kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Проект "Здоровый ребенок"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Цели и основные задачи проекта: Формирование у детей мотивации навыков здорового образа жизни, через традиции и ценности  культуры в области здоровья

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Проект "Здоровый ребенок"»

ММ №10 «Алма» сөздері бұзылған балалар үшін арнаулы (коррекциялық)

мектепке дейінгі балалар ұйымы.







«Бояулардың көмегі- түрлі өрнек тігеді»

Шығармашылық жұмыс үлгісі





Дайындаған тәрбиеші: Атраубаева Ғ.О.







Ақтөбе қаласы2012жыл

«Шығармашылық» жұмысына қысқаша түсініктеме.

Сурет салу балалардың шығармашылық белсеніділігін көрсету үшін үлкен мүмкіндік беретін өнердің бір түрі. Сурет салу арқылы балаларды адамгершілікке, әсемдікке, сұлулыққа, жинақылыққа тәрбиелейміз.

Бейнелеу іс-әрекеті барысында тәрбиенің сенсорлық,ақыл-ой,эстетикалық,адамгершілік және еңбек пен дене тәрбиесінің

алуан түрлі жақтары жүзеге асырылады. Бала ақыл-ой операцияларының негізінде өз жұмысының нәтижесін ойша

елестетіп алып,содан кейін әрекет ете бастайды. Мектепке дейінгі тәрбиеленушінің эстетикалық дамуы оның жеке

тұлғалық мәдени базисінің құрылымын бейнелеу өнері бойынша өтетін ұйымдастырылған оқу іс-ірекеттерімен шектеліп

қана қоймай,табиғат құбылысындағы өнерді қабылдау өзіндік көркемдік әрекет процесінде өрлеуі тиіс.

Шығармашылық жұмыс жасауда жетістіктерге жету үшін қолданылатын әрбір әдіс-тәсілдер арқылы ұйымдастырылған

оқу іс-әрекеттері түрленіп өтуі, баланың жан-жақты тәрбиеленуіне ықпалын тигізеді.Соның бірі бейнелеу өнері және

оның әдістері.

Осы шығармашылық жұмыстың мақсаты-баланың қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай бейнелеу өнерінің

ерекшеліктеріне машықтандыру. Балалрдың көркемдік әсемдігін дамытуға жәрдемдесу. Шығармашылық жұмысында алынған тақырыптар балалрдың жас шамасына лайықты түрде, жүйемен топтастырылды.

Шығармашылық жұмысының үлгісі мектепке дейінгі ұйымдарда мектеп жасына дейінгі ересектер тобының балаларымен жұмыс жасайтын тәрбиешілерге көмекші құрал ретінде ұсынылып отыр.

Сурет

Тақырыбы

Бағдарлама мазмұны

Көркем сөз, дидактикалық ойын

Сағ. саны

1

Күзгі бақ

(жапырақтармен жұмыс)

Күзгі табиғаттың өзгерістерін байқай білуге және елестету арқылы жапырақтарды пайдалана отырып күзгі бақтың келбетін бейнелеуге үйрету. Көркемдік қабілеттерін дамыту. Қоршаған ортаның әсемдігін сезіне білуге тәрбиелеу.

Көркем сөз:

Биылғы жыл қоңыр күзде көп қоңыр,

Жапырақтарға кенет толып кетті өңір.

Түрлі түсті бояуларды білемін,

Ажыратам ашық күңгірт күреңді.

Дидактикалық ойын: «Суретшінің қатесі»

1

2

Аяз өрнегі

(балауызды қолдану)

Балауызды пайдаланып сурет салуға үйрету. Терезеге түскен аяз өрнегіне сәйкес түстермен бейнелеу іскерліктерін қалыптастыру. Таза, ұқыпты орындауға баулу.

Көркем сөз:

Шеберін ай аяздың,

Әйнектерді қағаз қып,

Әшекейлеп қойыпты.

Бірнеше сурет салыпты.

Дидактикалық ойын: «Ғажайып қалта»

1

3

Қарақат бұтағы

(мақталы таяқшамен бояу)

Таяқшаларды қолдану арқылы балалардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылықтарын ояту. Дәстүрден тыс әдісті пайдаланып, суретті қағаз бетіне түсіру. Балалардың табиғатқа деген қамқорлық, сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.

Көркем сөз:

Дайын қағаз,қарындашым,

Бояуды таңдап аламын.

Пісіп тұрған қарақаттың,

Суретін мен саламын.

Дидактикалық ойын: «Неге ұқсайды?»

1

4

Жайдарлы жаз

(қағазды екіге бүктеу)

Балалардың табиғат әлемінің әдемілігіне қызығушылықтарын арттыру. Бояулардың түстерін ауыстырып, қағазды екіге бүктеу әдісін қолдануды үйрету. Суреттен алған әсерлерін сөзбен жеткізе білуге баулу.

Көркем сөз:

Табиғат қандай тамаша,

Көз тартар қараса.

Қызыл жасыл төңірек,

Бейне жазған алаша.

Дидактикалықойын:«Көбелекті құрастыр»

1

5

Орман

(үрлеу әдісі)

Үрлеу әдісін қолдана отырып жаз мезгілінің көрінісін қағаз бетіне түсіруге үйрету. Көркемдік қабілеттерін дамыту. Ептілікке, шығармашылық қабілеттерін арттыруға тәрбиелеу.

Көркем сөз:

Көк орманды ауа таза, бой таза

Көк орманда адам таза, ой таза.

Орман өзін күнде таза ұстайды,

Көк орманда шаң бұрқырап ұшпайды.

Дидактикалық ойын:«Суретті біл».

1

6

Кемпірқосақ

(жіптерді пайдалану)

Кемпірқосақтың келбетін жіпті бояу арқылы бейнелеу тәсілін үйрету. Табиғат құбылыстарының әдемілігіне қызығушылықтарын арттыру. Балалардың ойлауын, қиялын дамыту.

Көркем сөз:

Келді көктем көңілді,

Көкпен бояп өңірді.

Көкжиектен кешкісін,

Кемпірқосақ көрінді.

Дидактикалық ойын: «Суретші»

1

7

Көңілді жемістер мен көкөністер

Балалардың қиялын, зейінін дамыту. Жемістер мен көкөністерді бейнелей отырып, оларға «жан» бітіруге (қол, көз, аяқ т.б) үйрету. Суреттен алған әсерлерін әңгімелей білуге баулу.

Көркем сөз:

Өрік, алма, шие, алша,

Жидек, жүзім піседі.

Қауын, қарбыз, қияр, сәбіз

Дүкендерге түседі.

Дидактикалық ойын: «Суреттей біл»

1

8

Ала сиыр

(шаблонмен жұмыс)

Балаларды айналадағы дүниенің заттық көлемін, пішінін, түсін сақтай отырып, бастыру арқылы сурет салуға дағдыландыру, үйрету. Балалардың танымдық, іскерлік, қызығушылық сезімдерін тәрбиелеу.

Көркем сөз:

Сүйсең сурет сабағын,

Шабыт берер талабың.

Бейнелейтін шындықты,

Таланттарды табамын.

Дидакткалық ойын: «Суретшінің қатесі»

1

9

Күн

(алақанмен сурет салу)

Алақанмен күннің бейнесін салу тәсілін үйрету. Шығармашылық, эстетикалық қабілеттерін дамыту. Табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Көркем сөз:

Кешкі күн

Қонды тау басына.

Төкті нұр

Құзар шың тасына.

Дидактикалық ойын: «Неге ұқсайды?»

1





Тақырыбы: «Күзгі бақ»

(жапырақтарды пайдалану)

Мақсаты: Күзгі табиғаттың өзгерістерін байқай білуге және елестету арқылы жапырақтарды пайдалана отырып, күзгі бақтың келбетін бейнелеуге үйрету. Көркемдік қабілеттерін дамыту. Қоршаған ортаның әсемдігін сезіне білуге тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: Үлгі сурет, бояулар, су ыдысы, қол орамал, қылқалам, жапырақтар.

Жапырақпен жұмыс жасау үлгісі:

  • Ыдысқа жасыл, сары түсті бояулар езіледі,

  • Түрлі пішінді жапырақтар таңдап алынады.

  • Жапырақтардың бетіне жасыл, саы түсті бояу жағылады.

  • Жапырақтарды қағаз етіне ретімен бастыру арқылы талдың бейнесін салу.

  • Талдың діңін қылқаламмен салуға болады.

Көркем сөз: Жайдарлы күз, жарқын күз,

Аяулы күз, алтын күз.

Дәнге толы ен далам,

Дариядай жарқын күз.

Сергіту жаттығуы: Алтын сары күз келді, (екі қолды жоғары көтеру)

Жел мен жаңбыр алып келді. (қолды жоғары шайқап, екі жанға сілку)

Тырс,тырс, тырс, (қолды шапалақтау)

Жел мен жаңбыр алып келді. (қолды жоғары көтеріп шайқап, екі жанына сілку)

Дидактикалық ойын: «Жапырағына қарай ажырат».

Ойынның мақсаты: есте сақтау қабілетін дамыту.

Ойынның мазмұны: үстел үстіне бірнеше жапырақтар түрлері қойылады. Бала жапырақтың пішініне, түсіне қарай ажыратып, қай талдың жапырағы екенін табады.

Ескерту: Ойын кезінде балаларға таныс талдардың жапырақтары алынады.

Тақырыбы: «Аяз өрнегі»

(балауызды қолдану)

Мақсаты: Балауызды пайдаланып сурет салуға үйрету. Терезеге түскен аяз өрнегін сәйкес түстермен бейнелеу іскерліктерін қалыптастыру. Таза, ұқыпты орындауға баулу.

Қажетті құралдар: Үлгі сурет, бояулар, су ыдысы, қол орамал, қылқалам, балауыз немесе кепкен сабын.

Балауызбен жұмыс жасау үлгісі:

  • Ыдысқа көк немесе күлгін түсті бояу езіледі.

  • Ақ қағаз бетіне балауызбен өрнектердің түрлері салынады.

  • Қылқаламмен қағаз бетінің ашық жерін қалдырмай боялады.

  • Артық бояу кепкен соң, аяз өрнектері білініп тұрады.

Көркем сөз: Аяз қысып,

Өрнек сызып,

Терезеңді торлайды.

Бөбектерім айтындаршы,

Бұл қай кезде болады? (Қыста)

Сергіту жаттығуы: Ал, балалар, балалар!, (шеңберге тұрады)

Аппақ қылып өңірді, (қолдарын жанына жаяды)

Қар жауады.(қолдарын жоғарыдан төменге сермейді)

Қар жауады.

Көңілді балалар, (қосаяқтап орындарында секіреді)

Қызығып секірді, секірді.

Дидактикалық ойын: «Қиялындағы сурет».

Ойынның мақсаты: қиялын дамыту, өзара қарым-қатынасты жақсарту.

Ойынның мазмұны:Балалар шеңбер құрып тұрады. Әр қайсысының қолында таза, ақ қағаз болады. Бірінші ойыншы өзінің қағазының бетінен не көріп тұрғанын айтады. Екінші ойыншы оны толықтырады. Үшінші ойыншы екінші ойыншыны толықтырады. Барлығы өз ойын айтып болған соң, суреттеу аяқталады. Осыдан кейін ойыншылар өз қағаздарындағы суреттерін елестетуге тырысады. Барлық суреттерді талқылағаннан кейін жеңімпаз танылады.

Тақырыбы: «Қарақат бұтағы»

Мақсаты:Дәстүрден тыс әдісті пайдалану арқылы балалардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылықтарын ояту. Мақталы таяқшаларды пайдаланып, суретті қағаз бетіне түсіру. Балалардың табиғат әсемдігіне деген қамқорлық, сүйіспеншілік сезімдеріне тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: Үлгі сурет, бояулар, су ыдысы, қол орамал, қылқалам, , мақталы таяқшалар.

Мақталы таяқшалармен жұмыс істеу үлгісі:

  • Жай қарындашпен қарақаттың сабағының пішіні салынады.

  • Сабақтың төменгі жағынан бірнеше кішкентай бұтақтар салынады.

  • Қылқаламды жасыл түсті бояуға батырып, салынған сурет боялады.

  • Мақталы таяқшамен бөлінген кішкентай бұтақтар бойына нүктелерді түрту арқылы қара түсті қарақаттар салынады.

  • Сабақтың жоғарғы жағына қылқаламмен жапырақтарды бейнелеуге болады.

Көркем сөз:Аулада бар бүлдірген,

Жалықпа тер бір-бірден.

Қышқылтым тәтті қарақат,

Қарақат теру рақат-ақ!

Сергіту жаттығуы: Дайын қағаз, қарандаш, (екі қолды алдына жаю)

Бояуды таңдап аламын. (оң қолды созу)

Пісіп тұрған қарақаттың,(сол қолды жоғары созу)

Суретін мен саламын. (сурет салынған бейне жасау)

Дидактикалық ойын: «Неге ұқсайды?».

Ойынның мақсаты: Сенсорлық операцияларын, көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту.Ойынның мазмұны: Үстел үстінде бірнеше жемістердің бейнесі (муляж) қойылады. Бала олардың қасиетін атап, неге ұқсас екенін табады.

Тақырыбы: «Жайдарлы жаз»

(қағазды екіге бүктеу)

Мақсаты: Балалардың табиғат әлемінің әдемілігіне қызығушылықтарын арттыру. Бояулардың түстерін ауыстырып, қағазды екіге бүктеу әдісін қолдануды үйрету. Суреттен алған әсерлерін сөзбен жеткізе білуге баулу.

Қажетті құралдар: Үлгі сурет, бояулар, су ыдысы, қол орамал, қылқалам.

Жұмыс жасау үлгісі:

  • Қағазды екіге бүктеу.

  • Бүктелген қағазды жазып, төменгі бөлігін көк түспен бояу.

  • Жоғарғы бөлігіне күннің, талдардың, бұлттың суретін салу.

  • Суретті салып болған соң, қағаздың екі бөлігін беттестіріп, сыртынан ысқылау.

  • Қағазды қайтадан жазып, жоғары бөлігіндегі суретті қайталап бояу.

Ескерту: Жұмыс барысында бояулардың сулы болғаны жақсы. Бояулар кеппей тұрып, шапшаң қимылдау керек.

Көркем сөз: Табиғат қандай тамаша,

Көз тартар қараса.

Қызыл жасыл төңірек,

Бейне жайған алаша.

Сергіту жаттығуы: Тербеледі ағаштар, (қолды тербелету)

Алға артқа шайқала. (алға артқа жылжыту)

Қызғалдақтар жайқала, (қолды көтеріп ырғалу)

Қандай әсем айнала. (екі жаққа созу)

Дидактикалық ойын: «Суретті аяқта».

Ойынның мақсаты: Қиялдарын дамыту, қол қимылдарына арналған қарапайым жаттығулар жүргізу.

Ойынның мазмұны: Балаларға Дымбілместің қонаққа келетіні хабарланады. Оның балаларға сурет салғысы келетінін, бірақ жетекші не салғысы келетінін ұмытып қалғынын айтады. Оған көмектесіп, суретті аяқтауды ұсынады. «Сиқырлы теңіз», «Сыйқырлы орман» үлгіде тақырыптық сурет салуға арналған бірнеше элементтер беріледі.

Тақырыбы: «Орман»

(түтікшемен үрлеу)

Мақсаты:Үрлеу әдісін қолдана отырып жаз мезгілінің көрінісін қағаз бетіне түсіруге үйрету. Көркемдік қасиеттерін дамыту. Ептілікке, шығармашылық қабілеттерін арттыруға тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: Үлгі сурет, бояулар, су ыдысы, қол орамал, үрлеу түтікшесі.

Үрлеу әдісінің үлгісі:

  • Әр ыдысқа қажетті бояу түстері (сары, жасыл, қызыл, қоңыр, көк) езіледі.

  • Қағаз бетіне сурет бейнесіне қарай түсті бояулар құйылады.

  • Түтікшені үрлеу арқылы қажетті бейнелерді шығару

  • Қағазды (суретті) кептіру қажет.

Көркем сөз:Көк орманды ауа таза, бой таза,

Көк орманда адам таза, ой таза.

Орман өзін күнде таза ұстайды,

Көк орманда шаң бұрқырап ұшпайды.

Сергіту жаттығуы: Орманға біз барамыз, (орманда тұрып жүру)

Қолға себет аламыз (иіліп қимыл жасау)

Жидектерді көп теріп (қолды уыстап ұстау)

Себеттерге саламыз.

Дидактикалық ойын: «Суретті біл».

Ойынның мақсаты: балалардың тіл байлығын жетілдіру, елестету.

Ойынның мазмұны:Бір баланың көзін байлап, алдыға шығарып отырған балаларға аңдардың суреттерін көрсетеді. Отырған балалар оған сөзбер сипаттап береді. Мысалы: құйрығы ұзын әрі үлпілдек, терісінің түсі қызғылт сары, құлақтары тік, (түлкі)т.с.с. Алдағы шыққан бала сипатталған затты айтады. Егер шешімі дұрыс табылса, басқа баламен ойын жалғастырылады.



Тақырыбы: «Кемпірқосақ»

(жіпті пайдалану)

Мақсаты: Жіптерді бояуға батырып, қағазды бүктеу арқылы кемпірқосақтың бейнесін салуды үйрету.Табиғат құбылыстарының әсемдігіне қызығушылықтарын арттыру. Балалардың ойларын, қиялын дамыту.

Қажетті құралдар: Бояулар, жіптер (ұзындығы 6-7 см) су ыдысы, қол орамал, мақталы таяқшалар.

Жіппен бейнелеу әдісі:

  • Қажетті түстерді әр ыдысқа езу.

  • Қағазды екіге бүктеу. (оңнан солға қарай)

  • Екіге бөлінген қағаз бетінің сол жақ бөлігінен бояуға батырылған жіптерді мақталы таяқшалардың көмегімен қиғаштап орналастыру.

  • Жіптерді бір жақ ұшы бояуға батырылмайды.

  • Жіптерді орналастырып болған соң, қағаздың оң жақ бөлігін жауып, сыртынан алақанмен ысқылау.

  • Қағазды жазып, жіптерді алып, бояуды кептіру керек.

Көркем сөз: Келді көктем көңілді,

Көкпен бояп өңірді.

Көкжиектен кешкісін,

Кемпірқосақ көрінді.

Сергіту жаттығуы: Орнымыздан тұрамыз, (орындарынан тұрады)

Қолды белге қоямыз (қолдарын белдеріне қояды)

Оңға, солға иіліп, (оңға, солға иіледі)

Белімізді жазамыз. (тіктеп тұрады)

Дидактикалық ойын: «Кемпірқосақтың түсін ажырат».

Ойынның мақсаты: Балаларды зейінділікке, түстерді айыра білуге үйрету.

Ойынның мазмұны: Үстел үстіне жеті түрлі (қызыл, қызғылтсары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін) қағаз жолақтары қойылады. Қағаз жолақтарының орындары ауыстырылып қойылады. Балалар кемпірқосақтың түстерінің орналасуы ретіне қарай құрады.



Тақырыбы: «Көңілді жемістер мен көкөністер»

Мақсаты:Балалардың қиялын, зейінін дамыту. Жемістер мен көкөністерді бейнелей отырып, оларға «жан» бітіруге (қол, көз, аяқ, т.б)үйрету. Суреттен алған әсерлерін әңгімелей білуге баулу.

Қажетті құралдар: Үлгі сурет, бояулар, су ыдысы, қол орамал, қылқалам, жай қарандаш, мақталы таяқшалар.

Үрлеу әдісінің үлгісі:

  • Жай қарандашпен қағаз бетіне жемістер мен көкөністер (шие, алма, сәбіз, жуа) суреттері салынады.

  • Бейнеленген жемістер мен көкөністерге «қол, аяқ, көз, мұрын, ауыз, құлақтары» салынады.

  • Жемістер мен көкөністер қажетті бояу түстерімен боялады.

Көркем сөз:Пісіп тұрған алманың

Тамсандырар бал дәмі.

Жерге сілкі түсірме,

Ісіп кетер маңдайың.

Сергіту жаттығуы: Алма баққа барайық, (орнында тұрып жүру)

Алма теріп алайық, (алма теру қимылын жасайды)

Қол жетпесе алмаға (оң қолды көтеріп секіру)

Секіріп қол созайық(екі қолды жоғары көтеріп секіру)

Дидактикалық ойын: «Көкөніс пе, жеміс пе?».

Ойынның мақсаты: Сұрақтарға толық жауап бере білуге жаттықтыру. Зейінін дамытып, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Ойынның мазмұны:Балаларға көкөніс пен жемістің пішіні, дәмі, түрі, түсі жайлы айтылады. Мысалы: пішіні дөңгелек, түсі сары, қызыл, жасыл болады, дәмі тәтті. Осындай атаулар арқылы балалар не екендігін табады.





Тақырыбы: «Ала сиыр»

(шаблонмен жұмыс)

Мақсаты: Балаларды айналадағы дүниенің заттық көлемін, пішінін, түсін сақтай отырып, бастыру арқылы сурет салуға дағдыландыру, үйрету. Балалардың танымдық, іскерлік, қызығушылық сезімдерін тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: Үлгі сурет, бояулар, су ыдысы, қол орамал, қол сүлгілері, қатты қағаздан қиылған геометриялық пішіндер, қылқалам.

Үрлеу әдісінің үлгісі:

  • Сурет мазмұнын ойластыру.

  • Бұл әдіспен сурет салмас бұрын, қандай геометриялық пішіндерді қолдану керектігін құрастыру қажет.

  • Қатты қағаздан қиылған геометриялық пішіндерді жай қарындашпен бастыру арқылы ойластырылған суретті салу.

  • Дайын суретті қылқаламмен бояу.

Көркем сөз: Сүйсең сурет сабағын,

Шабыт берер талабың.

Бейнелейтін шындықты,

Таланттарды табамын.

Сергіту жаттығуы: Қане, қане, тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Оң жақтағы балаға,

Сол жақтағы балаға,

Шапалақ та, шапалақ,

Шапалақ та, шапалақ.

(Балалар шеңберге тұрып, бір-біріне екі бала алақанын түйістіреді).

Дидактикалық ойын: «Суретшінің қатесі».

Ойынның мақсаты: Балаларды ұқыптылыққа, зейінділікке тәрбиелеу. Бояу түстерін ажырата білуге үйрету.

Ойынның мазмұны: Тақтаға пішінді де, бояу түстерін де айырмашылықтары бар ұқсас екі сурет ілінеді. Балалар суреттерге қарап, суретшінің қатесін табады.

Тақырыбы: «Күн»

(алақанмен жұмыс)

Мақсаты: Алақанмен күннің бейнесін салу тәсілін үйрету. Дәстүрден тыс сурет салу әдістері арқылы балалар шеберлігін, қиялын дамыту.

Қажетті құралдар: Үлгі сурет, бояулар, су ыдысы, қол орамал, қылқалам.

Алақанмен сурет салу үлгісі:

  • Сары түсті бояуды сұйықтай етіп езу.

  • Қылқаламмен сол жақ қодың алақанын сары түсті бояумен толықтай бояп, қағаз бетіне бірнеше рет бастыру.

  • Жұмыс аяқталған соң, алақанды сүлгімен сүртіп, жуады.

Көркем сөз: Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылып.

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

Сергіту жаттығуы: Арнайы таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жадырайды жүзіміз,

Жарқырайды тобымыз.

Дидактикалық ойын: «Арқаға сурет салу».

Ойынның мақсаты: тері арқылы сезу қабілеттерін қарым-қатынас белсенділіктерін дамыту.

Ойынның мазмұны: Балалар екі екіден жұптасады. Әр өзінің жұбының арқасына геометриялық пішіндер, қарапайым бейнелер суреттерін салады. Әр бала арқасына қандай сурет салғанын табады.






































Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Бейнелеу өнері(әдістемелік нүсқау) Алматы,2009ж.

2.Мектепке дейінгі тәрбие беру ұйымдарындағы жаңаша жұмыс үлгілері(әдістемелік жинағы) Ақтобе-2011ж.

3. «Отбасы және балабақша» журналы №6,2008ж.

4. «Бейнелеу өнері»(Дидактикалық материал) «Алматы кітап».

5. «Бейнелеу өнерінің сиқырлы әлеміне саяхат»М.И.Нүсіпбекова (триз).

6. «Біз мектепке барамыз»мектепке дейінгі ересек жастағы (5-6арналған) балаларды тәрбиелеу оқыту бағдарламасы.

7. «Дамытушы ойындар» Ақтөбе,2010ж.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Презентации

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Проект "Здоровый ребенок"

Автор: Макеева Асем Оралбековна

Дата: 08.02.2017

Номер свидетельства: 389391

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(108) "Педагогический проект "Здоровый ребенок - здоровый ученик" "
    ["seo_title"] => string(64) "piedaghoghichieskii-proiekt-zdorovyi-riebienok-zdorovyi-uchienik"
    ["file_id"] => string(6) "232120"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1442755524"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Проект "Здоровье всего дороже""
    ["seo_title"] => string(34) "proiekt-zdorov-ie-vsiegho-dorozhie"
    ["file_id"] => string(6) "261446"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449140350"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(97) "Познавательный проект "Зимняя прогулка для здоровья""
    ["seo_title"] => string(57) "poznavatiel-nyi-proiekt-zimniaia-proghulka-dlia-zdorov-ia"
    ["file_id"] => string(6) "266935"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1450274785"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "Проект " Я расту здоровым""
    ["seo_title"] => string(25) "proiekt-ia-rastu-zdorovym"
    ["file_id"] => string(6) "296675"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1456063895"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(134) "Краткосрочный  познавательно- творческий проект  «Витаминка и ее друзья»"
    ["seo_title"] => string(75) "kratkosrochnyi-poznavatiel-no-tvorchieskii-proiekt-vitaminka-i-ieie-druz-ia"
    ["file_id"] => string(6) "268427"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1450626506"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства