Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей
Баланы мектепке дайындау ата — анаға кеңес.
Мектепке келу— әр баланың өміріндегі өтпелі кезең. Оқудың басталуы оның күнделікті тіршілігіне өзгеріс енгізеді. Мектепке дейінгі оқушыларға тән балалық, бейқамдық, ойынға берілу көптеген талаптар міндеттер және шектеулері бар өмірмен алмасады: енді бала әр күні мектепке баруы керек, жүйелі еңбек етуі, күн тәртібін орындауы, мектеп өмірінің ережелеріне бағынуы керек, мұғалімнің талаптарын орындау, сабақта мектеп бағдарламасы бекіткенмен шұғылдану, үй тапсырмаларын тиянақты орындау, оқу жұмысында жақсы нәтижелерге қол жеткізу, т.б.
Осы 6-7 жас кезеңінде баланың психологиялық келбеті де жаңарады, жеке адамдық, танымдық және ақыл-ой мүмкіндіктері, көңіл-күй, қарым қатынас ортасы өзгереді. Бала өзінің жаңа жағдайын міндетті түрде сезініп, үлкен болғанына мақтанады, оған жаңа жағдайы ұнайды. Осы кезде ата-ана баланың сәтсіздіктеріне шыдамдылық, талпыныстарына қолдау көрсетуі қажет.
-Көптеген «болады», «болмайды», «керек», «қажет», «дұрыс», «дұрыс емес» деген ескертулер бірінші сынып оқушысының алдынан шығады. Бұл ережелер мектеп өміріне, баланың жаңа оқу іс-әрекетіне байланысты. Оның көбі баланың тілектері мен талаптарына қайшы келеді. Осының бәріне бейімделу керек. Бірінші сыныптың көптеген оқушылары бұл қиындықты жеңеді. Психологтер айтқандай, дені сау, жан-жақты, өзіне сенген және басқа адамдармен қарым-қатынас жасай алатын бала мектеп өміріне оңай ене алады.
Сонда да, мектептегі оқудың басталуы әр бала үшін өте күшті стресс. 1-сынып оқушыларының мектепте болған бірінші аптасында ағзаның қарсы тұруы төмендейді, түс көру, тәбет бұзылады, температура көтерілуі мүмкін. Мектепке бейімделу кезеңі кейбіреулерінде бір ай, басқаларында бір тоқсан, үшіншілерінде бір оқу жылына созылуы мүмкін. Мұнда көп нәрсе баланың жеке адамдық ерекшеліктеріне байланысты.
Оқудың бірінші жылы баланың мектептегі өмірінің негізін қалайды. Бұл кезеңде оқушы үлкеннің басшылығымен өз дамуында өте маңызды қадам жасайды. Көп нәрсе бірінші сынып оқушысының ата-анасына байланысты.
Соған байланысты ата-аналарға жадынама
Пайдаланылған әдебиттер:
* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт