kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Балалардың мектепке дайындығын ойын арқылы зерттеу.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Өзiн-өзi тану  ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің   жоспары

Білім беру саласы: «Әлеуметтік», «Денсаулық»

Тақырып: Уақыт-мезгіл пернесі.

 Мақсат: «Уақыт» ұғымының мәнін ашу. Сағаттың шығу тарихы жайлы түсінік беру. Жауапкершілік қасиеттерін дамыту; Уақытты бағалай білуге тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Балалардың мектепке дайындығын ойын арқылы зерттеу.»

Өзiн-өзi тану ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің жоспары

Білім беру саласы: «Әлеуметтік», «Денсаулық»

Тақырып: Уақыт-мезгіл пернесі.

Мақсат: «Уақыт» ұғымының мәнін ашу. Сағаттың шығу тарихы жайлы түсінік беру. Жауапкершілік қасиеттерін дамыту; Уақытты бағалай білуге тәрбиелеу.

Құндылық: дұрыс әрекет.

Қасиеттер: бағалау.

Ресурстар: суреттер, бейнетаспа.

Тәрбиеші:

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық Ұйымдастырушы кезең:

Тыныштық сәті

Жағымды күйге келу

Шаттық шеңбері:

Тыныштық сәті: «Бақыт кемпірқосағы». Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Сіз жапырақтардан төселген алтын алаша үстімен жүріп келесіз. Күз мезгілі... Күн нұры сізге шуақтарын төгуде. Сіз... күннің жылуына оранып келесіз. Айнала сондай әдемі, тамылжыған тыныштық... Бұл күзгі жылы күннің бірі. Сіздің жүрісіңіз жеңіл, тынысыныз бірқалыпты. Ауада ... күзгі самал желдің тәтті дәмі қалықтауда... Кенет, аспаннан ақ жауын тамшылары жерге түсе бастады. Тамшылар сізге де тиюде, бірақ олар сондай жылы әрі жеңіл... Әр тамшымен ...сіздің жүрегіңізде... балалық шақтың ең бақытты кезеңінің естеліктері оянады. Дәл сол бала күндегідей шаттық, шексіз бақыт сезімі дененізді кернейді. Ақ жауынның астында самал желмен жарыса айналып секіргін келе ме... Жүрек қағысыңыз жиілей түседі. Жүрегіңіз бір жақсылықтың болатының сезеді... Күн қайта шығып, аспанда бақыт кемпірқосағы пайда болады. Айналаның бәрі кемпәрқосақтың әдемі түстеріне боялады. Сіз бақыттысыз. Дәл осы сәтте және әрқашан бақытты болмақсыз! Сол бақытты айналадағыларға сыйлай біліңіз! Осы бақытты бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсімдіктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне бақытты бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен бақыттымын... Бақыт менің ішімде... Мен бақытпын»
Осындай Бақыт, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы бақытты қайта жүрегіңізге орналастырыңыз. Бақытқа толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет! Жағымды күйге келу.

Сіз қандай сезімде болдыңыздар? Балалық шақта болған ең бақытты сәтті еске түсіріңізші.

Шаттық шеңбері:

Good afternoon, good afternoon good afternoon to you! Good afternoon, good afternoon I’m glad to see you!

Ұйымдастырушылық- ізденушілік

Әңгімелеу: аңыз айту

Дәйек сөз: Өлең оқу:
Сергіту сәті:

Шығармашылық жұмыс:

Ойын:


Сұрақ: Уақыт деген не? Сағат қалай пайда болды?

Презентация «Уақыт және сағат».

Әңгімелесу

Бүгінгі өтіліп отырған тақырып жайлы ойлануға мүм-кіндік туғызу мақсатында төмендегідей сүрақтар қойылып, балалардың жауаптары тыңдалады.

1.Адам өмірін уақытпен байланыстырудың мәні неде деп ойлайсыз?

2. Уақытты бағалай білесіз бе?

3. Өзіңізге уақытыңыз жеткілікті ме?

Мәтінмен жұмыс 

 Уақыт құңдылығының мәнін түсіну үшін Ә. Нүршайықовтың естеліктерінен алынған үзінді берілген.

Адамның әрбір күні, әрбір сағаты мақсатсыз өткізбеу керек. Өмірдегі әрбір уақытын өз бойындағы қайрат-жігерін, ақыл-ойын өмірге, өзі өмір сүріп отырған қоғамға жүмсап, қалтықсыз еңбек етуге, сөйтіп өзі үшін де өзгелер үшін де игіліктер жасауға жүмсауы керек.

Уақыт бізбен санаспайды, тез өтіп кетеді. Сондықтан өмірдің әрбір сәтін бір күндік қызықтармен ғана қор қылмай, өмірдің ізсіз, мазмұнсыз болмауын қадағалау керек.

Казіргі жастық шақ адамның өмірінің қайратты да, мүмкіндігі мол тамаша шағы. Оны жылдың көктем мезгілімен салыстыруға болады. «Көктемнің бір күні - жылға азық», - дейді халық. Ендеше жастықтың бір күні - сенің бүкіл өміріңе азық деуге болады. Уақыт бар ғой деп бүгінгі ісіңді ертеңге қалдырма. Өмірдің үзақ екені рас, бірақ ол біреу ғана. Зымырай шапқан асаудың мойнындағы арқандай шүбатылып, ол тез өтіп кетпек, оны өз түсыңнан өте бергенде бас салмасаң, өтіп кеткеннен кейін қусаң да жете алмайсың.


  • “Уақытты мәнді өткізу” дегенді қалай түсінесіз?

  • Мәтіндегі ойлармен келісесіз бе?

  • Өзіңіз уақытыңыздың көбін неге арнап жүрсіз?

Жаңа ақпарат

Пенде баласы уақытқа тәуелді. Өйткені, оған шектеулі ғұмыр берілген. Адамның өмірі – туылған сәті мен өлім аралығындағы мерзім. Сол себепті, уақыттың құны ерекше. Еш нәрсені пайымдамайтын парықсыз пенде ғана өзіне берілген шектеулі уақыттың бағасын ескермейді. Өтіп жатқан әрбір сәт өміріміздің қайтып келмес бөліктері. Адам қымбат, бағалы бұйымдарын – алтын немесе ақшасын жоғалтса, оны тауып, орнын толтыра алады. Ал, өткен уақыт қайта айналып келмейді

Мысалы, Абай атамыз:

Сағаттың шықылдағы емес ермек,

Һәмишә өмір өтпек ол білдірмек.

Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас,

Өтті, өлді, тағдыр жоқ қайта келмек.

Сағаттың өзі ұры шықылдаған,

Өмірді білдірмеген, күнде ұрлаған.

Тиянақ жоқ, тұрлау жоқ, келді, кетті,

Қайта айналмас, бұрылмас бұлдыр заман…, – десе шығыстың шайыры Ахмад Шауһи:

Жүрек айтар: бір сәт тоқтап тұра алман,

Тұрмайды өмір қызық пенен құмардан.

Ескертемін, ей адамзат, өмірің

Минуттар мен секундтардан құралған… – дейді.


63 жыл өмір сүрген адам

Күніне 8 сағат жұмыс істесе, оның өмірінің 21 жылы жұмыс істеуге кетеді екен.

Тәулігіне 8 сағат ұйықтаса тағы бір 21 жылы ұйқыға кетеді.

6 жылы тамақ ішуге, 5 жылы сапарларға,

2 жылы телефонмен сөйлесуге, кететін көрінеді.

1 тал темекі шегуге 6 минут уақыт бөліп, бір күнде 10 тал темекі шексеңіз 60 минут яғни, 1 сағат уақытыңыз кетеді. Осы уақытты

1 жылға көбейтетін болсақ, жылына 365 сағатыңыз желге ұшады

Әңгіме. Бірде «Мені жарты сағаттан кейін оятыңызшы» деп, көз ілмек болған Эйнштейнді қызметшісі біраз тынықсыншы деп бір сағаттан кейін барып оятса керек. Тұра сала жалма-жан сағатқа қараған ғалым жарты сағаттан кейін оятпаған қызметкеріне қатты ренжіп, «Ал жарты сағатымды қайтарып беріңіз онда» депті. «Ұрланған заттың орнын басқа нәрсемен толтыруға болады, ал ұрланған уақыттың орнын ешқашан толтыра алмайсың»,  деп Гете де уақыт мәселесіне салғырт қарамағандығын дәлелдеген.


Дәйексөз

«Уақыттың бос өткені - өмірдің бос кеткені» деген мақал сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіріліп, талқыланады.

Уақыт өлшемдері.

Уақыт өлшемдерінің мағынасын ашып, бір уақыт өлшеміне мысал келтіру.

Ас пісірім. 2-3 сағаттық мезгілді білдіретін өлшем

Ет асым. 2-3 сағат шамасындағы мезгіл өлшемі

Ет пісірім. Асқан ет пісетіндей уақыт

Ет қайнатым. Қазанға салған ет қайнайтындай мерзім

Қайнам. Қазан қайнам. Қазанның қайнау уақытының өлшемі

Сүт пісірім. Өте қысқа мерзімді білдіретін өлшем

Экологиялық уақыт өлшемдері

Ай туғанда

Алғаш қар жауғанда

Жұлдыздар өшкенде

Күн батарда

Күн арқан бойы көтерілгенде

Күн төбеге көтерілгенде

Қансонарда

Таң бозарып атқанда

Шөп сарғайғанда

УАҚЫТТЫҢ ЖАУЛАРЫ А. Файзуллина

•  Түсініксіз мақсаттар;

•  Тыңдай білмеу;

•  «Жоқ» деп айта алмау;

•  Асығыс шешімдер;

•  Бәрін бірден орындауға үмтылу;

•  ¥мытшақтық;

•  Толық ақпараттың болмауы;

•  Өзіндік тәртіптің жоқтығы;

• Жоспарлай білмеу;

•  Тосын шешімдер;

•  Бастаған істі аяғына дейін жеткізбеу.

Біле білгенге уақыт – ол мүмкіндік. Мүмкіндікті дер шағында пайдаланып қалмаса, «қолын мезгілінен кеш сермесі» анық.
«Қайта айналып бұрылмайтын, бұлдыр» уақытты өте тиімді пайдалану керек. Осы себепті болар еңбекқор қытай халқы да уақыт мәселесіне келгенде: «Сағат сатып алсаң да, уақыт сатып ала алмайсың» деп безектейді екен.

Бізге берілетін уақыттың әрсекундына дейін өз уақытымызды қуанышымыз үшін өз орнымен жұмсауға міндеттіміз.

1 жылдың қадірін білгің келсе, сыныпта қалған оқушыдан сұрағайсың.

1 айдың қадірін білгің келсе, 8 айлық нәрестесін дүниеге әкелген анадан сұрағайсың

1 аптаның қадірін білгің келсе, апталық журнал шығаратын редактордан сұрағайсың.

1 сағаттың қадірін білгің келсе бір- бірін асыға күткен ғашықтардан сұрағайсың

1 минуттың қадірін білгің келсе, пойыздан қалып қойған жолаушыдан сұрағайсың

1 секундтың қадірін білгің келсе, жол апатынан алдын алуға үлгермеген көлік жүргізушісінен сұрағайсың

1 мили секундтың қадірін білгің келсе, әлемдік жарыста күміс жүлде алған желаяқ жолаушыдан сұрағайсың.

Бүгінгі уақытпен өмір сүр, ертеңгі күнге үмітпен қара.

Ең қиын жоғалту - уақытты жоғалту.

Ақша-қымбат,өмір-қымбаттырақ, ал уақыт-одан да қымбат.

Сезім мен күшке қарағанда, уақыт пен сабырлық көп нәрсе береді.

Ендеше әр сәтіңді ұтымды пайдалан. Ұмытпа!

Ешкімде уақыт диірменін тоқтата алмайды.

Шығармашылық тапсырма:

«Уақыттың бос өткені - өмірдің бос кеткені» деген мақалды қолдана отырып төрт жол өлең жаз!


Рефлексивті- түзетушілік

Топпен ән айту: Ғажайып сөздер:

Соңғы тыныштық сәтi:

Жүректен жүрекке. Осы тақырыпқа сай бір-біріне тілек айту.

Ән айту: Дәрібаевтар ансамблі «Өміріне немқұрайлы қарама!»






Күтілетін нәтиже:

Біледі: «Уақыт» ұғымы жайлы біледі.

Игереді: Уақыттың шығу тарихы жайлы түсініктерді игерді.

Қолданады: Уақытты бағалай білуге дағдыланды.




































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Презентации

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Балалардың мектепке дайындығын ойын арқылы зерттеу.

Автор: Дюсекеева Акнур Ныгыметовна

Дата: 13.02.2017

Номер свидетельства: 391390

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(95) "Балалардың мектепке дайындығын ойын арқылы зерттеу"
    ["seo_title"] => string(57) "balalardyn_miektiepkie_daiyndyg_yn_oiyn_ark_yly_zierttieu"
    ["file_id"] => string(6) "390934"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1486907355"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(221) "Статья из опыта работы «Балаба?шамен ?амтылма?ан балаларды мектепке дейінгі орталы? жа?дайында т?рбиелеуді? тиімділігі.» "
    ["seo_title"] => string(133) "stat-ia-iz-opyta-raboty-balabak-shamien-k-amtylmag-an-balalardy-miektiepkie-dieiinghi-ortalyk-zhag-daiynda-t-rbiielieudin-tiimdilighi"
    ["file_id"] => string(6) "110055"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1405458790"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(145) "Мектап жа?дайында?ы мектепалды даярлы?ты? сапасын ба?алау шы?армашылы?ын дамыту "
    ["seo_title"] => string(92) "miektap-zhag-daiyndag-y-miektiepaldy-daiarlyk-tyn-sapasyn-bag-alau-shyg-armashylyg-yn-damytu"
    ["file_id"] => string(6) "194131"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1427729725"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(144) "Балаларды? байланыстырып с?йлеуін дамытуда тиімді ?діс – т?сілдерді пайдалану "
    ["seo_title"] => string(76) "balalardyn-bailanystyryp-soilieuin-damytuda-tiimdi-dis-t-sildierdi-paidalanu"
    ["file_id"] => string(6) "173024"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1423918044"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "Балалардың қолдарының ұсақ моторикасын дамыту"
    ["seo_title"] => string(47) "balalardyn_k_oldarynyn_u_sak_motorikasyn_damytu"
    ["file_id"] => string(6) "438204"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1510380043"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства