Білімділік: Көктем мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру. Жыл мезгілдерін ажырата білуге дағдыландыру. Ағаштардың пайдасы туралы кеңірек түсінік беру.Орманда жүру ережелерін үйрету.
Дамытушылық: Көктем мезгілі туралы білім бере отырып, ағаштар туралы берілген сұрақтарға толық әрі нақты жауап беру дағдысын қалыптастыру.
Сөйлеу мәдениетін, тілдік қорын байыту арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету, дидактикалық ойындар арқылы логикалық ойларын дамыту.
Тәрбиелік: Табиғатты сүюге, одан ләззат алуға тәрбиелеу. Балаларды адамгершілікке, инабаттылыққа, ұқыптылыққа, табиғатты қорғай білуге және дидактикалық ойындар арқылы ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.