kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеу тілін дамыту

Нажмите, чтобы узнать подробности

халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеу тілін дамыту

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеу тілін дамыту»

Халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеу тілін дамыту

 

                                                                        

Қазақ халқының бай салт-дәстүрі мен әдебиетінің келер ұрпаққа берер тәрбиесі көп. Соның ішінде халық ауыз әдебиетінің маңызы ерекше. Жазу-сызу болмаған кезде халықтың ой-арманынан шыққан әңгімелер, жұмбақтап айтқан сырлары, тілдерін ұштаған жаңылтпаштар, өткір тіл, ұшқыр ойдан шыққан мақал-мәтелдер, қиял ғажайып ертегілер, т.б. баланың тілін, ой-өрісін дамытуда  ерекше роль  атқарады. Балалар ертегі тыңдап,бір-біріне жұмбақ жасырғандығы жаңылып жаңылтпаш айтқанды, тұрмыс-салт жырларын тындағанды ұнатады.

Халық ауыз әдебиетінің салалары көп.Олар:ертегілер, жырлар, мақал-мәтелдер,жұмбақтар, жаңылтпаштар, т.б. Осы салаларды балалардың жас ерекшеліктеріне қарай және оларды жалықтырып алмайтындай етіп, сана-сезіміне әсер ету арқылы қызықтыра отырып, бойларына сіңіру әрі олардың тілдерін дамыту үлкен жауапкершілікті талап етері хақ. Өйткені сәби жастан бастап балаларға ертегі тыңдатып, халық ауыз әдебиетімен сусындату келешек ұрпақтың ойының ұшқырлығына, тілінің байлығына, сана-сезімінің өсіп дамуына көп әсерін тигізеді .

Мақал-мәтелдер, ойға түрткі салатын сыр сандықты жұмбақтар, қиыннан қиыстырылған жаңылтпаштар-бәрі де балабақшада бала тілінің дамуына әсері мол. 

Халық ауыз әдебиетінің ең бір саласы – ертегі. Балалардың тілін дамытуда ертегілерді әңгімелеу, оны кейіптендіру, баланы сөйлемді  байланыстырып сөйлеуге үйретеді. Ертегісіз балалар арасындағы интеллектуалдың өзара қарым-қатынастарды түсіну мүмкін емес, ертегіге әуестенбейінше ұжымдық күйініш-сүйініш болмақ емес, ертегі туындамайынша оймен шабыттанған қуаныш балаға ұғынықсыз.

Ертегі -бұл ойлау ләззаты, ал ертегі шығара отырып, баланың ойлауға өз қабілетін  орнықтырады, сол арқылы өзінің ар-намыс сезімін орнықтырады.

Қазақ халық ертегілері мейірімділікке, адалдыққа, әділеттікке, еңбексүйгіштікке, тазалыққа, достыққа, әдептілікке үйретеді. Жамандықтан, қулықтан, өтіріктен, зұлымдықтан аулақ болуға тәрбиелеу жолын алға қояды. Әрдайым татулық, бірлік, ынтымақ жеңетінін көрсетеді. [2, с.128].

Батырлар ертегілер мен батырлар жыры ел қорғау жолындағы батырлардың ерлік істерін дәріптей отырып, ел бірлігі мен жұрт тыныштығын сақтап қорғау азаматтық парыз екенін нықтап, жас ұрпақты елжандылыққа, Отансүйгіштікке тәрбиелейді.

Мектепке дейінгі балаларды жан-жақты жетілдіре тәрбиелеуде ауыз әдебиеті үлгілерінің барлық жанр түрлерін қолданудың білімділкте, тәрбиелікте мәнінің зор екені сөзсіз.

Халық ауыз әдебиетінің ең ескі түрінің бірі -жұмбақтар. Жұмбақтар- ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан бір түрі.Ол баланы жастайынан қиялдай білуге, қоршаған ортаны бақылап, тапқырлыққа баулуды көздейді. Мысалы:  

Тұмсығы қашау,

Кәсібі ұя жасау.

Ағаштан қорғап,

                   Зиянкестерді асау (тоқылдақ)

   Халық ауыз әдебиетінің бір саласы – жаңылтпаш.   Қазақ  халқы  баланың  тілін  ұстарту  үшін  оған  сөз  үйретіп,  дүниетанымын  дамыту  мақсатында  жаңылтпаштар  ойлап  шығарған. Сәбидің  тілі  шығып алғашқы  сөздерді  айта  бастағанда  кейбір  дыбыстарды айта  алмай  қиналады. Тілін  мүкістендірмей, мүдірмей сөйлеу  үшін  қиналып  айтатын дыбыстарды  және  сол  кездесетін  сөздерді  жиі-жиі  айтқызып,  жаңылмай  айтуға  жаттықтырған  жөн.  Сонда  ғана  бала  өз  ойын  толық,  жүйелі  жеткізе  алатын  болады. Жаңылтпаштарды  жатқа,  мүдірмей  айту  арқылы  баланың  сөздік  қоры  байып,  ой- қиялы  дамиды. Халық  жаңылтпашты  бала  тіліндегі мүкістікке  байланысты  шығарған.  Мысалы: «с» мен «ш»  дыбысын  дұрыс  ажыратып  айту  үшін:

Шеше, неше

Кесе  сынды кеше,

Сондай-ақ,  осы дыбысты шатыстырмай айтуға  үйретуге  байланысты

Торта  қойдым,  орта  ойдым

Орта  қойдым,  жорта  қойдым.

Деген  сияқты  көптеген  жаңылтпашрады  айтуға  болады. Жаңылтпашты  айтқызуда  алдымен  оны  жаңылмай  тез  әрі  бірнеше  рет  қайталау  қажеттігін  ескерген  жөн.  Баланың  тілін  дамытып,  ойлау  қабілетін  арттыру  үшін  бірнеше  әр  түрлі  дыбысқа  байланысы  білетін  жаңылтпаштарын  жатқа  айтқызу  керек  Бұл  жастағы балалар  неғұрлым  жаңылтпашты  көп  білсе,  соғырлым  олардың  тілі  тез  ширап,  дыбыстарды  анық  айтатын  болады. Дыбыстарды  анық,  дұрыс  айта  алса,  сөзді  дұрыс  айтып,  оның  мағынасын  меңгереді.  Сонымен  қатар  сөздерді  бұрмалап  айтпау  үшін ойын  айқын  да  дәл  сөйлеуге  жаттықтырады. Жаңылтпаштардың  әр  сөйлеміндегі  баланың  тілі  келіңкіремейтін  сол «р», «с» дыбысының  әлденеше  рет  қайталанып  келуін  қарастырған. Жаңылтпаш  тіпті математика оқу – іс әрекетінде сандар жайлы түсініктерін толықтыруда сандарды қайталау барысында мына жаңылтпаш өте тиімді.

Арқада алты арқар бар,
Қырқада қырық арқар бар.
Қырық арқарда ақ арқар бар.
Алты арқарда марқа арқар бар.

оқу іс-әрекетінде , үй жануарлары жайлы түсінік беріп, қорытынды барысында:

Қапыда ит қапты, 
Қатты қапты, 
Қапты қатты.

        Жаңылтпаш  баланы  дұрыс  сөйлеуге  үйретумен  қатар, оларды  айналасындағы  неше  алуан  көріністермен,  өмірмен  таныстырады. Балаларды  жалықтырмау  үшін жаңылтпаштың  сөздері қызықты, күлдіргі  және  ұйқасты  болып  келеді. Балалардың  жаттап  айтуына  оңай  да  жеңіл  тиеді. Жаңылтпаш  баланы  дұрыс  сөйлеуге үйретумен  бірге  дұрыс  шешім  қабылдауға  дағдыландырады.

   Мақал – мәтел, нақыл сөздер  - халықтың ұзақ уақыт бойы адамдардың іс-әрекеті, мінез – құлқы жасалған байқауларынан туған дана сөздері. Бұлар баланың тілін дамыты, ақылды, мағыналы, тәрбиелі сөздерді еске сақтауға, сөздің мағынасын түсініп оны жатқа айтуға және үйренген сөздерді күнделікті өмірде қолдана білуге қалыптастырады. Мақал – мәтелдің әр сөзін түсінетіндей етіп мәнерлеп, сөз ырғағына салып айтқан жөн. Мақал – мәтел барлық оқу іс-әрекетінде және оқу іс-әрекетінде тыс уақытқа тәрбие ішінде қолданған тиімді.
Мысалы тамақ ішер кезде өте тиімді. «Ас атасы-нан», «Ас адамның арқауы».

  «Дені саудың-жаны сау» мақалы денсаулықтың адамға қандай  қажет екенін түсіндірсе, баланың сөздік қорын дамытып, оның сөйлеуге тілін жаттықтырады. Халық ауыз әдебиетінің бала тілін дамытуда халық арасында кеңінен дамыған қимыл ойындарында алатын орындары ерекше. Ойында тапқырлық, шапшандық, батылдық қасиетімен, ойынмен балалар тәрбиесіндегі алатын орнын жақсы білген халқымыз «Ақ серке, көк серке», «Қуыр, қуыр, қуырмаш», «Тәй-тәй», «Соқыр теке» ойындарын ойлап тапқан, ойындарда ауыз әдебиетінің үлгілері кеңінен пайдаланып, баланың тілінің дамуына сөйлемді байланыстыра  сөйлеуге үйретеді.

Орыс педогогы В.А. Сухомлинский: «Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл ойдың қалыптасуы мүмкін де емес. Баланы тапқырлыққа, өжеттікке, батылдыққа, шапшаңдыққа, ептілікке, байсалдыққа үйрететін де осы ойын» деген екен. Сонымен баланың бірінші әрекеті ойын болғандықтан «Ойын бала өмірінің ажырамас бөлігі» деп толық айта аламыз.

 Ойын не үшін қажет? деген сұраққа елге танымал, атақты психологтар өз еңбектерінде былай деп жауап береді:

Біріншіден: Әйгілі психолог А. Н. Леоньевтің айтуы бойынша: «Ойын іс әрекеттігі әдептілікке үйрену мектебі болып табылады».

Мысалы: балаға жақсы мен жаман дегеніміз не екендігін қанша айтып түсідірсен де түсінбейді, ал егер ертегі немесе ойын үстінде кейіпкер рөліне еніп, эмоциялық жай күйін сезініп, соған бала  үйренеді, әрі түсінеді.

Екіншіден: «Ойын мінез құлықтың ырықты дамуының алғашқы баспалдағы, мектебі» дейді бала психологы Д.Б. Эльконин.

Мысалы, егер баланы жай кезде тік тұрғызып қойсаныз 2-3минутта тұрмайды, ал егер ойын үстінде айтсаңыз тіпті тіл алмайтын баланың өзі тік тұрып қалады. Осы тұста ойын өзінің көздеген мақсатына жетеді.

Ұлы педогог В. Сухомлинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз, толық мәніндегі ақыл -ой тәрбиесі болмайды» дейді.

Сол себептен балабақшада ұлттық ойындарды ойнату яғни «Асық ойыны», «Аударыспақ», «Қыз қуу», «Күрес», «Теңге алу», «Көкпар», «Арқан тарту», «Жамбы ату»,«Хан талапай», «Сиқырлы қоржын», «Соқыр теке»,«Тақия тастамақ» т.б. ойындары балаларды байқағыштыққа, қырағылыққа, батылдыққа, ептілікке, шапшаңдыққа баулиды. [2, с.224].

«Балабақшада оқыту және тәрбиелеу программасында» 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға әдеби шығармаларды оқу, тіл дамыту жұмысы үшін арнайы бөлім, 2-ден 3 жасқа, 3-тен 4 жасқа дейінгі балаларға халық ауыз әдебиеті үлгілерінен «Бесік жыры» сияқты ойнақы өлеңдер, санамақтар берілді. Көркем шығармаларды тыңдауға бала сәби кезінен-ақ құмартып, қызығады. Қысқа ертегі, өлең оқып берсе, тез жаттап алады. Жаттау арқылы оның тілі жетіледі. Әдеби кейіпкерлердің жақсы ісіне сүйсінеді, жаманынан жиренеді – бойын қорқыныш билейді. Сәбилерде жақсы және жаман іс-әрекет жөнінде түсінік пайда болады. Сөйлеу тілі жетіле түседі. Ал тілінің дамуы – баланың бойында қабылдай-ести білу сияқты психологиялық процестердің бірте-бірте қалыптасуына негіз болады 

    Әдеби шығармаларды оқу мен оқу- іс әрекетті жоспарлауда мына жағдайларды өте мұқият ескеру керек: 
1. Әрбір шығарманы оқып берерде баланың жас ерекшелігі, осыған байланысты тәрбие жұмысының мақсаты мұқият ескерілуі шарт. Шығарманың лайықтысын ғана алу керек. Мысалы, сәбилер (3-4 жас) алғаш рет балабақшаға келді делік. Олардың көпшілігі әлі дұрыс сөйлей алмайды, балабақшада болатын жайттармен, ойыншықтармен әлі таныс емес. Сондықтан алғашқы үш-төрт айда тәрбие жұмысының бәрі, оның ішінде әдеби шығарманы оқып, тыңдату көбінесе ойын түрінде өтіледі. Ол үшін ойынға негіз боларлық, суретті (суреті өте күрделі болмасын) шығармалар керек. Көлемді шығарманың лайықты бөлімінен кейбір үзінді ғана алынады. 
2. Ана тіліне арналған жоспар 14-15 күнге лайықталады. Жоспарда қандай шығарма оқылуы керек, оған байланысты бақылау жұмысы, суреттер, ойындар нақты көрсетіледі. Әрбір ойынның мақсаты белгіленеді (білімін бекіту немесе сөздің дыбыстық жағын дұрыс айтуға жаттықтыру сияқты). 
3. Оқылатын шығарма тәрбие жұмысының әр саласын қамтитын болсын. Мысалы, жануарлар, жыл мезгілдері, еңбек, мерекелер туралы және тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке баулитын шығармалар. 
4. Сәбилер тобында (3-4 жас) тәрбиеші шығарманы мәнерлеп жатқа айтып беруі керек. Бұл тұста тәрбиеші балаларды түгел бақылап отыратын болады. Тәрбиешінің шығарманы жатқа айтып беруі балаларға қызықты болады, оларды жалықтырмайды. Өйткені бала тәрбиешіні тыңдай отырып, әр сөзді дұрыс айтуға тырысады. 
5. Көркем шығарманы оқығанда шығарманың мазмұнына лайықты суреттерді пайдаланған жөн. Өйткені бұл жастағы балалар өз беттерімен оқи алмайды. Ал шығарманың мазмұнын сурет арқылы жылдам түсінеді. Бала кейде кітаптың бетін ашып отырып, суреттің астына жазылған өлең жолдарын дәл тауып, өз бетімен оқып отырғандай әңгімелеп береді. Сондықтан тәрбиеші қажетті шығарманы оқудан бұрын, суретті көрсету арқылы (сәбилер үшін) әңгімелеседі. [3,с.80].
Оқылған шығарманы әңгімелеп айтуға үйрету оқу – іс әрекетінің үлгі жоспарын төмендегіше құруға болады: тәрбиешінің кіріспе әңгімесі; тәрбиешінің әңгімені оқып беруі; оқылған әңгіме, ертегі мазмұнын көмекші сұрақтар қоя отырып айтқызу;  шығарманы қайталап оқу, шығарма мазмұнын балаларға айтқызу. 

Мұндайда қысқа әңгіме, ертегі мазмұнын бір балаға, көлемді шығармалардың мазмұнын бірнеше балаға айтқызуға болады. Егер әр алуан жастағы балалар аралас болса, алдымен ересек, естияр балалар әңгімелеп айтады, сәбилер тыңдап отырады. Әдеби шығарманы оқып, тыңдату (ересек топта), әңгімелеп беру, әңгімелету, жаттату сияқты оқу – іс әрекет түрлері экскурсия, бақылау, санау, музыка, бейнелеу өнері сабақтарымен байланыстырыла жүргізілгені жөн. Бұл оқу – іс әрекеттер бірінің мазмұнын бірі толықтырып отырса, тіпті жақсы. Мұндай с оқу – іс әрекеттің нәтижелілігін бақылау жұмыстары дәлелдеуде. Мысалы, сәбилер тобында «Қияр мен капуста» деген шағын ертегіні қыркүйек айында оқыған дұрыс. Өйткені бұл ай – кейбір дақылдар мен жеміс-көкөністерді жинау маусымы.

Қорыта айтқанда, бала тілін дамытуға халық ауыз әдебиетін орынды, жүйелі пайдалана білген әрбір тәрбиеші баланың санасын арттыра отырып, түсінігін кеңейтіп ұғымын байытады. Сонымен қатар баланың ойлау белсенділігі артады, өз бетімен жұмыс түрі дамиды, өз ойын еркін жеткізе алады.

 




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеу тілін дамыту

Автор: Буркитбаева Гульмира Анасовна

Дата: 11.11.2017

Номер свидетельства: 438255

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(152) "А?ыл-ойы кем балаларды? халы? ауыз ?дебиеті ар?ылы с?йлеу ж?не ойлау ?абілетін дамыту. "
    ["seo_title"] => string(95) "ak-yl-oiy-kiem-balalardyn-khalyk-auyz-diebiieti-ark-yly-soilieu-zh-nie-oilau-k-abilietin-damytu"
    ["file_id"] => string(6) "221424"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1435279468"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(138) "А?ыл-ойы кем балаларды? халы? ауыз ?дебиеті ар?ылы с?йлеу ж?не ойлауын дамыту. "
    ["seo_title"] => string(85) "ak-yl-oiy-kiem-balalardyn-khalyk-auyz-diebiieti-ark-yly-soilieu-zh-nie-oilauyn-damytu"
    ["file_id"] => string(6) "224293"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1438683329"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(158) "А?ыл – ой кем балаларды? халы? ауыз ?дебиеті ар?ылы с?йлеу  ж?не ойлау ?рекеттерін дамыту."
    ["seo_title"] => string(96) "ak-yl-oi-kiem-balalardyn-khalyk-auyz-diebiieti-ark-yly-soilieu-zh-nie-oilau-riekiettierin-damytu"
    ["file_id"] => string(6) "298238"
    ["category_seo"] => string(10) "logopediya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1456309937"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) "Халы? ауыз ?дебиеті ар?ылы балаларды? тілін  дамыту"
    ["seo_title"] => string(53) "khalyk-auyz-diebiieti-ark-yly-balalardyn-tilin-damytu"
    ["file_id"] => string(6) "257219"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1448290578"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(140) "Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдерін дамытуда ауыз әдебиетінің маңызы"
    ["seo_title"] => string(80) "miektiep_zhasyna_dieiinghi_balalardyn_tildierin_damytuda_auyz_diebiietinin_man_y"
    ["file_id"] => string(6) "399642"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1489348888"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства