kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бала тәрбиесі - басты міндет

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бала тәрбиесі басты міндет. Балабақшадағы тәрбие - барлық тәрбиенің бастамасы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бала тәрбиесі - басты міндет»

Бала тәрбиесі – басты міндет

«Қазіргі заман талабына сай жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен ұлттық психология қалыптасқан, имандылық әдебі парасаты бар ұрпақ тәрбиелеу, өсіру, білім беру бүгінгі таңда отбасының, балабақшаның, барша елдің, халықтың міндеті» Н.Ә. Назарбаев

Тәуелсіз еліміздің келешек ұрпақты тәрбиелеу мәселесі бүгінгі күннің өзекті тақырыбы. Бұл мәселенің шешімін табуда үздіксіз білім беру жүйесі айтарлықтай дәрежеде қайта қаралып оны жетілдіру жолдары іздестірілуде. Бұл алға қойылып отырған негізгі талаптар . –Қазақстан білім беру жүйесінің бүкіләлемдік білім беру кеңістігіне толық енудің алғашқы даму стратегиясын жасау болып тбылады. Айтылған талаптардың жүзеге асырылуы бағытындағы жұмыстың үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы-мектепке дейінгі ұйымдарда баланың білімге деген құштарлығын арттырудан,ұлтымызға тән қасиеттерін бойына сіңірген бала тәрбиелеуден бастағанның маңызы зор. Балабақша -бүлдіршіндері болашақта ата дәстүрін сақтайтын инабатты да, ибалы үлкен-кішіні сыйлай білуге үйрететін тәрбие орталығы.

Балабақшадағы тәрбие-барлық тәрбиенің бастамасы. Өмірге келген жас ұрпақты тәрбиелеу ата-аналар мен балабақша тәрбиешілерінің қасиетті борышы. Тәрбиеші балаларды адам мәдениетінің әлеміне, күрделі және алуан түрлі қарым-қатынастардың әлеміне ертетін үлкендердің бірі. Қазіргі кезде ата-ананың сұраныс деңгейі биік. Балалардың білім беруде, адамгершіліктің ең құнды қасиеттерін бойына сініріп тәрбиелеуде, білім мекемелеріне, ұстаздардан, ата-аналардан шығармашылықты талап етеді.

Жазушы-педагог Ж. Аймауытов: «Баланы тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы керек. Себебі, бала айтып ұқтырғанан гөрі, көргеніне көп еліктегіш келеді. Солай болған соң балаға не жақсы мінез болсын, іспен көрсету керек»,-дейді. Осы бір ұлағатты ой астарында отбасында-ата-анасынан мектепке дейінгі ұйымда-тәрбиешіден талап етілетін тағылым жүгі жатыр. Әрине, отбасында бала ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиеленіп келіп, ол тәрбие балабақша мен бастауыш мектепте жалғасын тауып жатса, бала өте құнарлы этномәдени білім мен тағылым алары анық.

Бүгінгі тандағы біздің бар мақсатымыз, іс жоспарларымыздың барлығы балабақшадағы тәрбиеленушілерге жан-жақты жағдай жасау, солардың Қазақстан Республикасының болашақ азаматы ретінде тәрбиеленіп өсуі үшін күні бүгінен бастап негізінің берік қалауына бас назар аудару.Әрбір ісімізді балалардың болашағы үшін арнап отыруды өзімізге басты міндет санаймыз.

Балабақшада баланы бүлдіршін кезінен адамгершілікке, имандылық пен өзіне-өзі қызымет етуге, мәдени-гигиеналық машықтарды қалыптастыруға, еңбекке, бауырмалдыққа баулуға, патриоттық сезімді қалыптастыруға үлкенді сыйлап, кішіге қамқор болуға бағытталған жұмыстар жүргізіледі.

Сондай – ақ балабақшада тәрбиемен бірге оқу тәрбие жұмысы қатар жүргізіледі. Бала тәрбиесінде тәрбие жұмысы аса маңызды.

Тәрбие жұмысын тәрбиеші педагог мамандармен бірге ата-ана да бірлесе отырып жүргізсе келешек ұрпақтың өнегелі де, білімді болары сөзсіз.

Кішкентай бүлдіршіндердің өнер, білімге баулып, тәрбиелеуде балалар әдебиетіндегі ертегілер мен аңыз-әңгімелердің, өлең-тақпақтар мен мақал-мәтелдердің, жанылтпаштардың маңызы өте зор өйткені тәрбиешінің немесе ата-ананың ертегіні әсерлеп айтып, балаға жеткізуі баланың сол ертегі бойынша түсінігі қайталап айтып беруі оның тек сөздік қорын молайтып қана қоймай ақыл-ойын жетілдіреді. Бала жақсы кейіпкерлерге еліктейді, жаманнан жиренеді, жақсы болуға, еңбекқор адал болуға үйренеді.

Балабақшада балалар бірі тілалғыш, бірі айтқанды істемейтін, бірі көңілшек, бірі ашық жайдарлы болады. Яғни, аралас орта құралады. Міне, осылардың әртүрлілігіне мән беріп, жалпы ортақ тәрбие-адамгершілік тәрбиесі беріледі. Әр түрлі ойындар, шүйіркелесу, достасу, бірге отыру, бірге тамақтану, бір-бірін құрметтеу, ұрмау, жылатпау, көмектесу сияқты жан-жақты тәрбие беру тәрбиешінің қатысуымен іске асады. Баланың ойын кезіндегі белсенділігі, өзара қатынастар жасауы оның дамуына ықпал етеді.

Балабақша тәрбиесі балаларды жеке күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған өзіне-өзі қызымет көрсету процесінде балаларға дербестік, еңбексүйгіштік, ұқыптылық, заттарға деген ұқыпты көзқарасы, мінез құлық мәдениетін қалыптастырады.

Баланы тәрбиелеу, дамыту мен білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымы өзара тығыз байланыста болуы қажет.»Жұмыла көтерген жүк жеңіл»дегендей, бала тәрбиелеуде іске асырушылар-балабақша мен отбасы. Отбасылық тәрбиелеудің басымдылығын тану дегеніміз-отбасы мен мектеп жасына дейінгі мекеменің жаңа қарым-қатынасын талап етеді.

Бала тәрбиесі қазіргі уақытта аса ден қойып қаралатын мәселе. Тәрбие отбасынан басталады. Бала шыр етіп дүниеге келген сәттен бастап тәрбие бастау алады. Баланың көзін ашып көргені ата-анасы, бауырлары, ата-әжесі, өзінің жақын туыстары, солардың іс-әрекеттері. Өмірде көрген жағымды, жағымсыз іс-әрекеттердің бәрін бала бірдей қабылдай береді. Сәби үшін жақсы мен жаманның арасында айырмашылық жоқ. Оның бойында нақты көзқарас қалыптасқан. Балаларды отбасы жағдайында зерттеп білудің маңызы өте зор. Бала мектеп табалдырығын аттағанға дейін алғашқы қалыптасу деңгейінен өтіп келеді. Баланы қызықтап еркелету, оғаш қылықтар жасату, ескерту жасамау, уақытылы түсіндірмеу бала тәрбиесіне кері әсерін тигізеді.

Тәрбиенің ең алғашқы негізі отбасында қаланып, балабақшада одан әрі жалғасады. Отбасының ықпалын өмірдегі ешқандай күшпен салыстыруға болмайды. Отбасы-болашақ ұрпақ бойына адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықты сіңіретін тәрбие ошағы. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ой-өрісі, әдептілігі мен мәдениеттілігі отбасынан бастау алады. Сондықтан отбасы тәрбиесі бірінші орында тұруы тиіс.

«Тәрбие- тал бесіктен басталады» деген халқымыздың дана сөзі. Тал бесіктен бастау алған тәрбие ғана жемісті болмақ.Демек, баланың тәрбиелі ұрпақ болып жетілуіне бірден-бір ықпал ететін орын-балабақша.Бала тәрбиелеу-біздің өміріміздегі ең маңызды міндет. Біздің қызыметіміз де, өміріміз де бала өмірімен өте тығыз байланысты. Тәуелсіз еліміздің жас ұрпақтарын білімді,жан-жақты дамыған,дені сау, рухани бай, жерін, ата-анасын құрметтнейтін саналы азамат болып өсуіне бойымыздағы бар асыл қасиеттерімізді, білімізді аямайық.
















































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Бала тәрбиесі - басты міндет

Автор: Оспанова Гульнар Хусайновна

Дата: 03.05.2017

Номер свидетельства: 412866

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "Бала тәрбиесі-басты міндет."
    ["seo_title"] => string(30) "bala_t_rbiiesi_basty_mindiet_1"
    ["file_id"] => string(6) "451120"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1516374592"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Бала т?рбиесі-орта? міндет "
    ["seo_title"] => string(28) "bala-t-rbiiesi-ortak-mindiet"
    ["file_id"] => string(6) "209766"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1431284219"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) "АТА-АНА МЕН БАЛАБА?ШАНЫ? БАЛА Т?РБИЕСІНДЕГІ РОЛІ. "
    ["seo_title"] => string(53) "ata-ana-mien-balabak-shanyn-bala-t-rbiiesindiegi-roli"
    ["file_id"] => string(6) "236470"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1444068429"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "Б?гінгі бала т?рбиесі к??ілімізді ала?датпай ма? "
    ["seo_title"] => string(52) "bughinghi-bala-t-rbiiesi-kon-ilimizdi-alan-datpai-ma"
    ["file_id"] => string(6) "211927"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1431703439"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "Бала т?рбиесіндегі ата ананаы? ?ызметі"
    ["seo_title"] => string(37) "balatrbiiesindieghiataananaynkyzmieti"
    ["file_id"] => string(6) "289535"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454835344"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства