БАЛАНЫ? БАС ?СТАЗЫ – АТА-АНА.Ата-ананы? бас куанышы, кызы?ы, алтын тіреу ді?гегі – бала. Д?ниеге келерінде де, келген со? да ?ке-шешесін бірден-а? татулы??а, сыйласты??а, ынтыма??а ша?ырып, ата-ана к??ілін жакындастыра т?сетін де – бала.Отбасы – е? ал?аш рет т?лганы дамытатын кішігірім орта. ?о?амда?ы отбасыны? ма?саты баланы дамытып ?ана ?оймай, оны ?мірге дайындап, рухани жа?ынан жеткізіп, т?л?а ретінде ?алыптастыру.Баланы? ???ы ж?ніндегі конвенцияны? 5-11-баптарында отбасында баланы? ???ы?ын ?ор?ау, о?ан ?ам?орлы? жасау к?рсетілген. Отбасында баланы? жан-жа?ты ?алыптасуына ата-ана мен отбасы м?шелеріні? ?арым-?атынасында?ы маххабат, с?йіспеншілік, адамгершілік, ?айырымдылы?, ?ділдік, т?сінушілік, ?йымшылды?, м?дениеттілік ?асиеттері ы?пал етеді. Отбасы т?рбиесі – ?о?амды? т?рбиені? бір б?лігі. Отбасы б?кіл ?асырлар бойы адам баласы т?рбиесіні? ??ралы болып келді. Сонды?тан ол адам ?шін ен жа?ын ?леуметтік орта. Отбасы – салт-д?ст?рлерді?, ?лгі-?негелерді?, м?ралады? са?таушысы. Онда бала ал?аш рет ?мір жолымен танысып, моральды?, рухани нормаларды игереді. Отбасында?ы басты м?селелерді? бірі – баланы? тіршілік іс-?рекетін ?йымдастыру. Ол ушін баланы? к?н т?ртібі, жеке басына ?ойлатын талаптар, міндеттер, ?й е?бегіне араласуы, білімі, ?ызы?ушылы?тары, бос уакытын д?рыс ?йымдастыру сия?ты м?селелерге баса к??іл б?лген ж?н. Мектеп партасында отыр?ан баланы? жан-жа?ты білім алуына ата-ана барынша жа?дай жасауы тиіс.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«БАЛАНЫ? БАС ?СТАЗЫ - АТА - АНА»
БАЛАНЫҢ БАС ҰСТАЗЫ – АТА-АНА.
Ата-ананың бас куанышы, кызығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Дүниеге келерінде де, келген соң да әке-шешесін бірден-ақ татулыққа, сыйластыққа, ынтымаққа шақырып, ата-ана көңілін жакындастыра түсетін де – бала.
Отбасы – ең алғаш рет тұлганы дамытатын кішігірім орта. Қоғамдағы отбасының мақсаты баланы дамытып қана қоймай, оны өмірге дайындап, рухани жағынан жеткізіп, тұлға ретінде қалыптастыру.
Баланың құқы жөніндегі конвенцияның 5-11-баптарында отбасында баланың құқығын қорғау, оған қамқорлық жасау көрсетілген. Отбасында баланың жан-жақты қалыптасуына ата-ана мен отбасы мүшелерінің қарым-қатынасындағы маххабат, сүйіспеншілік, адамгершілік, қайырымдылық, әділдік, түсінушілік, ұйымшылдық, мәдениеттілік қасиеттері ықпал етеді. Отбасы тәрбиесі – қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі. Отбасы бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келді. Сондықтан ол адам үшін ен жақын әлеуметтік орта. Отбасы – салт-дәстүрлердің, үлгі-өнегелердің, мұраладың сақтаушысы. Онда бала алғаш рет өмір жолымен танысып, моральдық, рухани нормаларды игереді. Отбасындағы басты мәселелердің бірі – баланың тіршілік іс-әрекетін ұйымдастыру. Ол ушін баланың күн тәртібі, жеке басына қойлатын талаптар, міндеттер, үй еңбегіне араласуы, білімі, қызығушылықтары, бос уакытын дұрыс ұйымдастыру сияқты мәселелерге баса көңіл бөлген жөн. Мектеп партасында отырған баланың жан-жақты білім алуына ата-ана барынша жағдай жасауы тиіс.
Бала 1-4 бөлігінде, яғни, 6 сағат мектепте болса 18 сағат өз отбасында алады. Халқымызда «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деген нақыл сөз тегін айтылмаған. Ата –ана өзінің мінезі, дағдысы, сөзі, іс-әрекеті +арқылы баласына үлгі көрсетеді.
Бала тәрбиесі –өте күрделі үрдіс. Оның күрделілігі бесіктен бастау алып, үнемі уақытпен, бала көңіл-күйімен және қабілетімен, икемділігімен,қадағалау кажеттіліктермен ұғынылады. Тәрбие баланың кішкентай сәбі кезінен бастап кәрілік кезеңіне дейін бірнеше кезендерді қамтып өтеді екен .
1Нәресте-ана құрсағынан шыққан сәбилік кезені.
2Бүлдіршін-балалық кезені.
3Қоршаған ортамен танысу. 4Бала-бақша, мектеп, тағы сол сияқты оқу орындары.
5Жұмыс орны.
6Кәрілік кезең. Бұл кезендер өзіне сай ерекшеліктерімен адам өмірінің сатылары болып табылады.
Халқымыз «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп айтады. Бала әрқашанда ата-анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп , ата-ананы өмірдң тірегі санайды. Эпик те «Күллі ғажаптың ішінде ең тамашысы-жақсы тәрбиеленген адам» деп пайымдайды. Ата-ана-отбасындағы жетекші тұлға, бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі.
Ата-ананың тіршілігіндегі көргенқызығы жақсылығының ең бағалысы ол-перзенті. Отбасы- адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі, Адамның жеке басының алғашкы калыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп әсуі, бойындағы алғашкы адамгершілік белгілері отбасында калыптасады, сондыктан да туған ұйдің жылуы оның көкірегінде көп жылдар бойы сакталып, мәңгі есінде болады. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашкы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып әсуіне берекелі отбасының тигізетін болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол. Ата-ана өзінің міндеті мен жауапкершілігінжаксы білуі тиіс.
Ата-ананың міндеті:
1.Маденнетті адам тәрбиелеуге және өз баласын таза өмір сүруге бейімдеуге міндетте;
5Баланың өміріне, денсаулығына зиян келетін заттарды қолданбауға,балаға зиянды екенін түсіндіруге міндетті.
6 Баланы жетіге келгенше тыйма, жетіден он төртке келгенше білім беріп қыйна, он төрттен кейін үлкен азамат деп сыйла,-деген қадиғаны берік сақтауға міндетті.
Ата-ананың жауапкершілігі .
1Балаға деген адамгершіліксіз әрекет жасағаны үшін жауапты.
2 Мүғалімге, мектептің педагогиқалық ұжымын балағаттау және әдепсіз қарым-қатынас жасағаны үшін жауапты.
3 Бала тәрбиесі үшін қабылданған барлық қаулылардың орындалмағанына жауапты.
4Баланың адамгершілік тәрбие алу үшін өз жанұясында бірлік пен татулықты ұстануға жауапты.
5Мектептен кейінгі баланың білім мен тәрбие алуына бақылау жасауына жауапты.
6 Кәмелеттік жасқа жеткенге дейін баланың салауатты өмір салтына сай тәрбие алуына жауапты.