kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Би қимылдары арқылы баланың ептілігін дамыту

Нажмите, чтобы узнать подробности

би қимылдарын уйретудің тиімді жолдарын үйрету және оны дамыту

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Би қимылдары арқылы баланың ептілігін дамыту»

Би қимылдары арқылы баланың ептілігін дамыту

Қабылгалимова Г.А.,

МКҚК №24 «Аққу» МДҰ

дене шынықтыру жетекшісі

Қазіргі қоғамда балалардың денсаулығын сақтау және нығайту өзекті мәселеге айналып отыр. Баланың қандай да бір ауруы болмағанда жүйке психикалық дамуы, үйлесімді ақыл-ой және дене еңбегіне қабілеті жоғары болғанда ғана, оның дені толық сау деп айтуға болады. Баланы өсіріп, тәрбиелеудегі маңызды шарттар – оны шынықтыру, белсенді қозғалуына ықпал ету, дене тәрбиесі, жасына сай физиологиялық дұрыс күн тәртібі, тиімді тамақтандыру. Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу отбасында және мектепке дейінгі ұйымдарда жүргізіледі. Отбасы мен мектепке дейінгі ұйымдардың алдына қойған мақсаттары мен міндеттері ортақ. Ол салауатты да саналы ұрпақ тәрбиелеу. Дене тәрбиесі өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласының бір тармағы болып табылады және ол жеке тұлғаның жан жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке жарамды адамды қалыптастыруға, оны отансүйгіштікке дайындауға қызмет етеді. «Балабақшада тәрбие беру» бағдарламасында баланың дене бітімінің жетілуі мен жеке басының дамуына қызмет етеді. Бала дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде жалпы дамыту жаттығулары арқылы күш - жігерлерін шыңдай түседі.

Денсаулықтарын нығайтып, ептілікке, жылдамдыққа үйретеді, дене бітімдерін жан жақты дамытып, келбеттерін асқақтатады. Бала организмі тез жетіліп өседі. Мақсатымыз - дене бітімі жақсы қалыптасқан,денсаулығын сақтауға және шынықтыруға қабілетті мектепке дейінгі кіші жастағы бала тұлғасын қалыптастыру. Міндетіміз - дербестікке, қимылдарының мәнерлілігі мен икемділігіне, табиғи және еркін жүру мен жүгіру ептілігіне, кеудесін түзу ұстауға, тепе теңдігін сақтауға топтағы қатарда өз орнын таба білуге қозғалыс пен ептілігін дамытуға дағдыландыру.

Балалардың қимыл іс - әрекетін жетілдіру тек дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінмен шектелмейді. Би қимылдарын, музыкалық ойын әрекеттерін орындауға талпындыру үшін балабақшада ұлттық би қимылдарын ұтымды пайдаланса, халықтың асыл мұраларын бойына сіңіріп, ұлттық сананы қалыптастыруға болады. Қазақ ұлттық биінің тарихына үңілсек, би өнерінің сонау ықылым заманның өзін де- ақ қазақтың ұлттық өнерінің бір бұтағына айналғанын айқын аңғарамыз.

Би ... Бұл - үлкен өнер. Ал үлкен өнерді адамның тек көзбен көріп қана қоймай, жүрекпен сезініп, түсінетіні ақиқат. Халқымыз өзінің ұлттық би өнері арқылы қазақы тұрмысқа берік енген әдеп ғұрыптар мен алуан түрлі тәрбиелік бағыттағы іс - әрекеттерді бейнелеп қана қоймай, сондай-ақ ұлағатты хам сындарлы өнерді жастардың бойына сіңіре білген.

Халықтың көркемдік ойының бір көрінісі ретіндегі би өнері өзінің эстетикалық болмысында қазақ жұртының жалпы дүниетанымына сай арман мұраттарын бейнелейтін қимылдар жүйесін қалыптастырған. Осы уақытқа дейін қазақ халқы ежелгі би өнерінің дәстүрі мен өрнегін сақтап, дамытып келеді. Қазақ биі халықтың тіршілік тынысын адамның табиғатқа көзқарасын дүниетанымын айшықтайтын өнер ретінде ерекшеленеді. Қазақ биінің кейбір қимыл- қозғалыстары бақсы балгерлердің ойындары арқылы қалыптасқан. Қазақ би өнері синкреттік түрде дамып , басқа өнер түрлерін насихаттау мен ақпараттық түрде бекіту және кейінгі ұрпаққа жеткізу барысында өзіндік маңызды рөл атқарды. Халық арасында би қимылдарын меңзейтін идеялар ұлттық ойындар мен салт жораларда сақталған. Қазақ халқының өзге ұлттардан бір ерекшелігі - ол өзінің би өнері арқылы күнделікті тұрмыстағы тыныс тіршіліктерін дөп басып бейнелей білгендігі. Мысалы, сонау ғасырлардан бүгінгі күнге жеткен «Өрмек биі», аңшылар өмірін сипаттайтын «Қоян биі», әзіл сықақ пен күлкіге құрылған «Аю биі», сондай- ақ өмірдің өзінен алынған «Ор теке», «Тепеңкөк», «Қоян бүркіт», «Қара жорға» секілді билердің барлығы халқымыздың күнделікті тұрмысының көрінісін бейнелейді. Қазақ халқы ежелден ән айтып жүріп билеген, би билеп жүріп ән айтуға машықтанған.

Қазақ биінің бишісі өз биінде бесікке бөлеу, киіз басу, тоқыма тоқу, шаш өру, садақ ату сынды өмір тұрмысынан алынған көріністерді сипаттайды. Сонымен қатар, қазақ биі басқа ұлттардың билеріне қарағанда дененің майыса қимылдауымен де өзгеше. Және де қандай да бір бидің мазмұнын суреттеуде қол икемділігінің маңызы зор. Қол мен саусақтардың майыса билеуі арқылы киіз үйдің керегесінен бастап, аққудың теңізде тербелуіне дейін суреттеуге болады. Түрлі би қимылдары баланың сол және басқа да кейіпкерлерді көз алдына елестетуге, олардың әрекетін өздерінің қимыл – қозғалысы, дыбыс және кейіптендіру арқылы «сипаттауға» көмектеседі.

Қазақтың ұлттық «Бипыл», «Қамажай», «Айжан қыз», «Қара жорға» сынды билері денсаулыққа пайдалы болғандықтан, ата- бабаларымыз дала гимнастикасы ретінде пайдаланған. Дұрыс орындалған би қимылдарынан алған қанағаттанарлық сезімі ғана емес, қуанышты сезіну мен көңіл күйінің көтерілуі өсіп келе жатқан ағзаның қозғалысқа деген қажеттілігіне сәйкес келеді.

Ұлттық би өнері арқылы қазақ халқының дәстүрі мен әдет ғұрыптарын дамытуға, өз ұлтына деген сүйіспеншілігін оятуға болады.

Қазақтың ұлттық биі «Қара жорға» негізінен буын биі болып саналады. Бұл биде баланың барлық буыны толық қозғалысқа енеді. Би қимылдарын қолдану балаларды тек билеуге үйретіп қана қоймайды. Олардың сергек , шат көңілді және белсенді болуларына мумкіндік тудырады.

Дене жаттығулары-дене тәрбиесінің негізгі құралы. Дене жаттығуларын жасауда қазақ ұлттық би қимылдарын қолдану баланың жан жақты дамуына ықпал етеді. Бала - біздің болашағымыз. Олай болса, дені сау бала - еліміздің жарқын болашағының кепілі.











































Қолданылған әдебиеттер:

  1. Петровская О. « Адам денесі», Алматы: «Аруна», 2008 ж.

  2. Нуждина Т.Д. « Энциклопедия для малышей», Москва: Просвещение, 1998 ж

  3. Смақов Ж.Б. «Өлеңдер, тақпақтар, ойындар», Алматы: « Аруна», 1992 ж.

  4. Шелипова С.И. «Валеология» Алматы: Арман ПВ-2006 ж.

  5. Коркин В.П., Митянина В.И. «Қызықты кітап», Алматы: «Айғай-тас», 2010 ж.

  6. Никитин Б.П. «Ступеньки творчества», Москва: «Просвещение», 1990 ж.

  7. Соболева Э.В. «Праздники и развлечения в детском саду», Москва: «Просвещение», 1982 ж.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Би қимылдары арқылы баланың ептілігін дамыту

Автор: Кабылгалимова Гульнара Асанхановна

Дата: 19.10.2016

Номер свидетельства: 350560

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "Ойын арқылы бала тілін дамытуға арналған сабақ"
    ["seo_title"] => string(49) "oiyn_ark_yly_bala_tilin_damytug_a_arnalg_an_sabak"
    ["file_id"] => string(6) "468121"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1525161703"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "Балалардың қолдарының ұсақ моторикасын дамыту"
    ["seo_title"] => string(47) "balalardyn_k_oldarynyn_u_sak_motorikasyn_damytu"
    ["file_id"] => string(6) "438204"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1510380043"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(118) "Балаба?шада 2-3 жасар балаларды? тілі  мен  ?имыл-?оз?алысын  дамыту "
    ["seo_title"] => string(72) "balabak-shada-2-3-zhasar-balalardyn-tili-mien-k-imyl-k-ozg-alysyn-damytu"
    ["file_id"] => string(6) "164740"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1422694475"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "Тіл дамытуда сауса? ойын- жатты?уларыны? бма?ызы"
    ["seo_title"] => string(50) "til-damytuda-sausak-oiyn-zhattyg-ularynyn-bman-yzy"
    ["file_id"] => string(6) "274540"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1452418956"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(118) "Тіл дамытуда сауса? ойын  жатты?уларыны? ?са?  моторикасыны? ма?ызы"
    ["seo_title"] => string(59) "tildamytudasausakoiynzhattygularynynusakmotorikasynynmanyzy"
    ["file_id"] => string(6) "282164"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1453651230"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства