Тақырыбы Баланың бас ұстазы ата-ана.
Түрі: тренинг
Мақсаты:Алдымызда отырған оқушының ата-анасымен жақын танысу.
Ата-ананың отбасындағы рөлін анықтау, өз балаларының болашағы туралы пікірлерін тыңдау. Ата-ананың мектеппен байланысын нығайту. Мұғаліммен дұрыс тіл табыса білу ерекшеліктерін білу, ойларын ашық айтуға баулу.
Көрнекілігі: суреттер, тірек схемалар, слайдтар, кестелер, т. б.
Ата-анамен жаңаша жұмыс түрлері.
Жас ұрпақты жан-жақты жетілген, ақыл-парасатты, ой-өрісі биік азамат етіп тәрбиелеу - қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы-жанұясы. Жанұялық тәрбие ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынстық жүйе. Олай болса, ата-ана осы жүйені ғылым мен өнер ретінде жан-жақты меңгеру қажет.
Сондықтан мұғалім мен ата-аналардың өзара қатынасы міндеттерінің ең негізгісі – психологиялық - педагогикалық білімдерін көтеру болып табылады.
Осы міндетті шешу ата-аналар жиналысы, конференциялар, тренингтер, пікірталастар (дөңгелек үстел), сайыстар, үйлестіру кеңесінің шешімдері т. б. шаралар арқылы жүзеге асады.
Ең алдымен ата-ананың өзін-өзі тануына бағытталған тренингтер, өзіне баласының көзқарасын білдіретін тестілер мен психорефлексиялар жүргізіледі.
Әрине кез-келген ата-ана өзі туралы да, баласы туралы да жоғары пікірде болады. Сондықтан бұл жұмыстар бастапқы кезде түсінік-танымын кеңейту ретінде жүргізілгенімен кейіннен тереңдей бастайды.
«Баланың бас ұстазы ата-ана» атты ата-аналар жиналыстарын өткізу жоспары төмендегідей үлгіде ұйымдастырылды:
1. Егер баланы үнемі сынап отырса.(оқуға құлқы болмайды).
2. Балаға үнемі күлсе.(бұйығы болып өседі).
3. Баланы қолдап отырса.(өз қадірі үшін оқиды).
4. Баланы қолдап отырса.(ол өз бағасы үшін оқиды).
5. Бала төзімділікте өссе.(адал болып жетіледі).
6. Бала қауіпсіз жағдайда өссе.(ол адамға сеніммен қарайды).
7. Бала кекшілдікте өссе.(ол қатыгез болып өседі).
8. Бала адалдықта өссе.(адал болып жетіледі).
9. Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе.(бұл әлемнен махаббат табуға үйретеді).
Амангельді негізгі орта білім беретін мектебі
Тренинг
Тақырыбы
«Баланың бас ұстазы ата-ана»