Ынталандыру Сезімді ояту | «Шаттық шеңбері» - Балалар мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Арайлап таң атты , Алтын шуақ таратты. Қайырлы таң балалар , Қайырлы таң апайлар . - Балалар келген қонақтармен амандасып алайық. Дидактикалық ойын. «Бұл қай мезгіл?» Таңғажайып сәт: Балалар , экранға назар аударайықшы . Көктем мезгілінің көрінісін көрейік. Сұрақ –жауап -Балалар, қай жыл мезгілі бейнеленген ? -Көктем мезгілі екенін қайдан білдіңдер? -Көктем мезгілінде неше ай бар? -Көктемде табиғатта қандай ерекшеліктер болады? | Балалар шаттық шеңберіне тұрып өлең жолдарын қайталайды. Балалар ойын ойнайды. Көктем . Наурыз – көктем мезгілінің алғашқы айы. 3 ай Күн жылынады.Құстар ұшып келеді. |
Ұйымдастырушы- ізденуші | Жұмбақ жасыру: Өзі сондай нәзік, Су құйсаң кетеді, Алақанын жайып. -Өте жақсы, балалар. Көктемде күн жылынады, ағаштар бүршік жарады, гүлдер өсіп шығады, құстар ұшып келеді, жәндіктер, жануарлар оянады. Көктемде ең алғашқы гүлдейтін гүлрер – бәйшешек,қызғалдақ. Балалардың ойы тыңдалады. Қостілділік компонент:Көктем-весне, гүл-цветок. Көктемгі гүлдердің бірі- қызғалдақты бейнелейтіндерін айтады, дымқыл қылқаламмен сурет салу әдісін таныстырады: - Қызғалдақты салғанда жоғарыдан төмен қарай доға тәрізді, ұзынырақ қисық сызық жүргізіп аламыз, оның жоғарғы бөлігінен төмен қарай қисық сызық сызамыз. Жоғары қарай үшбұрыш жасай отырып ортаңғы күлте жапырағы және шеткі бөлігін қисық сызық арқылы қосамыз. - Өздері таңдаған бояумен бояп алған соң сабағы және жапырағын саламыз. Сергіту сәті: Біз гүлдердей өсеміз, Жапырағы жайқалған. Сабақтары салалы, Желге ырғалып шайқалған. |
-Гүл
Балалар қайталайды:Көктем-весне, гүл-цветок.
Салыну жолымен танысып, гүлдің ерекшеліктеріне көңіл аударып, қылқаламды жеңіл қозғалыста ұстап, бейнені нақты беруге тырысады, сабағын түзу сызықпен сызу арқылы салады, жоғарғы бөлігіне (үшбұрышқа, сопақшаға т.б. ұқсайтын) гүлін салып, сосын жапырақтарын салады, бояйды.
Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды. |
Рефлексті түзету | -Балалар қызғалдақтың түсі қандай? -Жылдың қай мезгілі? -Көктемде табиғатта қандай ерекшеліктер болады? -Көктемде алғашқы шығатын гүл қалай аталады? -Ненің суретін салдық? Балалардың салған суретін тамашалап, мақтайды- мадақтайды. Балаларға жұмыстары туралы әңгімелетеді. Балалар сіздер бүгінгі оқу іс -әрекетіне өте жақсы қатысқандарың үшін сіздерге бестік бағасының орнына жұлдызша беремін . Балаларды мадақтап оқу іс-әрекетін аяқтау. | Салған суреттеріне өздері баға береді, әңгімелейді. |