынап көрсін). – Жарайды сыныпқа кір. Сонымен сұрақты оқимын, дайынсыңдар ма?
Сендер таңертең ұйқыдан тұрдыңдар, ары қарай не істейсіңдер?
Балалар. Төсек орнымызды жинап, киініп, таңертеңгі асымызды ішеміз.
Оқушы. Жуынып, жаттығу жасау керек.
Мұғалім. Алдымен не істеу керек?
Балалар. Жуыну керек.
Оқушы. Жоқ, жаттығу жасап, киініп, мектепке жүгіру керек.
Балалар. Міндетті түрде жуыну керек, киініп алып жуынуға болмайды, киімімізді сулап алуымыз мүмкін.
Мұғалім. Балалар, сендердің араларыңда кейде жуынуды ұмытып кететіндерің бар ма?
Ал жуынғанда тек бет әлпеттеріңді ғана жуасыңдар ма?
Жуынғанда тері таза болу үшін беті-қолды, құлақ пен мойынды жуу керек.
Дұрыс айтасыңдар. Біздің қонағымызға қалай жуыну керек екендігін тағы бір рет қайталап беріңдер.
Оқушы. Тісті не үшін тазалаймыз?
— Тамақтанғаннан соң тісте тамақтың қалдықтары қалады, міне солар тісті бүлдіреді, дұрыс күтім болмаса тіс жылдам зақымданады. Әр тамақтанған сайын тісті шайып, таңертең және кешке тісті тіс пастасымен сазалау керек.
Мұғалім. Мұны есте мықтап сақтаңдар. Егер осы талапты орындасаңдар Кірқоймасың қоғамына мүше бола аласыңдар. Жуынып болған соң не істейсіңдер?
Балалар. Жаттығу жасаймыз.
Мұғалім. Барлықтарың жаттығу жасайсыңдар ма? – Иә. Қандай жаттығу жасайсыңдар, жаймен орындарыңнан тұрып көрсетіңдер.
Физкультүзіліс.
Мұғалім. – Жарайсыңдар, балалар. Шамалы дем алдық, енді тақырыпты талдауды жалғастырайық. Жаттығу жасап болған соң не істейсіңдер?
Балалар. Төсек-орынды жинап, киініп, таңертеңгі асты ішеміз.
Оқушы. Тамақтанамын анам төсекті жинайды.
Балалар. Жоқ, біз алдымен киінеміз, содан соң төсек жинаймыз.
Мұғалім. Төсек-орынды жинауды бәріміз білеміз бе? Міндетті түрде үйреніңдер.
Оқушы. Қоғамға мүше болу үшін оны да білу керек пе?
Мұғалім. Әрине, біздің қонағымызға ары қарай не істеу керек екендігін түсіндіріңдер.
Балалар. Енді тамақтанамыз.
Мұғалім. Балалар, қалай ойлайсыңдар, өз білетіңдеріңді қонағымызға үйрете аламыз ба? – Білмейміз, мүмкін үйрете алармыз.
Оқушы. Мен бәрін білемін.
Мұғалім. Тоқтаңдар, сонымен не қалды?
Балалар. Түскі ас пен кешкі ас.
Балалар, әңгімемізді ары қарай жалғастыру үшін таңертеңгі міндеттерді қайтадан қайталаңдар.
Оқушы. Мектептен кейін не істейміз, қыдырамыз ба?
Балалар. Жоқ, алдымен түскі асты ішу керек, содан соң қыдырсаң болады.
Оқушы. Яғни, сабаққа дайындалудың керегі жоқ қой.
Балалар. Серуендеп келген соң, сабаққа дайындаласың.
Оқушы. Қайтадан қайталап беріңдерші.
Мұғалім. –Дұрыс айтасыңдар, сендердің барлығың «Тазалық қоғамына» мүше бола аласыңдар. Ал сабаққа дайындалып болған соң не істейсіңдер?
Балалар. Кешкі асты ішеміз. Одан кейін бос уақытта әркім өзінің қалаған ісімен айналысады.
Оқушы. Содан соң ұйықтаймыз.
Балалар. Иә, тек ұйықтар алдында жуынып, тісті тазалауды ұмытпау керек.
Мұғалім. Қонағымыз бәрін есіңе сақтадың ба? – Иә.
Балалар, қонағымызға көмектескендеріңе рахмет. Бір мезгілде ұйқыдан тұрып, тамақтанып, сабаққа дайындалуды, жатуды да есте сақтаңдар. Соған әдеттеніңдер. Егер кез келген уақытта ұйықтап, тұратын болсаңдар, ұйқыларың қанбайды немесе көп ұйықтайсыңдар. Осыдан өздеріңді нашар сезінесіңдер, жылдам шаршайсыңдар. Шаршаған адам ақпаратты нашар қабылдайды, содан соң сабаққа үлгерімдерің нашарлайды, жаңа тақырыпты игеру қиынға тұседі. Сондықтан мезгілімен ұйықтап, уақытымен ұйқыдан оянып, күн тәртібін сақтасаңдар өздеріңді сергек сезінесіңдер. Бір мезгілде тамақтану не үшін керек екенін білесіңдер ме?
-Кез келген уақытта тамақтансаңдар асқазандарың ауыртасыңдар, тек асқазан ауырып қана қоймайды өздеріңді де мазаларың кетеді. Бір мезгілде тамақтанып, асқазанды соған үйретсеңдер, «Ас тұрған жерде дерт тұрмайды» деген нақыл сөздің шындығына көз жеткізесіңдер.
Мұғалім;Балалар енді ойын ойнап жіберейік;
1.Мақал-мәтел құрастыру.
2.Денсаулыққа пайдалы емес заттарды табу.
3.Күн тәртібін құрастыру.
Сабақты бекіту.
Мұғалім. Ал енді Кірқоймастың тапсырмасын оқимын. Сендер сөйлемді аяқтауларың керек. Сонымен,
Тісті ………………. (күніне екі рет жуу керек)
Үнемі …………… жуу керек. (үнемі беті-қолды, құлақ пен мойынды, таңертең ұйқыдан тұрған соң, әжетханаға кіріп шыққан соң жуу керек)
Жуылмаған ……… жемеу керек (жеміс-жидек, көкөністі)
Тамақтанып отырғанда ( сөйлеспеу) керек.
Бір мезгілде .. (ұйықтап, ұйқыдан тұрып, тамақтанып, сабаққа дайындалып, серуендеу керек)
1 Кун-мол шаттық түсінем
Күнмен өстіп көрісем
Содан соң үй-ішімен
Шаттығымды бөлісем.
2 Қолды шайып мен енді
Жарты шыны су ішем
Шынықтырып денемді
Жаттығуға кірісем.
3 Тасытқан соң кушімді
Шынығуды бітіріп
Тазалаймын тісімді
Жуынамын кутініп.
4 Жылықпаймын сабақтан
Оқимын да жазамын
Білім нәрін таратқан
Ұстазда ылғи-назарым
5Мұның бәрі мен білсем,
Жаттығудың арқасы.
«Бақыттымын» деп жүрсен-
Алтын күннің арқасы.
Бұл Кірқоймастың ережелері. Осы ережені әр қайсысың естеріңе сақтаңдар, уақыттарыңды дұрыс ұйымдастырыңдар, сонда сендер барлық іске үлгересіңдер.
Тақырыбы: Қазақстан. Қасым Аманжолов
Мақсаты:Білімділік: - өлеңді мәнерлеп оқуға, мазмұнын меңгеріп тақырыбы мен идеясын аша білуге, өлеңді теориялық жағынан талдай білуге үйрету. Дамытушылық: шығармашылық жұмыстар арқылы ойлау қабілеттерінің дамуына, тіл байлығының артуына ықпал жасау Тәрбиелік: отансүйгіштікке, сөз өнерін бағалап, туған жерді қастерлеуге, адамгершілікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдіс - тәсілдері: интерактивтік, сұрақ - жауап, топтастыру.
2. Сұраққа жауап 1. Өлең неліктен “он алтыншы желтоқсан” деп аталады? 2. Бұл күн қандай мереке? 2. Мәтінде қорқақтық туралы не делінген? Сенің пікірің қандай? 3. Қ. Рысқұлбековтың асыл міндет деп отырғаны не деп ойлайсың? 4. Қ. Рысқұлбековті ісіне, сөзіне қарап сипаттап айтып көр? - Тағы тәуелсіздік жолында күрескен қандай батырларды білесің?
«Жұлдызым жарқыра» ойыны 1. Батыр 2. Халық қаһарманы 3. Қайсар рухты 4. Отан сүйгіш 5. Ақын Жаңа сабағымызды бастамас бұрын тақтадағы сөзжұмбақты шешейік. Ол үшін сұрақтарға жауап берейік.
1.Қазір жылдың қай мезгілі? Қыс
2.Елбасымыз кім? Нұрсұлтан
3.16-желтоқсан қандай мереке? Тәуелсіздік күні
4.Мемлекеттік рәміз. Елтаңба
5Мемлекеттік тіл ( қазақ тілі
6.Өзін-өзі тану пәнінің авторы Сара
7Ұлттық валюта. Теңге
8.Тәуелсіздікке неше жыл? Жиырма жыл
9.Елордамыз қай қала? Астана
Ерекше тор көзден қандай сөз шықты? ҚАЗАҚСТАН
III. Жаңа сабақ Қ. Аманжолов «Қазақстан» өлеңі Қасым Аманжолов (1911 - 1955) “Ұлы тұлға” Жаңа тақырыпқа кіріспе 1911 жылы қазіргі Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Мұғалімдік мамандықты таңдаған ақын. Сонымен бірге, ол өзге тілде жазылған шығармаларды қазақ тіліне аударатын аудармашыда болған. 1941 - 1945 жылдары өткен Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагер ақын.
Сөздік жұмыс Балқаш - Балқаш көлі және оның маңындағы қала Қас тағдырдың қиқаңы - қиындықтың ауыртпалығы Оқулықпен жұмыс 1. Өлеңді мәнерлеп оқу 2. Іштей оқу 3. Тізбектей оқу 4. Жеке мәнерлеп, тұтас оқу Сергіту сәті YI.Шығармашылық жұмыс. Топпен жұмыс І топ “Бақытты қазақ баласы” деп өлеңнің қай шумағын атауға болады? ІІ топ Ақынның қуанған, шаттанған көңілін білдіретін өлең жолдарын тауып оқы ІІІ топ Ақын неге қуанып, шаттанады? «Бірге ойланайық»
Сұрақ жауап арқылы өлеңді талдау.
-Ақын неге қуанып шаттанады?
-«Бақытты қазақ баласы»деп өлеңнің қай шумағын атауға болады?
- Ақынның қуанған шаттанған көңілін білдіретін өлең жолдарын тауып оқы.
. Топтастыру стратегиясы
«Жалғасын тап» ойыны Мақалдың басын айту оқушылар жалғастырады
1.Ел іші – (алтын бесік)
2.Отан отбасынан (басталады)
3.Өз елім (өлең төсегім)
4.Отан оттанда (ыстық)
5.Отан үшін отқа түс (күймейсің)
Бүгін сабақта қандай тақырыппен таныстық?-«Қазақстан»
-Оның авторы кім?-Қасым Аманжолов
-Өлеңде не туралы айтылған?
-Балқаш көлітуралы.Жеріміздің киелі,қасиетті екені туралы.Қазақ халқының кең пейілдігі, еркіндігі азат екені туралы айтылған.
VІ.Үйге тапсырма беру:Өлеңді мәнерлеп оқу 1 мин
1топ:Қасым Аманжолов туралы реферат жазу
2 топ: «Қазақстан» туралы эссе әңгіме жазу
3 топ: «Қазақстан» туралы өлең құрау
4-топ: «Қазақстан» туралы сурет салу
8.Бағалау 2 мин Топ басшысының бағалауы
9.Рефлексия 2 жұлдыз,1 тілек
Қортынды ХХI ғасырдың білімді ұрпақтары сендерсіңдер.Елбасы мынадай деген: «Болашақ Қазақстан сендердің қолдарыңда.Жан-жақты білімдеріңді, үлгілі тәртіптеріңді көрсерте біліңдер, Отанды қорғауға дайын болыңдар. Отанды қорғаңдар»
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Астана қаласы Сабақтың тақырыбы: «Өсер елдің ұланымын » тәрбие сағаты Сабақтың мақсаты: Оқушылардың жас мемлекетіміз Қазақстан үшін білім, ғылым үйреніп, еліміздің өркендеуіне үлес қосуы және ғылым, білімнің адам өміріндегі маңызы зор екендігін түсіну, оқушыларды отансүйгіштікке, Отанын мақтан тұтатын азаматы болуға баулу. Сабақта қолданатын СТО стратегиялары: топтастыру, эссе, автор орындығы. Сабақтың көрнекілігі: слайд, плакаттағы суреттер, пирамидаға жасауға арналған қағаздар. Сабақтың барысы: І. Қызығушылықты ояту Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа назарларын аудару. -Оқушылар, Отан деген сөзді сендер қалай түсінесіңдер? Ойларыңды қағазға түсіріп көріңдер. Отан сөзіне ой қозғау.(Әркім дәптерге жазып, топта талқылайды, мұғалім тақтаға жазады.)
ІІ. Мағынаны ажырату Мұғалім сөзі: Жиырма жылдың ішінде кең байтақ дала¬да бұрын-соңды болмаған бүтіндей жаңа мемлекет – Тәуелсіз Қазақстан елі көш түзеді. Осы Ұлы көшті еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.На¬зар¬баев бастады. Барлығымыз да бірлік пен татулықты ту етіп, ел экономикасын еселеуге үлес қоса берейік! Тәуелсіздігіміз баянды болсын! Сендер осы өсіп келе жатқан мемлекетіміздің кішкентай ұландарысыңдар. Еліміздің одан әрі өркендеп, дамуына өз үлестеріңді қосатын азамат болатындарыңа сенімдімін. Енді мен сендерге сұрақ қоямын, сендер жауап беріп көріңдер. (Әр сұраққа жауап берген сайын қиылған қағаздардан пирамиданың қабырғаларын қалау керек, оны оқушылар тақтаға бір-бірдеп келіп жапсырады.) І.- Қазақстан- көп ұлтты мемлекет. Халықтар арасындағы татулық дегенді қалай түсінеміз? - Достық. - Достық туралы қандай ән не өлең білеміз? - «Дос болайық бәріміз», «Достар, достар» әні, т.б.(Оқушылардың әндерін тыңдау) ІІ.- Мемлекетіміз өсіп-өркендеу үшін қазіргі уақытта сіздерге не қажет? - Білім. - Білімнің қажеттігі туралы айтып беріңіздерші? - Болашақта өз елінің қожасы да, иесі де бүгінгі біз. Біз -жаңа ғасыр , жаңа мыңжылдықтың жас ұрпағы, егеменді елдің ертеңіміз. Біз еліміздің экономикасын, мәдениетін, білімін көтеретін азаматпыз. Сондықтан «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады » деген қазақтың мақалын ескере отырып, сыныптастарым сендерді білімді болуға шақырамын. ІІІ. - Ал, білімді игеру үшін бізге тағы не қажет? - Денсаулық. - Бірінші байлық- денсаулық дегенді қалай түсінеміз? - Егер сен ауырып қалсаң білімнің де, байлықтың да қажеті болмай қалады. Мысалы мен өскенде тіс дәрігері боламын. Тісіңді тазалап, тәттіні аз жесең, өмірің ұзақ болады. ІV. – Ата-аналарың күнде қайда барады? - Жұмысқа. - Ал, жұмыста не істейді? - Еңбек етеді. - Ендеше, еңбек туралы мақал-мәтел айтайық. - «Еңбек - ердің сәні». - «Еңбек –ата, жер – ана». - «Еңбек пен оқу – аға мен іні». - «Еңбек түбі – зейнет». - «Еңбек барлығын жеңбек». - «Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті». V. – Біз мектепке келіп білім алу үшін, аспанымыз ашық, еліміз тыныш болу үшін не қажет? - Бейбітшілік. - Біз кішкентай құрылысымызды аяқтадық.(Әр сұраққа жауап берген сайын пирамиданы қалау) Неге ұқсап тұр? - Пирамидаға ұқсап тұр. - Бейбітшілік пен келісім сарайына ұқсап тұр. -Дұрыс айтасыңдар. III. Ой толғау - Олай болса, ойларыңды жинақтап , өз Отаныңа қандай үлестеріңді қосар едіңдер? «Өсер елдің ұланымын» тақырыбында шағын эссені жазуға 10 минут уақыт беремін. Жазылған эсселеріңізді автор орындығына келіп оқып бересіңдер. Мысалы оқушылардың жазған эсселері: 1. Өз ойымды мына өлең жолдарымен жеткізгім келеді. Үлгі бізге аталардың ерлігі, Ұлағаты, өнегесі, еңбегі, Тәуелсіздік туын ұстап жоғары, Бүгінгі ұрпақ – болар елдің ертеңі. 2. Мен данагөй, асыл қасиетке бай елде дүниеге келгеніме мақтанамын, қазақ екеніме шаттанамын және елімізді ел етіп, жерімізді жер етіп, өлшеусіз еңбек етуінің арқасында өркениетке өрлеткен Елбасы Нұрсұлтан ағамызға ілтипатпен қараймын. 3. Еліміздің астанасы бас қаласы – Астана қаласы. Ол – бәріміздің сүйікті қаламыз. Астана да күн сайын сұлуланып, өсіп, өркендеуде. Астана – бәріміздің мақтанышымыз. Болашақта еліміздің өркендеуіне үлес қосамыз деп сеніммен айта отырып, еліміздің одан әрі өркендейтініне көзіміз әбден жетеді.Өйткені біз өсер елдің ұланымыз. 4. Менің өз армандаған мамандығым бар. Ол қазіргі елімізде болып жатқан көптеген дамытуларға байланысты. Яғни экономист болу. Бұл өте қиын да, қызықта мамандық. Мен елімнің экономикасын мықты елдердің қатарына қосылуына өз ықпалымды тигізсем деп ойлаймын. Мемлекеттің экономикалық жағдайына келетін болсам, әлі де дамымаған нәрсеміз өте көп, сондықтан да соларды дамыту жолында мен үздіксіз еңбек етемін, қолымнан келгеннің барлығын жасауға тырысамын. Оқушылар кезек-кезек автор орындығына келіп, шағын эсселерін оқиды. Мұғалім сөзі: Елім, жерім, Отаным деп жұдырықтай жүректері шаттанған жас ұрпақ,ата-баба арманын жүзеге асыруды парыз деп білген ел перзенті, келешекке оң көзбен қарауды міндет деп білген жаңа ғасыр азаматы, абзал шәкірт,егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жас шәкірттеріміз көңіліндегілерін қағазға сиғыза алмас, сия толтыра алмас өз шығармаларында мені де, сіздерді де тебірентті деп ойлаймын. Армандарыңызға жетулеріңізді тілеймін.Еліміздің одан әрі өркендеп, дамуына өз үлестеріңді қосатын азамат болатындарыңа сенімдімін.Сондықтан әрқашан биікке, алға, армандарға жете берейік. Сендер осы өсіп келе жатқан мемлекетіміздің кішкентай ұландарысыңдар. Еліміздің одан әрі өркендеп, дамуына өз үлестеріңді қосатын азамат болатындарыңа сенімдімін. М. Жұмабаев айтқандай: Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты Қырандай күшті қанатты. Мен жастарға сенемін!
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Менің Отаным – Қазақстан
Менің Отаным – Қазақстан.
Менің Отаным – Қазақстан. Мен Қазақстан тек ғана сол жерде тұрғаным үшін емес, оның кең даласын, тауларын, шыңдарына қанатын бұлттарын, мөлдір көлде- рін жақсы көремін.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Кітап –білім бұлағы,- дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру.
2.Дамытушылық: Оқушыларға кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.
Жұмбақ шешу. Көп әңгімем өлеңім, Күнде ақыл беремін. Жақсы көрсе мені кім, Мен де оны жақсы көремін. ( Кітап). 2. Кіріспе әңгіме
Кітап арабтың “жазу”деген сөзінен шыққан.Ол тарих шежіресі,оқу тәрбие құралы болып табылады.” «Кітапсыз өтілген бір күн, орны толмай бос кеткен күн». Сондықтан да кітап атаулы мен дос бола бастау сәби шақтан басталу керек.Баланың ой - өрісін дамытудағы дамыту ойын-дары, табиғатпен байланыс, музыкалық білім және т. б. қатар маңызды орындардың бірі кітап оқу болып табылады. Кітап оқу баланың ой-өрісін кеңейтеді, ойлауға үйретеді, сөйлеу қабілетін, есте сақтауын, қиялын дамытады, танымдық және дамытушылық қызметін анықтайды. Бүгін біз «байлықтың үлкені - рухани дүние» деп айтамыз. Ал, оған құмарлық адамның кіп -кішкене кезінен басталады. Сәби тілі былдыр-лап шыққаннан ақ сүтін емізген анасының әлди әуеніне құлақ түреді. Әжесі мен атасының жа-рыса айтқан ертегілерін қызыға тыңдайды. Жалмауыз кемпірдің жауыздығын естігенде жәудіреген жанарларына үрей ұялайды. Батырлық пен тапқырлық туралы айтылатын жерлерінде жаны жадырап, рақаттанып отыра-ды. Осы құштарлықты әдемі безендірілген суретті кітапшалар ұштай түсетінін де үлкендер жақсы біледі. Ал кітап таңдай алудың өзі үлкен өнер. Балалар үшін барлық іс - кітаптар таңдауда, на-шар таңдап алынған кітаптарды оқу бала үшін ештеңе оқымағаннан да гөрі жаман да, зиян-ды. . . Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» - деген еді Ғабит Мүсірепов.
2 сәуір – “Халықаралық балалар кітаптарының күні” ,ал 23-сәуір-”Дүниежүзілік кітап күні”болып табылады.
Кітап туралы ой-толғаныстар
**Кітап оқымай ми толмайды, көз көрмей, көңіл тыңбайды. **Оқырмандарға айтарым: көңіліңе ұнаған кітапты күн сайын оқу керек, тіпті жылына бір рет қайталап оқу керек, сонда одан бұрын аңғармаған көптеген пікірлерді табасың. **Саф саф алтын тапқын келсе, кітапты көп оқы, ол мың кітаптың бірінде жатыр, іздене бер, кездесесің! **Кітаптан әнуар нәрсе таппадым, жылынасың я суынасың да, қуанасың да, мұңаясың да, сүйтіп өзіңді әлемнің бір бөлшегіндей сезінесің. **Кітапты оқысаң, өзіңнің қай жерде адасып жүргеніңді білесің. **Әр кітап оқыған сайын, бұрын беймәлім дүниенің есігін ашып кіргендей өзіңді сезінесің, кітаптың кереметтігі осында. **Кітап бір үғымды әсерлеп көрсетудің әртүрлі жолын көрсетеді. **Кітапта сыр-сипат көп, оқып шығу бірінші іс. Окығанды ой таразысынан өткізіп, салмақтау екінші іс, өз ойыңмен салыстырып саралау, қортындылау үшінші іс. Ал бұны істей алмасаң, окыған кітабыңның берері аз. Кітап сараң, кім-көрінгенге сыр-сипатын бере бермейді. **Кітап алып күш қана емес, күркіреп-күрсініп жатқан өмірдің өзі. **Кітапты көп оқыған кенже қалмайды. **Адам өледі, кітап жасарып жасай береді. **Кітаптың берер сабағы, ойы ғарыштан да шексіз, жарық, нұрлы, қуатты. **Сезімтал, сергек жасқа ұлы ұстаз — кітап. **Түсініксіз ұғымды, пікірді, сұрауды білу үшін талай кітаптың бетін ақтарасың, арқа етің арша, борбай етің борша етіп іздегенді табасың, **Кітапты қалам жазбайды, қаламды ұстаған жазады **Оқыған кітабыңдағы сөз өз ойыңдай, өз түсінігіңдей болса, онда ол кітапты жаман жазылған деуге болмайды, себебі кітаптағы сөзді өз ойыңмен салыстырып, салмақтап көресің, сүйтіп түсінігіңнің дұрыс бағытта екеніңді, өз мөлшеріңді байқайсың. **Жақсы кітап жолдағы бастау, әр адам керегінше сусандай алады. **Жүрегіңді жылыту үшін кітапты көп оқы. **Керексіз кітап болмайды, керегін таба алмаған оқырман болады. **-Әр оқыған кітабыңнан сезімге – сезім, ойға – ой, үмітке – үміт тудыратын пікірді тауып алсаң, өзіңді бақытты сана. **- Қай істе болмасың, басы мен соңы болады. Сол сияқты әр кітаптың басы мен соңы бар, оған ерекше мән бере оқу қажет. Есіңе сақта! 1.Кітапты ұқыпты,таза ұстау керек.Өздеріңнен кейін оны көптеген балалар оқитынын есіңнен шығарма. 2.Кітапты төсекте жатып, ас ішіп отырып оқыма, кітап оқуды үлкен ой еңбегімен оқу керек. 3.Кітапты қалай болса солай оқыма. 4.Кітапты жыртуға,сызуға болмайды. 5.Кітапханада шулауға болмайды, өйткені басқаларға кедергі келтіресің. “Жалғастыр”. 1.Білім - ... (таусылмайтын байлық). 2.Кітап - білім бұлағы, ... (білім - өмір шырағы). 3.Кітап – ... (алтын қазына). 4.Өнерліге ... (нұр жауар). 5.Өнер - ағып жатқан бұлақ, ... (Білім – жанып жатқан шырақ).
Өздері білетін мақал-мәтелдерді айту 1.Оқу - білім азығы, Білім – ырыс қазығы. Білім басы - бейнет, соңы - зейнет. 2.Кітап білім бұлағы-білім өмір шырағы 3.Кітап-ақыл ойдың айдыны 4.Кітапсыз үй-терезесіз бөлме 5.Кітап жинай берген мұрат емес,оқыған мұрат 6.Көп жасаған білмейді,көп оқыған біледі 7. Өнер - ағып жатқан бұлақ, Ілім - жанып тұрған шырақ. 8.Кітап - алтын қазына. 9.Кітап-ғылым - тілсіз мұғалім. Білімді адам кандай болу керек?
Қорытындылау: Бәрін, бәрін білсең, оқи берсең кітапты, дегендей көп оқысаң, көп білесің ... Кітабың сенің, құралың, Жағар білім шырағын. Баса алмайсың ешқашан, Онсыз алға бір қадам. Кітабыңды құрметте, Күтіп ұста кірлетпе. Кішілерге табыс ет, Дақ түсірмей бір бетке.