Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы
«Тайынша қаласы №2 орта мектебі» КММ
Педагог-психолог
Кусаинова Лаззат Салимтаевна
Баяндама
«Баланы мектепке дайындау.»
Қазақстан Республикасының «Білім туралы » Заңында білім беру жүйесінің негізгі міндеті-баланың даралығын дамыту, тәрбиелеу және оқыту үшін жағдайлар жасау арқылы интеллектісін дамыту, бала тұлғасының рухани және дене мүмкіндіктерін ашу екендігін ерекшелейді. Сондықтан да оқушылардың даму ерекшеліктерін жетік танып білуіміз қажет.
Сіздің балаңыздың оқушы атағын алатын уақыт та жақындап қалды. Осыған байланысты ата-аналардың мазасы кетіп, қобалжи бастайды, баламыз не біліп, не істей алады деген сұрақтар мазалайды.
Балабақшада бала санауды, ойлауды, есте сақтауды, зейін аударуды үйренеді. Баланы мектепке дайындауда ата-ана негізгі рөл атқарады. Көп жерлерде баланың даму сатысы, тәрбиесі сіздерден бастау алады. Бұл жерде аса тым күш салып жібермеу қажет. Кейбір ата-аналар балаларын сәби кезден-ақ жақсы оқитын, білгір жасағысы келеді. Ақырында бала зардап шегеді.
Мектепке дайындыққа не жатады? Мектепке дайындалған бала көп білім мен үйреншікті қабілеттерге ие болып, оларды қолдана білуі керек.
Ең алдымен бала физикалық дайын болу керек. Ол ушін денсаулығы мықты болып, мектеп бағдарламасын өтеуге лайық болу керек. Ал балада кейбір психикалық ауытқулар сезіліп, көрінсе, денсаулығында өзгерістер, кемшіліктер байқалса, ата-ана мұны мойындап баланы арнайы түзетуге арналған коррекциялық мектепке беруі керек. Физикалық дайындыққа баланың қозғалыс жүрісі мен саусақ қозғалысы жатады. Бала қай қолда, қалай қалам ұстау керектігін білуін керек. Негізгі гимнастикалық ережелерді ұстану керек: үстел басында дұрыс отыруы, жаттығулар мен тапсырмаларды түсініп, шапшаң орындай алуы және т.б.
Екіншіден, баланың психикалық дайындығы. Бала бірінші сыныпта өзі мектептің ішінде, белгілі кеңістікте жүре алуы, сонымен қатар үйден шығып дүкенге баруы керек. Баланың жаңа білім алуға талпынысының жоғары болуы. Берілетін білім баланың есте сақтау, ойлау қабілетіне сәйкес болуы қажет. Жеке тұлға дайындығы өзімен қатар жасты балалармен араласа алуынан, басқаларды бағалап, қиын жағдайлардан шығуынан көрінеді.Үлкенді тыңдап, жақсы мен жаманды айыра алуды есте сақтау керек.
Мұғалімнің қойған міндеттерін қабылдап, зейін қойып тыңдап, түсінбеген жерлерін сұрау керек. Баланың мектепке дейінгі эмоциалды-ерік дайындығы дегеніміз:
мектепке не үшін баратынын, оқуға деген қызығушылығы болуы шарт;
- бала ұнамсыз мінез-құлық, үйдегі еркеліктен арылуы керек;
- бір орында отыру, берілген уақыт бойы зейін қойып тыңдап, тапсырмаларды орындап, ешқайда көңіл бөлмеу.
Сіздің балаңыз мектепке дайын болып, қуанышпен бару үшін, кейбір кепілдемелерді тыңдағандарыңыз жөн:
- Балаңыздан көп талап етпеңіз.
- Бала қателік жасауға құқығы бар, себебі әр адам қателеседі.
- Балаңыздың өзін-өзі тым жоғары бағаламағанын қадағалаңыз.
- Балаңыздан қателіктер мен кемшіліктер байқасаңыз, арнайы мамандардан көмек сұрауға қорықпаңыз: логопед, психолог, т.б.
- Оқу демалыспен ұштасып, ұласу керек.
- Балаңыздың күн тәртібін қадағалап отырыңыз, бала белгілі бір уақытта оянып, ұйықтауы керек.
- Ас қабылдауы сәйкес болуы керек.
- Балаңыз әр жағдайда қалай жауап бергенін байқап отырыңыз.
- Үй жұмысын орындауға түгел жағдай жасаңыз.
- Балаңыз үй жұмысын аяқтамай, шаршаса, балаға біраз уақыт демалуға руқсат етіп, демалғаннан соң қайта сол үй жұмысын орындатыңыз.
- Бала үй жұмысын орындаудан бас тартса, оны қызықтырып, бір айласын табыңыз.
- Балаңызға өзіңіздің қалай оқып, қалай бірінші сыныпқа барғаныңызды айтып беріңіз.
- Мектепке деген көзқарасын дұрыс қалыптастырыңыз.
- Балаңыз «сыпайы сөздерді» қолдана ма, соны байқаңыз: рақмет, кешіріңіз, сау болыңыз, сәлеметсіз бе? т.б.
Балаңыз мектеп табалдырығын аттағаннан бастап өмірдің келесі сатысына көтеріліңіз. Бұл сатыда балаңыз қуанышқа бөленіп, түгел оқу бойы осындай көңілді мезетке толы болатынына жағдай жасаңыз. Бала әрқашан сіздің барыңызды, көмегіңізді сезініп, әр қиындықта сізден көмек сұрауға болатынын білуі керек. Балаңызға дос, дана, кеңесші болыңыз. Сонда ғана сіздің балаңыз жеке тұлға болып, келешекте мақтанышыңызға айналады.