Мотивациялық – қозғаушылық Ұйымдастырушылық- ізденістік Сыни технологиясы Жұмбақ Ғажайып сәт Дамытушылық –ізденушілік Сергіту сәті Дидактикалық ойын Зайцев технологиясы Венн диаграмма Рефлексивтік -коррекциялау | -Сапқа тұру. -Балалар біздің бүгінгі сабағымыз ерекше өтеді. -Өйткені, бізге қонақтар келіпті. Кәнекей, қонақтармен үш тілде амандасайықшы. -Шеңбер құру. -Кәнекей, біз ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларын керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керектігін айтамын. Барлығымыз бірдей амандасамыз. -Бастаймыз: көзбен, баспен, қолмен, иықпен, аяқпен, кеудемен. -Қазір қандай жыл мезгілі? -Көктем мезгілінде қандай мерекелер бар? -Ең бірінші көктемгі мереке қандай? -Біз 8 Наурыз мерекесінде біз аналарымызға, әжелерімізге, әпкелерімізге, қарындастарымызға, сіңілдерімізге, апайларымызға не сыйлаймыз? -Тегіс тасқа да, Жұмсақ жерге де Терең жайып тамырын Жайқалып ол өседі.
-Бәрекелді балақайлар, жауабын дұрыс таптыңдар.
-Кәнекей, «гүл» сөзін үш тілде айтып көрейікші. гүл –цветы –flower
(Есік қағып, бағбан кіріп келеді) Бағбан: -Сәлеметсіздер ме, балалар!
-Мен бағбанмын. Балалар, мен гүлдерді өсіремін, суарамын, қопсытамын, гүлге су себемін, сүлгімен шаңын сүртемін. Осының барлығын бір сөзбен айтқанда мен гүлдердің әдемі болып өсуін қадағалаймын.
-Балалар сендер ненің суретін саласыңдар?
-Балалар, қандай керемет менде сурет салғанды жақсы көремін. Сендермен бірге сурет салуға рұқсат бересіңдер ме?
Тәрбиеші: -Балалар, мына суреттен нені көріп тұрсыңдар? -Ендеше үлгіге қарап гүлдің суреттерін салайық. Екі топқа бөлінеміз. -Бағбан, бірінші топпен сурет салыңыз, мен екінші топпен бірге сурет саламын. Сурет салу әдісі: 1.Ұнаған түсті таңдау. 2.Қағаздың ортасына кесілген картоппен гүлдің бейнесін келтіре отырып із қалдыру арқылы сурет салу. 3.Ермексазбен гүлдің бейнесін келтіре отырып із қалдыру арқылы сурет салу. 4.Шырын бутулкасының көмегі арқылы гүлдің бейнесін келтіре отырып із қалдыру арқылы сурет салу. 5.Әрбір бейнеленген гүлдің суретіне мақталы таяқшамен сабағын суреттеу. 6.Губкамен жапырақтың ізін қалдыру. Бағыт беру.
-Сурет салуды аяқтау.
Бағбан: -Балаларсендермен сурет салған өте қызық, бірақ маған үйге бару керек.
-Себебі, гүлдерге су құятын уақыт жетіп қалды. Сау болыңдар, балалар!
«Ауладағы гүлдер» Ойын мақсаты: Логикалық ойлау, зейін салу, түстерді айыру, еске сақтау қабілеттерін дамыту. Бірдей түстерді бірлестіре жинауға дағдыландыру. Санау реттілігін дамыту. Ойынның шарты: Жасыл аулада 3гүл әртүрлі түстермен және 3 көбелек болады. Ойынға 6 бала қатысады. Әр бала өзіне 1 көбелектен таңдап түсін атайды. Әр бала өз қолындағы көбелектің түсіне сәйкес гүлдің ортасына орналастырады. Ендігі кезекте әр бала өз көбелектерін қолдарына алып, үстіндегі нүктелерін санап, гүл күлтешесінің санына байланысты тауып оның үстіне қою. Солай ойын барысында көбелектердің орындары ауысады. -Балалар сендер білесіңдер ме, жабайы және үй гүлдері болып екіге бөлінеді.
-Сол жаққа үй гүлінің, оң жағына жабайы гүлдің ерекшеліктерін білдіретін суреттерді қою. Ортасына ортақ белгілері бар суреттерді қою.
-Балалар, сендерге сабақ ұнады ма?
-Балалар бүгінгі сабақ не туралы болды?
-Бізге қонаққа кім келді?
–Барлық балаларға жақсы әсер қалдыру үшін қағаздан жасалған көбелектерді сыйлық ретінде таратып беру және мадақтау.
-Балалар осымен сабақ аяқталды. Сапқа тұрып, бізге келген қонақтармен үш тілде қоштасайық. | -Балалар бір сапқа тұрады. -Неге? - Сәлеметсіз бе?! Здравствуйте ?! Good morning?! -Балалар ортаға шығып үлкен шеңбер құрады. -Ойынды шартына байланысты ойнайды. -Көктем мезгілі -8 Наурыз –Халық аралық әйелдер күні, 22 Наурыз, 1 Мамыр –Біріккен Ұлттар Ұйымы күні, 7 Мамыр –Отан қорғаушылар күні, 9 Мамыр –Жеңіс күні. 8 Наурыз мерекесі. -Гүл сыйлаймыз. -Гүл -Балалар тәрбиешіден қайталап айтады. -Сәлеметсіз бе?! -Мұқият тыңдайды. -Гүлдің суретін саламыз. -Әрине рұқсат береміз. -Гүлдің суреттерін 1.Түсті таңдайды. 2.Кесілген картоп арқылы гүлдің суретін салады. 3. Ермексаз арқылы гүлдің суретін салады. 4.Шырын бутулкасы арқылы гүлдің суретін салады. 5.Әрбір бейнеленген гүлдің суретіне мақталы таяқшамен гүлдің сабағын суреттейді. 6.Губкамен жапырақтың ізін қалдырады. Гүл болып өсеміз Гүл болып ашыламыз Гүл болып жайқаламыз Гүл болып жабыламыз. (Хормен айтып, мағынасына байланысты қимылдайды) -Балалар ойынды шартына байланысты ойнайды. -Сурет салуды аяқтайды. -Неге? Не үшін? -Сау болыңыз! -Балалар ойынды шартына байланысты ойнайды. -Балалар мұқият тыңдайды. -Венн диаграмма тапсырмасын орындайды. -Иә, ұнады. -Гүл туралы. -Бізге қонаққа «бағбан» келді. -Балалар мәз болады. Сау болыңыздар! До свидания ! Good –bye! |