Просмотр содержимого документа
«Баланы мектепке қалай дайындау керек?»
Қарағанды облысы,
Қарқаралы ауданы,
Ә.Бүркітбаев атындағы ЖББ№12 орта
мектебі МАД сынып тәрбиешісі
Ж.С.Турганбаева
Баланы мектепке қалай дайындау керек? /баяндама/
Мектептегі оқудың басталуы бала өміріндегі әлеуметтік психологиялық жағынан да, физиологиялық жағынан да қиын әрі жауапкершілігі мол кезең. Бұл адам өміріндегі және іс- әрекетіндегі жаңа жағдай болып табылады.Сонымен қатар жаңа қарым- қатынастар жаңа міндеттердің тоғысуы болып табылады. Баланың бұл кезде бар өмірі өзгеріске түседі. Бұл қауырт кезеңде мектеп бірінші күннен бастап талаптар қоятыны белгілі.
Тәрбиеші мейірбан болып, балаларды сол қалпында сүюге тиісті. Тентегін де, тіл алғышын да, жалқауын да, ыждахаттысын да бірдей жақсы көру қажет. Біз балаларды әртүрлі ғылымдарға үйрету үшін ұлы бабамыз Әл- Фарабидің «Жақсы мінез- құлық пен ақыл күші болып екеуі біріккенде ғана адам бақытқа жетіп, адамшылық қасиеттерге ие болмақ» деген ой түйсігін ескергеніміз жөн.
Физиологтардың зерттеуі бойынша 5 жасар балалар еңбекқор келеді. Адам миының кң жақсы дамитын кезі де осы уақыт. Олар бәрін білгісі келіп, түрлі сұрақтар қоюдан жалықпайды.
Баланың мектепке бейімделуі бірден болмайды. Мектеп ережелерін игеру үшін көп уақыт керек. Бұл ағзаның барлық жүйенің қатты жұмыс істеуін қажет ететін ұзақ үрдіс. Баланың ағзасында жаңа тәртіптер мен іс-әрекеттерге үйрену өзгерістер туғызады. Бала мектепке бірден төселіп кете алмайды. Мүғалім әр баланың денсаулығына жауапты. Негізінен көптеген балалар мектепке дайын түрде келеді. Оқушы болғаннан кейін оған көптеген міндеттер жүктеледі. Оқушы мұғалімнің талаптарын орындауы қажет, тәртіпті болуы керек, құрдастарымен қарым- қатынас жасай алуы керек. Жаңа күн режиміне, сабақтар ретінде үйренуі тиіс. Мұғалім мен ата -ана балаға ережелерді, тәртіптілік нормасын тек көңіл түскенде не анда- санда орындамай үнемі сақтап жүру керектігін түсіндіру тиіс. Баланың мектепке дейінгі кезеңдеріне қарағанда міндеттерінің өзгергендігін, қандай құқықтары бар екендігін айтады.
Егер бала әр нәрсені бүлдіріп қойса, не жат қылық жасаса, мұғалім үндемесе, ол қылықты істей беруге болады екен деп келесі жолы да қайталайды. Ал ескерту алса, ендігәрі қайталамайды. Бала кінәсін мойындай алады. Балаларға тәртіп ережелерін түсіндіріп қана қоймауы керек. Бұл процесс балада адамгершілік нормаларының пайда болуы мен дамуын да қамтуы керек. Оқу әрекеті ұжымдық сипат алады. Яғни бала құрдастарымен қарым- қатынас жасай алуға, бірге жұмыс істеуге дағдылануы керек. Көптеген балалар бір -бірімен тез танысып кетеді, жаңа ұжымды тез игеріп алады, бірігіп істер атқарады.Ал кейбіреулер көпкедейін құрбыларымен жақын сөйлей алмай, өзін жалғыз сезініп, үзілісте жалғыз ойнап жүреді. Балалардың бір бірімен қарым қатынасының қалыптасуына мұғалім себепші ретінде болуы керек. Бала құрбылары арасында өзіне тиісті орын алуы да, оның қарым- қатынасына әсер етеді. Бұл жерде мұғалім үлкен роль атқарады.
Мектепке барар алдында баланың сөздік қоры үлкен кісілермен кәдімгі өмірдің өзіне қатысты кез келген мәселесі бойынша түсінісе алатындай дәрежеге жетеді.
Зейін тікелей қызығушылықпен байланысты , өйткені қызықты іске бала көңілі тез ауады. Балаға зейінін тәрбиелеуде көмектесу қажет. Үлкендер сөз нұсқаулары арқылы баланың зейінін ұйымдастыра алады. 5-6 жасар баланың шығармашылық іс- әрекеті күшейеді және оның басты бағыттары көріне бастайды. Жоғары жүйке іс -әрекетінң типі- ойлау, көркем өнер, т.б. түрлері анықталады.Сонымен бала тұлғасының ақыл- ой және адамгершілік баюына, тілінің дұрыс дамуының ерекше маңызы бар екендігі еш күмән келтірмейді.
Қорыта келгенде, жүйелі оқу басталғаннан баланың дұрыс дамып, өсуіне себебін тигізеді. Сабақта сергіту сәттерін өткізіп, үзілісте қозғалыс ойындарын ұйымдастырып отыру қажет. Уақтылы жаттығулар жасап тұру баланың денсаулығына оң әсерін береді, нерв жүйесі мен бұлшық еттің физиологиялық күш қуатын жақсартады. Сабақты тез игеруіне көмектеседі.
Баланы мектепке дайындауда алға қойылатын міндеттер:
*Баланың психологиялық және арнайы дайындығының ерекшеліктерін ескеріп, дүниетанымын, ой өрісін, зейінін, қиялын, еске сақтау, қабылдау т.б. психикалық процестерін дамыту;
*Баланың денсаулығын нығайту, өмірін қорғау, сауықтыру, шынықтыру шараларын жүзеге асыру;
*Баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыру үшін адамгершілік, эстетикалық, экологиялық, дене, еңбек, ақыл- ой тәрбиесі негіздерін қалау:
*Мектепалды топтарында бағдарламалық материалдарды меңгерту үшін тәулік режимін, сабақ, ойын, еңбек, серуен, демалысты өзара сабақтастыра ұйымдастыра отырып, мектептегі оқу ісіне дайындау.
*Баланың қоршаған орта турлы түсініктерін кеңейтіп, сабақта алған білімін күнделікті өмірде қолдана білуге баулу;
*Баланың мектептегі оқу әрекетін еркін игеру үшін, мектепалды бағдарламасының білім мазмұнына сай, қарапайым білім негіздерін меңгеру;
*Баланы ұлттық салт- дәстүр негізінде тәрбиелеуде халық педагогикасын басшылыққа алу;