Ертегі терапия – мағынасы ертегімен емдеу дегенді білдіреді. Ертегі балалардың сөйлеу тілін дамытуға, олардың байланысуындағы дағдыны қалыптастыруға әсерін тигізеді. Балаладың жаманнан жақсыны ажырату қабілетін қалыптастырады және өзіне ұнайтын ертегінітаңдай алуына жол көрсетеді.
Ертегілер балаларды махаббатқа, ата-анаға және жақын адамдарына сыйластық пен оларды тыңдауға тәрбиелейді. Балада шыдамдылық, мейрімділік, жол беру және бір біріне көмектесу секілді сапаларды қалыптастырады.
Ертегілер:
Шығармашылық (халықтық и авторлық)
Дидактикалық
Психокоррекциялық
Психотерапевтік
Медитативті
Дидактикалық ертегілер(3 жастан – 6 жасқа дейін)
Педагог оқыту материалы ретінде өзі құрастырады. Абстрактілі символдар (сандар, әріптер, дауыстар, арифметикалық іс-әрекеттер т.б) жанданады, біз тұратын әлем ертегі образында көрінеді. Дидактикалық ертегілер белгілі білімдердің маңыздылығын және оның мағынасын ашады. Дидактикалық ертегілер формасында оқыту тапсырмалары беріледі.
Шығармашылық ертегілерөзара көмек беруге, қолдауға, бір біріне жаны ашуға, қарыз болу және жауапкершілікшілікке тәрбиелейді.
Психологиялық ертегілерқорқыныштан арылу, өз өзіне сенімділік орнатуға әсер етеді.
Медитативтік ертегілербелгілі бір музыка арқылы босаңсуға және қысымды түсіруге арналған ертегі түрлері жатады.
Психокоррекциялық ертегілер– 11-12 жастағы балаларға арналғын ертегі түрлері
Ертегі терапияны жұмыста пайдаланар сәтте балалардың жас ерекшелігене мән беру.3 пен 5 жас аралығындағы балалар өздерін жануарлармен ұқсастырады, соларға ұқсағысы келеді. Сондықтан жануарлар туралы ертегілердегі олардың іс әрекеттері кішкентай балаларға өмірлік тәжірибе болып есептеледі. 5 жастан бастап балаларға сиқырлы ертегілер қызықтау болады, себебі сол тәжірибе арқылы балаларға әлемді тану жолындағы ақпарат ретінде қабылдайды.
Ертегі терапиясы педагогикалық тапсырмалармен тереңнен тоғысады. Ол балалардың психологиялық процесстерінің дамуына да әсерін тигізеді. Балалардың аналитикалық қабілеттерін( салыстыру қабілеті, жылпылау, себептік, коммуникативтік біліктіліктер) дамытады. Эмоционалдық және физикалық қысымды жоюға септігін тигізеді.
Көлеңкелі театр - Жарық өте жақсы түскен экранда адамдар, жануарлар және құстардың пішіндерінің қозғалысына қарауды балалар өте жақсы көреді. Ертегі, әңгіме, өлең, әндерді көлеңке театры арқылы айтуға болады. Көлеңке таетрдың қойлымын көрсетуге үш тәрбиеші қатысады. Біреуі мазмұнын оқиды, екеуі көріністі көрсеттеді. Көлеңке театрдың сақанасы экран болады. Экранды ағаштан немесе қалың кардоннан жасайды, ою- өрнекпен өрнектейді. Кейіпкерлерді көрсету үшін – оны экранның арт жағынан ұстайды. Кейіпкерлерді қара түспен жуқа кардоннан жасайды, жіп арқылы қозғалтады. Кейіпкерлерді көрсеткенде қол көрінбеу керек. Бұл көріністер балалардың шығармашылықтарын арттырады, ой өрістері дамытады.