Пән: Мұғалімнің аты-жөні: Күні: | Сауат ашу Темірғалиева А.Б. |
Тақырыбы: | Ұлттық тағамдар. |
Сынып: 1«в» | Қатысқандар саны: 5 | Қатыспағандар саны: 0 |
Оқу мақсаты | Барлығы: Жаңа білімді меңгереді. Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. |
Сабақ мақсаттары | 1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту 1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту 1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту |
Бағалау критерийлері | Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. |
құндылықтарды дарыту | Құрмет- тыңдалым кезінде. Ынтымақтастық – топтық, жұптық жұмыс кезінде. Еңбек және шығармашылық – мысалдар келтіру, саралау, дәлелдеу – топтық жұмыс кезінде. |
Пәнаралық байланыс | Сауат ашу – сөздік қорларын дамыту, өз ойын толық айтуға дағдыландыру. |
Ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану дағдылары | тапсырмалар жазылған парақшалар; А4 пішінді қағаздар; түрлі түсті маркерлер, қаламсаптар,ноутбук. |
Бастапқы білім | Тасымал қалай жасалады? |
Сабақтың барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы ( 0-5 минут) 0-2 минут 2-4 минут 4-5 минут | 1)Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру. Психологиялық ахуал орнату Өсемiз бiз күлiп-ойнап, Он саусақтың саласындай, Өсемiз бiз күлiп-ойнап, Бiр адамның баласындай. – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! Топ ережесімен танысу. | Суреттер Bilimsite.kz қазақ әліпбиі туралы видеокөрсетілім |
Сабақ ортасы 28 минут | «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі 1-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. Өз ойыңмен бөліс. «Наурызкөже» Н.Қазыбеков. «Наурызкөже» туралы бейнебаян көрсету. (талдау ) Наурыз қандай мереке? Наурызкөже қалай жасалады? Наурызкөже саған ұнай ма? Сен рецепт жаза аласың ба? Рецепт деген не? Дескриптор. Мәтінді оқиды,мазмұнын талдайды. Наурызкөженің рецептін суретке қарап жаза алады, өз ойларымен бөліседі. 2-жаттығу. Көркем жаз. Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Наурыз мерекесі молшылықты білдіреді. Дескриптор. 1)Мәтінді оқиды,мазмұнын талдайды. 2) Каллиграфиялық ережелерді сақтай отырып дәптерге көркем етіп жазады. 3-жаттығу. Жұптық тапсырма. Дереккөздерден наурыз мерекесі туралы жаңа ақпарат тауып көр. Дискриптор: 1: Дереккөздерден ақпараттар іздейді. 2. Наурызкөже құрамын анықтайды. 4-жаттығу. Өлеңді қатесіз көшіріп жаз. Наурыз келді тойлаймыз, Шаттанамыз, ойнаймыз. Дастақан үсті сәнді екен, Наурыз көже дәмді екен. (Тұрысбек Еділбаев) Оқушыларды ұқыптылыққа және тапсырманы жылдам орындауға баулу.Жазу кезіндегі гигиеналық талаптарды сақтауды ескерту. | Оқулықтың 60-61 беті Дәптер ( бет) Үлестірмелі парақшалар |
Сабақтың соңы минут | Рефлексия; «Доп ортада» әдісі арқылы сабақты қорыту. Доп лақтыра отырып сабақтан не білгендерін сұрақ- жауап арқылы қорыту. Бүгінгі сабақта болған көңіл-күйді бет –әлпеті салынған суреттерді таңдау. Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім | Стикерлер |
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Барынша қолдауды қажет ететін оқушыларға: Тапсырма. « Тасымал жаса» карточка беру Орташа қолдауды қажет ететін оқушыларға: Тапсырма. Басқатырғыш тапсырмалар. Аз қолдауды қажет ететін оқушыларға: Тапсырма. Суретке қарап сөйлем құрау. | Сабақ барысында жиналған стикерлер санымен оқушыларды бағалау. Мұғалім оқушыларға кері байланыс береді. | «Көңілді күн» сергіту сәті. Оқушылардың гигиеналық талаптарға сай отыруы. Интербелсенді тақтаны уақытында сөндіру. |
Сабақ бойынша рефлексия |
Сабақтың мақсатына жеттім бе? Оқушылар не үйренді? Ынтымақтастық атмосферасы қандай болды? Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма? Жоспарланған уақытты ұстандым ба? Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен? | Сабақтың мақсатына жоспарланған жұмыстарды уақытылы өткізу арқылы қол жеткіздім. Уақыттың өлшем бірлігі-секундты,минутты,сағатты танып білді. Топтық, жұптық жұмыс кезінде оқушылар бір-біріне көмек берді. Барынша қолдауды қажет ететін оқушылар тапсырмасын жылдам орындады. Орташа қолдауды қажет ететін оқушылар «Басқатырғыш» тапсырмасын нақты орындады. Аз қолдауды қажет ететін оқушылар Берілген суретке қарап сөйлем құрауға арналған тапсырмасын жақсы орындады. Уақыт тиімді пайдаланды. Жоспарға өзгерістер еңгізілген жоқ. |
|