kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ертегілер әлемінде!

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Мен – мұғалім»

Мұғалім мектепте басты тұлға. Ол өз ісімен өзгеге үлгі болып, жетекшілік етеді. Білімі терең, әдістемелік шеберлігі мол, мақсаты айқын, үнемі ізденіс үстінде болады.

Мұғалім оқу материалының мазмұнын дайын күйінде жеткізу, түсіндіру емес, оқушылармен бірлесе іс-әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған мақсатына жетеді. Білікті ұстаз жеке тұлғалардың жан-жақты дамуына, оқушылардың сана-сезімін, ақыл ойын дамытуға пән аралық байланысты кеңінен қолданады.

Ұрпақ тәрбиесі қашанда қоғамның өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Жақсы ұстаз жас өрендерге үлгі-өнеге болып оны сөзімен де, ісімен де дәлелдей білуі тиіс. Ол шәкірттерімен ашық, адал сөйлесіп, оқушының не қалайтының, не көксейтінің жиі сұрап, біліп отыруға міндетті. Осы жағдайда ғана шәкіртпен мұғалім арасындағы кедергі жойылып, өзара сенім беки түседі. Менің түсінігімше әр бала қабілетті тек оқуға деген «түрткісін» (мотивін) дөп басып таба білу керек.

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы.

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Ұстаз болу – адамның асылдығы,-

деген Ғафу Кайырбековтың өлең жолдарын оқығанда, мен өзімді бақытты сезінемін. Ұстаз болғаныма мақтанамын. Өйткені ұстаз – мақтан тұтар мамандық. Киелі әрі өте көне мамандық. Адам Ата Хауа Анадан бері жұмыр басты пендені ойландырып,толғандырып келе жатқан, қоғам өзгерсе де қажеттігін жоймайтын үлкен мәселе – шыр етіп дүниеге келген нәрестені өмір сүруге дайындау. Бұл – қиынның қиыны. Себебі әр адам – қайталанбас тұлға. Оның жан дүниесі - өзінше бір әлем. Ал ұстаз сол әлемді шар-тарапқа жетелеуші. Ұстаз - бала болмысына өзгеріс енгізуші, бағыт-бағдар беруші, ата-ананың сенімді көмекшісі.

Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.

Осындай қызығы да, қиындығы мол мамандықты мен де таңдадым. Ұстаз болу – бала кезімнен арманым еді. Анам 40 жыл Орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі қызметін атқарып жұмыс істеді. Ата анамның тәрбиелеп өсірген бес баласының үшеуі бүгінгі күнде мұғалімдік қызмет атқарудамыз. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы»демекші, шәкірт бойындағы ұстамдылық пен тәрбиелілік көбіне ұстазға келіп тіреледі. Ескендір Зұлқарнайын: «Даңқ пен абыройға кенелуімде мен бір адамға қарыздармын, ол – ұстазым Аристотель»,- десе, Абылайхан Төле биді, Шәкәрім ұлы ақын Абайды ұстазым деп, шексіз құрметтеп кеткен екен. Ендеше, менің табынатын ұстазым – әрине анам Зура Қалиасқарқызы. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, зкономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді.

Ал ХХІ ғасырдың нағыз ұстазы қандай болмақ керек? Әрине, ол өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті. Бұл - әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет.

Сондай-ақ ұстаз күнбе күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның оң шешімін табуға дайын болуға тиіс.Сондықтан да ұстазды әр баланың жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады.

«Ұстаз» сөзінің 2 түрлі сипаты бар. Бірі – белгілі пәннен сабақ беретін оқытушы да, екіншісі – жоғары беделді адамдарға ықпал етуші дана адам. Мектептегі ұстаз – баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойндағы талай ағаттықты кешіре біледі. Оның бойындағы білім мен ақыл, ойының қуаты талай тентекті жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді, тәртіпке баулып, есейтіп, ержеткізеді. Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды. Осы тұста Абайдың:

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға,- деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе ?!

Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол - өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге себін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады.

Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында.Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге.

Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд:

Жай мұғалім хабарлайды,

Жақсы мұғалім түсіндіреді,

Керемет мұғалім көрсетеді,

Ұлы мұғалім шабыттандырады,- дейді. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын - еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»,- деген тұжырым жасады. Біздер, мұғалімдер, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ойласақ, мұғалім мұратының қандай болатыны өзінен-өзі айқын. Осыған байланысты ұстазға тән мынадай сипаттарды даралап көрсетуге болады:

  • Дүниетанымдық көзқарасы, сенімі

  • Қызметке бейімділігі

  • Кәсіптік білімі мен біліктілігі

  • Қамқорлық көзқарас, сүйіспеншілік сезім

  • Ұйымдастырушылық қабілет

  • Заманға сай жаңашылдық

Осындай даралық қасиеттер ұстаздық бақытқа жеткізеді. Бақыттың үлкені - өзіңді-өзің тану. Ұстаз өзін-өзі қай уақытта таниды? Ол алдындағы шәкіртінің қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сәтінен таниды. Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ертегілер әлемінде!»

Ертегілер әлемі

 

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеттің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас», «Денсаулық», «Әлеуметтану» 
ҰОІӘ түрі: Қорытынды сабақ
Тақырыбы: «Ертегілер әлемі»
Мақсаты: Мейірімділікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу, досына көмектесе білу; көктем мезгілі, көктем айлары туралы тусініктерін тиянақтау

Әрекет кезеңдері    Тәрбиешінің       іс - әрекеті    Балалардың              іс - әрекеті    Ескерту
Мотивациялық қозғаушы     1.    Ойын «Ой жүгірту» 
Жұмбақ жасыру
Слайд көрсету 
«Қызыл телпекті қыз» ертегінің кейіпкері. Оның сұрақтары     

Балалар сұраққа жауап береді 
Қандай ертегіде екенін табады 
«Қызыл телпекті қызбен саяхат»
Жауап береді    
Іздену ұйымдастырушы    Қызыл телпекті қызбен саяхатқа шығу
Тапсырмалар береді 
Жұмбақ жасырады
Сергіту сәті    Әр турлі жолдарын атап беру

Тапсырманы орындайды
Жауабын табады

Әртүрлі қимылдар жасайды    
Рефлексифті коррекциялаушы    Қасқырмен кездеседі 
Математикалық есептер тапсыру
Қызыл телпекті қызды құтқару    

«Саңырауқұлақтарды тереміз»
Балалар қасқырдан құтқарады 
Әжесіне жібереді     

Нәтиже: Жыл бойы алған білімдерін бекіту
Білу керек: Жыл мезгілдерін, апта күндерін
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Математикалық есеп шығара білу, математикалық белгілерді тани білү +  -  ═    әріптермен сөз құрастыра білу, салыстары білу

Қорытынды ҰОІӘ конспектісі

Тақырыбы: «Ертегілер әлемі»

Мақсаты: 
Мейірімділікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу, досына көмектесе білу.
Көктем мезгіл туралы түсініктерін тиянақтау, көктем айларын, атап беру. Апта күндерін атап беру,
Кеңестік қатынастарды қайталау (оң, сол, жоғары, төмен).
Сандарды қайталау, математикалық белгілерін білу, логикалық есептерді шешу. 

ҰОІӘ барысы
Таңғы шеңбер: Армысың асыл күн, 
Армысың асыл жыл,
Армысың көк аспан, 
Армысың жан досым.
Жылуыма жылу қос,
Болайықшы жақсы дос.

Балалар біздерге көптеген қонақтар келіп қалыпты. Амандасып  жіберейікші.
Тәрбиеші: Балалар, ертегі еліне барғыңыз келе ме?
Ендеше? Сұрақтардың жауабын табайық! Келістік пе? Бастайык.

Ойын «Ойды ойға  жүгіртіп жіберейікші»
• Тәулік неше мезгілге бөлінеді? (Таңертең, түс, кеш)
• Кештен кейін не болады?
• Аптада неше күн?
• Бүгін қандай күн? Кеше қандай күн болды? Ертен қандай күн болады?
• Дүйсенбі мен сәрсенбінің арасында аптаның қай күні?

  Балалар, ертегі әлемін білу үшін ертегілерді есімізге салайық. 

Тәрбиеші: Тамаша! Рахмет балалар, жұмбақты шешсендер, ертегі еліне саяхатқа барамыз!
«Мен кішкентай қызбын, бәрі жақсы көретін әжеме барамын, бәліш апарамын» 
-    Қандай ертегіден? (Қызыл телпекті қыз) 
Авторы Шарль Перро 
француз жазушы

Тәрбиеші: Міне, Қызыл телпекті қыздын өзіде келді (слайд көрсету). Хаттың сұрақтары бар екен.
Хат
-    Жылдың қай мезгілі?
-    Көктем айларын атап беріндер.
-    Бір жылда неше мезгіл болады?
-    Бір жылда неше ай бар?
Қызыл телпекті қыз: Рахмет, достарым. Енді әжеме барайық!

Тәрбиеші: Орманда көкжал қасқыр бар, ол қызыл телпекті қызды ренжітуі мүмкін. Біз әжесімен аман – есен кездесуіне көмектесейік!

Тапсырма
-    Қызыл телпекті қыз жолға шыкты, жол қандай сызық? 
-    Түзу 
-    Қызыл телпекті қыз бір ағашқа келді. Кандай ағаш? 
-    Аққайың 
-    Қалай таптындар?
-    Діні аппақ, қара дақтары бар.
-    Қызыл телпекті қыз қараса ... Не көріпті?
-    Аққайынның он жағында көбелек, сол жағында ара, астында саңырауқұлақтар. Сол жағында жоғарда аққұлар, он жағында жоғарда күн мен бұлт. Артында гүл дала (слайд көрсету)
-    Қандай гүлдер өседі?
-    Түймедақ, қоңыраугүл
Қыз жатқан гүлдерді жинады. Көмектесіндер!
Қандай гүлдерді, қанша гүл жинады?

Тапсырма 
Тақтада көрсету
-    Қанша түймедақ?
-    4
-    Қанша қоңыраугүл?
-    5
-    Цифрмен белгілендер, қайсысы артық қайсысы кем , салыстырыңдар, математикалық белгіні қойыңдар.
-    
Қызыл телпекті қыз: Рахмет, көмегіңізге!
Білім туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер? (Медина)
«Білім қымбат – білу қиын»!
Білім инемен құдық қазғандай.

Тәрбиеші: Қызыл телпекті қыз тағы бір жолға түсті. Қандай жол? (Қисық) Ағаштың артында аңдар тығылып жатыр. Бұл қандай аңдар екен? Қасқыр емес пе? Қызыл телпекті қызға тағы көмектесейік.
Ал, кәнекей кім мақал- мәтел айтқысы келеді? 
«Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды»

Ойын «Аңды жина»
-    Қандай геометриялық пішіндерді аңдарға пайдаландыңдар? Қанша?            (түлкі, аю, қоян)
Тағы орманның ішінде жолмен келе жатыр, бұл қандай жол? (Ирек) Нені көрді? Табу үшін жұмбақты шешіңдер!
«Өз қалпағын жасынан, тастамайды басынан (саңырауқұлақ).


Сергіту сәті: Достар бірге жүреміз 
Міне біздер қандаймыз.
Саңырауқұлақтарды ерінбей,
Орман ішіннен тереміз.
Еңбекшіл осындай,
Болайықшы, досымай!
Жақсы бала еңбекшіл,
Ер азамат болады.
Қиындықты женіп біл
Құшағы гулге толады.

Қызыл телпекті қыз: «Жақсы жолдасын болсын» дейді. Рахмет, достарым! 

Қызыл телпекті қыздың алдынан аш қасқыр шыға келіпті

Тәрбиеші: Қане, қасқырды алдайық, қызыл телпекті қызды құтқарайық, тез есеп шығарайық, бәліштерді қасқырға берейік. Келістік пе?

Тапсырма 
Математикалық есептердің шешуін тап.
3 тен кем болса бәлішті қасқырға береміз
3 тен артық болса әжесіне береміз

1 + 3 =
5 – 4 =
3 + 2 =
4 – 2 =
5 – 1 = 
1 + 4 = 

Қай бәлішті қасқырға береміз? 3 тен кем болса.
Қасқыр бәлішті жегенше,  қызыл телпекті қызды әжесіне жеткізейік!
Міне, әжесі қарсы алды! (слайд)




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Презентации

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Ертегілер әлемінде!

Автор: Амиргалиева Жазира

Дата: 11.04.2017

Номер свидетельства: 408370

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Ертегілер ?лемінде "
    ["seo_title"] => string(23) "iertieghilier-liemindie"
    ["file_id"] => string(6) "173670"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424015726"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(97) "In the world of fairy- tale                               (  Ертегілер ?лемінде )"
    ["seo_title"] => string(50) "in-the-world-of-fairy-tale-iertieghilier-liemindie"
    ["file_id"] => string(6) "315285"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459859570"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Ерте?гілік: Ертегілер ?лемінде"
    ["seo_title"] => string(38) "iertien-ghilik-iertieghilier-liemindie"
    ["file_id"] => string(6) "269271"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1450794730"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(81) ""Ертегілер елінде" атты жаңа жылдық сценарий"
    ["seo_title"] => string(45) "ertegiler_elinde_atty_zhana_zhyldyk_stsenarii"
    ["file_id"] => string(6) "534658"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1578378222"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) ""Ғажайып ертегілер әлемі""
    ["seo_title"] => string(23) "gazhaiyp_ertegiler_lemi"
    ["file_id"] => string(6) "475025"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1531716977"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства