Просмотр содержимого документа
«Презентация "Туған тілім"»
Қош келдіңіздер!
“Жас Ұлан” балалар ұйымы
ТУҒАН ТІЛІМ –
АЙБЫНЫМ
Сүйемін туған тілді – анам тілін,Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.Шыр етіп жерге түскен минутымнанҚұлағыма сіңірген таныс үнім.
Ана тілім,Жүрегісің анамның.Жүрек-ана,Мен өзіңнен жаралдым.Сағат сайын саулығыңды тілеймін,Сенсіз мынау керегі не ғаламның?!
Туған тілім –
айбыным
Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады, әрбір ұлттың ең үлкен, ең негізгі анасы –туған тілі болып саналады.
Елбасы Н. Назарбаевтың 1998 жылғы 20 қаңтардағы жарлығына сәйкес «22 қыркүйек - Қазақстан халықтарының тілдер күні» ретінде аталады.
Әр елдің өз Отаны, өз тілі бар.
Біздің Отанымыз –Қазақстан.
Біздің ана тіліміз –қазақ тілі.Қазақ тілі – Қазақстан Республикасыныңмемлекеттік тілі.
АНА ТІЛІҢ – АРЫҢ БҰЛ
Ана тілің біліп қой -Еркіндігің, теңдігің.Ана тілің біліп қой,Мақтанышың, елдігің.Ана тілің – арың бұл,Ұятың боп тұр бетте.Өзге тілдің бәрін біл,Өз тіліңді құрметте!
Қадыр Мырза Әлі
1935-2011
Халық даналығы
Ана тілің алпыс тілге татиды.
Тіл – ақылдың өлшемі.
Тіл мәртебесі - ел мәртебесі.
Тіл - достықтың алтын көпірі.
Тіл - ұлттың сүйенетін тамыры, сыйынатын тәңірі.
Тілі өлген ел - тірі өлген ел.
Халық даналығы
Өз тілің - бірлік үшін,
Өзге тілің - тірлік үшін.
Тіл сүйексіз болса да, сүйектен өтеді.
Жақсы тауып айтар, жаман қауып айтар.
Тіл жүйрік емес, ой жүйрік
Сөз қадірін білмеген - өз қадірін білмейді.
Ми ойлағанды тіл тындырады.
Ақыл-ойын дананың,Ана тілден аламын.Ана тілі ардақтыАқ сүтіндей ананың.
Өсірген ой-білімді,Сүйем туған тілімді.Мақсат етем әр сөздіңМәнін терең білуді
Биыл еліміз егемендік алып, еңсесін тіктеп, тәуелсіз ел болғанына 25 жыл толады. «Тіл жоқ жерде ұлт жоқ» дейді Шыңғыс Айтматов. Сондықтан, еліміздің егемендігі ұзақ та баянды болуы үшін барлығымыз атсалысайық!
Туған тілім тірлігімнің айғағы
Тілім барда айтылар сөз ойдағы
Өссе тілім, мен де бірге өсемін
Өшсе тілім мен де бірге өшемін
Әбділдә Тәжібаев
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Елімізде тұрып жатқан ұлттар мен ұлыстар да қазақ тілін қадірлеп, қастерлеуі тиіс.
Қазақстан Республикасын мекен еткен 130-дан астам ұлт өкілі күні бүгінге дейін бір үйдің баласындай тату-тәтті жарасымды өмір сүріп келеді.
Қазақта «Отаны бірдің – тілегі бір, жүрегі бір» деген жақсы сөз бар. Біз – бірнеше ұлттар мен ұлыстарды біріктіріп, дүние жүзі мойындап отырған елміз.
«Көп ұлтты болуымыз – біздің байлығымыз, мақтанышымыз...Тату елге тыныштық орнайды, бейбiт елде ғана береке болады...» деп атап өткен болатын Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы НАЗАРБАЕВ.